Аймақтық дамуды инновациялық-стратегиялық басқару және цифрландыру арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Өңірдің дамуы экономикалық өсуді, ел халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. Бәсекелестікті күшейту жағдайында аймақтық субъект аймақаралық алмасуда және әлемдік нарықта бәсекелестік қатынастарға кіретін дербес субъектке айналады. Аймақтық дамуды басқару өзіне-өзі жеткіліктілікті қамтамасыз ету үшін реттеудің ресурстық моделінен инновациялық үлгіге көшу қажеттілігіне байланысты жетілдіруді қажет етеді. Экономиканың жаһандануы нәтижесінде аймақтар өзара тығыз іс-қимыл жасайды. Инновациялық саясатты қалыптастыру мен іске асырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу - дамыған индустриялық елдерде әлеуметтік-экономикалық дамудың өңірлік бағдарламалары жалпымемлекеттік бағдарламалардан бұрын әзірленіп, іске асырылатын ерекшеліктерін анықтады. Бұл мемлекеттердің дамыған ауыл шаруашылығы бар, олардың ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейіне елдің әл-ауқаты тәуелді болады. Маңызды бағыттардың бірі АӨК-ні цифрландыру болып табылады, оның шеңберінде ең жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін нақты егіншілік элементтерін және "ақылды фермаларды" енгізуге басты назар аударылған. Республика саласын цифрландыру мемлекеттік статистикалық есептің шынайылығын арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жоғары технологияларды енгізуді ынталандыруға, жоғары өнімділік, болжамдылық және өзгерістерге, оның ішінде климаттың ауытқуына байланысты болып жатқан өзгерістерге бейімделу қабілетіне тән жүйелер құруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігі, табыстылық пен тұрақтылық деңгейінің өсуіне ықпал етеді.

Жаһандану үрдісі ұлттық экономикадағы аймақтардың рөлін түп тамырымен өзгертеді. Аймақтар ақырындап жекелеген экономикалық агенттер болып қана қоймай, әлемдік бәсекелестік үрдістерге де қатысатын болады. Аумақтық ұйымдастырылған жүйелер ережесі аймақтардың өзінің мүмкіндіктері мен макроэкономикалық талаптарына сәйкестікке тәуелді, сонымен қатар бәсекелестік күштерді теңестіруге, аймақтардың басқа да субъектілермен байланысының механизміне қатысты болады.

Басқа да елдердегі сияқты Қазақстанның негізгі ерекше мәселесі аймақтық дифференция, яғни айырмашылықты саралау, мамандандырудың кеңейтілмеуі, өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің жоқтығы, осылардың барлығы мемлекеттік құрылымдар мен аймақтық органдар тарапынан жедел әрекеттерді қажет етеді.

Аймақтардың дамуын басқару реформалауды қажет етеді, басқарудың ресурстық моделінен инвестициялық, инновациялық-стратегиялық басқаруға көшуге деген қажеттілікті нығайтады, жергілікті қоғамның шаруашылық даму мәселелерін қоса отырып, аймақтардың өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Осы аталған басқару үнемі өзгеріп отыратын саясаттық, экономикалық, әлеуметтік дағды мен уақыттық шындық болатын болашақтағы айқынсыздықты төмендетеді, аймақтарға өздерінің даму жолдарын өз бетінше айқындауға жол ашады.

Жаһандану нәтижесінде осы үрдіске мемлекетті араластырмай аймақтар өздерінше қатынасқа түсіп, бір-бірімен тікелей жұмыс жасай алады. Аймақтық деңгейде бұл үрдіс экономикалық жағынан тез өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін және сапасын арттыруға себеп болады. Әлемдік экономиканың әртүрлі деңгейінде бәсекелестік үрдісті дамыта келе аймақтар ақырындап салыстырмалы түрде тәуелсіз субъектіге айналады, әлемдік нарықта және аймақаралық ауысымда бәсекелестік қатынастарға да түседі.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Тез өзгеріске ұшырайтын әлемдік аймақтарда бәсекелестікті өсіру мен қолдау - олардың тұрақты түрде дамуының траекториясын қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады. Технологияларды әзірлеу және іске асырумен айналысудың басым бағыттары ретінде аймақтық ұлттық экономиканың өсуі жоғары деңгейдегі кәсіпорындардың бөлінуімен ерекшеленеді.

Қазақстанның аймақтарының ұлттық жүйесін белгілеу кәсіпорынның қаржылық ресурстарына деген кең ауқымды қолжетімділікке қатысты білім мен оларды таратуды, алуды, біріктірілген ғылымды, құқықтық институттарды құруды жүзеге асырады. Ең белсенді бағыттардың бірі ретінде қазіргі нарық жағдайындағы ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді ұйымдастырудағы инновациялық үрдістерді дамытуды айтуға болады.

Тағы да бір маңызды сыртқы факторлардың бірі - шектеулі деген ресурстарға қолжетімділікті бәсекелестік кеңістігіндегі артықшылығын арттыруға тәуелсіз, бәсекеге қабілеттілік деңгейінде аймақтық поларизацияны қалыптастырушы кәсіпорындардың географиялық орналасуы.

Ал бәсекелестіктің маңызды ішкі факторы өндірістің инвестициялық және инновациялық әрекеті болып табылады. Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін ынталандырушы механизмнің өз деңгейінде анықталмағандығы анық, мұнда жеңілдетілген салық салу мен несиелендіру арқылы техникалық және технологиялық дамуды жеделдетуді іске асыру қажет.

Нәтижелер және оларды талқылау. Инновациялық-белсенді өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру мен іске асырудың шетелдік тәжірибесін зерттеу барысында маңызды ерекшелігі атап өтіледі: дамыған индустриялық елдерде әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық бағдарламалары жалпымемлекеттік бағдарламаларға қарағанда әлдеқайда ертерек әзірленіп, жүзеге асырыла бастаған. Бұл тарихи ерекшеліктермен, атап айтқанда, осы елдердің мемлекеттік өнеркәсіптік саясатында бастапқыда дағдарысқа қарсы аспектілер басым болғандықтан, ал өнеркәсіптегі дағдарыс үрдістері жекелеген аумақтарда әр түрлі болып өтіп бара жатқандығымен түсіндіріледі.

Дағдарысқа қарсы өңірлік саясатқа тән екі сипатты атап өтуге болады: Біріншісі ескі өнеркәсіптік өңірлердің технологиялық және салалық құрылымын жаңартумен байланысты. Мұндағы мақсат - дәстүрлі салалардағы технологиларды жаңарту және аймақтың өнеркәсіп құрылымындағы жаңа салалардың үлес салмағын арттыру. Осылайша, өндірісті қайта құру құрылымында аймақтардың негізгі типі берілген өндірістік саясатқа бағытталуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өнеркәсібіндегі инновациялық жобалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Кәсіпорынның инвестициялық жобасы арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы: 2050 стратегиясы аясында өндірісті жаңғырту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Қазақстанның индустриялық-инновациялық саясаты (2003-2015): бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экономиканың құрылымын әртараптандыру
Экономикалық дамуда кластерлік принциптің рөлі: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу және стратегиялық жоспарлау
Маңғыстаумұнайгаз акционерлік қоғамында өнім сапасын басқаруды жетілдіру арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Қазақстан экономикасының қалыптасуы, даму стратегиялары және бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі: сапа басқару жүйелері мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Өңірлік әлеуметтік-экономикалық дамуды стратегиялық басқару механизмін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz