XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар
СӨЖ
Тақырыбы : XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар

Орындаған :
Тексерген :
Жоспар :
1 ) Жапон - қытай соғысы
2 ) 1904-1905 жж. орыс-жапон соғысы
3 ) Қытайдың жартылай отар елге айналуы
4 ) Ағылшын-жапон одағы
Жапон - қытай соғысы
XIX ғғ. 70-80 жж. аралығында Жапония басқыншылыққа талпынушы едәуір әскери державаға айналды. Жапония Азияны экономикалық, саяси, идеологиялық ену кеңістігі ретінде қарастырды. Бұл тенденция Жапон үкіметтерінің барлық іс-әрекеттерінен айқын байқалды. Жапонияның сыртқы саясатындағы екінші тенденция Еуропа мемлекеттерімен жасалған тең құқылы емес келісімшарттардан арылу болды. Оның қарулану және күшті әскери флотын құру ерекшелігі Қытайға қарсы басқыншылық соғысқа дайындықпен байланысты болды. Жапон агрессиясының жақын нысаны болып Корея саналды. 1874 ж. Жапония Тайваньды басып алады, бірақ та Англияның талабы бойынша оны тастап кетуге мәжбүр болды, себебі Англия Гонконгқа ие болып отырып, Шанхай сетльментінде басшылық етіп, Оңтүстік және Орталық Қытайды шайып жатқан бүкіл теңіздердің қожайыны саналды.
Бірақ Жапония үшін Оңтүстік теңіздер аймағындағы аралдық базаны иемденгеннен бері Азия құрлығына болашақта кең экспансия жүргізу үшін плацдарм жасау қажет болды. Мұндай плацдарм ретінде сол уақытта әлсіз қоныстанған және қорғансыз Жапония үшін таяу жатқан Қытайдың бір бөлігі - Манжурия қарастырылды. Манжурияға жететін баспалдақ Корея болды. Кореяның стратегиялық маңыздылығы орыс үкіметінің де назарын аударды. Ол Жапонияның Кореяны жаулап алуына, сондай-ақ Англияға сүйенген Қытайдың әсерінің нығаюына бөгет жасауға тырысты. Корея үкіметіне келсек, ол өз тарапынан Ресейден қолдау күтті.
Орыстардың Қиыр Шығыстағы иеліктеріне басқа державалар тарапынан төніп келе жатқан қауіп Ресейдің Қиыр Шығыс елдеріндегі саясатын белсендіре түсті. 1872 ж. Ресей мен Жапония арасындағы Сахалин мәселесі төңірегіндегі келісімде Жапония Сахалиннің оңтүстік бөліктеріне айырбас ретінде жапон-корей соғысында бейтараптық сақтауға және жапон әскерлерін орыс территориялары арқылы Кореяға (солтүстік) өткізуге талап қойды. Жапония тарапынан жасалған бұндай ұсыныстар қабылданды. Бірақ жапон үкіметіндегілер Жапонияның әлсіздігін білгендіктен, Ресейге соғыс ашуға қорықты. 1874 ж. Сахалин туралы жасалған орыс-жапон келісімдері жаңартылды. 1875 ж. Жапонияның өздерінің қызметіндегі емес Сахалиннің оңтүстік бөлігін құраған Курил аралдарына айырбастады. Бұл келісім Тынық мұхитындағы Ресейдің мемлекеттік мүддесіне шығын әкелді.
1863 ж. Жапон революциясынан кейін Кореяны бағындыру насихаты күшейді. АҚШ және батысеуропалық мемлекеттер корей мәселесінде Жапонияны басқыншылық саясатқа итермеледі, бірақ та жапон билеушілері өздерінің соғысқа дайын еместіктерін көрсетті, сондықтан олар Кореяны қозғаудың бейбіт жолын таңдады. 1876 ж. Әскери араласудың қаупінен қорыққан Жапония өзі де АҚШ және Еуропа елдерімен осындай тең құқылы емес келіссөздер жасасты. Бұл келісім бойынша, Жапония Кореяны тәуелсіздігі мен оның толық еркіндігін мойындайды, ал Корея Жапониямен сауда үшін өзінің үш айлығын ашты.
Әрі қарай Жапонияда сауда, жапон сетльменттері жөнінде бірнеше келісімдер жасалды. Жапон-корей келісімдерінен кейін 1876 ж. Осыған ұқсас келісімдерді. Кореямен АҚШ, Англия, Германия мемлекеттері жасасты. Жапонияның отарлау экспансиясы жолында Ресей тұрды. 1884 ж. Достық пен сауда туралы орыс-корей келісімдері екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатты, айлықтары арасында орыс кемелері келіп тұрды. Бұл келісім орыстарға Корея территориясында еркін сауда жасауға мүмкіндіктер берді. 1882-1884 жж. Кореядағы антифеодалдық көтерілістерді пайдаланып, корей билігіне қысым жасап, өз артықшылықтарын көрсетті. 1885 ж. Тяньцзиньде жапон-қытай келісімдеріне қол қойылды, ол бойынша Қытай сюзеренитетіндегі Кореяға Жапония рұқсатынсыз Қытай әскерлері, Қытайдың рұқсатынсыз жапон әскерлері кіре алмайтын болды.
1885 Англия Кореяның оңтүстігінде орналасқан Гамильтон портын басып алды және оның өзінің қорғаныс базасы ретінде қалыптастыруға тырысты. Бұл тек Қытай мен Кореяға ғана қауіп төндіріп қоймайды, сондай-ақ орыстардың Қиыр Шығысына да қауіп тудырды. 1886 ж. Ресей мен Қытай Кореядағы статус-квоны және оның өзара мызғымастығын сақтап қалу туралы келісімге қол қойды.
1894 ж. Кореяда көтеріліс басталды. Корей үкіметінің көтерілісті басуға күші жетпеді. және ол Қытай императорынан көмек сұрады. Қытай үкіметі Кореяға 3000-дай солдат жібереді. Жапония Қытайды 1885 ж. Тяньцзнь келісімін бұзды деп айыптап, өзінің әскерлерін көтерілісті басуға Кореяға жібереді және Кореяның маңызды стратегиялық пунктарын қоршауға алды. Кореяны қоршауға алғаннан кейін Жапония Кореямен Қытайға қарсы соғыста одақтас болу туралы келісімге қол қояды. Бұл жапон-корея одағының басты мақсаты Кореяның тәуелсіздігін бекіту, әрі Жапония мен Кореяның мүдделерін іске асыру үшін Кореяның территориясынан Қытай әскерлерін шығару болды. Жапония тарапынан құрылған корей үкіметі Қытайдан тәуелсіздігін жариялап, Жапониядан көмек сұрайды .
1894 ж. 25 шілдеде Жапония Қытайға қарсы соғыс ашады. Соғыс 1894 ж. 1 тамызда жарияланады. Осылайша, жапон дипломатиясында соғысты жарияламай бастау тәжірибесі халықаралық қатынастарға енді. Қытай талқандалды және бейбітшілікті талап етті. Жапония бейбіт келіссөздер үшін дайын болды, осымен шетелдіктердің араласу қаупін тойтаруға мүмкіндіктер алды.
Англиямен қатар Қиыр Шығыстағы шиеленістің тұтануында АҚШ та айтарлықтай рөл атқарды. АҚШ-тың жоспары Жапонияға Корея мен Манжурияның үстінен бақылау орнатуға көмектесу, соңынан Ресейге қарсы соғыстың нәтижесінде оның әлсіреуін пайдаланып, жаулап алынған территорияларды өзінің ықпалына алу болды.Бұл есеп, олардың ойынша, соғыстың нәтижесінде өсуге тиісті Жапонияның саяси және экономикалық әлсіздігінен көрінді. Ресейдің жеңілуі американдық капиталдың Сібір мен Қиыр Шығысқа енуіне жеңілдіктер жасайтын еді. Англия мен Жапониямен ресми келісім жасамаса да, АҚШ олармен тығыз бірлесе отырып, Ресейге қарсы соғыс жүргізді, сол арқылы ол орыс-жапон соғысын ушықтыруға тырысты. АҚШ президенті Т.Рузвельт соғыстың алғашқы күндерінен бастап Германия мен Франция үкіметтеріне Жапонияға қарсы соғыс ашқан жағдайда Жапония жағына шығатындығын айтты және ағылшын-жапон одағына кіретіндігін білдірді. Жапония өзіне сеніммен қарайтын еді және орыс саясатының Қиыр Шығыста белсене түсетіндігінен қауіптенген Ресейді одақтасы Франция позициясының күшіне қарады.
1904-1905 жж. Орыс-жапон соғысы
Соғысқа сылатау іздей келе, Жапония Ангияның келісімімен Қиыр шығыстағы жағдайларға байланысты Ресейді келіссөзге шақырды. Патша үкіметі жапон үкіметі соғыс өртін тұтандырып отырғанын сезбей келісім берді. Қытай мен Кореяның солтүстік-шығыс провинцияларындағы жаңа концессиялар мен өнеркәсіпке қызыққан әскери-феодалдық және капиталистік элементтер Жапонияға жеңілдіктер жасағысы келмеді.
1904 жылы 24 қаңтарда Жапония Ресеймен дипломатиялық қатынасын үзді және сол күні әскери қимылдарға көшті: Жапон қолбасшылығы Сары теңізге әскери тапсырмамен шықты. Жапон әскери басшылығы қытай-жапон соғысындағы тәжірибені ескере келе, күштер басымдығын асыру үшін теңіздегі қимылдардың белсенді жүргізілуіне көп көңіл бөлді, осы арқылы өзінің жердегі әскерлерін құрлыққа көшіруге талпынды. Жапон флоты орыстың тынықмұхиттық эстакадасынан артиллериялық жабдықталу мен құрамы бойынша асып түссе де, тосын шабуылға көп көңіл аударды.
Соғыстың бірінші кезеңінде Ляодун жарты аралын, Кореяны және Маньжурияның бір бөлігін басып алып, Жапония өзінің әскери күштерін нығайтуға көшті, бұл оған үлкен шығындар мен күштер қысымын әкелген еді. Портсмуттағы бейбіт келісімдерге дейін Жапония Англия мен АҚШ-қа оның Ресейге қойып отырған талаптарының қолдауына сүйенген еді, сондай-ақ Жапонияға қарыз бере отырып және саяси қолдау көрсете отырып, Англия мен АҚШ соғыс пен бейбітшілік мәселелерінде дауыс беру құқығына ие болды. Бейбіт келісімдер қарсаңында Кацура-Тафт, жапон-американ келіссөздеріне қол қойылды. Тафт жапон жағының АҚШ-тың Жапония мен Ұлыбритания халықтарымен Қиыр Шығыстағы бейбітшілікті сақтауына ортақтас екендігін және кез келген жағдайда Англия мен Жапония АҚШ үкіметі тарапынан бірлескен қимылдарға баратындығын айтты. Жапон тараптарының бірі Корея болды. Кореяны басып алуға Жапония АҚШ тарапынан құпия келісім алған. Корея мәселесі жөнінде ағылшын-жапон келіссөздері жүргізілген еді. Жапония Үндістанның шекараларын сақтап қалатындығын айтты.
Бейбіт конференцияға дейін Англия мен АҚШ арасында Жапонияға Ляодун жарты аралы мен Порт-Артурды беру жөніндегі келіссөздер жүргізілген еді. 1904 ж. Сәуір айында Жапония үкіметі бейбіт талаптар бағдарламасын жасап шығарды: Ресей Жапонияның Кореядағы әрекеттерін заңды деп таниды, орыс әскерлері Манжуриядан әкетіледі, Жапония Харбин-Порт Артур теміржолын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz