Төлемақы түрлері мен мөлшерлемелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Эссе
Алымдар мен төлемдер есебі
ТӨЛЕМАҚЫЛАР
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы
Төлемақы төлеушілер
Тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
Төлемақы мөлшерлемелері
Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақы төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мақсаттарында - АЕК) мөлшерінде айқындалады және мыналарды құрайды:
Рс

Лицензияланатын қызмет түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері, жылына (АЕК)
1
2
3
1.
Ойын бизнесі саласындағы қызмет:

1.1.
казино және ойын автоматтары залы үшін
3 845
1.2.
тотализатор және букмекерлік кеңсе үшін
640
2.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін
200
3.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметті мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:

3.1.
астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында
100
3.2.
басқа да қалалар мен кенттерде
60
3.3.
ауылдық елді мекендерде
20

Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.
2. Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.
Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.
3. Төлемақы алу көзделген лицензияны беру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақыны есептеуді, есепке жазуды жүргізеді және төлемақы мөлшерлемелерін қолдану дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ өндіріп алудың толықтығы, төлемақыларды бюджетке төлеудің уақтылығы үшін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.

Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Жалпы ережелер
1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) мемлекет:
жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін бергенi үшiн алынады.
2. Жер учаскелерiн және жер қойнауы учаскелерін беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгiленедi.
3. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері, жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде өзiнiң тұрған жерiндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы мәлiметтерді ұсынады.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде төлемақы төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтерді ұсынады.
Төлемақы төлеушілер
1. Мыналарды:
жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);
пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған салық төлеушілерге қолданылмайды.
3. Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылмайды:
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша - осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессия шартында көрсетілген мерзім, бірақ жергілікті атқарушы орган уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзім ішінде - концессионер.
Салық салу объектісі
Мыналар салық салу объектісі болып табылады:
мемлекет уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беретін жер учаскесі;
пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі.
Төлемақы мөлшерлемелері
1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күніне қолданыста болатын АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады және мынаны құрайды.
Рс

Кезең
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
1.
барлауға арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап 36-айы аралығында, 1 блок үшін
15
2.
барлауға арналған лицензия қолданысының 37-айынан бастап 60-айы аралығында, 1 блок үшін
23
3.
барлауға арналған лицензия қолданысының 61-айынан бастап 84-айы аралығында, 1 блок үшін
32
4.
барлауға арналған лицензия қолданысының 85-айынан бастап және әрі қарай, 1 блок үшін
60
5.
Өндіруге арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап және әрі қарай, 1 км2
450

Осы тараудың мақсаттары үшін блок Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақты білдіреді. Әрбір блоктың оны сәйкестендіретін координаттары және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган беретін жеке коды болады.
Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.
Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жыл сайынғы төлемақы сомалары - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасайтын есеп-қисаптарда белгiленедi.
Жер салығы сомаларының өзгеруіне алып келетін, шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда, уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасының есеп-қисаптарын - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері қайта қарайды.

565-бап. Салықтық есептілік
1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер салық органдарына:
1) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша - уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;
2) жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері бойынша - жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.
2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын есептi салықтық кезеңнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей ұсынады.
3. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия алған тұлғалар ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған немесе лицензия алынған айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей ұсынады.
4. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен уақытша жер пайдалану туралы шарт бұзылған немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде шарт қолданылуының мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ағымдағы төлем сомаларының қосымша есеп-қисабы ұсынылады.

Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы

1. Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырылатын арнайы су пайдалану түрлерi үшiн алынады.
2. Ресімделген рұқсат құжатынсыз арнайы су пайдалану суды алудың нақты көлемдерін белгіленген лимиттерден асып кететін су пайдалану ретінде қаралады.
3. Cу қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңiрлiк органдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-күнінен кешiктiрмей өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы мәлiметтерді табыс етеді.

Төлемақы төлеушілер
1. Мынадай:
1) суды жер үсті және теңіз суларынан механикалық және өз ағысымен алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды қолдана отырып;
2) гидравликалық электр станцияларын қолдана отырып;
3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылыстарын қолдана отырып;
4) су көлігінің мұқтаждықтары үшін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Салық салу объектілері
1. Мыналар салық салу объектiлері болып табылады:
1) мыналарды:
бөгеттерге және басқа да тежейтін гидротехникалық және су реттейтін құрылыстарға жинақталатын су көлемін;
ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган растаған су шығындарын;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;
су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi түрде су жинау көлемiн қоспағанда, жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;
2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi.
2. Төлемақы:
1) кеме тартқышынсыз сүректі ағызуға, рекреацияға;
2) жер қазатын техниканы қолдануға;
3) батпақты құрғатуға алынбайды.
Төлемақы мөлшерлемелері
Төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгiлейдi.
Нақты су алу көлемi cу қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен кезде осындай асып кету көлеміне бес есе ұлғайтылған төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.
Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын төлеушiлер нақты пайдаланылған су көлемi мен белгiленген мөлшерлемелерді негiзге ала отырып есептейді.
2. Тежейтін гидротехникалық және су реттейтін құрылыстары бар су объектілерінде су көлігімен тасымалдау көлемі үшін төлемақы сомасы тасымалданған жүктердің бір тоннасыкилометр үшін есептеледі.
3. Төлеушiлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлемақы сомаларын су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган белгілеген ай сайынғы су пайдалану лимиттері негізінде есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешiктiрмей бюджетке төлейді.
Салықтық есептілік
1. Төлемақы төлеушілер арнайы су пайдалану жері бойынша салық органдарына төлемақы бойынша декларацияны тапсырады.
2. Төлемақы төлеушілер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде декларация тапсырады.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы бойынша салықтық есептілікті бірыңғай жер салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша түрінде ұсынады.
4. Декларация мемлекеттік кіріс органына тапсырылғанға дейін су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органында куәландырылады.

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы
Жалпы ережелер
1. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша - төлемақы) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен қоршаған ортаға эмиссия үшiн алынады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауына қатысты табиғат пайдаланушылар жөніндегі мәліметтерді (уақытша сақтаудың көлемдері, белгіленген мерзімдері, нақты орналастыру кезеңі) ұсынады.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау ескеріле отырып, белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау мерзімдері өткен соң он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Төлемақы төлеушілер
1. Қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің қоршаған ортаға эмиссиясының көлемі бойынша төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші деп таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
Салық салу объектісі
Мыналар:
1) ластаушы заттардың шығарындылары;
2) ластаушы заттардың төгінділері;
3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтары;
4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірт түрінде қоршаған ортаға эмиссиялардың, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру нәтижелері бойынша белгіленген нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері осы Кодекстің 577-бабы 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады.
2. Стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рс

Ластаушы заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшер-лемелері (АЕК)
1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
4
1.
Күкірт тотықтары
10

2.
Азот тотықтары
10

3.
Шаң және күл
5

4.
Қорғасын және оның қосындылары
1 993

5.
Күкіртсутек
62

6.
Фенолдар
166

7.
Көмірсутектер
0,16

8.
Формальдегид
166

9.
Көміртегі тотықтары
0,16

10.
Метан
0,01

11.
Күйе
12

12.
Темір тотықтары
15

13.
Аммиак
12

14.
Алты валентті хром
399

15.
Мыс тотықтары
299

16.
Бенз(а)пирен

498,3
3. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рс

Ластаушы заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
1.
Көмірсутектер
44,6
2.
Көміртегі тотықтары
14,6
3.
Метан
0,8
4.
Күкірт диоксиді
200
5.
Азот диоксиді
200
6.
Күйе
240
7.
Күкіртсутек
1 240
8.
Меркаптан
199 320
4. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рс

Отын түрлері
Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)
1
2
3
1.
Этилденбеген бензин үшін
0,33
2.
Дизель отыны үшін
0,45
3.
Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін
0,24
7. Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 АЕК құрайды.
8. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, осы бапта белгіленген мөлшерлемелерді екі еседен аспайтындай етіп көтеруге құқығы бар.
Салықтық есептілік
1. Ластаудың жылжымалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластау объектiсiнiң орналасқан жеріндегі салық органдарына декларация тапсырады.
Декларация салық органдарына:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын ластаудың жылжымалы көздерi бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша - салық төлеушінің тұрған жері бойынша тапсырылады.
2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы төлеушiлер декларацияны тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей тапсырады.
3. Жылдық жиынтық көлемдері 100 АЕК-ке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салықтық кезеңнiң 20 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.
Рұқсат құжаты көрсетілген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, төлеушiлер декларацияны рұқсат құжаты алынған айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей тапсырады.

Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Жалпы ережелер
1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.
2. Жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан алып қоюға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
3. Төлемақы:
1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, қоныс аударту, қолдан өсіру және шағылыстыру мақсаттары үшiн алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, қолдан өсірілген әрі еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланған кезде;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтар және салық жүйесі. Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану саясаты
Салық мемлекеттің бекітімі
Салық туралы түсінік
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қызметтері
Қазақстан Республикасының салық жүйесi жайлы ақпарат
Салық ұғымы, түрлері және оның әлеуметтік-экоеомикалық мәні
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні туралы
Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі
Мүлікке салынатын салық. Қосылған қүнға салынатын салық
Пәндер