Азаматтық құқық. Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жəне моральдық зиян келтірілгені үшін жауапкершілік
Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жəне моральдық зиян келтірілгені үшін жауапкершілік
Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Тұлғаның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кезде мүліктік зиянның сипаты мен құрамына сүйену керек. Оның дəл осы ерекшелігі осындай зиянды өтеу мəселелерін бөлек қарастыру қажеттілігін туындатады. Азаматтың шарттық мiндеттемелердi, еңбек (қызмет) мiндеттерiн, əскери қызмет мiндеттерiн орындауы кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның өтелетіндігіне кепілдік беріледі.Азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрiлген кезде жəбiрленушi жоғалтқан, онда болған немесе анық иелене алатын табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтiруден туындаған шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға, дəрi-дəрмектер сатып алуға, протез салғызуға, бөгде адамның бағып-күтуiне, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлiк құралдарын сатып алуға, басқа мамандыққа даярлауға жəне т.б.), егер жəбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж жəне оларды тегiн алмайды деп танылса, өтеуге жатады. Жоғалтқан табысты (кiрiстi) анықтау кезiнде жарақаттануына немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрiлуiне байланысты жəбiрленушiге тағайындалған мүгедектiк бойынша жəрдемақы, денсаулығына зиян келтiргенге дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жəрдемақы түрлерi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi өтеу есебiне қосылмайды. Зиянды өтеу есебiне жəбiрленушiнiң денсаулығы зақымданғаннан кейiн алатын табыс та есептелмейдi. Жəбiрленушiге тиесiлi өтемнiң көлемi мен мөлшерi заң актiлерiмен немесе шартпен көбейтiлуi мүмкiн.Өтеуге жататын жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жəбiрленушiнiң кəсiби еңбекке қабiлетiн, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуы дəрежелерiне сəйкес, еңбекке жарамдылығынан айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) проценттерiмен анықталады. Жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) құрамына негiзгi жұмыс орны бойынша да, сондай-ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша да, еңбек жəне азаматтық-құқықтық шарттар бойынша еңбекке ақы төлеудiң жеке табыс салығы салынатын барлық түрлерi кiредi. Бiр жолғы сипаттағы төлемдер (пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақылар, жұмыстан босатылған кездегi шығу жəрдемақысы жəне т.б.) есептелмейдi. Уақытша еңбекке қабiлетсiздiк жəне жүктiлiк пен босануға байланысты демалыс кезеңi үшiн төленген жəрдемақы есептеледi. Кəсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiстер, сондай-ақ авторлық қаламақы жоғалтылған табыстың құрамына кiредi, бұл орайда кəсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiс салық органы деректерiнiң негiзiнде енгiзiледi. Табыстың (кiрiстiң) барлық түрлерi салықтар ұсталғанға дейiн есептелген сомаларда ескерiледi. Орташа айлық табыс (кiрiс) денсаулыққа зақым келтiрудiң не еңбек қабiлетiн жоғалту басталардың алдындағы жұмыстың он екi айындағы табыстың (кiрiстiң) жалпы сомасын он екiге бөлу жолымен есептеледi. Зиян келтiрiлген кезде жəбiрленушi он екi айдан аз уақыт жұмыс iстеген жағдайда орташа айлық табыс (кiрiс) денсаулыққа зақым келтiрудiң алдындағы нақты жұмыс iстелген айларда тапқан табыстың (кiрiстiң) жалпы сомасын осы айлардың санына бөлу жолымен есептеледi. Жəбiрленушi толық жұмыс iстемеген айлар оның қалауы бойынша толық жұмыс iстеген айлардың алдындағы айлармен ауыстырылады не оларды ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда есептен шығарып тасталады. Жəбiрленушi зиян келтiрiлген кезде жұмыс iстемеген жағдайда оның қалауы бойынша жұмыстан босатылғанға дейiнгi табысы не осы жердегi оның бiлiктiлiгiндегi қызметкер сыйақысының жай мөлшерi ескерiледi, бiрақ ол заң актiлерiмен белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң он еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс. Егер жəбiрленушiнiң табысында (кiрiсiнде) оған жарақат келтiрiлгенге немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiн оның мүлiктiк жағдайын жақсартатын тұрақты өзгерiстер болса (атқаратын қызметi бойынша жалақысы арттырылса, бiршама жоғары ақы төленетiн жұмысқа ауыстырылса, оқу орнын бiтiргеннен кейiн жұмысқа тұрса жəне жəбiрленушiнiң еңбегiне ақы төлеудiң өзгертiлуiнiң тұрақтылығы немесе өзгеру мүмкiндiгi дəлелденген басқа жағдайларда), оның орташа айлық табысын (кiрiсiн) белгiлеу кезiнде ол алған немесе тиiстi өзгертуден кейiн алуы тиiс болған табыс (кiрiс) қана ескерiледi.Жасы он төртке жетпеген жəне табысы жоқ кəмелетке толмаған адам жарақат алған немесе денсаулығы өзгедей зақымданған жағдайда зиян үшiн жауапты адамдар денсаулықтың зақымдануына байланысты шығындарды өтеуге мiндеттi. Жəбiрленушiнiң он төрт жасқа толғаннан кейiн, сондай-ақ табысы (кiрiсi) жоқ он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке толмағанға зиян келтiрiлген жағдайда зиян үшiн жауапты адамдар денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындардан басқа, еңбекке ақы төлеудiң заң актiлерiмен белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштi негiзге ала отырып, оның еңбек қабiлетiн жоғалтуына жəне еңбек қабiлетiнiң төмендеуiне байланысты зиянды да жəбiрленушiге өтеуге мiндеттi. Егер денсаулығы зақымданған кезде кəмелетке толмаған адамның табысы болса, зиян осы табыстың мөлшерi негiзiнде, бiрақ еңбекке ақы төлеудiң заң актiлерiмен белгiленген кемiнде он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтеледi. Еңбек қызметi басталғаннан кейiн жəбiрленушi өзi алатын табысты негiзге ала отырып, бiрақ кемiнде өзi атқаратын қызмет бойынша белгiленген сыйақының немесе өзiнiң жұмыс орны бойынша сол бiлiктiлiктегi қызметкер табысының мөлшерiнде зиян өтемiнiң көбейтiлуiн талап етуге құқылы. Азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жəрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуi, зайыбы не еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан жұмыс iстемейтiн жəне қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, жасы он төртке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина органдарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесiнiң зиянды өтетiп алуға құқығы бар. Қайтыс болған адамның асырауында болған жəне ол қайтыс болғаннан кейiн бес жылдың iшiнде еңбекке жарамсыз болып қалған адамдардың да зиянды өтетiп алуға құқығы бар. Ата-аналарының бiреуi, зайыбы не жұмыс iстемейтiн жəне қайтыс болған адамның ҚР АК 940-б[2] 1-тармағында көрсетiлген балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа- қарындастарын күтумен айналысатын жəне күтудi жүзеге асыру кезеңiнде еңбекке жарамсыз болып қалған отбасының басқа мүшесi осы адамдарды күту аяқталғаннан кейiн зиянды өтетiп алу құқығын сақтап қалады. Зиян: кəмелетке толмағандарға - он сегiз жасқа толғанға дейiн, он сегiздегi жəне одан да ересек жастағы оқушыларға - күндiз оқыту нысанындағы оқу орындарындағы оқуы аяқталғанға дейiн, бiрақ əрi кеткенде жиырма үш жасқа дейiн; елу сегiз жастан асқан əйелдер мен алпыс үш жастан асқан ер адамдарға - өмiр бойы; мүгедектерге - мүгедектiк мерзiмiне; ата-аналарының бiреуiне, жұбайына не қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, аға- iнiлерi мен апа-сiңлiлерiн, қарындастарын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесiне - олар он төрт жасқа толғанға дейiн не денсаулық жағдайы өзгергенге дейiн өтеледi. Азаматтың қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдарға зиян оның көзi тiрi кезiнде өзiнiң асырауына алған немесе алуға құқылы қайтыс болған адамның табысының (кiрiсiнiң) ҚР АК 938- бабының ережелерi бойынша есептелген үлесi мөлшерiнде өтеледi. Осы адамдарға зиянды өтеудi белгiлеген кезде қайтыс болған адамның кiрiстерiнiң құрамына оның табысымен қатар көзi тiрi кезiнде алып жүрген зейнетақысы, ғұмырлық жəрдем ақшасы мен осы сияқты басқа да төлемдер қосылады. Зиянды өтеудiң мөлшерiн анықтаған кезде адамдарға асыраушының қайтыс болуына байланысты тағайындалған жəрдемақылар, асыраушы қайтыс болғанға дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жəрдемақы түрлерi, сондай-ақ табыс, стипендия, зейнетақы төлемдерi ескерiлмейдi. Асыраушының қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдардың əрқайсысына белгiленген өтемнiң мөлшерi, баланың асыраушы қайтыс болғаннан кейiн туылуы; қайтыс болған асыраушының балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын адамдарға өтемнiң тағайындалуы (тоқтатылуы) жағдайларын қоспағанда бұдан əрi қайта есептеуге жатпайды. Жəбiрленушiнiң еңбек қабiлетiнiң төмендеуiне немесе қайтыс болуына байланысты зиянды өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргiзiледi. Дəлелдi себептер болған жағдайда сот зиян келтiрушiнiң мүмкiндiктерiн ескере отырып, өтемге құқығы бар азаматтың талабы бойынша оған тиесiлi төлемдердi бiр жолғы, бiрақ үш жылдан артпайтындай етiп тағайындауы мүмкiн. Қосымша шығындарды өндiрiп алу медициналық сараптама қорытындысының негiзiнде белгiленген мерзiмдердiң шегiнде алдағы уақытқа, сондай-ақ қызмет көрсету мен мүлiктiң құнына алдын ала ақы төлеу қажет болған жағдайда (жолдама сатып алу, жол ақысын төлеу, арнайы көлiк құралдарына ақы төлеу жəне т.б.) жүргiзiлуi мүмкiн. Жəбiрленушi заң актiлерiне сəйкес мiндеттеменi тоқтатуды немесе мерзiмiнен бұрын орындауды талап етуге құқығы болған жағдайларда, мұндай талап тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады. Өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн белгiленген тəртiппен жауапты болып танылған заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тиiстi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндетiн оның құқықтық мирасқоры алады. Оған зиянды өтеу жөнiнде талаптар қойылады. Өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн белгiленген тəртiппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда тиiстi төлемдер заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген ережелер бойынша оларды жəбiрленушiге төлеу үшiн капиталдандырылуы тиiс. Таратылатын заңды тұлғада мүлiктiң болмауы немесе жеткiлiксiз болуы себептi төлемдердi капиталдандыруды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайларда тағайындалған сомаларды жəбiрленушiге заң актiлерiнде белгiленген тəртiппен мемлекет төлейдi. Адамға материалдық зиянмен бірге моральдық зиян да келтірілуі мүмкін. Ол тəнге зиян келтірумен бірге жанға да зиян келтіру түрінде болады. Мысалы, адам денсаулығына зиян келтіру салдарынан адам еңбек қабілетінен айырылады, тəні де азап тартады. Егер адам туралы оны қаралайтын мəлімет таратылса, оның жаны жапа шегеді. Жан азабы материалдық зиянның кесірінен болуы да мүмкін. Адам заңсыз түрде өз мүлкінен айырылса, мұнда да оның жаны жапа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz