Тұлға ұғымы - тарихи өлшем
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫМЫЗ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ
ӨШПЕС ҚАЙНАР КӨЗІ
Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлы (т.ғ.к., профессор м.а.),
Салимов Арғын Қайыргелдіұлы (оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі)
Көкшетау қ., Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
pchv_1@mail.ru, magistr_kz@bk.ru
Ел тағдырын өз тағдырынан жоғары қойған, халқының амандығын, жерінің тұтастығын мұрат еткен қазақ тарихының зиялы азаматтары ұлттық тарихтың әрбір кезеңінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Тұлға деп кімді айтамыз? Бұл жоғары азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кім ие болды?
Алдымен тұлға ұғымына тоқталайық. Тұлға ұғымы - тарихи өлшем. Яғни, мұндай бағалауды халықтың өзі ел, жер, халық үшін тарихи тұрғыда терең іс-әрекетке барған немесе ең маңызды тарихи сәттерде халықтың тағдырында ерекше орын алған адамға береді. Қазақ тарихының басында осындай үлкен халықтық маңызы бар тарихи оқиғаларға қатысқан немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған ұйымдастырушылар болған адамдар, ерлік жасаған азаматтар - олар халықтың зиялы қауымына, тұлғасына айналып отырған.
Өзге халықтарда секілді, тарихта қазақ елінің, жерінің бет-бейнесін, болмысын, қадір-қасиетін, өзіндік ұлттық ерекшеліктерін айшықтап тұратын, халықтың мақтанышына айналған, маңдайына біткен тума талант, өмірде оқығаны, тоқығаны көп аяулы перзенттер аз болмағаны ақиқат. Олар өздері өмір сүрген кезеңдерде халқының бетке ұстар зиялылары болды. Мәдениетінің әр саласының өкілдері болған зиялылар өз халқының мақтанышына айналғаны тарихта, ел аузында қалған олардың есімдері дәлел.
ХХ ғасырдың басында қазақтардың 20 пайыздан астамы оқи және жаза білді, яғни сауатты болды. Бұл 20 пайыздың ішінде мұсылманша оқығандары да болды, олардың көпшілігі Стамбул, Франция, Санкт-Петербург, Қазан, Уфа, Омбы қалаларында оқыды. Олардың біразы парсы, араб, орыс және басқа да шет тілдерін білді. Ал 1926 жылғы халық санағы бойынша республика халқының 25 пайызы сауатты болған [1].
Елдегі мәдени саладағы өзгерістер социалистік құрылысты орнатудың маңызды буыны болып саналды. Сонымен қатар, жаңа қоғамның адамдарын тәрбиелеудегі әдебиет пен өнер саласындағы өзгерістердің рөлі атап өтілді. Сол кездегі Кеңес елінің, соның ішінде Қазақстанның идеялық өміріне БК(б)П ОК-нің 1925 жылғы 18 маусымдағы қаулысы қатты әсер етті. Көркем әдебиет саласындағы партия саясаты туралы осы қаулыда бөтен идеологиямен күресті күшейту қажеттілігі туралы айтылды. Қаулыда пролетариаттың жазушыларға үстемдігі жоқ, партия бұл жазушыларға осы үстемдікті игеруге көмектесуі керек, - делінген [2]. Сонымен бірге партияның Орталық Комитеті жаңа әдебиеттің негізгі міндеттерін, оның социалистік қоғам құру жолындағы күресінің орнын белгіледі. Осылайша, партия көркем әдебиеттің еркін дамуына ықпал етті, оның айтқанына үйреніп, айдауына жүретін жағдайға бейімдеді.
Оған дәлел, буржуазиялық идеологияға қарсы күресу мақсатында пролетариат жазушыларын біріктіретін ұйым- пролетариат жазушыларының ресейлік ассоциациясы (РАПП) құрылды да, оның үлгісімен дереу 1926 жылы пролетариат жазушыларының қазақтық ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. Оның Жыл құсы атты баспа органы болды. Бұл альманахтың беттерінде маңызды теориялық мәселелер бойынша қазақ совет әдебиетінің көрнекті өкілдері мен әдебиет сыншыларының мақалалары басылды. Партия тарапынан тапсырма бойынша жазылған бұл мақалалар өмір шындығынан алшақ жатты. Бұл мақалалардың басты мақсаты ұлтшыл-буржуазиялық идеология өкілдерін мұқатып, талқандау болды.
Қазақ әдебиетінің негізін қалаған Абай және оның ізбасарлары, сондай-ақ екі революцияның арасындағы ұмытылмас қиын жылдары әдебиетке қосылған барлық жазушылар буржуазиялық ұлтшылдар деп жарияланып, өткеннің бай мұрасынан біржола бас тартуға тырысты. Осындай әшкерелеуге алғашқылары болып ұшыраған Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов болды. Алашорда басшысы Әлихан Бөкейханов Қазақ әдебиетінің ескі шығармаларын, Абылай, Кенесары, Наурызбай туралы поэмаларды басып шығаруды кеңінен жүргізді, діни, феодалдық, патриархалдық тақырыптарға ертегілер жазды, хан мен байлардың өмірін дәріптеді, алашордашылар өздерін мәдениет пен өнер саласындағы қожайындар санайды, өздерін қазақ халқының өкілетті өкілдері сияқты сезінеді, деген сияқты оларға жала жауып айыптады және қудалады [3, 47-б.].
Сол кездегі бұл азаматтар Орталықтан жүргізілген большевиктер саясатының түпкі мәнін түсіне біліп, оның халыққа түбінде ешбір жақсылық әкелмейтінін, тек отарлаудың жаңа бір түрі екенін сезіп, оған қарсылық жасап бақты, жандары ауырып, жүректері сыздады. Мысалы, осы аласапыран кезеңде ауылдағы тап күресін және идеологиядағы таптық принципті жоққа шығара отырып Ахмет Байтұрсынов ашық түрде былай деп жазады: Қазақтың қалам ұстаған отаншыл қайраткерлері әрі интернационалист болып, өз Отанына қарсы шығушылар қатарында қала алмайды. Олар сырттай өзгеруі мүмкін, бірақ ішкі жан дүниесі өзгермейді. Олар қазақ халқын құрбандыққа апаратын отаншыл рухтағы емес өкіметпен бірге бола алмайд [4, 38-б.]. Ал большевиктер партиясының халық мүддесінен алшақ тұрғанын көре білген Мағжан Жұмабаев коммунистерді еңбекші халық деген атауды желеу еткен, түпкі мақсаты бұлыңғыр, жалған идеологияның жалауын көтеруші топ деп баға береді.
Өлкелік партия ұйымы өшіп бара жатқан өмірді, пантюркизмді, Алашты, билерді жырлады деп кінә тақты. М. Жұмабаевтың Ташкентте өлеңдер жинағының басылып шығуына байланысты Шығыс коммунистік университетнің және рабфактың тыңдаушыларының 1924 жылдың қарашасында Мәскеуде жиналысы болды. Ал 1925 жылдың басында іле-шала Еңбекші қазақ газетінде сол жиналысқа қатысушылардың сөздері басылып, ақынның шығармаларына баға берілді. Бұл баға көпшілік оқырманның әділ бағасы емес, партия ұйымдарының шындықты бұрмалаған сұрқия саясаты еді. Осы жиналыста әдебиет таптық ұғымнан жоғары болуы керек деген Мағжан Жұмабаев тұжырымдарына кеңестік идеологияның жанашырлары қарсы шығып, ол саланы өздерінің қалауынша идеологияландырды. Мағжанның өлеңдері - байлардың әдебиеті, кеңестік пиғылға қарсы бағытта деп сипаттама берілді [5, 5-б.].
Қазақстан партия ұйымдары, мәдени мекемелері, оның ішінде баспасөз беп баспа ісін дереу өз ықпалында ұстау мақсатында шаралар жүргізді. 1925 жылы желтоқсан айында V Өлкелік партия конференциясының қарарында былай деп көрсетілді: Баспа қызметкерлерінің құрамының сан және сапа жағынан да қанағаттанарлықсыз деп есептеп, концеренция баспа қызметкері қатарындағы партия мүшелерінің процентін ұлғайтуды ұсынады, баспа қызметкерлерінің біліктілігін көтеру үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырып, әсіресе, қазақтарды көптеп тарту ұсынылды [5, 48-б.].
Өлкелік партия ұйымы буржуазиялық идеологтарына қарсы жас ақын-жазушылардың, Сәкен Сейфулиннің, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтың, Сәбит Мұқановтың қазақ халқын білімге, өз қанаушыларына күреске, социализм құруға шақырған шығармаларын бастырып, шебер пайдаланды. Жаңа қоғамға жатырқап, оның келешегіне күмәндана қарағандар ұлтшыл буржуазия өкілдеріне қосақталды. Ал еңбекші халықтың мүддесін көздеушілер жарқын болашаққа жеткізетін жаңа қоғамда өз шығармалар арқылы насихаттай бастады. Алғашында жаңа өмір жақсылық әкелер, әділеттілік орнап, ел мен жер теңелер деп үміттеніп, Бейімбет Майлин өзінің Жалбыр, Айша, Раушан, Азамат Азаматыч сияқты кейіпкерлері, есімі мәтелге айналып кеткен атақты Мырқымбайы арқылы жаңа өмірді бірге құруға шақырды.
Бірақ басқалар сияқты Бейімбет Майлин халқына, ел азаматтарына опасыздық жасай алмады, өмір шындығынан да аттап кете алмады. Басын бәйгеге тіге жүріп замана сырын ашып берді. Сол кезеңдегі қазақы мінездердің қайталанбас, ғажап галереясын жасап кетті. Ұлы қазақ төңкерісінен кейінгі кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі ағымдар туралы мәселеге келгенде идеологияның ығына жағылған Сәбит Мұқанов оны төмендегідей үш бағытқа бөледі. Ең бірінші, бастысы - коммунистік партияны, кеңес үкіметін, қазақ еңбекшілерін қорғап жазған жазушылар мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz