Есім, Жәңгір, Тәуке хандардың билік құрған тұстары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
1609-1975 жылдары шамасында өмір сүрген. Бұл Есім, Жәңгір, Тәуке хандардың билік құрған тұстарына сәйкес келеді. 1627 жылы Есім хан бастаған жорыққа он сегіз жасар Нұрбай да қатысыпты. Қорғасқа таяу жердегі шайқаста Ойрат тайпасы көсемдерінің бірі Қоту-Қойсынның інісі Барғаймен жекпе-жекке шығуға ақбоз атпен тұра шапқан. Сонда топтан шыға келген жас жігітті менсінбеген қалмақ батыры: Алдымда тұрған жаса бала, бола берме мас бала. Үмітің болса жаныңнан, Қарсыласпай, қош бала деген екен. Нұрбай батыр жұлып алғандай: Төгейін деп келемін, Кәпір қалмақ қаныңды. Жіберуге келемін, Жеті тамұқ түбіне, Бір шыбындай жаныңды, дейді. Сөйтіп, арпалыс басталып кетеді. Екеуі найзаласады. Барғай Нұрбайды маңдайынан жаралайды. Бірақ қазақ батыры бұл жолы асқан ерлік жасап, қалмақтың өте мықтысы, құралайды көзге атқан мергені Барғайды найзасымен шаншып өлтіріп, одан әрі қарай шайқаса береді. Есім хан анығын білмек болып: Нұрбай қай жерінен жараланды? деп сұрайды. Ханның қасында тұрған бір нөкері: Ол тұп-тура маңдайынан жаралы болды дейді. Сонда Есім хан Онда Құдай берген екеен, даңқты батыр болайын деп тұр екен деп шаттанады. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда Есім хан Нұрбайға осы ерлігі үшін ақсауыт, дулыға, алмас қылыш пен алты қанат ақ боз үйді сыйға тартыпты. Бұл қымбат жәдігерлер Нұрбай батырдың үлкен ұлы Сәти ұрпағында сақталып келіп, өкінішке қарай, дүрбелең замандарда бірте-бірте жоғарып кеткен. Бұл Нұрбайдың алғашқы ерлігі еді. Қара қалмақ Барғайдың басын кесіп, Бақ алған Нұрбай батыр он жетіде жекпе-жектен. Ерлігі үшін алашқа мағлұм болып, Ұранға аты шыққан сол себептен деген жыр жолдары ел жадынада сақталған. Атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шежіресінде мынадай қызық деректер келтірілген: Алтайдың ақ сауыты Нұрбайда қалған. Қалмаққа олжаға түсіп кеткен жерінен Нұрбай өзі барып алып келген, сауыттың аты Шежекөз. Сондықтан Нұрбай ұраны шежекөз болған. Нұрбайдан басқасында белгілі ұран жоқ. Әупәй, Қуандық аталған... Алтайдың балаларының ішінде өскен-өнгені, толығы... Мойын болса керек. Бұл тоқал - Мойынды туған соң қалмаққа олжа болып, жау қолына түсіп кеткен. Нұрбайдан басқа қалмаққа барады дейсің ба? Нұрбай барып алып келген. Жау қолынан мерт болар алдында Алысай Бәйеш батыр айтқан: Бар арманым, әттең ат үсінде алты Нұрбайдың ортасында жаумен шайқасып өлмедім-ау, деген сөз халық жадында әлі күнге сақталып келеді. Бір ұрыста аты әлсіреп, сүріншектей берген ағасы Алыстайдың қолынан туды жұрып алып, жаудың жебесі қара санынан бір түйір бұлшық етін жұлып кеткеніне қарамастан, әскерді бастап, қалмақ қонтайшысы шатырын тіккен төбеге тұрған шапқан. Төбе басындағы жауды тас-талқан етіп, Алтайдың қылқұйрық қадаған туын тіккен деген әңгіме де бар. Нұрбайдың бұдан басқа да ерліктері үлкен бір кітапқа мазмұн болуға жетерліктей. Нұрбай батыр аға-інілеріне, балалар мен туыстарына қалындықты өзі таңдап, құда түсіп, алып беруді дәстүрге айналдырыпты. Қалыңдық таңдағанда болашақ құдалардың дәулеті мен сәулетіне емес, алдымен келіннің денсаулығына баса мән берген. Нұрбай руының жігіттері ерлігімен елге аян, жолдасын жауға бермес, сертке беріктігімен ерекшеленеді. Ел аузында Нұрбай батыр, Нұрбай үрку де жоқ, қорқу да жоқ, Шежекөз Нұрбай сияқты тіркестер жалпы осы әулеттің даңқын айғақтайтын белгідей қалыптасып қалған. Батыр әулеті онда көп емес еді. Баба ерлігін мақтап тұтқан ұрпағы сол жолды мирас етіп, жаугершілікпен күн кешті. Көбі жаумен арпалысып жүріп қаза тапты. Сондықтан, Нұрбай жұрты аз ата болып өсіпті. Жылдар бойы олар туған бауыры Алысай руымен болыстас болып, тек Қазан төңкерісінің алдында ғана бір болыс ел болып жеке шыққан. Нұрбай елінің қыстауы Ақтаудан әрідегі Шажағай өзенінің аяқ тұсы. Бұл өзен ол кезде күзге дейін арнасынан асып, бұрқырап ағып Нұрбай елі қыстауларының тұсында кеңінен жайылып жатады екен. Қалың өскен қамысты, көк құрақты ат бауырынан келердей ұйысқан шалғады берекелі аймақ Аққұдық, Тастықұдыққа талайлар көз тастапты. Алайда, ол тегеурінді тойтарыс алып отырған. Шажағайдың осы тұсы қыстай мың жылқы тебіндеп шықса да жетерлііктей сүбелі болыпты. Аққұдық, Тастықұдық - әккілі жер, Өзі өлмей қондырмайды Шөмішбай ер...,- деген Күлдібай ақынның тарихта қалған сөздері атақоныс үшін болған сүрең айқастан кейін айтылған. Сұсы қатты жауынгер Нұрбайдың қол астындағылары сыртқы жаудан қорған болып еркін көшіп-қонып жүрген секілді. Алығай Қатпартаста, Мұнлы-Құлының солтүстік-шығыс жағынан бері Сарысу,Ақбастауда, бір шеті Қызылтауға, Шуға дейінгі аралықта жұртының ізі қалыпты.
Алдымен бұл кісі кім екенін анықтап айтар болсақ, ата қоныс үшін айқастардан көз ашылмаған аумалы-төкпелі заманда дүрім қазаққа мәлім Бесім есімді екі батыр болған. Бірі - Мәшһүр Жүсіп Көпей: Он алты ұлдың бәрін де қалмақ алған. Мен өтірік айтпайтын сөзді жалған, Бесім, Қойтан екеуі тірі қалып. Мінекей, біз солардан нәсіл қалған дейтін алтыншы аталасы Бесім батыр болса, екіншісі - өмірінің елеуші жолы Еңсегей бойлы ер Есім басқарған Қазақ хандығының билігі биіктеген, беделі күшейген, қаһары аспандаған дәуір оқиғаларымен астасып өткен Тоқаұлы Бесім батыр. Сәкен Сейфуллиннің:
Қу заман басқа салды мұндай шақты,
Қайтейін, медеу қылдым жалғыз хақты.
Ұрпағың өсіп-өнген рулы ел бол,
Деуші еді бабам Тоқа аруақты. - деген Тоқа атты батырдың әкесі. Сөз осы адам туралы.
Хиуа тағынан гөрі тарихшылығымен өшпес із қалдырған Әбілғазының Түрік шежіресі еңбегі бойынша Есімнің әйгілі хан деп танылуын, 1628 жылы ойрат қалмақтарына қарсы жорықта жүруінде опасыздықпен ту сыртынан ордасы Түркістанды шауып, тәуелсіз хан болуға әрекет еткен Тұрсын ханның қол астындағы Ташкентті қайтарып, ойранды басына келтіруін нақты деректер арқылы білеміз.
Марғасқа жыраудың:
Ей, Қатаған хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді жылатып,
Жер тәңірісіп жатырсың,
Қара албасты басқұрсың.
Алтын тақта жатсаң да,
Қазаң жетті қапылсың.
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіне келіп тұр,
Шашқалы тұр қаныңды,
Кешікпей содан қатарсың - деп толғауындай бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрушы, оның тұтастығын қорғау мен сақтауда аянбай айқасушы қабырғалы қайраткер тұрғысында халық жадында қалған тұлға.
Осы аласапыран уақытта Қазығұрт жақтағы ұлысты басқарушы һәм әскер басы, Есім ханның сенімді серігі әрі тірегі Бесім батыр мұның алдында Бұқараға, Хиуаға қарсы жорықтардағыдай Ташкентті де бағындыруда ерекше көзге түседі. Ежелгі салт-жоралғы бойынша тізе бүккен жау жақын-жуықтарының сұлу қыздары Орта жүзден қосылған батырларға олжаға үлестіріледі. Нұрбике, Айбике, Қызданбике, Жанбике, Қоңырбике және Дәулетбике атты арулар ішінде Дәулетбике еншісіне тиеді. Енді осы ауызша деректің сырына үңілейік. Қазақта бедерлі бейнелер жайлы сыр шертетін, өмір жолынан елес беретін шежірелік үзік-үзік әдебиет үлгілері кейбір жазба мағұлматтардан кем соқпайды. Тарих тұңғиғына сүңгітеді, шындығына сендіріп жатады. Мәселен, соның біріне сайсақ:
Киелі Қазығұртты мекен еткен,
Өмірден Бесім атты батыр өткен.
Атақты Есім ханның серігі боп,
Қатаған хан Тұрсынды тізерлеткен, - деген ел аузындағы жыр жолдары қандай даңқты тұлға болғанын аңғартады.
Ал әлгі айтылған оқиғаның қазақ халқы келешегіне ғажайып әсері арнайы салмақтап-саралауға татитын зерттеуді қажет етеді. Түйіндеп айтқанда жалпақ Сарыарқа жұртының ұрпағы жаңарып, үйлі жаны руға, рулы ел ұлысқа айналып, байтақ өлкеге құт қонып, қанат жайып, өсіп-өнуінің бір ұштығы осында жатса керек. Халқымызда руы белгісіз тек жоқ. Батыр бабаларымыздың қосағы болып келген аталған аналарымыздан тараған тұқымнан Қаз дауысты Қазыбек би, Тәттімбет, Абайдың аталары өрбіп, еңселі ел болса, Бесім батыр кіші әйелі кіндігінен тамырланған қауым Дәулетбике Тоқасы атанып, кешегі заманда тоғыз болып ел болып, Нұра мен Сарысу, Құланөтпес пен Есім алқабын еркін жайлап, киелі қоныс етеді. Маймақ ақынның:
Елу жыр елін билеген:
Қарпықтың мырза данасы,
Орыс пен қазақ беттемей,
Ақылға толған шарасы.
немесе Шөже ақынның:
Бақтыбай, Берден шықты төменгі елден, Шоң шықты Даулетбике деген елден - дейтін Телқозының Шоңы да тектінің бірі. Бабаларындай өр руз біткен, бір кіндіктес Тілен, Тиес, Көбек Нысан, Жалаңтөс сынды батырлар толассыз айқас-шайқастарда суырылып шығып, қол бастап, басқыншыларға қарсы ерен ерлік көрсеткен. Солардың қатарында әрі жорық сайын жалғыз-жарым оралмаушы Жалаңтөстен тараған 18 ұл ұрпағы бүгінде үлкен баласы Жолболды есімімен аталатын мәуелі бұтақ ретінде белгілі.
Бәйбөріұлы Олжашы батыр (16 ғ. Аяғы - 17 ғ. Басы) Олжашы Орта жүз Арғын тайпасының ішінде Қаракесек руның шыққан. Қаракесектің Ақша одан Бошаннан - Байбөрі. Байбөрінің екінші баласы Олжашы батыр. Есімнің тұсында 1627 жылы Хан Тұрсынды ант ұрсын, деп Қатаған Тұрсын ханға қарсы жорыққа баруға қол жиналған. Сонда қолбасшылардың бірі Арғын Олжашы еді. Тұрсын ханның әскері Сайрамның атырабында жеңілді. Өзінің ордасы Ташкент қаласы еді. Тұрсын хан Аштарханид әмірлерімен одақ құрып, Есім ханмен бәсекелескен. Ташкентті алғаннан кейін Тұрсын хан қаза табады. Артынан бірнеше қыз қалады. Айбике, Нұрбике мен Қызданбике деген ғажайып періштедей сұлу қыздарын Шанжар деген қолбасшы олжа ретінде алады. Қоңырбике деген қызды ұлы Абайдың түп бабасы Әли алады. Кенжесі Оразбике сұлуды Олжашы батыр алады. Олжашының Жүгіней деген ағасы болған. Оразбикені батыр осы ағасына берген. Одан Қойке, Есбалақ, Баян, Хангелді, Кенжек деген балалар туған. Тағы бір әйелінен Қыдырәлі, Кедейсің, Қойке келсе не дейсің деген мәтел қалды. Ал Олжашының өзінің Асан,Үсен деген балалар туған. Ақтабан шұбырынды кезінде Асаннің ұрпақтары Сырдың ар жағына кеткен. Үсендер және Жүгінейдің ұрпақтары Арқада қалып, өсіп-өнген.
Заманында Жақсыкүн айтулы батыр болады. ҚАлмақпен соғысып, оларға күн көрсетпей қысым жасай берсе керек. Күндердің күнінде Жақсыкүн батыр әлдеқандай бір дертке ұшырап, төсек тартып жатқанда өшіккен қалмақтар келіп, ауылын шауып, батырдың Сатай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
XVII – XVIIIғғ. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары
Түркістан қаласының қазақ хандығы тарихында алатын орнын зерттеу және қала тарихын көрсету
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы туралы ақпарат
ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы
Тәуке ханның Жеті жарғысы, ішкі және сыртқы саясаты
XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихы
Пәндер