Қабанбай батыр туралы аңыздар
Қабанбай батыр туралы аңыздар: Ертеде Жетісу елінде Қабанбай деген батыр өтіпті. Қабанбайдан отыз ұлы, отыз ауылы болыпты. Жер қайысқан малы бар екен. Жаз жайлауға шығарда мал, жан Тас-өткел арқылы судан тегіс өткенше бай өзінің нөкерлерімен биік төбенің басына шығып қарап тұратын әдеті екен. Сондай бір көшудің кезінде күні бойы тұрғаннан жалыққан батыр: Не деген көп мал, бітер емес қой, - депті.
Сонда қасындағылардың біреуі:
- Батыр-еке, байлығыңызға өзіңіз таңданып тұрсыз, жасыңыз тоқсанға таяп қалды, отыз ұлыңыз анау, осы сізде де арман бар ма?- деп сұрапты.
Батыр қарт бұл сұраққа мырс етіп күліп алыпты да, сөз бастапты:
-Армансыз адам бар ма? Жас кезімде қалмақпен бір қырғын соғыста бірнеше жігітпе қолға түстім. Қалмақтың ханы бәрімізден жауап алды, көбісін өлтірді, кейбіреуін басыбайлы құл етуге бұйырды. Кезек маған келгенде хан:
-Сені босатып, еліңе жіберсем қайтер едің?- деді.
-Қалың қол жинап келіп, сендерді шабар едім.
-Қолға түскендердің ішінде бір атақты батыр барын естіп едім, сол сен екенсің ғой? Ендеше жазаң басқа.
Нөкерлеріне өз тілінде былдырлаған ханға қызы да бір нәрселерді айтты. Сол-ақ екен, қол-аяғымды байлап, басымды ғана шығарып, қалған дегемді өгіз терісіне тігіп, далаға тастады. Қимылдауға шамам жоқ, қатқан тері денемді бүрістіріп айдалада жатырмын. Өткен-кенкеннің бірі аяп, бірі мазақтап қарайды.
Бір күні нөкерлерін ертіп ханның қызы келді. Бәрі тамашалап, күлісіп жатыр. Хан сұлуы күлген жоқ, көз алмай ұзақ қарады маған. Сол түні малай қызынан қымыз беріп жіберіпті. Осыдан былай күн сайын түн қараңғысында қымыз келіп тұрды. Бірер жетіден кейін хан қызының өзі келіп, аузыма қымызын тосып:
-Ішіңіз, батырым, шөлдеген шығарсыз? - деді таза қазақ тілінде.
Әкесі қорлап отырғанда, оның мені асырауының сырын сұрағанымда ол:
-Сіздің атағыңызға бұрыннан қанық едім, қолға түсті дегенде, шынымды айтайын қуанып қалдым. Бірақ көп ішінен қалай танырымды білмей тұрғанымда, мен мұндалап шыға келдіңіз. Қас жауыңыздың алдында қаймықпай берген жауабыңыз мені бұрынғыдан да ынтықтыра түсті. Әкеме: мынаны қорлап өлтіру керек дегенді сылтауратып, өлімнен арашалап қалған да - мен. Егер мені бірге ала кетсеңіз, мына қорлықтан босатар едім, - деді. Мен бірден келісім бердім.
Келесі түні кетуге уәделестік. Хан қызы екі ерттеулі ат, киім-кешек, жол азығын дайындап, уәделі жерге жетті. Қолындағы қанжармен тұлыпты жарып жіберіп, мені босатып алды. Киініп алып, атқа мініп, тартып отырдық. Таң атқанша біраз жер жүріппіз, күн шыға бір қамысты көлге жеттік. Жас сұлудың қасында өзімнен өзім жиіркеніп, намысым қайнап келе жатқан көлді көріп, қуанып кеттім. Аттарды суытып, суға шомылып, киім ауыстыруға келістік. Қыз әдеп сақтап біраз жерге ұзап кеткен екен. Аздан соң: өлдім, батыр, құтқар! деген жан дауысын естіп, қанжарымды ала тұра жүгірдім.
Келсем, өгіздей бір жолбарыс қызды алдыңғы аяғымен бүріп жатыр екен, маған қарай тұра ұмтылды. Сәл еңкейіп бұға бергенімде, жолбарыстың кеудесі басымнан аса берлін екі қолыммен қысып жібердім. Сол жолбарыс гүрс ете түсті. Талықсып кетті білем, осы сәтті пайдаланып, оң қолымды босатып, ішін қанжармен остым. Ішек-қарны ақтарылған жолбарыс бірте-бірте сырғып төмен түсті. Оны жерге тастай сала, жалма-жан қызға келсем, жолбарыстың тырнақтары екі өкпеден бүрген екен, жан тапсырыпты. Жас сұлуды таза арулап қойдым да, бір атқа мініп, біреуін жетелеп елге келдім. Өзімді өлімнен құтқарып, тіршілік сыйлаған сол арудың атын да білмей қалдым. Соны бүгінге дейін арман етемін, - деп батыр әңгімесін аяқтапты.
Абылайдың қолы осы Арқаны бойлап, қалмақпен қуа соғысып келе жатқанда, бір уақыт қалмақтар тәсіл жасапты. Бір тастың үңгіріне кіріп, бекініп жатып алып, жасырып қалады. Артынан қуып келе жатқан Абылай қолы жау қашты деп бейғам болады. Сонда қалмақтың үңгірден шығып, Абылайдың қолын тұтқиыл шабуылмен қырарман болыпты дейді. Бірақ жұрт ес жиып, соғыса бастағанда қазақ көп болғандықтан, қалмақтар қайта қашып, үңгірге кіріп алыпты. Сонымен, бекініп жатып садақ атып, Абылайға алғызбай қойыпты. Көп адамы қырылып, ашынған Абылай қолдағы батырларына жар салыпты: Кімде-кім ерлік етіп, айласын тауып, осы қалмақты дәл осы үңгірден шығармай қырып беретін болса, бұдан былай қолбасылық дәрежені үнемі сол кісіге бұйырамын! - депті.
Сонда Абылайға ерген көп батырлардың ішінен үздік шыққан Қаракерей Қабанбай болған еді. Күндіз-түні талай ұрыс салып, үңгірдің аузын оқпен көміп, қалмақты тұқыртып отырп, әлденеше күн аштықтан тұралатады. Сөйтіп, артынан жеңістің тойын тойлағанда, Абылай Қабанбайды қасына алып отырып:
-Бар батырдан сен оздың, жеке дара шығып, озып тұрсың. Айтқаным айтқан, сертімнен шыққаным осы! Қайратың үшін бұдан былайғы жорықта ұдайы қолбасы сен боласың және бұдан кейін сенің атың Қабанбай емес, Дарабоз болсын! - депті.
Абылай ханның заманында қазақ жұртынан шыққан батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек. Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, Балтакерей Тұрсынбай, Тарақты Байқозы, Әлтіке Жидебай, Уақ Баян т.б. болған екен. Бұл батырлардың бәрі де жалғыз жүріп қалмақтың қамалын бұзған батырлар. Қазақта батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ. Бұлекеуі де Абылай заманында қарттық жеңіп тұғырдан түскен кісілер.
Арғында Әлтіке Дос батыр деген батыр болыпты. Кезінде жауға қарсы соғыста көп ерлік көрсетіп, даңқы шыққан адам екен. Бір жолғы соғыста сегіз жасар баласы Қожаназармен екеуі қапылыста қалмақтың қолына түсіп қалады. Бір күні қалмақтар ақылдасып: Біріңді олжаға алып қалып, біріңді елге қайтарамыз, қайсың қаласындар ақылдасыңдар! - дейді.
Жаным, әкетай-ай, дейді сонда сегіз жасар Қожаназар, - көк лагың болайын, әке! Мені осында қалдырып, тездеп ел-жұртты тауып алыңыз!
Сонда Дос батыр:
-Балам, қалмақ шалға зәру емес. Жас ұланға зәру, біреуі бала қып, өзіне қосып алады. Жұдырықтай сені жау қолына тастап кету мен үшін ұят. Сен елге аман барсаң, Дос өлген жоқ екен, міне, тірі келді деп қуанады. Қатын аласың, балалы боласың, сенен туған балалардың бірі күндердің күнінде менің кегімді алатын болады, деп батасын беріп, баланы елге қайтарып, өзі сонда қалады.
Айтқандай Қожаназар еліне келген соң қатын алады. Балалы болады, баласының атын Жидебай қояды. Сол Жидебай жеті-сегізден асқан кезде Дос батырдың қара шаңырағында отырған інісі Әлмұрат байдың үйіне Қаракерей Қабанбай батыр келіп қонады. Мұны құлағы шалған Жидебай:
-Барсам-ау, көрсем-ау, батасын алсам-ау! дептүн бойы көз ілмей шығады. Таңға жуық көзі ілініп кеткен екен, бабасы Дос батыр түсіне кіріп аян береді: Балам, Алашқа аты шыққан Қабанбай батырдан барып батасын алып қал! дейді бабасы. Шошып оянған, жейдешең далаға шықса, Қабанбай батыр таң бозынан жорыққа аттанып жатыр екен, солай қарай тура жүгіреді. Өзіне қарай еліктей ұшып келе жатқан баланы көріп Қабанбай тоқтай қалады.
Ата, маған керегі бата, батаңызды беріңіз! дейді бала ентігін баса алмай тұрып. Жарайсың, балам, түнде түсімде Дос батыр айтып еді, деп батасын береді де, төрт киелі алмажайым бар еді, біреуін саған байладым, ал, балам! - деп, Қабанбай батыр жүріп кетеді.
Ержете келе сол Жидебай Әлтіке Жидебай батыр атанады. Абылайдын қалмаққа қарсы жорығында көп рет ерлік көрсетіп, үш жүзге даңқы кетеді. Абылайдың ірі қолбасыларының біріне айналады. Бір ғажабы, бұл адам түнгі жорыққа қиын екен, айсыз қараңғы түнде көңілге алған жерін дөп басып табады екен. Тіпті тас қараңғы түнде біреу бір нәрсесін жогалтса, Жидебай батырды іздейтін болыпты. Сол жоғалған нәрсе Жидебай батырдың найзасын шаншыған жерінен табылады екен. Ал сен осыны қалай табасың? деген жанға Жидебай сырын айтпайды екен.
Мұның сырын Абылай да ұға алмай қайран қалып: Әй, осының қызыл түлкісі бар ғой деймін, - деп сезіктеніп, бір күні әлдебіреуді аңдуға қойыпты.
Бұл кезде бұлар дала жорығында жүріпті, әлгі аңдушы ептеп, ұйқтап жатқан Жидебай батырдың қойнын ашып қараса, өңірінің астында, төсінің үстінде жатқан қызыл түлкіні көріпті, түлкі жалт қарағанда, үрейі ұшып қаша жөнеліпті. Ханға келіп, көргенін айтыпты. Көргені бар болсын, сонан екі көзіне шел қаптап, су қараңғы болып қалыпты. Сөйтсе, Қабанбай батырдың: төрт алмажайымның бірін саған сыйладым дегені, ол кісінің жорықта өзіне көмек көрсетіп, қауіп-қатерді алдын ала сездіріп, айсыз қараңғыда жол бастайтын төрт қызыл түлкісі болған екен. Соның бірін Жидебайға берген екен. Жидебайдың Қарауылшы батыр атануында Қабанбайдың сол бір киелі батасының көп септігі тиген екен.
Қабанбай және Жәнібек туралы аңыз: Қабанбай туралы Шыңжаңда тараған аңыз-әңгімелердің бірқыдыруына Жәнібек батыр араласып келеді. Бір
күні Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек үшеуі жорыққа аттанады. Бұлардың кім екенін білмей артынан бір жалғыз атты адам салпақтап ереді де отырады. Әлгі үш батыр бір жерге келіп дамылдап ботқа жасап ішеді де, еріп келе жатқан жалғыз атты адамға жарты шара ботқа алып қойып, өздері ұйықтап қалады. Арттарынан ерген әлгі адам олар ұйықтап жатқанда келіп, ботқаның жарымын да тауыса алмай жатып қалады.
Ұйықтап түрған батырлар жалғыз аттының тамақ ішкеніне қарап ынжық екенін аңғарады. Үш батыр ертеңінде тағы жүріп, бір шатқалдың басына барып тынығып жатқанда, жалғыз атты адам да келіп жетеді. Сәлден соң үш батыр аттарын әлгі адамға тапсырады да, өздері жаяу терең шатқа түседі. Түсерінде: Шатқалдан Жәнібек, Жәнібек деген дауыс шықса, аттарды әкел, болмаса осы орыннан қозғалма! - дейді.
Әсілінде, бұл шатқал бас-аяғы тұйық, моңғол батырының ұрлаған жылқыны бекітетін жері екен. Ол дәйім қазақтардың жылқысын шауып әкеліп, осы араға бекітіп, ешқандай жанға күш бермей жатады екен. Талай рет, талай адам келіп, бұл шатқалға түскен жылқыны ала алмай қайтады. Қазақтардың жылқысы үшін бұл жер-бейне түбі жоқ оппа сияқтанады. Соның үшін бұл жолы үш батыр бас қосып, әдейі келеді. Келісімен бұлар моңғол батырымен жекпе-жекке шығады. Сайысқа ең алдымен жас батыр Жәнібек түседі. Екі батыр бірін-бірі ала алмай көп тіреседі. Ақыры, моңғол батыры Жәнібекті алуға айналады. Осы кезде Қабекең: Жәнібек, Жәнібек! деп айғай салады. Жәнібектің көк бөрісі бар адам екен, Жәнібектеген айқай шығысымен-ақ оның тұла бойына сұрапыл күш бітіп, қайраты тасып кетеді. Қапысын тауып жау батырын алып ұрып, қызыл қанға бояйды. Осы кезде әлгі жалғыз атты адам үш батырдың атын алып шатқалға түседі.
Батырлар бұл араға бекітілген қалың жылқыны айдап еліне қайтады, жалғыз аттыға да бір үйір жылқы береді. Бошалаң жігіт өзіне жылқы айдатқан адамның кім екенін де сұрамапты. Бірақ сонан былай шыға өзі де күмәнданып: Әкеу, біреулер бұл жылқыны қайдан алдың десе не деймін. Ел ұрлап әкелді деп қалмай ма? - деп ойлап, артына қайта бұрылса, алдынан шауып Жәнібек шығады. Жігіт қайтып келе жатқан жөнін айтады.
Сонда Жәнібек:
- Жарайды, жылқыны кім бергенін білуге келе жатқаның абзал болыпты. Болмаса, осыны сұрай алмаған жаманды өлтіріп тастайын деп келе жатыр едім. Еліңе бұл жылқыны Қабанбай берді де, деп келген бетімен қайта жөнеле беріпті.
Жәнібектің әйелі Қабанбайдың әйелінен бал ашып, құмалақ салуды үйреніп жүрген кезі екен. Бір күні Жәнібек жорыққа аттанбақ болады. Әйелі оның жолын болжау үшін бал ашып көрсе, бір қырсық торуылдап тұрып алады. Неше қайталай салса да: түзге шықса, Жәнібек өледі, үйде болса, әйелінің өзі өледі болып түсе беріпті. Мұның байыбына бара алмаған ол Қабанбайдың әйеліне барышты. Ол кісі бал ашып көріпті де:
-Сен дереу үйіңе бар да, Жәнібек бөктерінетін тері тұлыптың түбін жар, құмалақты сонан кейін салып көр!- депті. Жәнібектің әйелі үйіне қайтып келіп тері тұлыпты жарса, түбінен үлкен қарасұр жылан шығады. Десе дегендей, қырсық осында тұр екен. Жәнібек оны бөктерініп түзге шықса, батырдың өзін шағып өлтірмек, ал үйде болса, әйеліне қас қылмақ екен. Жыланды өлтіргеннен кейін құмалақ салса, Жәнібектің жолы олжамен қайтатындығы аян болыпты.
Көне көз қариялардын айтуына қарағанда, Қабанбай Жәнібектің талабымен қалың қол бастап, Алтай бетіне келген кезде Ертістің суы тасып, өткел бермейтін дәрежеде арнаға сыймай жатса керек. Сонымен, ел өтетін жерді біле алмай, қатты дағдарыпты. Мұндай қиын жағдайды ұққан соң, Қабекең өзінің кәдімгі төрт алмажайы- киелі түлкілеріне ақыл салыпты. Бұл киелі қызыл түлкілер батырға айсыз қараңғы түнде, жолсыз далада және осындай тасқын суға кезіккенде көмек көрсетіп, бағыт-бағдарын түзеп отырады екен. Бұл жолы да Қабанбай өзінің сол алмажайларының көмегімен Ертістің Ақ ит деген жеріне келіп, сол жерден есен-сау өтіп шығады, сонан тартып сол жердің аты Қабанбай өткелі аталыпты. Тағы сол көне көздердің айтуына қарағанда, сол жолғы сұрапыл соғыстың кешінде Қабекең тамақтанып отырып жанындағыларға:
Менің басыма тікен кіріп кеткен бе, бір нәрсе батады ғой, депті. Сөйтсе, батырдың басына жаудың айбалтасының жүзінің сынығы тұрып қалған, батыр оны ет қызуда елемеген тәрізді, тынығып отырғаннан кейін барып өзіне білініпті. Кейінгі ұрпақ Қабанбайдың сол бір төзімді ерлігін, яғни айбалтаның сынығын тікен құрлы көрмеген қажыр-қайратын ауыздан-ауызға таратып, жіберген екен.
Қабанбай батыр жас кезінде Ұлы жүздің атойшыл батырлары Ханкелді, Аралбай, Мергенбай, Жауатар, Ырыскелді сияқты ірі тұлғалармен талай рет үзеңгілес болып, жоңғарларға қарсы қанды шайқастар жүргізгенін албан жұрты тамаша аңыз етіп айтады. Сол аңыздардың бірінде былай делінеді: Ханкелді батыр баласы Райымбекті Қабанбайдың алдына әкеліп:
-Батыр, мен қартайдым, мына Райымбекке батаңды бер, қолыңа қабылдап, қатарыңа ал! деген екен. Қабанбай батыр Райымбектің бойынан ерліктің ұлкен белгілерін тауып, көзін жеткізген соң:
-Қарсы келген жауыңа бет қаратпас боран бол, қайқая шапқан еліңе қайрат берер ұран бол! деп бата беріп, өз қасына алып баулыған екен. Сонымен, кейінгі талай рет жорықтарда Райымбек батыр ерен ерлік көрсетіп, өзінің ұран боларлықтай қажыр-қайратын байқата білген. Сол қатарда Қабанбай бастаған қалың қолдың қырғыздың Әтеке жырығынан кек алу шайқасына, сондай-ақ жоңғар шапқыншыларын қазақ сахарасынан қуып, Іледегі Қой асуын асыра аластау жорығына Райымбек батыр өз қолымен Қабанбай батырға үлкен көмек көрсеткен. Осы соңғы реткі Қой асуы шайқасы кезінде Қабанбай батыр мен Қабанбай батыр мен Райымбек батыр ортасында мынадай кеңес болыпты:
-Е, Райымбек, депті Қабанбай батыр, ерлігін ел аузындағы аңызға айналып бара даңқ-атағың Ханкелдіден асып, есімің елге ұран болды. Енді алдағы күндері мәңгілік орның қайда болар деп межелейсің?
-Мұның бәрі атаның әруағы, сіздің жебеуіңізбен болып тұр ғой! - деп жауап беріпті сонда Райымбек батыр, әруақтың атын арқаласам болғаны, одан артық Алладан тілейтінім жоқ. Бірақ бір болмашы ызың күндіз-түні құлағымнан кетпейді. Соған қарағанда, ең соңында сүйегім у-шудың ортасында, қалың елдің арасында қалатын тәрізді.
Рас, айтса айтқандай болыпты. Райымбек батыр дүние саларда:
- Менің сүйегімді қасиетті ақ атаныма артып қоя беріңдер, сол атан қай жерге барып шөксе, сол жерге қойыңдар! - деген екен. Үрпақтары атасының айтқанын орындап, сүйегін сол ақ атан шоккен жерге қойыпты. Бұл жер бүгінгі Алматы қаласындағы Райымбек даңғылының бойы. Әулие-батырын қастерлеген халық бұл күнде Райымбек кесенесі алдына ақ атанның мүсінін орнатып, ары-бері өткен жүргіншілердің әулие-батыр бабаларына сыйынып өтетін орнына айналған екен.
Сол реткі кеңесте Райымбек батыр нағашы жұртым деп есептейтін Қабанбай батырдан:
- Батыр, өзіңіз қайда боламын деп межелейсіз? - деп сұрапты.
-Біздің қазақ тау құмар халық қой, депті ол Райымбекке ойлы көзбен тігіле қарап отырып, -арманын да, арланын да тауға балап, қуаты мен суатын таудан алады ғой біздің есіл еліміз. Балаларына таудай бол, таудай талап берсін! деп бата береді. Ал қысылғанда: Ей, жер Ана! Тәу-Тәу! Ей, Тау Ата, Тәу-тәу! деп тауға сыйынып, сол бір қайыспас қара таудан медет күтеді. Бәлкім, "тәу-тәу" дейтін тәуапшылығымыз да сол тауға сыйынудан келген болар. Өз басым талай рет қатерге жолыққанда осы тауға келіп пана таптым. Тарбағатайдағы Баспан асуы, Іледегі Қой асуы - мені жеңіске жеткізген асулар. Демек, мені жеңіске жеткізген де осы-тау. Егер осындай алып таудың бірінде жатсам, арманым болмас еді.
Иә, қарт батырды қадір тұтқан халық бұл күндері өзінің батыр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz