ҚР коммерциялық банктердің активтік операциялардың мәні және негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ҚР КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Коммерциялық банктің активтік операцияларының мәні мен құрылымы . . . 5
1. 2 Коммерциялық банктің активтерінің сапасын бағалау және жіктеу 9
ІІ ҚР-НЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕГІ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ (АҚ «БТА» БАНКІНІҢ МЫСАЛЫНДА)
2. 1. «БТА Банкі» АҚ-ның 2008-2010 жж қаржылық жағдайын бақылау. 17
2. 2 Банктің актив операцияларын бағалау және талдау 22
ІІІКОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3. 1Коммерциялық банктердің активті операцияларындағы жаңа бағыты - форфейтинг пен факторингтің ерекшелігі 32
3. 2 Банктің активті операцияларында кездесетін мәселелер және оны шешу жолдары . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69
КІРІСПЕ
Әлемдік қаржы - экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті.
Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық.
Біз шағын және орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық.
Ұлттық және трансұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуларындағы “қазақстандық үлестің” болмаған өсіміне қол жеткіздік. 2009 жылы экономиканың артуы 1, 1%-ды, өнеркәсіпте 1, 7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің “серіппелі тобына” жаттық.
Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті. Банктік жүйе - нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымдарының бірі болып табылады [1. ] .
Банктердің дамуы мен тауар өндірісі айналысы тарихи жағынан алғанда қатар жүріп отырды және бір-бірімен тығыз байланысты болды. Бұл кезде банктер ақшалай есеп айырысуларды жүргізе отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталдардың қайта бөлінуінде делдал бола отырып өндірістің жалпы тиімділігін арттырады, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасайды.
Коммерциялық банктер өздерінің табыстық базасын кеңейтіп, рентабельділігі мен бәсекелестілігін көтеру үшін клиенттеріне операциялар мен қызметтердің кең көлемін көрсетуге тырысады. Банк активтік операциялары нарығындағы бәсеке банктік қызметтің бұл түрінің сандық және сапалық сипатамаларына әсер етеді.
Халыққа дәстүрлі активтік операцияларды (несиелік, есеп-айырысу кассасы, валюталық және тағы басқаларын) көрсетумен қатар, қызметтерді, клиенттердің тапсырысы бойынша маркетингтік зерттеулерді, лизингтік және тағы да басқа операцияларды көрсете бастауда.
Коммерциялық банктердің дұрыс жұмысын атқаруы олардың өзінің және сырттан тартылған қаражаттарының әр түрлі активтер бойынша дұрыс орналастырлуына байланысты, яғни қолындағы қаражаттарды қаншалықты дұрыс, орналастырса, оның жағдайы соншалықты орнықты болады.
Банктік қызметтің маңызды және басты бөлігін пайда табу мақсатында банктің өз және тартылған ресурстарын орналастыру іс- әрекеттері құрайды, яғни банктің активтік операциялары құрайды.
Активтік операцияларды жүзеге асыру барысында банктер әртүрлі жұмсалымдар жасайды. Олар проценттер, дивиденттер немесе біріккен кәсіпорының пайдасына қатысу түрінде табыс әкеледі. Банктің активтік операцияларының нәтижелері банк балансының активінде көрініс табады. Оның көрсеткіштеріне қарап банктің ресурстарының жұмсалу сипаты туралы айтуға болады. Банк активтерінің және қаржылық емес мекемелердің активтерінің құрылымында едәуір айырмашылықтар бар. Коммерциялық банктердің активтерінің көп бөлігі қаржылық талаптар түрінде болады. Банктердің салыстырмалы түрде қаражаттарының көп бөлігі ақшалай формада болады, ал ғимараттар және құрылғыларға жұмсалымдар аз болады.
Банктер мен кәсіпорындардың активтерінің құрылымындағы айырмашылық олардың міндеттемелерінің шығу тегінен және пайда табу мақсатында жүргізетін қызметтерінің сипатынан келіп шығады. Кәсіпорындар өз пайдаларының көп бөлігін шикізаттар және материалдарды пайдалана отырып жасалған тауарларды сату арқылы алады. Сату процесі дайын өнімдердің көп бөлігінің қоймада сақтауын талап етеді, ал өндіріс шикізаттар қорларын бір қалыпта ұстап тұру қажеттілігін және қымбат тұратын құрылғыларды пайдалану қажеттілігін талап етеді. Ал банктік пайда негізінен несиелік және инвестициялық операциялардан алынады, нәтижесінде банктер ақшаның болашақта төленетін куәландыратын вексельдердің, облигациялардың және басқа да қаржылық құжаттардың ұстаушысы болады.
Банктің өз және тартылған қаражаттарын жоғары табыс алу мақсатында тиімді орналастыру, банк активтерінің сапасы және оны бағалау мәселелерінің актуальдылығы менің диплом жұмысыма осы тақырыпты таңдауыма осы себепші болды. Өйткені банктің өтімділігі, пайдалылығы, қаржылық жағынан сенімділігі және тұрақтылығы оның активтерді тиімді орналастыруына және олардың сапасына, жалпы айтқанда активтік операцияларына байланысты болады.
Осыған байланысты дипломдық жұмысымның мақсаты :
банктің активтік операцияларының мәнін көрсету; банктердің активтерінің ұтымды құрылымын анықтау және активтердің сапасын бағалау тәжірибесін оқып-үйрену, олардың сапасының банктің өтімділігі мен пайдалылығына әсерін талдау болып табылады. Қойылған мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу қажет:
1. Банктің активтік операцияларының құрылымы мен оның ерекшеліктеріне тоқталу;
2. Банктің активтік операцияларының құрылымына әсер ететін факторларды қарастыру;
3. Банк активтерінің сапасын анықтайтын көрсеткіштерге нақты материалдар негізінде талдау жасау;
4. Банктің активтік операцияларын жетілдіру жолдарын қарастыру;
Жұмысты жазу барысында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің нормативтік-құқықтық актілері; Отандық және шетелдік оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдар және жұмыстың ішінде талдау жасалынатын банктің қаржылық есеп беру құжаттары пайдаланылды.
1ҚР КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Коммерциялық банктің активтік операцияларының мәні мен құрылымы
Банктің активтік операциялары оның операцияларының маңызды бөлігін құрайды.
Банктің активті операциясы бұл банктердің кіріс табуымен өтімділікті көтеру мақсатында ресурстарды орналастыру операциясы.
Банктің активті операциялары негізгі кіріс көзін құрайтын операция болып табылады.
Бұл операцияға нақты ақша және кассалық қызмет операциясы, есеп қарыз операциясын, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар, активті депозиттер мен банк аралық несиелік және депозиттік операцияларды жатқызуға болады.
Кассалық операциялар нақты ақша негізінде жүзеге асырылады. Бұл кезде банк банктік шоттары бар клиенттерден нақты ақша қабылдайды және нақты ақша түрінде әр түрлі аударулар жасайды, төлемдер жүргізіледі (Жалақы, жол сапар шығындары, материалдық көмек, несие немесе қарыз басқа да қызметтік шығындарға берілетін қарыздар)
Банктің есеп қарыз операциясы кең көлемді кіріс әкелетін операция ретінде саналады жеке және заңды тұлғаларды несиелендіру кезінде кеңінен қолданылады. Банк мекемесінде несиеден кейін екінші кезекте кіріс әкелетін операция болып бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар саналады. Бұл кезде банк өзіндік бағалы қағаздарын сатып өткізеді, клиенттердің тапсырысы бойынша олардың бағалы қағаздарын орналастырады және болашақта кіріс алу мақсатымен инвестиция түрінде ұзақ мерзімді салымдар жасайды.
Кіріспеде айтылып өткендей бұл операциялар банк балансының актив жағынан көрініс табады.
Банк активтерінің құрылымы деп банк балнсының активінің сапасы бойынша әртүрлі баптарының баланстық қорытындыға қатынасын айтады.
Әрбір банк активтердің ұтымды құрылымын белгілеу және сақтау кезінде біршама мәселелерге тап болады. Сонымен қатар, активтердің құрылымы көбінесе елде қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерімен де анықталады.
Бірінші топқа: қолма-қол ақша және оған теңестірілген қаражаттар жатады, яғни банкте бар ақшалай қаражаттар (корреспонденттік шоттағы, Орталық банктегі міндетті резервтік қордағы қаражаттар), сонымен қатар, аз уақыт ішінде ақшалай қаражаттарға тез айналатын активтерге жұмсалған қаражаттар (мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекет кепілдендірген қысқа мерзімді қарыздар және тағы басқалары) жатады.
Екінші топқа: басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына салынған инвестициялар жатады. Бұл активтердің өтімділік деңгейі бірінші және үшінші топтың активтерінің өтімділік деңгейіне қарағанда төмен қазіргі уақытта өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға банктердің бағалы қағаздарын (акциялар, депозиттік сертификаттар және тағы басқаларын) жатқызуға болады.
Үшінші топқа: кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген қарыздар жатады. Бұл активтердің өтімділік деңгейі қарыздың берілу мерзімі мен мақсатына, қарыз алушыға байланысты болады. Өтімділігі жоғары құнды қағаздарға басқа банктерге берілген және бірінші классты құнды қағаздар жатады.
Төртінші топқа: банктің негізгі құралдары жатады: ғимараттар, құрылғылар есептеу техникалары, көлік құралдары және тағы басқалары. Бұл активтер өтімділігі төмен активтерге жатқызылады. Дегенмен әрбір кезеңде елдегі экономикалық жағдайды ескеріп отыру қажет.
Банк өз активтерінің құрылымын олардың жекелеген топтары және түрлері тұрғысынан алынғанда, белгілі-бір уақытқа яғни, белгілі-бір күнге, сонымен қатар, олардың динамикасы арқылы талдау негізінде ол қаражаттарды активтердің бір түрінен келесі түріне ауыстыра алады. Бұл кезде қаражаттар көзі өзгермей қалуы да мүмкін немесе ақшалай қаражаттардың жаңа көздері есебінен де ауыстырылу жүргізілуі мүмкін. Банк активтерді бір түрінен екінші бір түріне ауыстырған кезде орналастырудың сенімділігі және табыстың деңгейі тұрғысынан активтердің ұтымды құрылымын қалыптастыру қамтамасыз етуді көздейді. Бұл жағдайда пассивтердің құрылымы және тартылған қарыз қаражаттарының мерзімі де ескерілуі қажет.
Егер активтердің бірінші тобын қарастыратын болсақ, Орталық Банкте корреспонденттік шоттағы ақшалай қаражаттардың қалдығы үнемі жоғары болатын болса бұл қаражаттарды қысқа мерзімді банктік қарыздарға немесе мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға болады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың әкелетін табысы аз болғанымен олардың банктің шығаратын бағалы қағаздарына қарағанда сенімділігі жоғары. Қазақстан Республикасында 1994 жылдан бері мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы жұмыс істеуде. Осылайша өтімділік деңгейін төмендетпей, банктің табысын жоғарылатуға болады.
Алайда, корреспонденттік шоттағы қаражаттарды активтің басқа түріне орналастыру туралы шешім қабылдамас бұрын, банк кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне талдау жасауы, табыстары және шығындарына болжау жасауы қажет. Өйткені түрлі қолайсыз факторлар әсерінен корреспондентік шоттағы қаражаттардың тез арада азаюы орын алуы мүмкін, ал бұл корреспондентік шот бойынша дебеттік қалдықтың пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жағдайда банк операцияларды жүргізуге Орталық Банктің қаражаттарын қарызға алуға мәжбүр болады, олар бойынша пайыздық мөлшерлеме Орталық Банктің есеп мөлшеріне қарағанда анағұрлым жоғары болады.
Қаражаттардың екінші топтағы активтеріне орналастырылуы акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың акцияларын алу, олардың қызметтеріне қатысу түрінде болады. Бұл негізінен банктердің табыстың үнемі келіп түсуін қамтамасыз етуде ұмтылушылығынан болып отыр, осының әсерінен банктердің қаржылық тұрақтылығы және өтімділігі жоғарылайды. Қазақстан Республикасында банктердің барлығына бірдей кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алуға рұқсат берілмеген. Банктердің бұл қызметін кастодиалдық қызмет деп атайды. Кастодиалдық қызметпен айналысуға рұқсатты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі береді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында бұл қызметпен тек санаулы ғана банктің айналысуға рұқсаты бар. Соның ішінде осы жұмыста активтік портфеліне талдау жасалғалы отырған банк те бар.
Бір мезгілде бұл топтың активтері банктің қарыздар тобының активтеріне қарағанда өтімділігі төмен, әсіресе экономикалық дағдарыс жағдайында, және оларға қаражаттарды орналастыру едәуір тәуекелмен байланысты болады. Сондықтан коммерциялық банкте арнайы резервтер құрылуы керек. Қазақстан Республикасында банктердің бұл тобына қаражаттарды орналастыруы өте аз болып табылады.
Акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына қаражаттар жұмсау және олардың шаруашылық қызметтеріне қатысу коммерциялық банктің өтімділігін төмендетеді, ал оларды басқару дамыған корпоративтік бағалы қағаздар нарығының жоқтығына байланысты үлкен қиыншылықтар туғызады.
Екінші топтың активтерінің құрылымында да негізгі үлесті кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген қарыздар алады. Бұл қарыздар қазіргі уақытта қысқа мерзімдік сипатта және негізінен айналыс сферасына бағытталған. Активтердің бұл түріне қаражаттарды орналастырудан түсетін табыс деңгейі анағұрлым жоғары. Бұл коммерциялық банктерге пайданың көп бөлігін несиелік операциялардан алуға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді несиелердің өтімділігі әр уақытта біркелкі емес, бұл қарыз алушының несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуге қойған қамтамасыз етілу көздерінің әруақытта сапалы еместігінен туындайды. Сондықтан коммерциялық банктер тартылған ресурстарын тәуекелділігі жағынан қолайлы активтің түрі - басқа банктерге несиелерге жұмсайды. Активтердің бұл түрінің табысы кәсіпорындарға берілетін несиелердің табысынан төмен, бірақ банктің өтімділігін көтереді. Бұл несиелер әдетте негізінен қысқа мерзімдік сипатта болады.
Екінші топтағы активтердің ішінде шамасы бойынша едәуір орын алатын актив - банкаралық несиелер болып табылады.
Коммерциялық банктердің дамуымен байланысты банкаралық несиелер де тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде банктердің өз өтімділіктерін жоғарылатуға ұмтылуы да бар.
Активтердің төртінші тобын негізінен коммерциялық банктің өндірістік-техникалық базасын дамытуға жұмсалған қаражаттар құрайды. Коммерциалық банктер өздерінің қалыптасуының алғашқы сатысында тұрғандықтан олардан бүгінгі таңда өздерін ғимараттармен, құрылғылармен, есептеу техникаларымен, байланыстың жаңа құралдарымен қамтамасыз ету үшін едәуір қаражат жұмсау талап етіледі. Алайда, барлық банктер бірдей, әсіресе жаңадан құралған банктер өздері дамуы үшін қаржыландыру көздерін таба бермейді. Осыдан банктің күрделі жұмсалымдары мен оны қаржыландыру көздері арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ету мәселесін шешу қажеттілігі пайда болады. Жоғарыда айтылып өткен шығындарды банк сәйкес жабу көздерінсіз жүзеге асыратын болса, онда банктің өтімділігі төмендей бастайды.
Банк заңды тұлға коммерциялық ұйым жарғыға сәйкес банк қызметтін жүзеге асыратын мекеме.
Екінші деңгейлі банк бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ұсынған лицензиямен негізгі заңға сәйкес заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаржыларын жинап өз атынан қайтарымдылық, төлемділік, мерзімдік негізінде орналастыратын және банк операциясын жүзеге асыратын заңды тұлға мекеме.
Банк операциясы бұл азаматтық, құқылық қызметпен нақты істерді бухгалтерлік безендірулермен байланыстыратын қызмет.
Ерекшеліктері:
1. Іскерлік қатынастардың ұзақтығы.
2. Банктік операцияның сенімділігі.
3. Бекітілген заңдарға сәйкес, арнайы деңгейде қалыпты жүргізілуі.
Банк операцияларын мерзімділігіне байланысты күнделікті дәстүрлі, дәстүрлі емес банк қызығушылығымен жүзеге асырылатын деп бөліп жүзеге асыруға болады.
Дәстүрлі банк операциясы деп банк операциясын жүзеге асыру туралы лицензияға сәйкес банк қызметінде жиі, кездесетін және күнделікті жүргізілетін операция түрінде қалыптасқан қызметті айтамыз.
Дәстүрлі операциялар:
есеп, қарыз, несие операциялар. депозит, аманаттар қабылдау. - клиенттің шотын жүргізу.
Банк қаржысымен қызығушылығына байланысты арнайы лицензия негізінде жүзеге асырылатын, кейде банк жанындағы болып саналатын операция дәстүрлі емес операция.
Оған:
валюталық т. с. с. Коммерциялық банк қызметтерінің принципі.
Коммерциялық банк (акционерлік) заң жүзінде ақша қаржыларын тартуға орналастыруға қайтаруға, төлеуге уәкілеттенген мекеме.
Банктік статус Ұлттық банктен банк операциясын жүргізу туралы алынған рұқсат қағаз (лицензия) ие екендігін білдіреді. Заңға сәйкес заңды тұлға банк мекемесі деген мәртебе “ Әділет” министрлігінде тіркелген соң берілді.
Банк ашуға ниет білдірген заңды немесе жеке тұлға алғашқы қаржы- жарғылық қор жинақтауы тиіс. Бұл қордың ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк белгілейді және бұл қор толықтай 1 жыл мерзім ішінде төленуі тиіс. Қорға заңды тұлғалар қаржыны акция шығару есебінен еркін, жарна есебінен құя алады. Ал жеке меншік банктерде үлес қосушылар есебінен жинақталады.
Ұлттық банк белгілеуі бойынша олар төмендегі құжаттарды, банктік бақылау және қадағалау департаментіне ұсынады.
1. Өтініш
2. Техника экономикалық негіздер (бизнес план)
3. Іскерлік жоспарымен 3 жыл мерзімде белгіленген есеп айыру балансы
4. Банк бастығы туралы анкета. (банктік тәжірибе, жоғары экономикалық білім, алынбаған қылмыстық жауаптылықтың болмауы, бұрын күйзеліске ұшыраған мекеме басшысы болмауы талап етіледі) .
5. Банк жарғысы (ашылатын банкті атау, мекен-жайы, жүргізілетін операция түрлері, ашатын қорлары мен жарғылық қор көлемі тағы сол сияқты)
6. Құрылтайшының төлем қабілеті туралы аудиторлық қортынды және жарғылық қордың енгізілгендігі туралы құжат.
Лицензия түрлері:
Жаңа банк ашуға; Бөлімшелер ашуға; Валюталық операциялар жүргізуге; Халық қаржыларын таратуға; Коммерциялық банктің функциялары:
1. аманаттар қабылдау; 2. несиелендіру жүргізу;
3. шаруашылық мекемемен есеп айырысу; 4. айналымға бағалы қағаз тағы сол сияқты құндылықтар шығару;
5. кеңес беру және әртүрлі ақпараттар ұсыну;
Принциптері:
1. Өзіндік қаржылар есебінен қызмет ету рентабентілікті қамтамасыз ету.
2. Еркін түрде қаржы тарту орналастыру экономикалық еркіндікте болу.
3. Нарық жағдайына байланысты клиенттермен сенімділік қатынаста болу.
4. Қызмет бағытын, экономикалық орнын еркін таңдау.
1. 2 Коммерциялық банктің активтерінің сапасын бағалау және жіктеу
Банктің активтерінің сапасы олардың өтімділік, тәуекелділік, және табыстылық деңгейімен бағаланады. Талдаудың классикалық схемасы төмендегідей.
