Қазақ авторлары шығармаларын аударудың стилистикалық мәселелері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І. ҚАЗАҚ АВТОРЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ АУДАРМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 «Автор», «шығарма», «аударма» ұғымдарына жалпы түсінік 6
1.2 Көркем әдебиет саласындағы аударма мәселесі 9
ІІ ЖАМБЫЛ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АУДАРМАСЫ
2.1 Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы 16
2.2 Қазақ жазушыларының шығармаларын аудару мәселесі 25
2.3 Жамбыл шығармаларының аудармасы 32
ІІІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АУДАРМАСЫ
3.1 Абай және қазақ әдебиетінің аудармасы 36
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 45

0.1 Автор, шығарма, аударма ұғымдарына жалпы түсінік 6
0.2 Көркем әдебиет саласындағы аударма мәселесі 9

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Аударма ұғымы - кең ұғым.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты. Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау - ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз.
Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.
Жұмыстың дереккөздері. Қазақ әдебиеттануы мен тіл ғылымында аударматанудың алар орны онша қомақты емес. Бұл төл топырағымызда тәржімеге қатысты зерттеулердің кенжелеп қалуынан орын алып отырған олқылық деуге де болмайды. Жалпы, аударматану әлемде ғылыми пән ретінде жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана орнықты. Оның үстіне кешегі кеңестік кезеңде кез келген мәселенің негізгі, түйінді теориялық проблемаларымен түбірлеп айналысу Орталықтың еншісіне қалдырылатын да, ұлт республикаларындағы әдебиеттану ғылымының әлеуеті көбіне-көп ұлттық сөз өнерінің төл туындыларын талдаумен тежелетін. Аударманың халықтар достығының дәнекері ретіндегі қызметі алдыңғы қатарға шығарылып қарастырылғандықтан, тәржіме туындылары бәрінен бұрын әдеби байланыстар тұрғысынан сөз етіліп, аударма категориялары, нормалары, типологиясы, эволюциясы, өлең жүйесіне, өлшеміне әкелетін өзгерістері сияқты көптеген мәселелер екінші қатарға ысырылып қала беретін. Идеологиялық қағидалармен қабыспауына байланысты ол кезде діни сипаттағы нәзиралық дастандар, көптеген ғашықтық, батырлық қиссалар жарияланған жоқ, сондықтан тәржіметану тұрғысынан талданған да жоқ. Соның өзінде де негізін Мұхтар Әуезов қалап берген қазақ аударматануы қалыптасып, С.Талжанов, Ө.Айтбаев, Н.Сағындықова, Ә.Сатыбалдиев, З.Тұрарбеков, С.Нұрышев, М.Жанғалин, С.Сейітов сияқты аударма мәселелерімен тікелей айналысқан ғалымдар, қаламгерлер шықты, аударма мәселелерін қарастырған С.Талжанов пен Н.Сағындықованың, әдеби байланыстар проблемаларына арналған И.Ғабдировтің, Қ.Кереева-Қанафиеваның, Ө.Күмісбаевтың, А.Қыраубаеваның докторлық диссертациялары дайындалды, бұл тақырыпқа арнаулы зерттеулер жазбағанымен, аударма мәселелері ғалымдарымыз, әдебиетшілеріміз, ақын-жазушыларымыз Ғ.Мүсіреповтің, З.Ахметовтің, Ш.Сәтбаеваның, М.Қаратаевтың, З.Қабдоловтың, Қ.Нұрмахановтың, С.Қирабаевтың, Ш.Елеукеновтің, Р.Сыздықованың, Р.Нұрғалидың, А.Егеубаевтың, Ж.Дәдебаевтың, тағы басқалардың еңбектерінде, сын кітаптарында, мақалаларында дәйім қозғалып отырды. 2007 жылға дейін филология ғылымдарының әдебиеттану саласы бойынша аударма мәселелерін сөз еткен 2 докторлық, 28 кандидаттық диссертация қорғалғанының өзі қазақ аударматануының біраз асуларды алғанын көрсетеді. Орыс және алыс шетел ғалымдарының әдеби байланыстар мен көркем аударма проблемалары бойынша теориялық еңбектері кейінгі жиырма шақты жылдың ішінде тың ізденістермен толыға түсті. Кезінде аударма теориясының іргелі зерттеулері ретінде мойындалған бірқатар туындылармен қатар, олар да осы жұмыстың арқауы ретінде ұсталды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Аударма - лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын поэзиялық тәржіме - алдымен әдебиеттану нысаны. Ең бастысы - бұған дейін қазақ көркем аудармасының (рас, көбіне проза аудармасы сөз етіледі) жекелеген кезеңдері, жекелеген авторлар аудармасы, аудармашылар шығармашылығы, сондай-ақ әдеби байланыстар жайында зерттеулер, кандидаттық диссертациялар, хрестоматиялар, аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері қазақ поэзиясының орыс тіліне аударылу проблемалары туралы докторлық диссертациялар дайындалғанымен, қазақ поэзия аудармасының теориялық мәселелері, бүкіл бел-белестері, поэтикасы арнаулы, көлемді зерттеудің арқауына айналған емес.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
- тәржіменің теориялық ой-қисындарын жинақтай көрсету;
- өлең тәржімесінің өзіндік ерекшеліктерін таныту;
- қазақ поэзия аудармасының даму кезеңдерін белгілеу;
- поэзия аудармасының эволюциялық жолын зерттеу;
- аударманың тілді байыту тәсілдерін талдау;
- аударманың төл әдебиетке ықпалын анықтау;
- аударманың әдіс-тәсілдерін сипаттау;
- тәржіме тағылымдарын қорытындылау.
Еңбектің нысаны. Диссертациялық жұмыста қазақ өлең аудармасының қалыптасу, даму белестері мүмкін болғанынша түгел қамтылады. Поэтикалық тәржіменің жалпы тарихына қысқаша шолу жасау, аудармаға әр замандағы көзқарастарды саралап айту арқылы өлең аудармасының барлық тілдерге ортақ заңдылықтары ашылып, өзіндік қасиеттері, мүмкіндіктері көрсетіледі. Зерттеудің басты нысаны - ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдағы поэзия аудармасы. Сонымен бірге, қазақ тіліне арғы-бергіде аударылған өзге туындылар да қарастырылды.
Жұмыстың пәні. Бұрынғы ғасырлардағы арқауы өзге тілдердегі, ең алдымен түркі, араб, парсы тілдеріндегі шығармалардан алынып, негізінен нәзира түрінде қазақшаға түсірілген қисса, дастандарды айтпағанда, жаңа жазба әдебиет берік орныққалы бергі соңғы бір жарым ғасыр аясында қазақтың поэзия аудармасы мол қазына жинады. Әлем әдебиетіндегі атақты ақындардың әйгілі шығармалары туған тілімізге тәржімеленіп, сөз өнеріміздің қоржынына қосылды. Соңғы бір ғасырға жуық уақыт аясында бұл жұмыс мемлекеттік деңгейде атқарылып, жүйелі, мақсатты сипат алды. Өлең аудармасына қазақ жырындағы таланттардың бәрі дерлік тартылып, аударма арқылы ұлттық поэзиямыздың көркемдік құралдары анағұрлым молыға түсті. Тарих табыстырған, тағдыр тоғыстырған орыс халқының төл поэзиясынан аударма жасау кең құлаш жайды. Орыс тілі арқылы сол тілге аударылған әлем поэзиясының, күні кешеге дейін бір елдің құрамында өмір сүрген, қазір де алуан-алуан ықпалдастық жіптерімен жалғасып жатқан мемлекеттердің өлең-жырларының таңдаулылары тәржімеленді. Тәржіменің түр-түрі шығып, туыстас түркі тілдерінен ғана емес, өзге топтардағы тілдерден де тікелей аудару тәжірибеге ене бастады. Бұл қазынаны мыңжылдықтар межесінде, ғасырлар айырығында талдап, таразылаудың әбден жөні бар.
Курстық жұмыстың маңызы. Еңбекте нақты аударматану мен аударма теориясы біртұтастықта - аударма туралы ғылым ретінде қарастырылған. Диссертация кейінгі жылдарда ТМД елдерінде тәржіметануға тың тұрғыдан қараған теориялық еңбектерді, сондай-ақ орыс тіліне ағылшын, француз, неміс тілдерінен аударылған осы тақырыптағы зерттеулерді алғаш рет қазақ әдебиеттануының ғылыми айналымына түсіріп отыр. Зерттеуде жалпы лингвистикалық аударма теориясы мен аударманың арнаулы теориясының бірін бірі қалай жалғастырып, қалай толықтыратыны көрсетілген. Еңбек аударма өнерін негізінен әдебиеттану еншісі ретінде тани отырып, оның тілтанудың фонетика, грамматика, лексикология, стилистика сияқты арналарымен тікелей байланысты екенін дәлелдейді.

0.1 Автор, шығарма, аударма ұғымдарына жалпы түсінік
Автор (гр. au(c)tor) -- көркем шығарманы, публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, жасаған кісі. Автор құқы халықар. және мемлекетішілік заңдар арқылы қорғалады. Авторы көрсетілген шығарма жарық көрсе немесе ашылған жаңалығына Автордың патенті болса, авторлық құқы заң жүзінде қорғаулы деп есептелінеді. Қазақстанда авторлық және аралас құқықтарды қорғайтын арнаулы мекеме бар.[[1]]
Автор (лат. auctor - жаратушы, негізін қалаушы) - өнертануда, философияда эстетикалық, сондай-ақ, мәдени-әлеуметтік категория ретінде қарастырылатын ұғым. қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор - өнер туындысын жасаушы, қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға. Автор категориясы шығармашылық қабілет, шығармашылық даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық принцип, өмір тәжірибесі секілді ұғымдар ауқымында талқыланады.
Көркемдік жүйе түзуші бірегей қабілет, ерік иесі автор шығармашылық процеске қатыстылығы байырғы мифтерден, фольклор туындыларынан да бажалайнады. Алайда ежелгі мәдениеттер кеңістігінде автор тұлғасының дара шығармашылық сипатынан гөрі, медиаторлық белгісі басым еді. Гегельдің айтуынша, мифология - өнердің, қайнар көзі, бірден-бір қойнауы болған көне дәуірде автор үшін дара өмірлік материалды, оны көркемдік тұрғыда қайта қорытудың дара тәсіл, құралдарын іздеудің, мүмкіндігін де, қажеттілігі де болмаған. Яғни, автор тіршілікті, әлем сырын мифтік канондар бойынша жырлайтын абыз-медиум, дәнекерші-түсіндірмеші рөлін орындаған.
Автоp - белгiлi бip шығаpманы, еңбектi, жобаны жазған адам. Pоманның авторыы, жобаның авторы, мақала авторы.
Иелес автор -- басқа адаммен (адамдармен) немесе (ұйыммен) ұйымдармен бірігіп шығарма тудырған адам немесе ұйым.
Шығарма. 1. Белгілі бір автордың жазған әдеби, ғылыми, т.б. туындысы. 2. Әдебиет сабағында оқушылардың белгілі бір тақырыпқа жазатын шығармасы.
Шығарма - материалды тасушысы тіл болып енетін, өнердің түрі.
Шығарма, туынды. Белгілі бір автордың ойдан шығарып жазған еңбегі. Біздің жазушыларымыздың көптеген шығармалары дүние жүзіндегі ондаған шетел тілдеріне аударылды.
Шығармашылық - ақыл-ой арқылы мәдени, материалдық игілік жасауға бағытталған адамның қызметі.
Туынды - ақын, жазушылардың жарық көрген шығармашылық еңбегі.
Аударма -- бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Көркем аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі кажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп- нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады. Абай неміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды, Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің, Шәкерім Құдайбердіұлы Л.Толстойдың ("Асархадон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрагұл Абайұлы М.Горькийдің ("Челкаш"), АС. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б.Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып, А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н.Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) аталатын монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді.
Аударма теориясының обьектісі мен міндеті. Аударма теориясының обьектісі - аударма, ал міндеті - аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру.[[3]] Ал,аудармашылар болса, осы теория негізінде,практика барысында кездесетін әр түрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет.Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады.Түп-төркіні аударма практикасынан келіп шыққан аударма теориясы процесіне жетекшілік ету барысында тағы да үздіксіз жетіліп,толықтанып,дамып отырады.Бүгінге дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектемелігі бар деуіміз де сондықтан, Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады. Екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де, аударма теориясының міндеттерін мынадай түіндерге жинақтап көрсетуге болады: 1) Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика, логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты қарастыру; 2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргіщзіп, дұрыс қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастыруды негіз езу; 3) теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма нұсқасында әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату.
0.2 Көркем әдебиет саласындағы аударма мәселесі
Ұлттық әдебиет өз өмірімен тіршілік етеді. Әрине, ол сол халықтың күллі тарихымен, оның барлық даму жағдайларымен шартты түрде байланысты және басқа халықтар әдебиетімен қарым - қатынаста болды. Осы қарым - қатынас ішінде аударманың орны ерекше. Сонымен қатар, аударма - ақынның дүниетанымдық қорын байытудың баға жетпес көзі ретінде белсенді қызмет атқарады.
Аударма жалпы адамзат атаулының танымдық рухани алмасуы нәтижесінде мәдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдікке қол жеткізуіне, санасының өсуіне, дүниетанымының кеңеюіне апаратын жол сияқты.
Ақыл - ауыс, ырыс - жұғыс деп білетін халық өзінің елдік болмысын танып біле бастаған кезеңінен - ақ өзге елде, көрші жұртта не болып жатыр дегенге жіті құлақ түреді. Сондағы ең алдымен көңіл бөлетін - жан дүниені байытар рухани қазына үлгілері. Ендеше, рухани ауыс - түйіс, мәдени жалғастық ежелден - ақ ел назарында болып келген. Кедергі - тіл өзгешелігі болса, халық оның да жолын тапқан: тіл үйрену арқылы бір халықтың қазынасын екінші тілге аудару дәстүрі батыс, шығыс елдерінің қай-қайсысының да тарихында болған. Әлем халықтарының әдебиетінің бір-бірімен байланысуында, ғылым мен әдебиет салаларында халықаралық ынтымақтастықтың дамуында аудармалардың маңызы зор.
Аударма ұғымының қолданылу аясы өте кең. Бір тілден екінші тілге поэзиялық және прозалық шығармалар, публицистикалық мақалалар, ғылыми әдебиеттер, ресми іс қағаздар, саяси және қоғам қайраткерлерінің, шешендердің сөйлеген сөздері, кинофильмдер аударылады; әр түрлі тілде сөйлейтін адамдар тіл табысу үшін аудармашылардың көмегін қажет етеді.
Бірақ, біз осылардың ішінен көркем әдебиет саласындағы аудармаларды сөз еткелі отырмыз.
Аударма сөзі жалпыға түсінікті, әрі көпшілікке белгілі болып табылады. Осыған қарамастан, бұл адам әрекетінің арнайы бір түрі және жемісі болғандықтан, ол ғылыми-терминологиялық анықтауды қажет етеді. Аудармашылардың өздері де көркем аударма ұғымына нақты анықтама беруге қиналады. Кейбір әдебиетшілер аударма-түпнұсқаға негізделіп, түпнұсқаның басқа тілдегі көшірмесі болу керек деген пікір айтады. Басқаша айтқанда, аударма түпнұсқаға толық сәйкес болу керек. Бұл арада сәйкестік деген ұғымға тоқталу керек деп ойлаймыз. Егер бір шығарма екі түрлі тілде, екі түрлі мәдени-тарихи жағдайда өмір сүрсе, онда сәйкестік тек шартты түрде ғана болмақ. Осындай тұжырымды белгілі армян сыншысы Левон Мкртчян айтқан: Если одно и тоже произведение существует на двух разных языках, в контексте разных культур, то о полном соответствии можно говорит лишь в определенном смысле. Даже наиточнейший перевод не может во всем совпадать с оригиналом, быть абсолютно точным. Перевод и не должен полностью повторять оригинал - искусству противопоказаны повторения.
Аударма дегеніміз - бір тілде ауызша айтылған ой - пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе көркем аударма дегеніміз - бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын - лингвистикалық ерекшелік емес, ал түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен. Аударма - жалпы әдеби үрдістің кең арналы саласы. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері де сусындай алады.
Толық мағынадағы аударма қалай да түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Әрине, шығарманың мәтінін бастан - аяқ тәржімалау мүмкін емес. Әсіресе, поэзиялық шығармалардың аудармаларында кейбір еркіндіктер болмай қоймайды. Оның себебі де бар - әр тілде қалыптасқан сөз қолдану тәсілдері ерекше болып келеді. Сондықтан, бейнелі сөздерді көшіріп, сол түпнұсқадағы қалпын сақтап жеткізу мүмкін емес. Басқа тілде айтылған ойдың жалпы мағынасын жеткізуден гөрі, сол әдебиетке тән көркемдік ойлау, бейнелеп сөйлеу, сөз қолдану өзгешеліктерін дәл келтіру әлдеқайда қиын. Ал, онсыз көркемдік ой - сезімнің әсерлілігі де толымды болмайды.
Көркем аударма процесінің нәтижесінде түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы бірлік пен тұтастықтың сақталуының маңызы жоғары. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы байланыс, келісім мен жарасым аудармада сақталмаған жағдайда әдеби шығарманың көркемдік табиғаты, автордың шығармашылақ даралығы мүлде бұрмаланып, түпнұсқа бір басқа, аударма бір басқа - екеуі екі бөлек туынды болып шығады. Мұндай жағдайда аудармадан түпнұсқаның мазмұны да, көркемдік - бейнелеу ерекшеліктерін де табу қиынға түседі. Ал, көркем аудармада түпнұсқаның мазмұны мен пішінін дәл жеткізу немесе біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі ең бір қиын, күрделі әрі аудармашы шығармашылығының мағынасы мен мәнін анықтайтын айрықша маңызды көрсеткіш болып табылады. Бір ұлттық тілде жазылған көркем шығарманы екінші бір ұлттық тілдің көркемдік бейнелеу құралдары арқылы қайта жасау, аудару оңай емес. Ал, түпнұсқа белгілі бір ұлттың ұлы ақынының шығармасы болса, оның ұлттық сипаты барынша анық, беделді болса, онда оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар, үлкен талантты талап етеді. Аудармашы таланты - айрықша талант. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болумен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт. Сонда ғана ол аудармашы ретінде түпнұсқаның мазмұны мен пішінін толық игеріп, өз аудармасында олардың арасындағы байланысты, келісім мен жарасымды, тұтастықты сақтауға мүмкіндік табады.
Көркемдік қабылдауды психологиялық тұрғыдан зерттеудің талабына сай келетін - көркем мәтінді сатылап талдау (послойный анализ текста) әдісі болып табылады. Неміс философы Н. Гартман көркем шығарманы сатылап талдай отыра, онда тілдік құрылым қабатын, кейіпкердің іс - әрекеті қабатын, характерлер қабатын және идеялық мазмұн қабатын көрсетеді. Поляк эстетигі Р. Ингарден де поэтикалық шығарманы сөздің дыбысталу қабатынан, сөздердің көптекістегі беретін мағынасы қабатынан, заттық қабаттан (шығармадығы көрсетілген заттық болмыс), көріністер қабатынан (слой видов), көркем мәтіндегі астарлы ой және сезімдік - элюционалдық көріністер қабатынан тұратынын көрсеткен.
Сатылап талдау кезінде көркем шығарма көп сатылы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады. Негізгі тұжырымдарды жалпылай келіп, көркем мәтіннің мынадай қабаттарын көрсетуге болады:
1) Табиғи тіл қабаты;
2) Суреттелетін фактілер қабаты;
3) Идеялық - мазмұндық қабат.
Соңғы қабаттың ішіне автордың тарихи, дүниетанымдық, адамгершілік позициясы және қоршаған ортаны түсіну, сезіну ерекшелігі кіреді.
Тәжірибесі аз немесе эстетикалық жағынан қалыптаспаған оқырмандар жалпы мазмұнның кейбір ғана қабаттарын алады да басқа - жоғарғы сатылы қабаттарға үңілмейді. Мұндай оқырмандардың қиялы мен елестету қабілеті жақсы дамыған болса, олар шығармадағы фактілер қабатын (кейіпкерлердің іс - әрекеттері, оларды байланыстырушы өмірлік қарым қатынастар мен сезімдер, т.с.с.) өте жақсы құрай алады.
Осындай оқырман кейіпкердің белгілі бір іс - әрекеттерінің психологиялық маңызын түсініп аша алады, яғни, олар кейіпкердің іс - әрекетінің мәнін қабылдай алады, демек, типтік жинақтауды түсіне алады. Дегенмен, олардың қабылдау дәрежесі тек фактілер қабылдап, идеялық мазмұн, автордың дүниетанымы сияқты қабаттарға жетпейді. Мұндай оқырмандарға тән ерекшелік - егер шығарманың идеясы олардың өмірлік тәжірибесі мен рухани құндылықтарына жанасымды болса, олар көркем мәтіннің жоғарғы идеялық мәнін, мазмұнын қабылдай алады да, автор позициясы оларға қияли элемент сияқтанып көрінбейді. Бұл жағдайда оқырманда шығарманы моральдық өнерге ретінде қабылдайтын рухани - психологиялық ассоциациалар пайда болды. Шығарманы осындай дәрежеде қабылдаудың себебі - жинақтауды түсінуге дәрменсіздігінен емес, ал ассоциация қорының таяздығынан болатын құбылыс. Ассоциация қорының молдығы және мазмұндылығы оқырманның өмір тәжірибесіне, жоғары мәдени дәрежесіне, гуманитарлық мәселелерге қызығушылығына және әр түрлі жазушылар шығармашылығындағы идеялық - көкемдік концепцияларынан хабардар болуына байланысты. Көркем мәтінге сай ассоциациялардың туындауы - шығарманың идеялық мазмұнын философиялық тұрғыдан ұғыну дәрежесінде қабылдаудың негізгі шарты. Бұл қор неғұрлым бай болса және көркем шығарманы интерпритациялау (айымдау) тәжірибесі мол болса, соғұрлым қабылдау философиялығы жоғары болмақ.
Көркем мәтін дегеніміз - күрделі жүйе. Идеялық мазмұн жүйенің ең жоғарғы сатысы бола тұра, ол осы жүйенің әр сатысынан көрініс табады. Дегенмен, көкем шығарманың ең жоғарғы сатысын қабылдау кейде қиынға түседі. Автордың ұстанымын қабылдау фактілері қабатын түсінуден (мысалы, кейіпкерлердің қылықтарының, іс - әрекеттерінің мәнін түсіну) кейін оңайырақ та, стилистикалық, тілдік ерекшеліктерін түсінуден кейін қабылдау қиынырақ болып табылады. Соңғы жағдайда тілдік құралдар автор дүниетанымын тек жанама түрде көрсетеді. Осыған орай, автор стилін қабылдау кейбір тілдік көркемдік ерекшеліктерін қабылдауға әкеп соғады да, оның жалпы мәнінен алыстайды. Егер зерттеуші стильді толық жүйенің тілдік қабаты ретінде қабылдап, сатылап талдауға сүйенсе, бұл мәселені психологиялық жағынан зерттеу тереңдей түспек.
Соңғы кезде көркем мәтіннің құрылымы туралы эстетикалық түсініктер семиотика саласының бірқатар ұғымдарымен толыға түсті. Көркем шығарма тілін туынды, яғни негізгі емес модельдік жүйе ретінде қарастыру - эстетикалық қабылдау психологиясы үшін өнімді тәсіл. Көркем бейне - нақтылық пен жалпылықтың бірлігі. Ол сөз болып отырған құбылыстар туралы көрнекі ұғымдардың тууына әсер етеді, әдеби шығарма кейіпкерінің нақты өмірлік жағдайға тасымалдану оқырман эмоциясын тудырады. Оны қабылдау оқырманнан эмпирикалық жалпылауды қолдануды қажет етеді, яғни оқырманда өмірлік жағдайлар және жағдайлардағы адамдардың өзін - өзі ұстау, іс - әрекеті туралы жалпы тәжірибесі болуы керек. Дегенмен, адекватты эстетикалық қабылдау үшін тек мәтіннің негізінде нақты бейнелердің тууы жеткіліксіз. Олар оқырман түсінігінде көркемдік - идеялық мазмұнның бір қыры ретінде қалыптасуы қажет. Оқырман үшін ең қиыны - осы. Егер шығармадағы суреттелетін болмысты қабылдау оқырманда кейіпкермен бірге ойланып - сезінуді, оның бейнесі мен өз ойының үндесуі сезімін тудырса, оқырман мұны шығарманың идеялық мазмұны ретінде қабылдайды. Сондай - ақ туындының көркемділігінің көрсеткіші ретінде оқырмандардың көбі жазылған дүниені түсінуді санайды. Бірақ мұндай жағдайда шығарманың идеялық мазмұны оқырман үшін белгісіз болуы мүмкін. Сондықтан, эстетикалық қабылдау үшін бейнеленген нәрсені айқын елестете алу жеткіліксіз. Осындай елестету әрқашан көркем елестету, яғни эстетикалық құндылықты көрсететін образдық жалпылау бола алмайды. Яғни, эстетикалық қабылдау үшін көркем шығармадағы құбылыстарды, болмысты елестету жеткіліксіз. Бұл - көркемдік елестету, көркемдік сезіну болуы тиіс.
Көркемдік елестету терминін алғаш рет қолданған эстетик М.С. Каган. С.Л. Раппопорт бұл терминді жан - жақты талдап, зерттеп, оның қолданылу аясын белгіледі. Ғалымның пікірінше, суреткер тағы бір елестетулер қабатын тудырады. Олар - оқырман, көрермен, тыңдаушы тарапынан тудыруға тырысатын интеллектуалдық үрдістер. Бұл оның шығармасымен танысқан адамның тұлғасына әсер ету мақсатына жету үшін арналған бағдарлама іспеттес.
Соңғы кездерде эстетикада өнерді қарым - қатынастың бір құралы ретінде қабылдау тенденциясы қалыптасқандығы туралы жоғарыда айтылып өтті. Осы көзқарасқа сүйенсек, жазушы қалыптастырған әдеби шығарманың құрылымы оқырманның шығармашылық дамуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда эстетикалық қабылдау - мәтінге тура жанасу ретінде емес, мәтіннен мағұлмат ала отырып және оқырманның әр түрлі ассоциациялары мен мәтіннің құрылымына сүйенетін шығармашылық процесс ретінде қабылданады. Бұл тұжырым оқырманның қабылдауының тарихи және жеке дара қабылдау ерекшеліктерін түсіндіреді. Көркемдік қабылдау жазушы мен оқырман шығармашылығының бірлігі ретінде материалистік түсініктеме ретінде қалыптасады. Бұл көзқарастар негізінде шығармадан және оқырманнан деген бағыттарды психологиялық жағынан зерттеулерді біріктіруге мүмкіндік туады. Оқырмандық қабылдаудың субъективтілігі жайлы тұжырымның қолданылуы Н.А. Рубакиннің идеяларын материалистік тұрғыдан дамытуға негіз бола алады.
Тарихтың тасқа таңба басқандай талассыз тағылымы мынаны үйретті: жер бетін мекендеген халықтар мен ұлттар ешқашан томаға тұйық қалпында қалмай, өзге жұрттардың мәдениеті мен өнерінен нәр алып, үлгі тұтуды мұрат еткен. Сөйтіп, олардың арасындағы рухани алмасу процесі үздіксіз жүріп, барған сайын даму, бірін-бірі байыту бағытында өрістеген. Өзіңде барды өзгеге ұсыну, өзгенің өнегесін бойға дарыту - мәдениет тарихындағы орныққан, өркен жайып, тамырын тереңге жіберген.
Адамзат қоғамы бір ұлттан ғана құралмай, жүздеген, тіпті мыңдаған ұлттардан тұратын әркімге аян. Халықтар ынтымағын нығайту жолында көркем аударма елеулі қызмет атқарды. Аударма не үшін жасалған?
Орыстың ұлы ойшыл сыншысы В.Г. Белинский 1844 жылы бір мақаласында көркем аудармаға тоқтала келіп, мынадай бір пікір түйген: ...аударма көбінесе түпнұсқаны оқырмандарға және оқуға мүмкіншілігі жоқтарға арнап жасалады, ең бастысы бір халықтың әдеби тіліндегі шығармаларды екінші халықтың тіліне аудару ісіне халықтардың өзара таныстығы, идеялардың өзіндік ауыс - түйістігі, содан келіп әдебиеттің көрнекті және ақыл - ой еңбегінің дамуы негізделеді.
Бір тілдегі көркем шығарманы екінші тілге қарай аудару қажет екендігі туралы пікірталас басталғалы талай замандар өтті. Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі. Әдеби аударма халықтардың бірін - бірі тануына, рухани жағынан жақындасып, туыстасуына айтулы көмек көрсететіні белгілі. Көркем аударма жекелеген қалам қайраткерлерінің ғана емес, бүкіл бір елдің әдебиетіне әсерін тигізеді.
Әдебиет тарихында бір жазушының шығармаларына әр кезде әр түрлі аудармашылар ілтипат білдіреді. Осының нәтижесінде бір туындының бірнеше аудармасы сақталады. Олардың ішінде сәттісі де, сәтсізі де ұшырасуы мүмкін.
Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, сәтсіздіктер де бой көрсетіп қалады. Мүлде шалағай аудармалар енгізілуімен қатар, бірсыпыра аудармаларда ақынның ойы бұрмаланғаны, сөйтіп шығарманың идеялық - көркемдік қасиетіне едәуір нұқсан келтіргені анықталып отыр. Бірқатар аудармаларды Пушкин лирикасының жеке шумақтары мүлде тәржімаланбай тасталған, ол кейбір аудармашылар түпнұсқаны түсінбей қарама-қарсы мағына беретін сөздерді қолданған. Ірілі-ұсақты мін-мүліктер Пушкин мұрасына айырықша ұқыптылықпен, мұқият қарауды талап етеді.
Сөзді фактілерге беретін болсақ: Пушкиннің Ай (Месяц) деген өлеңінің аудармасына көз жіберейік. Осындағы әбден түсінікті айтылған сөздерді Тәкен Әлімқұлов бұзып тәржімалған. Гордым разумным моим - салқын оймен, летите прочь, воспоминания! - Сәуле төгіп дірілдетіп делінген. Бұл арада тусклое эпитетінің қалып қоюы мағынаға нұқсан келтіріп тұр.
Осы өлеңнің мына бір шумағын Т. Әлімқұлов мүлде аудармай тастап кеткен:
Что вы, восторги сладострастья,
Перед тайной прелестью отрад.
Прямой любви, прямого счастья?
Примчаться ль радости назад?
Аудармашы осы өлеңдегі Зачем я с милою простился дегенді Қоштастым-ау қалқатаймен деп жасытып жіберген.
Т. Әлімқұлов аударған Махаббат бір - салқын өмір шаттығы (Любовь одно веселье жизни хладной) өлеңінде де тап басып, дәл айтылмаған жайттар баршылық. Бірінші шумақтың үшінші тармағындағы: А горестям не виден и конец - Қасіреті келмес, сірә, орнына делінген. Сол шумақтың қалған төрт тармағындағы сөздер орынсыз қоныс аударушылыққа ұшыраған және мағынасы нақ берілмегендіктен өзгеше күйге көшкен.
Орысшасы:
Стократ блажен, кто в юности прелестной
Сей быстрый миг поймает на лету;
Кто к радостям и неизвестный
Стыдливую переклонит красоту.
Қазақшасы:
Бастаңғы сыр, қуаныштың алдында
Баурай білсең, сұлу қызды ұялшақ,
Дер кезінде, жалын жастық шағында
Армансызсың алып қалсаң рахат.
Сей быстрый миг поймает на лету - қазақша аудармасы алып қалсаң деп қысқа берілген. Ұялшақ сұлулықты - сұлу қызды ұялшақ деп, қыз мағынасында алған.
Т. Әлімқұловтың аудармасында Пушкин рухына жақындайтын шумақтар аз кездеспейді. Бірақ, жоғарыдағыдай тастап кетушіліктер, түпкі мағынаға сай келмеушіліктер аударманың әрін де, нәрін де қашыратыны белгілі.
Түсінбей аударудың бір мысалын Пущинге (К Пущину) өлеңінің қазақшасынан байқай аламыз (аударған Қ. Көпішев).
Орысшасы:
С пришельцем обнимися -
Но доброго певца,
Встречать не суетися,
С парадного крыльца.
Қазақшасы:
Қарсы ал, құшақ жайдағы,
Мейірбанды ақынды.
Сый қонағың келгендей
Қастерлеме жақынды.
Орысшасы:
Прими же его любозанья
И чистые желанья
Сердечной пустоты!
Қазақшасы:
Сүйейінші, келші мен
Кіршіксіз таза жүрекпен,
Білсең соны ырзамын.
Келтірген екі мысалды да Көпішев аудармасы Пушкин нұсқасынан жырақтап кеткенін, мағына жағынан жуыспай тұрғанын дәлелдейді. Үшінші, төртінші тармақтағы Сый қонағың келгендей қастерлеме жақынды дегені теріс ұғым береді. Прими же его любзанья - Сүйейінші келші мен болып өзгерген, үшінші тармақта Көпішев өз жанынан сөз қосқан. (Білсең соны ырзамын).
Аудармада бұдан шығатын қорытынды - ұйқасқа ұқыптылық - түпнұсқаның идеялық мазмұнын, мағынасын сақтау бұл шеберліктің бір қыры.
В.Г. Белинский А.С. Пушкин шығармашылығына арналған мақаласында ақынның ойы мен сезімдер бірлігін оның пафосы деп анықтайды. Пафос - тиянақсыз идея немесе дерексіз ой емес, бұл тірі ынтызарлық деп түсіндіреді. Сондықтан, шығарманы түсіну - оның жасаушысын түсіну деген сөз, ал ақынды түсіну дегеніміз - оның пафосын саналы түрде ұғыну.
ІІ ЖАМБЫЛ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АУДАРМАСЫ
2.1 Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы
Аударма қазақ даласында атам заманнан болған. Түркінің "тілмаш" деген сөзінен (тегінде, бұлай деп тілге мәш, яғни сөзге ұста адамдарды айтқан) орыстың "толмачы" шыққан. Ұлы Жібек жолының алтын арқауы - аударма десек те артықтығы жоқ. Ал нақты көркем аудармаға көшкенде түркі халықтарына ортақ Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарында Сарай қаласынан шыққан ақын Сейф Сарайдың Сағдидің "Гүлстанын" ХІV ғасырдың аяғында аударғаны айтылады. Тұрсынбек Кәкішевтің: "Алтын Орда дәуіріне біз түгелдей ортақпыз. Ал оның негізгі әдеби тілі - қыпшақ тілі болса, онда қазақ даласы мен тілі жетекшілік сипатқа ие болғанынан қашсақ та құтыла алмаймыз" деген пікірін есте ұстау жөн. Қазақ аудармасының бастапқы кезеңдерінде аударма, нәзира, қайта баяндау, еліктеу бір бірімен араласып, қойындасып жатады. Бұларды аударманың балама түрлері, танымал шығарманы жаңа тілде жеткізудің жолдары ретінде қарастырған орынды.
Қазақ көркем аудармасының тарихын жазу үшін біз міндетті түрде әлемдік аударма тарихындағы үрдістер мен үдерістерді ой елегінен өткізуге тиіспіз. Аударма тарихы, оның бел-белестері, даму эволюциясы жөнінде сөз еткенде біз бұл бағытта терең зерттеулері бар орыс әдебиеттануын айналып өте алмаймыз. Сондықтан да еңбекте жалпы аударма тарихына қатысты мәліметтер көбірек ортаға салынып, орыс тілінде жарияланған тәржіметанушылық зерттеулерге жиі-жиі сілтеме жасалды. Бұлай еткенде оларды қазақ әдебиеттануының ғылыми айналымына түсірудің артықтық етпейтіні де есте ұсталды.
Төл әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігін ескере келіп, ауызша тарап жеткен көркем сөз мұраларымызды әдебиетіміздің тарихына жатқызамыз. Сондықтан ауызша жеткен аудармаларды аударма тарихына жатқызудың жайын ойластыру керек болады. "Әртүрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың арасындағы алғашқы байланыс ауызша болғанына күмән жоқ. Тегінде, аударма ұзақ уақыт бойы қағазға түспей келсе керек. Бізде ауызша аударма кезеңінен қалған ешқандай белгі жоқ. Алайда, тарихи мәліметтер, сондай-ақ халықтар арасындағы әрқилы байланыстардың есте жоқ ерте замандардан келе жатқанын пайымдау ауызша аударма жазу шыққанға дейін болған деп болжауға мүмкіндік береді". Біздің, ауызша әдебиетпен ауызданып өскен халықтың, бүкіл тарихы ауызша жеткен халықтың күні кешегі ауызша аудармаларын неге назардан шығаруға тиіспіз? Соның бірі - Абайдың ауызша аудармашылығы. Темірғали Нұртазиннің "Жер жүзі мәдениетін елге шашудың бір саласы ретінде Абай бұрынғы ертегі, қиссаның орнына сюжетті романдарды әңгіме етіп айтып береді, төңірегіндегі ақын-әншілер арқылы халыққа жаяды. "Шахнама", "Рүстем-Дастан", "Үш мушкетер", "Жиырма жыл өткен соң", т.б. Абай аузынан таралып, қырық елдің қиырына жайылып кеткен" деген пікірі ғылыми айналымға қайта қосатындай құнды пікір.
Әр халықтың жазба әдебиетінің қалыптасуы оның аударма әдебиетін де қатар қалыптастыра бастайды. Бұл әдебиет әуелде төлтума шығармашылықпен қойындасып, араласып кетеді, жазба мәдениеті бұрынырақ орныққан алыптардың тақырыптық сарындарына, оқиғалық желілеріне арқа сүйеп, дамиды. Әуелгі бетте төлтума мен телтуманың ара-жігі ажыратылмай жүрсе, төл әдебиет кемеліне келген сайын аударылған шығармалар отау үйдей бөліне береді де, енді оның өзінің дәстүрлері қалыптаса бастайды.
Қазақ тәржіме өнерінде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап бой көрсеткен бейімдеп аудару тәсіліне назар аударылады. Еркін аударманың алғашқы ретінде белден басып кете берудің мысалдары бізде де кездескені көрсетіледі. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер болғандықтан, оларда түпнұсқаның өлең өлшемі де, сөз саптауы да, тіпті көлемі де өзгеріп кетіп отырады, бірақ, аудармашы шығарманың айтар ойын дәл ұстайды, сөз түйінін де дәл табады. Жалпы, еркін аударманың ерекшелігі де алдымен авторды өз қалпынша қайта сөйлетуге емес, оның айтар ойын жеткізуге күш салатындығында. Дегенмен, әр нәрсенің өз жөні бар. Шығармашылықта еркіндіксіз болмайды. Аудармашының еркінсіп кетуі - ерсілік. Бәрі өлшеміне байланысты. Еркін аударманың хрестоматиялық мысалы, классикалық үлгісі - Лермонтовтың Гетеден аударған "Тау шыңдары". Гетедей алыптан алшақтаған, өз бетінше кеткен деп осынысы үшін Лермонтовты айыптау ешкімнің ойына келмейді. Еркін аударманың ерен түрін Абайдан да табамыз. Абайдың "Евгений Онегиніндегі" талай тұс сондай. Абай еркіндігі оған Пушкин романын арқау ете отырып төлтума дейтіндей туынды шығаруға мүмкіндік берді.
Қазақ әдеби аудармасында әлемдік тәржіме өнеріндегі әдіс-тәсілдердің барлығы дерлік кездесетіні назар аударарлық. Солардың арасында бұрыннан бары - бейімдей аудару (адаптация). Оның мәнісін Мұхаметжан Сералиннің "Айқапта" басылған "Рүстем-Зорапқа" түсініктемесінен тәп-тәуір тануға болады: "Қадірменді оқушыларымыздың алдына салып отырған мына "Рүстем-Зорап" қиссасы фарсы тілінде жазылған атақты "Шахнама" деген кітаптың бір саласы. Рюккерт деген немістің бір шайыры "Рүстем-Зорап" қиссасын "Шахнама" деп алып, бір жағы тәжірибе, бір жағы ұйқастыру секілді қылып немісше жазған... Соны орыс шайыры Жуковский 1846-1847 жылдары өлең қылып, арттырып, кемітіп, қалыбына лайықты етіп істеп шығарған. Мен оны шамамның келгенінше қазақ тіліне Жуковскийдің шығарған қалыбынан дым алыстатпай аударуға тырыстым".
Еліктеуді толыққанды, дербес әдеби жанр ретінде тану керек, жекелеген шумақтарда кездесетін сіңіру мен тікелей реминисцен - цияның аударма ретінде қаралуы жөнсіз. Мағжан Жұмабаевтың Феттен жасаған аудармасы ретінде қаралып жүрген ("Жүрек мас") өлеңі шындығында орыс ақынының әсерімен, еліктеу түрінде жазылған төл туынды.
Бұл курстық жұмыста сөзбе-сөз аударманың қазақ өлең тәржімесіне жасаған теріс ықпалы нақты мысалдармен дәлелденеді. Сонымен бірге сөзбе-сөзшілдікті, әріпшілдікті жерден алып, жерге сала берудің де жөні жоқ. Әріпшілдік - ғылыми ұғым. Оның да өзінің жөн-жобасы, жолы-жосығы бар. Егер аударма тарихында әріпшілдік әдісі болмағанда аудармадағы дәлдік те дәл қазіргі деңгейінде болмас еді. Аударма әдебиетінің құрылымындағы заңды элемент ретінде әріпшілдік өз қызметін атқарды. Негізінде, әріпшіл аударманың тәржіменің басқа түрлеріне дес бермей кететін тұстары көп-ақ. Мысалы, саяси құжаттар, әсіресе дипломатия саласының аударма ісінде әріпшілдіктен артық, әріпшілдіктен сенімді ештеңе жоқ. Ал поэзияға келгенде де әріпшілдік әдіспен жасалған аудармалардың өзіндік орны ерекше болатын жайлары кездеседі. Саймасай (эквивалентті) аудармаға тиісінше көңіл бөлінген. Саймасай аудармада мәтіннің негізгі күш түсетін тұстарын (доминанттарын) сақтау мақсатында саналы түрде жоғалтуға көнуге тура келеді. "Эквивалентті" сөзінің әу бастағы латындық этимонын еске түсіріп қойған да артық емес: "эквивалентті" - "күші тең" деген сөз. Яғни, аудармашы шығарманың оқырманға әсер күшін тең сақтауға ұмтылуы керек. Саймасай аударманың барабар (адекватты) аудармадан негізгі айырмашылығы да түпкі нәтижеге бағдар ұстайтындығында. "Барабарлықпен салыстырғанда саймасайлық түпкі нәтижеге көбірек бейім тұрады" - Л.Нелюбиннің "Тәржіметану түсіндірме сөздігінде" осылай делінген. Саймасай аударманың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz