Сөйлеудің басты түрі монолог түріндегі сөйлеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Монологты бір адам ғана сөйлейді, ол бір немесе бірнеше тыңдарманға айтылады. Ол: мұғалімнің әңгімесі, студенттің толық жауабы, баяндама т.с. Құрылым жағынан монолог өте күрделі және грамматикалық ережелерді қатаң сақтауды, ой ұшқырлығын, логикалық тұрғысынан жақсы құрылған және жүйелі әңгімені талап етеді. Монолог диалог сөзге қарағанда кешірек дамиды, сондықтан алғашқы сатыда студенттерге монологтық сөзге үйретуде педагогтар көп жылдар бойы осы проблеманы шешуге ұмтылуда. Ауызша сөйлеуде монологты оқытудың әдістемесін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың ішінде атап өтетініміз: тілдік жоғарғы оқу орнындағы төменгі курс студенттерінің ауызша сөйлеуді оқытудығ негізін салушылар: Н.И.Гез, А.А.Миролюбов, П.Б.Гурвич болған. Сонымен қатар В.В.Виноградов монолог-суреттеу, монолог-сендіру, монолог-әңгімелеу, монолог-пікір сияқты монологтың түрлі модельдерін топтастырды. Қазіргі кезде шетел тілін оқыту әдістемесінің жаңашыл жұмыстарында үлгі терминімен жиі кездесеміз. Бұл терминге қазіргі ғылым саласында нақты берілген анықтама жоқ, әр ғалым түрлі мағынада қолданады. Жоғарғы оқу орнының алғашқы сатысынан бастап, шетел тілін монологты сөйлеуге оқытудың әдістемелік үлгісін құрастыруда ғылыми-зерттеу жұмысының құралы ретінде жалпы ғылыми түсініктердің талаптарындағы үлгіге сай сипаттаймыз. Үлгі жалпы мағынасында арнайы зерттеумен құрылған объектінің сапалылығын, тұрақтылығын көрсететін қосалқы бөлшектері болып табылады. Үлгі - зерттеудің құрал-жабдықтары тәрізді деп те сипаттайды С.И.Архангельский 2. Бұл нақты сараптама мен тұжырым, қорытынды жасауға қолайлы. Байланыстырушы белгіленген бөліктің қарапайым немесе көркем түрінде берілген фактілер, белгілер, яғни кез-келген үлгіде құрылған құрылымның шектелген көрінісі, сол объектінің атқаратын қызметін бейнелейді. Үлгі құру талабының тағы бір маңызды мәселесі, оның бір жақты болуы. Объектіні елестеткенде оның белгілі қасиеттеріне көңіл аудару қажет. Монологты оқыту үлгісімен біз студенттердің танымдық, шығармашылық әрекетінің қалыптастыру жолын түсінеміз. Үлгілендіру негізгі назарға алынып отырған зерттеу объектісінің үлгісін құруда іске асу жолының ерекшелігін бейнелейді. Және құрылған объектінің үлгіленуінің қызметін суреттеуде, түсінуде зерттеу нәтижесінде нағыз объектіге немесе үрдіске айналады. Осылайша үлгілендіру объект пен үрдісті түсінудегі тәсіл болып табылады. Зерттеу бөлігін суреттейтін, оның заңдылықтары мен принциптері, дәлелдер, тәжірибелер үлгілендіру кезінде ғылыми теориясын береді. Ғылыми әдіс сияқты үлгілендіру бақылаудың өткізілуін қарастырады. Өте жақсы құрылған үлгінің өзі зерттеудің толық мәні мен маңызын, сипатын ашпайды. Үлгілендіру тек объектінің шектеулі жақтары мен ғана байланыстырады. Ол үлгілендіріп, зерттеудің белгіленген талаптары заңдылықтарына сүйенеді. Оларға: үлгінің көрнектілігі, айқындылығы, бейнелілігі және дәл бөлшектенген зерттеуші объектінің анықтылылығы, объектілігі зерттеу жұмысын жүргізудегі тәуелсіздігі жатады.

1
1.1 Ағылшын тілі сабағында монолог сөйлеуге үйрету
Бұл ауызша (тыңдау және сөйлеу), жазбаша (оқу және жазу) қарым-қатынас негізінде құрылуы керек деген сөз. И.Л. Бимнің: Адамдар арасында байланыс орнататын күрделі үрдіс, тұлғаны бетпе-бет тілдесу немесе оқу арқылы басқа елдердің руханиқұндылықтарына баурау деген пікірімен келіспеуге болмайды. Оқытудың ең басты мақсаттарының бірі - сөйлеуге үйрету. Сөйлеу адамдар арасында өзара түсінушілікті дәлелдеу, сендіру, эмоционалды сезімдерін білдіру түрінде қалыптасатын тілдесудің ауызша түрі. Ол монолог және диалог сөйлеу болып бөлінеді. Монолог түрінде тілдесудің мәні - оқушының жеке меншікті ойы. Монолог сөйлеу дегеніміз - белгілі бір адам өз ойын, ниетін, оқиғаны бейнелеуін білдіреді. Мектептердегі бағдарлама бойынша, шетел тілін үйретудегі мәселелердің бірі - монолог сөз сөйлеуге үйрету [13, 143 б]. Мұндағы мақсат - монолог сөзді сөйлеуге меңгеруді қалыптастыру, оның ішінде коммуникативті-дәлелденген, логикалық дәйекті және қисынды сөйлеуді қалыптастыру, тілдік қатынаста айтарлықтай толық әрі жөнді, ауызша түрде өз ойын баяндау. Қазіргі кезде мектептерде монолог түрде пікірін айтуға үйретуге аса мән берілмейді. Бұл жаңсақ көзқарас, себебі оқытудың осы аспектісі тыңдарманға өз ойын жеткізу үшін ойды жинақтауға септігін тигізеді, логикалық ойлауды, соған сәйкес мазмұндамасын, ішкі жай-күйі, тебіренісін жеткізуді үйретеді. Монолог (гр. monos - дара, logos- сөйлеу) кейіпкердің тілдік құралдарды пайдалана отырып, көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Монолог сөз продуктивті және репродуктивті түрінде келеді. Репродуктивті сөйлеу коммуникативтілікке жатпайды. Мектептерде қойылатын талаптардың бірі дайындалмаған продуктивті сөйлеуді дамыту. Монолог сөз диалог сияқты жағдайға (ситуация) байланысты шартты және психологтардың айтуынша дәлелденген, сонымен қатар оқушының бір нәрсені көпшілікке жеткізуге ниеті, ықыласы болуы керек. Содан кейін монолог өзінің жеке ортасын құрайды, ол - мәнмәтін (контекст) [2, 23 б]. Диалог және полилогпен тығыз байланысты болғандықтан монологты мән -мәтінді деп атау қажет. Сондықтан оған айрықша талаптар қойылады. Монолог сөз сөйлеу келесі:
коммуникативті қызметтерді атқарады:
- ақпараттық (белгілі бір пән жайлы білімін немесе қоршаған орта жайлы шындық, оқиға, іс-әрекет, жағдайы туралы жаңа ақпаратты қабылдау)
- ықпалды (белгілі бір ойлар, әрекет, наным, көзқарастардың дұрыстығын сендіру)
- эмоциялы-бағалау
Мектептерде монолог сөйлеуді үйретерде ақпараттық қызметі - өзектісі болып табылады. Жоғарыда айтылған қызметтердің әрқайсысының өзіндік тілдік сөйлеу амалқұралдары және психологиялық ынталандыруы (стимул) болады. Психологиялық әдебиеттерде, диалог сөйлеуге қарағанда монолог сөйлеу күрделі әрі қиындау. Ол сөйлеуші адамнан қисынды және дәйектілікпен өз ойын баяндауды, оны түсінікті әрі анық жеткізуді талап етеді. Шет тілінде монолог сөйлеуді меңгеру кезінде тілдік құралдарды еркін қолданбағандықтан, оқушыға өз ойын жеткізу кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін. Монолог сөз келесі коммуникативті мақсаттарға бөлінеді (А.Қ. Артықбаева, Н.В. Долгалова, М.Н. Кальнин, О.А. Нечаева, Л.И.Новожилова, О.Г.Резель және т.б.): монологхабарлама, монолог-сипаттама, монолог-пайымдау, монолог-әңгімелеу, монолог-сендіру. Барлық айтылған түрлері көп жағдайда сөйлемдерді байланыстыратын мезгіл үстеу (lately, then, next, soon after that), себеп-салдар үстеуі (thus, therefore, firstly, secondly), сонымен қатар сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі, жалғаулық сөздерді қолдана отырып оқиғалар, деректерді, ойды дұрыс жеткізуді меңгереді деп топшыланады. Монолог ниет білдіру кезінде өте анық көрінеді. Мектептерде монолог сөйлеуді меңгерудің өзектілігі жоғары деңгейде болмаса да, коммуникативтілік жағынан жетерліктей деңгейде өзі жайлы, қызығушылығы, мектебі, туған қаласы, отбасы туралы және барлық қызықты деген тақырыпта өзінің құрбы-құрдастарына немесе шет тілін иеленушіге әңгімелеуде көрінеді. Монолог сөйлеуді үйрету мектептегі оқу жылдарының алғашқы жылдарынан басталып, аяғына дейін созылады. Монолог сөзді оқытуда қолданылатын жаттығуларды анықтамас бұрын келесі критерийлерді есепке алу керек:
1. Монолог түрлері (хабарлама, сипаттама, пайымдау, әңгімелеу, сендіру);
2. Қисындылығы, ойға қонымдылығы;
3. Әңгімелеуде көркемділігі - мәтіннің тақырыбын ашу деңгейі және сөйлемдер саны;
4.Тілдік құралдарын (грамматикалық, лексикалық) қиыстыру деңгейі, сөйлеудегі шығармашылық сипаты;
5. Лексикалық-грамматикалық, (сонымен қатар, синтаксистік) жағынан дұрыс құрылуы. Әдістемелік жағынан келетін болсақ, біріншіден монолог сөйлеуді үйретуде жаттығуларды орындау үшін - тірек сипаты, екіншіден - баяндау, әңгімелеу мақсаты маңызды. Ол тіректер: 1) көрнекілік, 2) мәтін, 3) жағдай, 4) тақырып (тақырыптан үзінді) мәселесі. Бұл реттілік тек алғашқы кезеңге жатқызылады, ортаңғы кезеңге: 1) жағдай, 2) көрнекілік 3) мәтін, 4) тақырып мәселесі. Ал жоғары кезеңге: 1) мәтін, 2) сөйлеу жағдайлары, 3) көрнекілік (сурет, слайд, фильмдер), 4) тақырып, оның мәселесі. Мән - мәтінді сөйлеуді қалыптастыруда ең басты тірегі - жазбаша және ауызша мәтін болып табылады. Монолог сөйлеуді меңгеруде композициялық-құрылымдық компоненттерін дамыту үшін үлгі, нұсқа ретінде анық құрылымды мәтінді қолдануға болады. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Осы кезде арнайы монолог құру үлгісіндегі сызбасын қолдануға болады. Монолог сөйлеуді меңгерудің ең қиын жолдары сөйлем құрауда сөздердің орын тәртібін таңдау, сөйлемдегі сөздерге дұрыс екпін қоя білу. Лингвистикалық әдебиеттерде белгіленген тәртіп бойынша, монологты мәтіндерде сөйлемнің басында тұратын сөйлем мүшесі алдыңғы мән - мәтінмен байланыстырып тұратын буын рөлін атқарады. Шын мәнісінде, сөйлемнің барлық мүшелері, әсіресе тұрлаусыз мүше - себеп-салдар, мезгіл т.б. пысықтауышы жоғарыда айтылғандай, сөйлемді байланыстыратын элемент ретінде қолданыла алады. Монолог сөзді оқыту кезінде отандық әдістемеде 2 бағыт қабылданған: жоғарыдан төмен бағыты - аяқталған мәтін - оқытудың негізгі бірлігі, төменнен жоғары бағыты - оқытудың негізі - қарапайым баяндауды көрсететін сөйлемдер. Жоғарыдан төмен бағыты - мәтіннің мазмұнды жоспарын, оның тілдік материалдары мен композициясын иелену. Оқылған мәтін негізінде монолог сөйлеу дағдысын дамытуды көздейді.
:: Оқушыларды мәтінмен таныстыру (жаттығулар: мәтінді оқу, сұрақтарға жауап
беру, жоспар құру, сөйлемдердің орын тәртібі, оқығанды қысқаша айтып беру)
:: Мәтіннің мазмұнын жеткізу (кез келген кейіпкердің атынан)
:: Жағдайды өзгерту
Төменнен бағыты ешқандай тірексіз баяндауды қарапайым бірлік-
сөйлемнен бастап, аяқталған монологқа дейін өрістеуді топшылайды.
:: Оқушылардың белгілі бір тақырыпты әңгімелеуі (мұғалімнің көмегі арқылы әңгімелеу логикалық тәртіпте құралады)
:: Әңгімелеу арасындағы мәтіндік және логикалық байланысын орнату кезеңдерін белгілеу
:: Берілген тақырып бойынша өз пікірін, қалай бағалайтынын айтып жеткізу
Бақылау:
1. Деректі жағдайлардың монолог түрлеріне үйлесімділігін.
2. Әңгімелеудің ойға қонымдылығын, байланысын.
3. Баяндау көлемін.
4. Лингвистика жағынан дұрыстығын.
Монолог сөз әр түрлі деңгейден тұрады:1) сөз (сөзтұлға), 2) сөз тіркесі,
3) сөйлемше, 4) сөйлемдер бірлігі, 5) мәтін.
Жоғарыдан төмен әдісінің сабақ кезінде қолданылуы. Мұнда мәтінмен жұмыс кезеңдерге бөлуге негізделеді. Мәтінге дейін кезеңде оқушылар тақырыбына, мазмұнына шағын монологтар құрайды. Мәтінді оқығаннан кейін әңгімелеу жаттығулары жалғасады. Осы кезде сөйлеудің логикалық-мағыналық байланысы, ойды жеткізуде қолданылған амалдардың сараптамасы, сөйлеу тәсілдері, дәлелдеу амалдары көрінеді. Мына жаттығулар сабақ мазмұнын құрайды:
1. Оқылған мәтіннің мазмұны мен мәнін түсінуге арналған сұрақтарға жауап беру.
2. Мәтіндегі сөздермен келісу не теріске шығару.
3. Автордың адамдарға, оқиғаға, табиғатқа деген көзқарасын етістік, сын есім, идиомалық білдірулерді таңдап көрсету.
4. Дәлелде ... .
5. Негізгі идеясын тап.
6. Мінездеме бер ...
7. Мәтінге қысқаша түсініктеме бер және аннотация құрастыр, мәтінді сыни тұрғыда талда.
8. Басты кейіпкердің атынан мәтінді айтып бер (жағымсыз кейіпкер, бақылаушы, журналист т.б.).
9. Әңгімені басқаша аяқта.
Төменнен жоғары әдісінің сабақ кезінде қолданылуы. Бұл кезде ешқандай тірексіз нақты мәтінге монолог құрылады. Мұғалім бұл амалды келесі жағдайларда қолданады:
1. Оқушылар әлі оқи алмаған жағдайда немесе оқулықтағы мәтінде сөйлеу дағдысын қалыптастыруға негіз болатын мазмұнның болмауы кезінде.
2. Оқытудың жоғары және ортаңғы кезеңдерінде талқылауға салынған тақырып немесе мәселе бойынша мазмұны және тіл білу жағынан деңгейі жоғары болғанда.
3. Монолог сөйлеуде қалаулы нәтиже алғысы келетін мұғалім:
- оқушыға тақырып бойынша жетерліктей ақпарат қоры болуы (пәнаралас байланысты ескере отырып);
- шет тілінде тақырыпты ойдағыдай талқылауға тіл білу деңгейі (лексикалық және грамматикалық) жетерліктей болуы;
- оқушылардың сөйлеу қызметтерінің жүзеге асуы (келісу, келіспеу, ақпаратты жеткізу немесе оған мұқтаж болу, т.б.)
- сөйлеу дағдысын меңгеру керек екенін ескеру керек (ойды білдіру үшін түрлі амалтәсілдерді, талқылау тәсілдерін, сөйлеу композициясын, т.б.).
Монолог тілдесудің бір ғана түрінің параметрлерінің өзі оны үйретуде аса қиын іс екенін көрсетеді. Сондықтан барлық параметрлердің ішінен оның маңызын көрсететін, басты күрделілігін құрайтын, оқытудың ерекше амалдарын құрайтын негізгі үш түрін атап көрсетуге болады.
1. Тоқтаусыз әңгімелеу. Ол нақты уақытты талап етеді және бұл кезде ешкім немесе еш нәрсе сөзді бөлуге кедергі болмайды. Монолог сөздердің бұл түрі айтушының өзіне тән психологиялық икемінің, сонымен қатар әңгімелеуді ұйымдастыруының дәйектілігі. Бұл жерде ең басты механизм - сөйлемдер бірлігін ескерту. Сондықтан монолог сөз тек сұрақтарға жауап беру емес.
2. Жүйелілік, қисындылық. Бұл идеялардың дамуын көрсететін сапа. Мұндағы идеялардың дамуы деген сөзді дәлме-дәл түсіну қажет емес. Бұл оның анықталуы, түсіндірілуі, негізделуі және тәсілдемелері.
3. Коммуникативті бағыттылық, мағыналы аяқталуы. I want to write a letter. So, I will go to the post office where I will buy an envelope, stamps. Then I will write a letter, put it into the envelope, stick it and drop the letter in the mailbox - деген сияқты монолог әңгімелеу теріс-әрекеттің жиынтығы. Сөйлемдер бірлігі негізінде монолог әңгімелеуді ойдағыдай үйрету үшін келесі кезеңдерді ұстану қажет: бірінші кезең - аяқталған ойды жеткізу, тақырып бойынша бір сөйлем арқылы өзінің келісімін білдіру. Мұғалім мәтіннің тақырыбын белгілейді, оқушылар кезекпен бір сөйлемнен айтып шығады. Екінші кезеңде оқушылардың айтылған сөйлемдерінің логикалық байланысына назар аударуын талап етеді. Мәселен, Our classroom is large. Our classroom is clean - дұрыс құрылмаған сөйлем, өйткені бір үлгіде құрылған. Our classroom is large. There are four windows in it - дұрыс құрылған. Бұл кезеңде кездесетін қайшылықтарды жеңіп шығу қажет, оқушыларға мазмұнсыз сөйлемдер құрамауға, үйлесімді әңгімелеуге үйрету қажет.
Үшінші кезең жаңа логикалық мәселелермен және әңгімелеудің міндетті түрде көркемділігімен сипатталады. Мұнда оқушы айғақ пікірлерінің элементтерін қосуы керек. Шет тілі түгіл өз тілінің өзінде монолог сөйлеуге үйрету біраз қиыншылықтарға әкеп соғады. Ол нені қалай айтсам деген таңдауға және мазмұндау түрлеріне байланысты болады. Тіректер - әңгімелеуде ойын жеткізу, еркін сөйлеу, сөйлем құрай білу үшін тікелей немесе жанама көмек. Л.И. Лазаркевич тіректердің әртүрлерін сараптап, мынадай қорытындыға келді: монолог сөйлеуге үйретуде тіректі әрекет жасауға ынталандыру, түрткі деп түсіндіруге болады. Тілдік тірек жайлы жоғарыда сөз қозғалып еді, енді оған толығырақ тоқталайық. Ол мыналарды қамтамасыз етеді: а) сөйлеу мазмұнының жалпы бағытын, ә) мәтінге мазмұнның сайма - сайлығын, б) ойын жеткізуде сөйлемнің дұрыс құрылуын, в) мәтіннің мазмұнын ашқанда сөйлемнің көлемді болуын. Сөйтіп, тірек бір жағынан оқушының ойын дұрыс, қатесіз жеткізуді ынталандырса, екіншіден, ойын дұрыс қалыптастыруына көмектеседі. Тірек мазмұнды (кім? не? қайда? қашан? және т.б.) және мағыналы (неге? не үшін?) болып бөлінеді. Тірек әрдайым ақпаратты, кей кезде ақпарат толық, кейде қысқартылған, бірақ не болса да, әр тіректің өзіне тән сипаты болады және монолог сөйлеу үрдісін басқару қабілеттілігіне ие. Егер оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық қызығушылықтары, мәтінмен жұмыс жасау кезінде шығармашылық қабілеттері қалыптасып қана қоймайды, олар ағылшын тілінде еркін сөйлеуге жаттығады. Сөйлеу кезеңінде оқушылардың монолог түрінде сөйлеу шеберліктері қалыптастырылады. Мұнда оқушылар өз бетінше мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойларын жеткізуге тырысады. Монолог сөйлеуді дамытуға жаттығулар үлгілері көрсетілген.
1) жаттығу - мәтінді оқып және сұрақтарға жауап беру; 2) жаттығу - дұрыс және қате сөйлемдерді табу; 3) жаттығу - мәтінді азат жолдарға бөлу және оларға ат қою; 4) жаттығу - берілген сұрақтардың ішінен 3-4 сөйлеммен айтып беру; 5) жаттығу - мәтінді қысқаша мазмұндау; 6) жаттығу - оқушылар мәтін мазмұнын өз сөздерімен толықтыру; 7) жаттығу - өз қиялымен жазушы ретінде мәтінге өзгеріс енгізу. Бұдан ары Е.А.Маслыко өңдеген жаттығулар кешені ұсынылады. Бұл жаттығулар J.A. Shannon, Т.Б. Клементьеваның Happy English 3 оқулығынан Susan Graham talks about the Sydney 2000 Olympic Games мәтін негізінде алынған. Берілген жаттығулар оқушыларға мәтіндегі оқиғаларды жолдастарына айтып жеткізе алатындарына көмектеседі. Ол мәтін мазмұнын жете талқылауды, логикалық жағынан оқиғаны әбден түсінуді қамтамасыз етеді.
1. Мәтіндегі бастапқы екі азат жолды қарап шығып, Олимпиадалық ойындардың ашылуы жайлы айтып беріңдер.
2. Келесі ойды дәлелдеп беріңдер: It will be the second time that Australia has hosted the Games; There are number of popular sports in Australia which are not Olympic sports.
3. "Australia's multicultural development" жайлы деректі жұмыс материалдарын (келер шақта нобайлау: жоспар, сөздер, сөзтіркесі) пайдаланып айтып жеткіз.
4. Мәтіндегі оқиғамен деректерге қалай қарайтыныңды, өз пікіріңді білдір. Мысалы,
"About 200 countries are expected to participate"; "15 000 members of the media will cover the event"; "Sydney Olympic Park at Homebush is being built on former industrial land, the rehabilitation of which is seen as a major environmental triumph for Sydney".
5. Берілген суреттер бойынша әңгіме кұра.
6. Мәтінге жазбаша мазмұндама жаз. Ол үшін мәтіннен негізгі мазмұнын жеткізетін 10-12 сөйлемді таңда.
7. Өз сөзіңмен қысқаша түсінігіңді айт.
8. Мәтін мазмұнын да ауыстырылған сөздерді қолдана отырып ойыңды жеткіз.
9. Мәтіндегі деректердің мазмұнын бұрыннан білетін басқа ақпараттарды қосып айтып жеткіз.
1.2 Оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйрету
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артып, білім беру сапасын көтеру басты мәселелердің бірі болып отыр. Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір- бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл- күй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің басты түрі монолог түріндегі сөйлеу. Оқушылардың басты мақсаты тілдік тіректер арқылы ағылшын тілін оқытуда оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту. Фонетика және лексико- грамматикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін сөйлеуге, өздігінен сөйлемдер құрай білуге үйрету, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру, ана тілін құрметтеп, өзге тілді игерту арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Егер оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық қызығушылықтары, мәтінмен жұмыс жасау кезінде шығармашылық дағдылары қалыптасып қана қоймайды, олар ағылшын тілінде еркін сөйлеуге жаттығады. Қазіргі уақытта оқушылардың басым бөлігі ағылшын тілінде жүйелі және еркін сөйлей алмайды, себебі оларға монолог түрінде сөйлеудің тиімді жолы ұсынылмаған. Оқушыларды монолог түріндегі сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің маңызы өте зор. Ағылшын тілдерін оқыту әдістемелерінде тірек ұғымы әртүрлі түсіндіреледі. Көптеген ғылыми жұмыстарда ол стимул, әрекет жасауға түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат оқушылардың ойлауына түрткі бола алады, ал мұғалімнің міндеті оқушылардың тыңдаған, оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету. Көп жағдайда тілдік тіректер сөз әрекетін ұйымдастырушы болып, олардың белгілі бір бағытта дамуына, оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дәнекер бола алады. Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін, сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек те, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог- сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек.
Тілдік тіректер оқушылардың дайындалған монолог түрінде сөйлеуіне көп септігін тигізеді. Көптеген әдіскерлер тілдік тіректердің, сөзден мәтінге дейін, мынадай классификациясын ұсынады:
1) материалдарды көрсету негізінде;
:: тілдік- кіші көлемдегі көруге болатын мәтін, жоспар, сызба, ұран, мағыналық сөздер, мақал- мәтелдер;
:: бейнелеуші - кинофильм, диафильм, түрлі бейнефильмдер, суреттер, кесте, сызба, белгі, плакат, карикатура.
2) Сөз әрекетін басқару негізінде;
:: Мазмұндық тіректер (кім? не? қашан? қайда? қалай? және тағы басқа сұрақтар);
:: Мағыналық тіректер (неге? не мақсатпен? және ттағы басқа сұрақтар).
Енді сөз тіректерінің төмендегідей классификациясын ұсынуға болады:
1) Монологқа тән логикалық сызба. Бұл сызба сөйлемдердің бірізділігін, дәйектілігін көрсетіп, ең бастысы мазмұнды болжауға, айтылуды жоспарлауға және лексикалық, грамматикалық толықтырылуына, стилистикалық өрнектелуіне бағытталады.
2) Логика- мағыналық сызба. Мұнда сұрау сөздерінің бірізділігі сақталады. Мысала: Who? Where? When?
3) Структуралық сызба. Мұнда айтылатын сөздің логикалық, синтаксистік құрылымына және морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударылады.
4) Тезис не сұрақ түріндегі жоспар.
5) Сөзді бастауға және аяқтауға байланысты тілдік тіректер.
Жоғарыда айтылған тірек түрлерінің барлығы да айтпақшы сөздің жалпы бағытын сонымен бірге мазмұнын, жоспарын бағдарлауға мүмкіндік береді. Олар айтылатын сөздің логикалық құрылымын, сапалық және сандық толықтығын қамтамасыз етеді. Белсенді оқыту әдістемесінің жақтастары тірек- сөйлемдерді үлгі- мәтін болмаған жағдайда, мағыналық жоспар ретінде пайдалануды ұсынады. Ал структуралық- функционалдық бағыттың өкілдері структуралық сызбаларды ойды бір сөйлем деңгейінде айтуда, әрі қарай толық мәтіннің композициясын анықтайтын логикалық- мағыналық сызба түрінде пайдалануды ұсынады. Осыған орай алгоритмдерді де қолдануға болатынын көрсетеді. Олардың мақсаты- оқыған мәтін негізінде өз ойын айту, өзгерту, ықшамдау, өмірлік тәжірибесіне байланысты мағлұматты өндеу іскерліктерін дамытуға үйрету болып табылады. Қазіргі кезде ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу іскерліктерін дамытуда тіректерді коллаж ретінде пайдалану өте тиімді болып отыр, себебі ол объектіге және оның компоненттеріне жан- жақты қарауға, бірден зейін аударуға мүмкіндік береді. Коллажды әсіресе елтану мәтіндерімен жұмыс істегенде қолданған тартымды, қызықты және тиімді. Коллаж мазмұны және түрі жағынан көзбен көру көрнекілігінен жатады, ол сызба, сурет, фотоматериал, диаграмма, тақырып, сөздер және сөйлемдер ақпарат оқушылардың бойында ассоциация топтамасын туғызады. Негізгі түйін және оның компоненттерінің арасындағы байланыс бағыттаушы сызықтармен, түстермен және сандармен белгіленеді. Коллаж мәтін мазмұнын айтып беруде, болып жатқан уақиғаның даму желісін көрсетуде, қысқаша мазмұндық тірек бола алады, ал мұндағы суреттер, тілдік, графикалық сызбалар және тағы басқа оқушылардың тақырыпқа терең үңілуіне, ойдың шығармашылықпен дамуына жағдай жасайды. Коллаждағы түстер мазмұндық компоненттерінің маңызырақ екенін көрсетеді. Бұл әдісті жүзеге асыру барысында, оқушылар түрлі тілдік тіректер жасауды үйренеді, соның негізінде алған білімдерін, өз ойларын ұтымды және жүйелі түсіндіре алады, ағылшын тілінде сөйлейді, тілдік тіректер бойынша дидактикалық материалдар жасалады. Тілдік тіректерді негізге алып, монолог түрінде оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылығының деңгейін анықтау, оқушылардың тыңдаған, оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс қабылдауын қадағалай отырып, оларды монолог түрінде сөйлеуге үйрету, оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылықтарын дамытуда әдістің тиімділігін дәлелдеу.
Тілдік тіректер жалпы дидактикалық және методикалық принциптерді ескере, төмендегідей талаптарға сай құрылуы тиіс:
:: Біріншіден өтіліп жатқан материалды ескеру қажет;
:: Екіншіден тіректер түсінікті және көрнекі болуы тиіс.
Тілдік тіректер оқу процесін жандандырып, оқушылардың монолог түрінде сөйлеу іскердліктерін қалыптастырып, дамытады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың дидактикалық шартттары:
Тілдерді оқытуда тың ақпараттарды және қазіргі технологияларды қолдану;
Тілдерді оқыту барысында белсенді әдістерді пайдалану;
Тілдерді оқытуда мәтіннің мазмұнын жаңа технологияға және әлеуметтік саяси жағдайға сәйкестеп сұрыптау.
Кез келген сөйлеу іскерліктерін дамыту процесінде екі кезеңді, яғни сөйлеуге дайындық және сөйлеу кезеңін ескеру қажет. Сөйлеуге дайындық кезеңінде алдымен фонетикалық және лексика- грамматикалық дағдылар қалыптастырылып, оқушылардың өз ойларын монолог сөз түрінде айтуы жаттықтырылады. Монологтың структурасын, композициясын және архитектуралық жағын үйретуде үлгі- мәтінді пайдалану керек.
Мәтінмен жұмыс төрт сатыдан тұрады:
1) Мәтінге дейінгі;
2) Тікелей мәтінмен жұмыс;
3) Аналитикалық;
4) Мәтіннен кейінгі;
Мәтінге дейінгі саты оқушыларды үлгі- мәтіндегі кездесетін қиындықтарды шешу жолдарына бағыттайды. Тікелей мәтінмен жұмыс үлгі- мәтінді оқуға және мәтіннен кейін берілген тапсырмаларды орындауға бағытталған. Мұнда оқушылардың мәтін мазмұнын қалай түсінгені тексеріледі. Аналитикалық сатының мақсаты- мәтінді құрылымдық, мазмұндық компоненттеріне қарай топтау болып табылады. Мәтіннен кейінгі сатының мақсаты- оқушылардың үлгі- мәтін айтып беруі. Сөйлеу кезеңінде оқушылардың монолог түрінде сөйлеу іскерліктері қалыптастырылады. Мұнда оқушылар өз бетінше мәтінде көтерілген мәселеге байланысты өз ойларын айтып жеткізуге тырысады. Бұл жерде үлгі- мәтін афоризмге, мақал- мәтелге, тақырыпқа, ұранға және тағы басқа ықшамдалады. Тақырыпты оқудың алдына оқушыларды коллажбен таныстыруды ұсынамыз. Бұл үшін коллаждың фрагментіне кірген негізгі түсініктермен тақырыптың мағыналық белгілерін талдау керек. Коллаж ауызша сөйлеудің тірегі болып саналады яғни негізгі сөзден басқа коллажға түрлі суреттер, жинақталып жүйеленген суреттер тағы басқа жатады. Аталған негізгі сөздерден бөлек коллаж фрагментіне тірек сөздер енгізілген.
Мәтін негізінде монолог түрінде сөйлеуді дамыту 7 жаттығудан тұрады:
1. жаттығу - мәтінді оқып және сұрақтарға жауап беру;
2. жаттығу - дұрыс және қате сөйлемдерді табу;
3. жаттығу - мәтінді абзацтарға бөлу және оларға ат қою;
4. жаттығу - берілген сұрақтардың ішінен 3-4 сөйлеммен айтып беру;
5. жаттығу - мәтінді қысқаша мазмұндау;
6. жаттығу - оқушылар мәтін мазмұнын өз сөздерімен толықтыру;
7. жаттығу - өз қиялымен жазушы ретінде мәтінге өзгеріс енгізу.
Оқушылардың ағылшын тілі пәнінен мәтін негізінде монолог түрінде сөйлеуді дамытуды анықтау үшін 8 ә сыныбының арасында тәжірибелік- эксперимент жұмысын жүргіздім. Тәжірибелік- эксперимент жұмысына 15 оқушы қатысты. Тәжірибелік- эксперимент жұмыстарын ұйымдастыруды анықтау кезеңінде зерттеу жұмыстары: диолог, монолог, ойын элементтері, бейне- диктант, сұхбат, сауалнама, сұрақ- жауап, әңгіме, бақылау, тағы басқа әдістерді қолдану жүзеге асырылды.
Кесте 1 - анықтау экспериментіне дейінгі көрсеткіші оқушы санымен есептелді

Кесте 2 анықтау экспериментінің кейінгі көрсеткіші оқушы санымен есептелді

Эксперимент зерттеуге дейін орташа оқушы саны 9,1% болды, эксперименттен кейін 11,7 %- ға жоғарлады. Эксперименттен кейін айтарлықтай өзгерістер бар. Оқушылардың тілдік тіректер арқылы монолог түрінде ағылшын тілінде сөйлеуге даму деңгейі көрсетілді. Бұл әдісті жүзеге асыру барысында, оқушылар түрлі тілдік тіректер жасауды үйренді, соның негізінде алған білімдерін, өз ойларын ұтымды және жүйелі түсіндіре алды, ағылшын тілінде сөйледі, тілдік тіректер бойынша дидактикалық материалдар жасалды.

2 Үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі
2.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың маңыздылығы.
Сөйлеуге үйрету әрқашан белгілі бір мазмұнның негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан осы мазмұнның қандай болуы тиіс екендігі туралы сұрақ туындайды. Сөйлеу мазмұны тұрғысынан аса бай, кең ауқымды, көлемді деуге болады, өйткені қарым-қатынас процесінде бүкіл нәрсе айтылады. Осы уақытқа дейін сөйлеуге оқытудың мазмұны бағдарламада белгіленген әңгімелесу тақырыбының шеңберінде анықталып келеді. Бірақ, тақырыпты дәстүрлі тақырыптарға ұйымдастырудың оншалықты тиімді еместігі әдебиетте бірнеше рет атап өтіліп, іс жүзінде дәлелденіп отыр. Тақырыптың сөйлеудің мазмұны құйылған форма емес екендігі анық. Онда тақырыптың барабар формасы не болып табылады? Ал коммуникативтік әдіс оқыту процесін қарым-қатынас жасау процесінің моделі ретінде құруды көздейді. Осыған орай, сөйлеудің мазмұны соның шеңберінде қолданылатын нағыз форманы табу керек; нақ осы форма тілдік материалды іріктеу мен ұйымдастырудың барабар негізі болады. Әрине, іріктелген мазмұнның оқушылардың жасына сәйкес тәрбиелік, ақпараттық маңызы болуы тиіс. Сонымен қатар, өзіне басқалардың барлығын біріктіретін тағы бір аспект бар. Монолог сөз деп - біз көршілес екі айтылған сөздің арасында тұрған және белгілі бір өлшемдерге ие сөйленген сөздің кесіндісін атаймыз. Монолог сөз кез келген деңгейдегі жұптық, топтық, жаппай тілдесу процесінің компоненті ретінде қарастырылады. Бұл кез келген монолог сөздің өзінің табиғаты жағынан монологтік екендігін, құрылымдық және көптеген өзге де қарым-қатынастарда оның түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мол бола тұра, тіпті адресат сөйлеушінің өзі болған жағдайда да, үнемі біреуге жолданып айтылатындығын білдіреді. Монолог сөз түрлі деңгейде болуы мүмкін:
1) сөз (сөзформа),
2) сөз тіркесі,
3) фраза,
4) фразадан тыс бірлік,
5) мәтін.
Монолог сөздің кез келген деңгейі тілдесу процесінде тілдік бірлік ретінде қолданылады: Өрт! репликасы (сөз), Тамаша фильм нақтылау (сөз тіркесі), сұрақ. Ол бұл жұмысты енді қашан істейді? (фраза), сендіру Иә, мен оның бұны істей алатынына сенімдімін. Ол өзінің іске деген көзқарасын қаншама рет дәлелдеді. Бұдан өзге, мен оны жауапкершілікті, байсалды адам ретінде білемін (фразадан тыс бірлік) немесе баяндама, әңгіме және т.б. (мәтін). Кез келген деңгейдегі тілдік бірліктің өзіне тән меңгерілу қиындықтары болады: сөздер мен сөз тіркестерінің деңгейі үшін - бұл морфологиялық қиындықтар (әр түрлі деңгейде болса да), фразалардың деңгейі үшін синтаксистік қиындықтар, фразадан тыс бірлік пен мәтіннің деңгейі үшін - логикалық-синтаксистік қиындықтар. Деңгейлердің әрқайсысының өз үлгілері бар. Сөздер үшін - бұлар сөзжасам типтері, сөз тіркестері үшін - олардың типтері, өзге деңгейлердің барлығы үшін - олардың негізгі құрылымдық сипаттамалары үлгі болып табылады. Кез келген үлгі вербальды түрде толтырылған болуы мүмкін, сонда ғана ол тілдік үлгі ретінде қызмет ете алады. Кез келген айтылым белгілі бір өлшемдермен сипатталады. Олардың арасында ортақ өлшемдер де, деңгейлердің әрқайсысына тән болып келетін өлшемдер да бар. Айтылымдардың алғашқы үш деңгейі оқыту аясында сөйлеудің лексикалық және грамматикалық жақтарын меңгеруге қатысты; тілдік икемділікті дамыту кезеңіне фразадан тыс бірлік пен мәтіннің деңгейлері ғана жатады. Бұдан әрі біз МС-ді оқыту туралы айта келіп, фразадан тыс бірліктің деңгейін ғана сөз ете аламыз. Сонымен бірге бұл дәлелденген, нақ осы аталған деңгей тілдік икемділікті дамыту кезеңіндегі бүкіл күрделілікті құрайды әрі МС-ге тән және оны меңгерудің кілті болып табылады. Фразадан тыс бірліктің деңгейіндегі МС-ді қызмет (процесс) ретінде де, өнім ретінде де қарастыруға болады. Қай жағдайда болмасын, МС түрлі өлшемдермен сипатталады. Қызмет ретінде ол әрдайым мақсатқа бағытталған, коммуникативтік ойлаумен, адамның жалпы қызметімен, сөйлеушінің жеке басымен байланысты болып келеді, ол жағдаятқа орай белгілі бір қарқынмен өтеді. МС өнім ретінде әрдайым ақпаратты, өнімді, мәнерлі, құрылымды, логикалық, біртұтас. Монолог сөздің жоғарыда келтірілген бір өлшемінің өзі оны оқытудың аса күрделі іс екендігін, ал сұрақ-жауаптық жаттығулардың оқытудың барабар құралы еместігін көрсетеді. Сондықтан да Монолог сөздің барлық өлшемдерінің арасынан біз оның маңызын бейнелейтін, негізгі қиындықты құрайтын, оқытудың ерекше құралдарын талап ететін үшеуін ғана бөліп көрсетеміз. 1. Монолог сөздің салыстырмалы үздіксіз сипаты: оның туындау процесі біреудің (бір нәрсенің) үзуінсіз белгілі бір уақытқа созылады. Монолог сөздің аталған сапасы, ең алдымен сөйлеушінің неғұрлым өзіне тән психологиялық көңіл-күйін, сондай-ақ оның монолог сөзді ұйымдастыруын анықтайды. Міне, Монолог сөздің бірқатар сұрақтарға берілетін жауаптардың қосындысы еместігі осыдан. 2. Жүйелілік, логикалылық. Бұл ерекшелік келесі (басқа) айтылатын сөздердегі негізгі фразаларының идеяларын дамуытудан көрінеді. Идеяларды дамытуды сөзбе-сөз түсіну қажет емес. Бұған нақтылау, түсіндіру, негіздеу, толықтыру, әдістерді қолдану тұрғысынан келу назарға алынуы тиіс. Сондықтан да негізгі фраза МС-дің кез келген жерінен табылуы мүмкін. МС қалай өрбиді, мұнда қандай заңдылықтар бар, оның әрбір түрінде қандай үлгілер жатыр, міне, оқыту үшін осыларды білу өте маңызды. 3. Салыстырмалы мағыналық аяқталғандық, коммуникативтік бағыттылық. Мен хат жазғым келеді. Мен поштаға бара жатырмын. Мен конверт, марка және қағаз сатып аламын. Мен хат жазамын, конвертті желімдеп, хатты жәшікке саламын тәрізді монолог сөздермен қанағаттанған кезде, іс-қимылдардың бұлайша хронологиялық тізбектелуі тергеушіні ғана қызықтыруы мүмкін екендігін ескергеніміз артық болмас еді. Бұлардағы іс-қимылдардың логикалылығы - мағыналық емес, уақытша болып табылады, бұл оқыту процесінде тек сөздерді, уақытша формаларды және т.б. формальды қолдану үшін беріледі. Алайда, тілдесу процесінде мұндай сөздерді ақтау қиын. Пікірімізді білдіру үшін жөнелтпе нүкте ретінде жұмыстың үш кезеңін ұсынатын тұжырымдаманы қарастырайық. Бірінші кезеңде аяқталған бір ойды айта білу, тақырып бойынша бір фразаның деңгейінде нақтылай білу икемділігі қалыптастырылады. Мұғалім тақырыпты атайды, ал оқушылар кезекпен кез келген бір фразадан (дәлірек айтқанда, сөйлемнен, өйткені бұл сөйлеу емес) айтып шығады. Егер оқушы екі сөйлемді айтса, онда олар екі дербес айтылған ой болып табылады, олардың арасында міндетті байланыс жоқ. Екінші кезең оқушылардан айтылған фразалардың логикалық байланысына назар аудару талап етілген кезде басталады. Мәселен, ойды айту. Біздің сынып үлкен. Біздің сынып таза, бұлар нашар байланысқан, өйткені сөйлемдер бір үлгі бойынша құрастырылған, ал Біздің сынып үлкен. Біздің сыныпта төрт терезе бар - жақсы байланысқан. Бұл кезеңде алынған қарама-қайшылықты жою керек, яғни оқушыларды мазмұнсыз сөйлемдердің жинағын айтудан аулақтатып және ойларын логикалық тұрғыда айтуға үйрету керек. Бұл қарама-қайшылықты жасаудың қажеті не деген тағы бір сұрақ туындайды. Үшінші кезең жаңа логикалық міндеттермен және ойды айтудың көлемін міндетті түрде ұлғайтумен сипатталады. Мұнда оқушы дәлелдеу, пайымдау элементтерін қосуы тиіс. Осылайша, кезеңдерді бөлудің өлшемі айтылымның сапасы болып табылатындығын көреміз. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл өлшем жарамсыз, өйткені оның негізіне басты қасиеттері жоқ МС алынған. Шын мәнінде, бұл монолог (логикалық!) сөзді оқытқан кезде логика мен жүйеліліктің жоқтығына жол берілген кезең мүмкін болып саналатын ережеге алып келеді. Ал сапаның дәрежесі өлшем болуы мүмкін. Дәлелденгендік тәрізді сапаның дәрежесін алайық. Жоғарыда келтірілген мысалды пайдаланайық. Қандай да бір қаланың туристер үшін қызықты екендігін бір фразамен дәлелдеу керек: Бұл қалада бай мұражайлар өте көп, осы дәлелді барынша кеңейтуге де болады. Сондықтан, көріп отырғанымыздай, дәлелденгендік бір фразаның деңгейінде де болуы мүмкін. Онда бірінші кезеңнің міндетін тек фразалардың тақырыптық қатыстылығымен ғана әдейі шектеудің қажеті не? Фразаларды меңгеру дағдылардың қалыптасу кезеңінде болып өтеді. Монолог сөзді оқыту кемінде байланысқан екі фразаны айту міндеті қойылған кезде, яғни дағдыларды жетілдіру кезеңі мен тілдік икемділікті дамыту кезеңі басталған кезде іске асырылады. Сондықтан да фразадан тыс деңгейдегі (екі немесе одан да көп фраза) кез келген айтылым ең басында икемділіктің негізгі сапасына ие болуы тиіс. Айтылымның көлемі мен сапаның дәрежесі ғана өсуі мүмкін. Дағдыларды жетілдіру кезеңінде екі-үш фразаның деңгейінде ойдың өзіне тән бүкіл сапалармен бірге айтылуына қол жеткізу қажет, мұндай айтуды микроайтылым (микромонолог) деп атауға болады. Икемділікті дамыту кезеңінде көлемі үлкен, сонымен қатар сапасы үздік айтылымды дамыту қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйрету
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету жолдары
Сұрақтарға жауап беру
Т. Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының тілдік ерекшелігі
Шет тілін оқытудың ұстанымдары және мазмұны
Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері мен түрлері
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Жазбаша сөз сөйлеу
Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің онтогенез бен филогенездегі дамуы.
Пәндер