Алдымен активтерді үш топқа бөледі:
Өтімді активтер. Оларға: кассадағы қолма-қол ақша, Орталық Банктегі және корреспондент-банктердегі шоттардағы қаражаттар, мемлекеттік бағалы қағаздар, егер олардың дамыған екінші нарығы және ломбартық несие бар болса, Орталық банкте қайта есептеуге алынатын есепке алынған вексельдер. Өтімді активтердің мөлшері салымшылардың орналастырған ресурстарын қайтаруға қатысты олардың талаптарын қанағаттандыру үшін, банктің қаражаттарды айналымнан алу мүмкіндігін сипаттайды. Әдетте өтімділігі тез активтер тәуекелі жоқ деп есептеледі және сәйкесінше, табыстығы аз болып есептеледі. Жұмыс істеп тұрған активтер. Олар клиенттерге берілген қарыздар, банкаралық несиелер, сатылуға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар және тағы басқалар. Бұлар табыс әкелетін активтер, бірақ белгілі-бір дәрәжеде тәуекелі бар және өтімділігі төмен болып табылады. Бұл кезде мына жағдайды ескеру қажет: әдетте мұндай активтердің табыстылығы жоғары болғанымен олардың шамадан тыс көбеюі банктің өтімділігі және қаржылық тұрақтылығына теріс әсер етеді.
- Өтімсіз активтер. Оларға қозғалмайтын мүлікке, банктің ғимаратына және құрылғыларына, басқа мекемелердің, фирмалардың және компаниялардың капиталына, егер олар сатуға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар формасында болса, инвестициялар жатады.
Мұндай жұмсалымдар банктің өз қаражаттары есебінен жұмсалыуы қажет. Өйткені табиғаты бойынша мұндай жұмсалымдар ұзақ мерзімдік сипатта болады да тартылған ресурстардың қысқа мерзімдік сипатына сай келмейді.
Келесі сатыда активтердің белгілі-бір уақыт кезеңіндегі динамикасына талдау жасалады. Осы сатының ең негізгісі - жұмыс істеп тұрған активтердің тәуекелдігін талдау және бағалау болып табылады. Мұндай талдау құрылған резервтердің жеткіліктігілігін анықтау үшін және активтік операцияларды басқару тиімділігін бағалау үшін қажет. Осыған байланысты, тек жұмыс істеп тұрған активтерді олардың тәуекелдігі тұрғысынан жіктейді.
Мұндай жіктеудің көптеген түрлері бар. Анағұрлым белгілісі - бұл 1985 жылы АҚШ Федералдық Резервтік Жүйесінің Кеңесі ұсынған жіктеу. Осыған сәйкес активтер былай бөлінеді, - «жақсы активтер, яғни өзіне міндеттеме қабылдаған қарыз алушының ағымдық таза құнымен және төлем қабілеттігімен қамтамасыз етілген, сонымен қатар, активтің өзінің құнымен қамтамасыз етілген активтер:
Ерекше есептелген активтер. Бұл категориядағы активтер тап осы кезде қауіптілік туғызбайды, бірақ жалпы алғанда әлсіз және болашақта банктің жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бұл активтерге жоғары тәуекелділік тән, бірақ оларды қауіп тудыратын активтерге жатқызатындай шамада емес. Бұл категорияға әдетте адекватты қадағалау қамтамасыз етілмеген, олар бойынша «зияндық келісім жасалған және адекватты қамтамасыз етілуі жоқ, барлық қажетті құжаттар алынбаған немесе несиелермен жұмыс істеудің қалыптасқан тәжірибесінен қандай да бір ауытқушылықтар бар. Мұнан басқа, қарыз алушыға әсер етуі мүмкін экономиканың және нарықтың жағдайы кейде бұл орналастыруларды ерекше есепке алуды талап етеді.
- Қауіп тудыратын активтер. Мұндай активтерде қарыздың қайтпай қалу ықтималдылығының айқындығы байқалады. Егер банк активтердің бұл кемшіліктерін жоя алмаса, бұл жағдайда банктің белгілі бір зияндар шегуінің ықтималдылық дәрежесі өте үлкен болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz