Түлектердің мамандық таңдау мәселесі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

I ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ

  1. Мамандық таңдау түсінігі және оған әсер ететін факторлар 5
  2. Мамандық таңдауды қарастырған отандық және шетелдік зерттеулер 10
  3. Бітіруші түлектердің психологиялық ерекшеліктері 14

ІІ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ

2. 1 Зерттеу пәні, міндеті, мақсаты, болжамы 18

2. 2 Зерттеу әдістеріне сипаттама 22

2. 3 Зерттеу барысы 26

2. 4 Зерттеуден алынған нәтижелер 31

ҚОРЫТЫНДЫ 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

КІРІСПЕ

Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата-анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін-өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен түкке жарамсыз болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Басқаша айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның көмегі керек. Осы мақсатты іске асыру барысында төмендегі бағдарламаны 4 негізге сүйеніп құрап отырмыз:

  • Мамандықты ақыл таразысына сала отырып таңдау үшін өмір жолына дұрыс бағыт керек. Ал өмір жолын таңдау жеке бастың ерекшеліктеріне, яғни өзін-өзі терең тану арқылы ғана іске асады.

Мамандықтың адам өміріне немесе оның өмір сүру стиліне әсер етуі туралы балалармен әңгімелесе отырып «Біз қалай өмір сүргіміз келеді?» деген сұраққа жауап беруіміз керек. Бұл сұраққа жауап табу үшін жасөспірімге өзінің ерекшеліктерін білу, өзін-өзі танып түсіну, өз тілегінің бұл өмірдегі талаптарға қайшы келмеуін анықтау үшін «өзін тану» бағытында ұзақ жолды жүріп өтуі шарт. Тек сонан кейін барып «сол» өмірді құру барысында қандай мамандықты таңдау керектігін шешеміз. Сонда ғана мамандықты таңдау нақтылы, әсерлі бола алады.

Осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру үшін өзін-өзі тану тақырыбын мамандық туралы тақырыппен байланыстырамыз.

  • Бейімделу негізінде өзін жеке адам ретінде түсіну.

«Қажет, істей аламын, керек» деген мамандық таңдау алгоритмдерінің ішінен «қажеттілікті» жоғары қоямыз. «Ия, мен саясатшы бола алмаймын. Себебі, менің өзіме деген сенімділігім аз, бірақ қажет болса мен бойымдағы осы қасиетті дамыта аламын», -деген мысалдан біз қажеттіліктің жеке тұлға негізін қалайтынын байқаймыз. Ендеше, жеке тұлға аймағындағы жұмысқа сүйене отырып, сол арқылы тұлғаның мінезін, икемділігін т. с. с жеке басының ерекшеліктерін дамытуына ықпал ету арқылы бейімделудің әсерін арттырамыз.

Осы бағыттағы жұмысты іске асыру үшін жеке тұлға, адамгершілік құндылықтар аумағында жұмыстар жүргізілуі шарт.

  • Мамандық туралы ақпараттарды терең және бейімдей оқыту тәсілдерін пайдалану оқушының екі ойлы болып, қобалжуын басады. Оқушыға әр мамандықтың ішкі ерекшеліктеріне үңіліп, оның салаларын талдап, әр қырынан қарап көрсету арқылы оның «сыртқы әдемі қабынан» көлеңкелі жақтарын да айыра алатындай жағдай жасау керек.

Осы бағыттағы жұмысты іске асыру үшін жоспарда шығармашылық тапсырмаларға, талдауларға, схема, модельдерге мамандық салаларын талдауда ойын - жаттығуларын қосу қажет.

  • Таңдауды белсенді жүзеге асыру. Мамандық таңдаудың, өмір жолын таңдаудың, арман мен қиялдан өзгешелігі сол, оны іс жүзінде жүзеге асыру қажет.

Жасөспірім «мен кіммін, қандаймын, мен не істей аламын, не істей алмаймын, мен үшін өмірде не маңызды?» деген жағдаяттарды «тұлғаның» деңгейінен қарай отыра оның «идеалдан» және «қажеттіліктен» айырмашылығын түсініп, өз таңдауын жасауы керек. «Өз өміріңді алдыңа мақсат қоя құр, немесе өмір ағысымен жүзе бер». Таңдау жасалып, мақсат көзделгеннен кейін оған жету жоспарлары жасалып, іске асыруға белсене кірісу керек.

Осы бағытта біліктілікті белсенді жүзеге арттыру үшін жеке тұлғаны дамыту бағдарламасы бойынша «Алға мақсат қойып, соған ұмтылуды жоспарлау» сияқты тренингтерді пайдаланамыз. Белсенділікті арттырудың тағы бір әдісі мамандық таңдау барысындағы «күнделікті» жүргізу болып табылады.

І ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ

  1. Мамандық таңдау түсінігі және оған әсер ететін факторлар

Әлемде мыңдаған кәсіп түрлері бар: қажетті, маңызды, қызықты. Мамандық таңдау - кез келген адамның өміріндегі жауапты сәт. Бұл сәт әсіресе мектеп бітіретін жас буын үшін ерекше, себебі мамандық таңдай отырып, олар өз болашағына жол салады. Әр мамандық өзінше ерекше, алайда оны дұрыс таңдай білу маңызды.

Түрлі мамандықтар мен заманауи қоғамдағы адамның кәсіби қызметі туралы түсінік қалыптастыру, тәрбиеленушілердің мамандық таңдаумен байланысты өз қызығушылықтарын, қабілеттерін тануына ықпал ету мақсатында, 2011 жылғы 20 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылында ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, ШҚО Білім басқармасы, облыстың кәсіптік, техникалық оқу орындары, БАҚ өкілдерінің, «Феникс» дамыту және бейімдеу орталығы директорының қатысуымен «Менің мамандығым - менің болашағым» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Облыстық білім басқармасының маманы Д. Ж. Тоқсанбаев облыстағы оқу орындары, білім алу кезінде төленетін шәкіртақы түрлері мен көлемдері, мемлекет тарапынан бөлінетін білім гранттары туралы мәлімет берді.
Балалар ауылындағы осы оқу жылының 11 түлегіне облыстың оқу орындарында беретін мамандықтар туралы толығырақ ақпарат алуға мүмкіндік жасалынды. Оқу орындарының өкілдері әр мамандықтың ерекшеліктері, білім алу мен бос уақытын өткізу үшін студенттерге жасалынған жағдайлар жайлы әңгімеледі.
Балаларды алаңдататын - оқу орнын аяқтағаннан соң жұмысқа орналасу мәселесі, бұл сауалға облыстық білім басқармасының маманы жауап берді. Ол қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан жұмыспен қамту, бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламалары жайлы мәлімет берді.
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы А. Ә. Буханова балалардың кәсіптік, техникалық және жоғарғы оқу орындарында білім алуы кезінде «Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін, асыраушысын жоғалтуға байланысты жәрдемақыларын алатынын түсіндірді.
Қатысушылар арасында бұрынғы түлектер де болды, олар мамандық таңдаудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Надежда, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 3 курс студенті, бала кезінен өлең шығару мен әңгіме жазуды ұнататын. Мамандығын тәрбиешілер мен ұстаздарымен кеңесе отырып таңдаған, қазір Надя тілші мамандығы бойынша білім алуда және өз таңдауын сәтті деп ойлайды. Былтырғы жылы елімізде 165 мыңға жуық жеткіншек білім ошағын тамамдап, үлкен өмірге қанат қақты. Олардың үш мыңнан астамы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинап, «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеп шықты. Сонымен қатар 11 жыл бойы «инемен құдық қазғандай» жинаған білімдерін сындарлы сағатта дәлелдей алмай, опық жеген бітірушілер де аз емес. Десек те, мектеп бітірген әр түлектің алдында тағы бір маңызды қадам күтіп тұр. Ол - мамандық таңдау. Қазіргі уақытта қаладағы қай ЖОО-ның маңайына көз сүзсең де, ығы-жығы халықты көресің. Дені - жастар. Нақтырақ айтсақ, тесттің теперішінен өтіп, болашағына бағдар болатын мамандық таңдауға келген жеткіншектер. Ал олардың бірі - қалаған мамандығына құжатын тапсырып қойғанымен, түсер-түспесін білмей дал болса, енді бірі - әлі күнге дейін қандай мамандық таңдарын білмей шарқ ұрып жүр. Себебі бірі - ҰБТ-дан жинаған балына қарап, бірі - бөлінген грант санына қарап тосылады. Ал қалтасында қаржысы барлар оған бас ауыртып жатпайды. Бірақ ешкім «бүгінгі күнде қай мамандыққа сұраныс жоғары», «қазаққа қажет қарекет қайсысы» деген сауалдарға ойланбайды. Шындыққа көз жүгіртсек, қай ата-ана болсын «әйтеуір оқып, қолына дипломын алса болды, ары қарай көре жатармыз» деп баласының ертеңіне көз сүзбейді.

Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады,
Балалықпен қоштасар күн туады.
Он жылдықтан шыққандар оқу іздеп,
Юрфакқа түсуге ұмтылады.
Не демекпіз шөліркеп дала жатса,
Не болмақшы теңіз, құм араласса?
Жұмыс іздеп, уақытша келгендермен,
Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
Заң маманы болуды қалап бәрі.
Ақиқатқа құштар ма, мына ұрпақ,
Армандап жүр кімдерді жауаптауды?

Жастар арасында әзіл-шыны аралас осы өлең белең алса да, әзіл артында зіл жатқанын анық аңғаруға болады. Себебі бүгінгі жастардың дені заңгер, экономист, қала берді, кеденші болуды армандайды. Сондықтан да қазір жоғары оқу орындарын бітіргендердің көбі, яғни 4-тен 3 бөлігі аталмыш мамандық иегерлері екен. Себебі жастар «заңгер болсам, ақшаны күреп табам», «экономист болсам, ен байлықты белшеден кешіп жүрем» деп ойлайды. Тіпті қыруар қаржы төлеп, баласын осы мамандықта оқытатындар да жетіп жатыр. Рас, ол мамандық иелерінің табысы өзгелерге қарағанда қомақты болар, бірақ бәрінің жұмыс тауып, айы оңынан туары екіталай. Аяғында бірі - базар жағалап, баласын асыраса, бірі - тіпті құрылысшы, күзетші болып, күнін күйттейді.
Сарапшы мамандардың пікірінше бүгінгі күнде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді. Ал астрофизик, астроном сынды ғарыш саласы мамандары мен механик, картогроф, геодезист мамандығына еліміз аса зәру. Бұл мамандықты таңдаушылар қатары жоқтың қасы болса, қажеттілік жылдан-жылға артып келеді. Күннен-күнге заманауи технологиялардың сан түрі шығарылып жатыр. Қазір кезінде арман болған «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алу да» таңсық емес. Адамзат жеті қат көкті де, жерді де зерттеп-зерделеді. Ғаламат ғарышқа да табан тіреді. Яғни төрткүл әлем техникаға телмірген заман болды. Осыған орай еліміз де ел экономикасының басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға баса назар аударып отыр. Бірақ бір «әттеген-айы» бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен. Әдебиет пен тарих сынды гуманитарлық пәндерден алдына жан салмайтын оқушылардың көпшілігі физика мен химияға кел­генде амалсыз тосылып қалады. Оған ұлттық бірыңғай тест барысындағы көрсеткіштер куә бола алады. Жапония, Корея, Қытай сынды Азия елдерінде сол техниканың небір түрлері жасалады. «Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі біздің жерімізде бар» деп кеуде кере мақтанғанымызбен, оларды игеруге келгенде өзгелермен иық тірестіре алмаймыз. Ал жоғарыда аталған елдерде, байқап қарасақ, қазба байлық та шамалы ғана. Бірақ олар тыңнан түрен салып, әлем елдерінің алдыңғы қатарына шықты.
Елбасының нанотехнологиялық орталықтар мен зерттеу институттарын қалай болғанда да да­мы­ту керектігін айтқаны белгілі. Ал бұл саланы да­мытсақ, химиялық биология, биотехнология сынды ғылымдардың да дамуына мүмкіндік туады. Еліміздің облыстарындағы комбинаттар мен зауыттар 5400 техникалық мамандыққа зәру екен. Сонымен қатар аймақтар бойынша білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы салаларына қажетті мамандар саны 2010 жылы Ақмола облысына - 600-ге жуық, Ақтөбе облысына - 360, Алматы облысына - 865, Атырау облысына - 123, Шығыс Қазақстан облысына - 423, Жамбыл облысына - 387, Батыс Қазақстан облысына - 600-ден аса, Қарағанды облысына - 558, Қостанай облысына - 811, Қызылорда облысына - 1000-нан аса, ал Маңғыстауға - 575, Павлодарға - 387, Солтүстік Қазақстан облысына - 622, Оңтүстік Қазақстан облысына 500-ге жуықты құрапты. Бұл қажеттілік бүгінгі таңда «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша қамтамасыз етіліп жатыр.
Мамандар «біздің ұлттың бойынан техникалық мамандықтарды игеруге құлықсыздық, қайта гуманитарлық салаға беймділік себебі - ұлттың технограттық санасының әлсіздігінен» деген тұжырымға келіп отыр. Сол себепті де жылдан-жылға техникалық, ауылшаруашылық мамандарын даярлауға мемлекет тарапынан бөлінген грант саны артып отыр. Мәселен, өткен жылы талапкерлерге барлық сала бойынша бөлінген 35 мың гранттың 11мыңы еңбек нарығында сұранысқа ие аталмыш техникалық мамандықтарға бөлінген екен. Биыл да бөлінген жалпы грант санының 11 мыңнан астамы аталмыш мамандық салаларына бөлініп отыр.
Өткен жылы Алматы облысының бірқатар аудандарын аралау барысында аудан басшылары өздеріне «Жол картасы», «Жастар тәжірибесі» бойын­ша келіп жатқан жас мамандардың дені экономист, заңгер мамандығы бойынша білім алғандар екенін, бұлай бола берсе, болашақта ауылды басқарар мамандардың түгесілетінін айтып, қынжылып отыр. Мамандар болса, «ауыл шаруашылығына қажетті мал дәрігерлері, агрономдар, өсімдіктерді қорғау мамандары, инженер-механиктер, инженер-электриктер, жерге орналастырушылар, зоотехниктер жетіспейді» деп дабыл қағуда. Сонымен қатар елімізде балық шаруашылығы мамандарына, атап айтқанда, ихтиологтар, балық өсіруші-технологтар, балық шаруашылығы инженерлері және балық қорғау инспекторларына деген мұқтаждық салдарынан осы сала мамандарын ТМД елдерінен шақыруға мәжбүр болып отырғанымыз да жасырын емес. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі 663 аңшылық шаруашылықта тек бір-бірден ғана жоғары білімді мамандар жұмыс істейтін болса, олардың тек оннан бірінің ғана осы сала бойынша дипломы бар екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында ауыл шаруашылығына ерекше мән береді. Атап айтсақ, 2009 жылы халыққа арнаған Жолдауында: «…Біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық», - десе, биылғы Жолдауында: «2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны төрт миллион тонна бидай экспортына тең. Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, 100 мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріскөзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді. Бұлардың барлығы сабақтас салаларда - ауылшаруашылық саласына машина жасауда, химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті ұлғайтуға қозғау салады», - деп атап көрсеткен болатын. Әрине, бұл міндеттерді орындау үшін кәсіби мамандар қат. Ал өмір бойы қолын жылы суға малып отырған қала баласының ертең ауылға барып, кетпен, күрек ұстамасы анық. Тіпті ауылдан шыққан жастардың өзі де қалада қалуды мақсат тұтады. Сондықтан мектеп бітірген түлектің кез келгені ауыл шаруашылығы мамандығын даярлайтын оқу орнының есігін қаға қоймайды. Мәселен, өткен жылғы тестілеу нәтижесі бойынша ауылшаруашылық, техникалық және ветеринарлық мамандықтарға түсу үшін 100 балдан 70-тен асыра жинаған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алса, экономикалық, заң мамандықтары бойынша білім грантына 98 ұпай және одан жоғары жинаған талапкерлер мен «Алтын белгі» иегерлері ғана ие бола алды. Осыдан-ақ «тесттен тауы шағылып аз балл жинаған түлектер ғана аталмыш мамандықтың ауылына бара ма» деген ойға қаласың.
Ж. Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл - жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - дейді. Рас, жас жеткіншек тек өз жүрек қалауымен ғана таңдаған мамандықтың шебері бола алады, яғни мамандық таңдау - жай ғана оқып, диплом ала салу емес, өмірлік жолыңды айқындау. Бірақ кейбір ата-ана, туған-туыс оған мән бермей, жеткіншектің көңілі қаламаған мамандыққа еріксіз апарады. Оның нәтижесі қандай? Олардың бірі - оқудан шықса, бірі - қаламаған мамандығы бойынша ілініп-салынып жұмыс істеп жүреді. Осы арада біз бірқатар оқу орындарында құжат тапсырып жүрген талапкерлер мен оқуын бітіріп, бірақ жұмыссыз жүрген жастармен тілдескен едік.
Айдана АХМЕТОВА: (Алматы облысынан келген) «Мен жастайымнан спортқа жақын едім. Бірақ ата-анам «қыз балаға спортшы болу қол емес, одан да экономист бол» деп менің таңдауыма түбегейлі қарсы болғандықтан, құжаттарымды ата-анам айтқан мамандыққа тапсырып қойдым. Өз қалауым болмаса да, оқимын да…»
Маржан ОРЫНБАЙҚЫЗЫ: (Алматы облысынан келген) «Менің таңдау пәнім - география. Негізі экономист болсам деп армандаған едім. Бірақ Алматы қаласындағы бірқатар жоғары оқу орындарын аралап көріп, «бұл мамандыққа ҰБТ-дан жинаған балым жеткіліксіз бола ма» деп қауіптеніп отырмын. Сондықтан, шынымды айтсам, қай мамандықты таңдарымды да білмеймін».
Айбын: (Шығыс Қазақстан облысынан) «Ата-анам жалғыз ұл болғандықтан маған «мұғалім болып, ауылға кел» дейді. Бірақ өзім қаламаймын. Әлі ойланып жүрмін».
Динара: (сатушы) «Мен Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес факультетін үш жыл бұрын бітіргенмін. Мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым. Қазір отбасылы болғандықтан, амалсыз, дүкенде сатушы болып істеп жатырмын».
Шалқар ӘЛИҚЫЗЫ: (сатушы) «Менің негізгі мамандығым - мұғалім. Бастапқы кезде жұмыс табылмағандықтан, «уақытша болса да, тиын-тебен таба тұрайын» деп сатушы болдым. Оқуымды бітіргеніме біраз жыл болды, қазір мұғалімдікке барғым да келмейді».
Міне, жастар болашақ мамандық таңдауға салғырт. Әйтеуір оқып, қолына бір жапырақ қатырма қағаз алып шығу ғана мақсат сияқты. Бұрнағы жылдары облыс, аудан әкімдерінің өздеріне қажетті мамандықтарға байланысты мақсатты жолдаулары болатын. Соған қарай ЖОО өз түлектерін жолдама арқылы республиканың түкпір-түкпіріне қызметке жіберетін. Ал қазір барлық оқу орны дипломдарын қолдарына ұстата сала, қош айтысады. Ал қалғанын жас маман өзі шешеді. Қала берді, ата-анасы қалтасындағы соңғы тиынын біреуге беріп, ұл-қызын жұмысқа орналастырады. Сондықтан мамандық таңдау барысында талапкер де, ата-ана да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал.

  1. Мамандық таңдауды қарастырған отандық және шетелдік зерттеулер
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелде оқу
Кәсіптік бағдар берудегі бүкіләлемдік әлеуметтік желілер
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
Дуалды оқыту жүйесі
Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Білім беру саласындағы маркетинг
Серпін - 2050 әлеуметтік жобасы
Білім беру қызметтерінің маркетингі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz