Қаржылық есеп


Тақырып 1. 1. Кәсіпорынның және бухгалтерияның құрылымымен, бухгалтерлердің міндеттерімен танысу

БУХГАЛТЕРИЯ

Мекен-жайы: Астана қаласы, Ақжол көшесі, 24 (№1 кеңсе) 18, 19, 20 кабинеттер
Тел. : 8 (7172) 700-491, 7 7172 546 130

Бас бухгалтер - Каиржанова Сауле Алимгужевна

Бухгалтерия Концерннің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ол тікелей басқарма төрағасына және қаржы директорына бағынады. Бухгалтерия өз қызметінде Бухгалтерия туралы ережені басшылыққа алады.

Нормативтік құжаттар:

- Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы» Заңы және ҚР Үкіметінің басқа да шешімдері, қаулылары мен өкімдері.
- ҚР Салық Кодексі және ҚР Үкіметінің басқа да шешімдері, қаулылары мен өкімдері.
- ҚР Еңбек Кодексі және ҚР Үкіметінің басқа да шешімдері, қаулылары мен өкімдері.
- ҚР «Білім беру туралы» Заңы.
- Университет Жарғысы.

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:

- Шығындар мен айналым есебін жүргізу, шығындар сметасының орындалуына, қызмет көрсету есебін жүргізу, өнім, жұмыстар мен қызмет көрсету өзіндік құнының экономикалық жағынан дәлелді есеп беру калькуляцияларын жасау; белгіленген ережелерге сәйкес университеттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне нақты есеп жүргізу.
- Мемлекеттік бюджетке төлемдерді дұрыс есептеу және уақытында аудару.
- Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік жазбалар негізінде дұрыс бухгалтерлік есептерді жасау, белгіленген мерзімде тиісті органдарға оларды тапсыру.
- Бухгалтерлік құжаттарды сақтау, оларды белгілінген тәртіпте рәсімдеу және мұрағатқа тапсыру.
- Ұйым қызметкерлері шаруашылық операцияларды жүзеге асырған кезде мүлік пен міндеттемелердің мақсатқа сәйкестілігі, қолда бары және қозғалысы туралы, белгіленген ереже, норматив және сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын қолдану туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
- Ұйымның шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерін болдырмау және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау.
- Бухгалтерлік ақпаратқа есеп жүргізу әдістерін, сондай-ақ есеп беру ақпараттарын өңдеу технологиясын анықтау.
- Белгіленген тәртіпте ұйымның есеп саясатын қалыптастыру.

Бөлімнің қызметтері:

- Жаппай, үздіксіз, деректі және өзара байланысты бейнелеу арқылы ақшалай түрде табиғи өлшемдер негізінде мүлік, міндеттемелер және шаруашылық операциялар есебін ұйымдастыру.
- Жарғы капиталы, бөлінген мүлік бойынша есеп-айырысу есебін ұйымдастыру.
- Ұзақ мерзімді инвестициялар мен оларды қаржыландыру көздерінің есебін жүргізу.
- Негізгі қорлар, негізгі құрал-жабдықтар мен мүлік, бейматериалдық активтер амортизациясы есебін ұйымдастыру.
- Материалдардың түсуі мен шығуына жинақтама және талдама есеп жүргізуді ұйымдастыру.
- Қызметкерлермен, зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша, жалақыдан шегеру бойынша есеп-айырысу есебін ұйымдастыру.

Бөлімді басқару және оның құрылымы:

Бас бухгалтер қызметіне ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің келісімі бойынша университет ректорымен тағайындалады. Бухгалтерия бөлімі бас бухгалтерге бағынады.

Бөлімнің құқығы:
Бөлімнің қызметкерлері:

- Барлық ұйым қызметкерлерінен ұйымда бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету үшін бастапқы құжаттардың уақытында тапсырылуын талап етуге.
- Ақшалай қаражаттарды, тауарлық-материалдық қорлар және басқа да құндылықтарды кабылдау, кіріске алу, сақтау және шығындау тәртібін қадағалауға.
- Ұйымның әр қызметкерінен бухгалтерлік есептің тиісті жүргізілуін қамтамасыз ететін ішкі құжаттардың дұрыс жүргізілуін талап етуге.
- Бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін, құпиялы ақпаратты, қызметкерлерді қорғау және ұйымның мүлігін сақтау бойынша жүйені жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге.
- Бөлім қызметкерлерінің құзыретіне тиісті сұрақтар бойынша ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне түсініктеме және ұсыныстар беруге.
- Дұрыс бухгалтерлік есеп жүргізу үшін және бөлімге жүктелген міндеттерді атқару үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрауға және алуға.
- Ұйым қызметкерлерінен қаржылық құжаттарды дайындау тәртібінде анықталған қателіктерді жоюды талап етуге.
- Заттай және ақшалай мөлшерде шаруашылық операциялар туралы мәліметтері бар толық ресімделмеген немесе дұрыс ресімделмеген құжаттарды ұйым қызметкерлерінен алмауға құқылы.
- Бухгалтериядан өз құзыретіне қатысты ақпаратты талап ету қажет, өйткені ҚР «Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есеп беру туралы» Заңының 12 бабына сәйкес бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімінің мазмұны коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратқа жатады, оларға тек қана басшылықтың рұқсаты бар адамдар қол жеткізе алады.

Жалпы кәсіпорында бухгалтерлік есептің негізгі 3 міндеті белгілі:

  1. Бухгалтерлік есеп шаруашылық процестер мен қаржылық нәтижелер туралы толық әрі сенімді ақпарат тұжырымдау үшін қажет, ал ол өз кезегінде операторлық басқару үшін керек. Сондай-ақ бұл ақпараттарды ішкі және сыртқы ақпараттық пайдаланушылар (кәсіпорынның ішкі қызметкерлері, менеджерлер, сонымен қатар сыртқы серіктестіктер, несие берушілер, инвесторлар, салық, қаржы органдары, өзге де мүдделі тұлғалар) пайдалана алады.
  2. Ақпаратты мүлікке және оның қозғалысына бақылау жасау үшін, тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ), еңбек және қаржы ресурстарын бекітілген норма мен сметаға сәйкес мақсаткерлікпен пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет.
  3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі теріс құбылыстардың дер кезінде алдын алуға, ішкі мүмкіндіктерді іздестіруге әрі топтастыруға қажет.

Ал кәсіпорынның бухгалтериядағы мамандар мен бас бухгалтердің міндеттері келесідей:

  • Бухгалтерлік есептегі мүліктік, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың есебін жүргізуді орындау. Мысалы, компьютерлік техникаға байланысты негізгі құралдар есебі, тауарлы-материалдық қорлардың есебі, өнім өндіруге кеткен шығындар есебі, сонымен қатар жеткізушілер мен сатып алушылармен есеп айырысу, қызмет көрсетумен байланысты есеп айырысу және т. б операцияларды орындау.
  • Қызмет көрсету бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау бақылау жасау және оларды есептілік айналымға дайындау.
  • Кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, заңға сәйкес жұмысшылардың еңбекақысынан аударымдарды аудару.
  • Кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және басқа да бухгалтерлік есептілікті пайдаланушыларды есептің сәйкес бағыттары (аймақтары) бойынша нақты әрі сенімді бухгалтерлік ақпараттармен қамтамасыз ету. Мұндай есептің сәйкес бағыттарына - материалдық есептілік, тауар қалдықтары, график, ай соңына және келесі айға кредиттік және шаруашылық келісімдердің есебі және т. б жатады.
  • Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылау, оларды белгіленген ретпен топтастырып архивке жіберу.
  • Ақша қаражаттарына және тауарлы-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысу.
  • Бухгалтерия бөлімінде бухгалтерлер белгілі бір бухгалтер болмаған жағдайда сол бухгалтердің атқаратын жұмысын жасауы тиіс. Сондықтан бухгалтерия бөлімі тұтас топ болып табылады.

Бас бухгалтерден өзге, есептеу бөлімінде 12 бухгалтер бар: бас бухгалтердің орынбасары, еңбекақы бойынша бухгалтер, сатып алушылармен жұмыс істейтін бухгалтер, негізгі құралдар бойынша бухгалтер, көрсетілетін қызметтер бойынша бухгалтер, банктік есепшоттар бойынша бухгалтер, жеткізушілермен жұмыс істейтін бухгалтер және бухгалтер-материалист .

Бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыруды, қаржылық есептілікті жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер болып табылады .

Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесі төрт ірі бөлімге бөлінеді:

  1. Еңбек және еңбекақы есебі
  2. Тауарлы-материалдық қорлар есебі
  3. Негізгі құралдар есебі
  4. Қорытынды аналитикалық және синтетикалық есеп.

Материалдар бойынша бухгалтердің міндеттеріне тауарлы-материалды құдылықтар бойынша есептеулер, кірісі мен шығысы есебі, қойма бойынша есептеулер, теміржол мамандарына берілетін арнайы киімнің есебі және материалдар бойынша өзге есепеулер кіреді.

Еңбекақы есебі бойынша бухгалтердің міндеттеріне еңбекақы есептеу және оны аудару, еңбек демалысы ақысын есептеу, еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша еңбекақы есептеу, еңбекақыдан ұстау мен шегерімдер ұстау, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік сақтандыруды есептеу және өзге міндеттер кіреді.

Кірістер бойынша бухгалтердің міндеттеріне субъектінің негізгі табыстары мен шығыстарының есебін есептеу, салықтар бойынша есептер жәе өзге де міндеттер кіреді.

Жетекші бухгалтер міндеттеріне өзге бухгалтерлердің қызметтері мен жұмыстарын бақылау, негізгі құралдар есебі және өзге де міндеттер кіреді. Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлу маңызды болып табылады.

ЖШС-нің Есеп саясаты жөніндегі ақпарат

«Цесна-Астық» Концерні» ЖШС-нің Есеп саясаты 2004 жылы 26 желтоқсанда қабылданған «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына (БЕХС), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жасаған БЕХС-н қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес жасалған.

Тақырып 1. 2. Қаражаттар және есептесу тәртібі

Өндірістік тәжірибеде мен кәсіпорынның қаражаттар және есептесу есебі, оларды ашу тәртібі есеп айырысумен таныстым.

Ақша қаражаттары және оның эквиваленттері, есеп айырысу шотынан және қысқа мерзімді депозитерді құрайды.

Ақша қаражаты және оның эквиваленттеріне кіреді:

- ұллық валютадағы кассадағы ақша

- есеп айырысу шотындағы ұлттық валютадағы ақша

- валюталық шоттағы ақша

- депозиттегі ұлттық валютадағы ақша

- депозиттегі шетел валютасындағы ақша

- басқа ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері

Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша қаражаттары, сондай-ақ фирма әрекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.

Ақша ағымдарын басқару үшін маңызды қаржылық құжат болып кассадағы және банк шоттарындағы ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары, яғни төлем балансы табылады. Ол басқарушыға операциондық және инвестициялық әрекетті оперативтік қаржыландыруды қамтамасыз етуге, мемлекет пен серіктестердің алдындағы міндеттемелерді орындауға, төлем қабілеттілігінде және кәсіпорынның активтерінің өтімділігіндегі өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттарының келiп түсуi мен шығысқа шығуы бойынша барлық операцияларды кассир кассалық кiтапқа жазады. Кассалық кiтап беттерi номерленiп, жiппен байланып, мөрмен басылуы тиiс.

Ондағы беттер саны кәсiпорын басшысы мен бас бухгалтердiң қолдарымен расталуы тиiс. Жұмыс күнiнiң соңында кассир кассалық кiтапқа күн бойы орын алған операциялардың қорытындысын санап, келесi күнге кассадағы ақшалардың қалдығын шығарады. Кассалық кiтаптағы жазбаларды бiр уақытта көшiрмелi қағаз арқылы екi бетке түсiредi. Кiтаптың бiр бетi жыртпалы болады, оны кассалық операциялар бойынша есеп беру ретiнде барлық кiрiс және шығыс құжаттарымен бiрге күн соңында бухгалтерияға тапсырады.

Iске асып жатқан заңға сәйкес кәсiпорындар өз ақша қаражаттарын банктiң қызмет көрсету мекемелерiнде сақтауға мiндеттi.

Ақша қаражаттарды есеп айырысу, ағымдағы, валюталық және басқа да шоттарда сақтаудан, қысқа, ұзақ мерзiмдi несие алудан, оларды өтеу мен қайта рәсiмдеуден, шоттардағы болып қалған қате жазбалар бойынша банкке деген претензиялардан банк мекемелерiмен есеп айырысу қарым-қатынастары туады. Банк мекемелерi арқылы кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулар қолма-қолсыз нысанында жүзеге асады.

Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебі.

Уақытша бос ақшаларды және қолма-қолсыз ақшаларды сақтау үшін, кәсіпорындар өзінің қалаған банкіден есеп айырысу шотын аша алады.

Есеп айырысу шоты мына құжаттар арқылы ашылады:

  • шот ашу туралы өтініш;
  • қолдары және мөр(печать) таңбасы қойылған карточка;
  • салық органынан субъектінің салық есебін жүргізетінін дәлелдейтін анықтама;
  • мемлекеттік тіркемеден өткені туралы куәліктің көшірмесін;
  • жарғысының және келісімінің көшірмесі.

Банкте валюталық шот ашу үшін мынадай негізгі құжаттар қажет болады:

  • Банкте шот ашуға өтініш;
  • Жарғы (нотариалды куәләндырылған көшірмесі) ;
  • Мемлекеттік тіркеуде тұрғанын куәландыратын куәлік (түпнұсқасы, көшірмесі) ;
  • Салық органынан берілген салық төлеуші екенін растайтын куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі) ;
  • Статистикалық карточка (түпнұсқасы, көшірмесі) ;
  • Толық тұлға екенін растайтын құжат;
  • Тұлғаның жеке куәлігі (түпнұсқасы, көшірмесі) ;
  • Қол үлгілері мен мөрі қойылған құжат (3 дана), (нотариалды куәлік + кейін ашылатын қосымша шоттардың әрбірінен 1 дана) .

Банк ақшаны қабылдау, беру және аударуды келесі құжаттардың негізінде орындайды:

  • кассадағы қолма-қол ақшаны есеп айырысу шотына аудару;
  • әр түрлі мақсаттарға кассадан алынған чек;
  • басқа субъектілер мен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы толтырылады;
  • субъекті сатып алушыдан жіберілген тауардың құнын, орындалған жұмыстың, қызметтің құнын талап ету үшін төлем-талап тапсырмасы толтырылады.

Субъектінің шотындағы барлық төлемдер күнтезбе кезегі бойынша, банкке түскен есеп айырысу құжаттары бойынша жүзеге асырылады. Банктің төлемге қабілетсіз деп хабарлаған міндеттемелер бойынша төлем кезегін банк басшысы анықтайды.

Банк белгілі бір уақытта немесе күн сайын шот иесіне есеп айырысу шотында болып жатқан операцияларды қосымша құжаттар арқылы, енгізі және шығару негізінде пайда болған операцияларды хабарлайды.

Касса операцияларының есебі

«Цесна-Астық» Концерні» ЖШС жұмыс істеушілер саны азғантай және штатында кассиры жоқ. Сол себепті оның міндеттерін ұйым басшысының жазбаша өкімі бойынша бас бухгалтер орындайды.

Өндірістік тәжірибеде мен есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебімен таныстым. Есеп беруші тұлға есеп айырысқанда бірнеше құжат түрі толтырылады. Сол құжат түрлерімен танысып, қарастырдым.

Заңды тұлғалардан тауар өткізгені, қызмет көрсеткені үшін аванстық отчет құру керек. Оның құрамына келесідей алғашқы құжаттар кіреді:

  • Шот-фактура
  • Накладнойлар
  • Тауарлық чек
  • Кіріс кассалық ордеріне квитанция
  • Фискальды чек.

Ал тауарды жеке кәсіпкерден сатып алған кезде мынадай алғашқы құжаттар тізімі керек болады:

  • Шот-фактура
  • Накладной
  • Тауарлық чек
  • Фискальды чек
  • Сатушының патент көшірмесі және кәсіпкерлік жүргізу туралы куәлігі.

Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебі бойынша шоттар корреспонденциясы.

Іс-сапар шығындарының есебі.

Жұмысшылардың іс-сапар мерзімін директор бекітеді, бірақ жол жүру уақытын қоспағанда, 40 күннен аспауы керек.

Іс-сапарға жіберудегі негіздеме - директормен бекітілген бұйрық болып табылады. Бұйрықта іс-сапарға жіберілуші жұмыскердің аты-жөні, негіздемесі, кәсіпорын атауы, мақсаты және іс-сапар мерзімі көрсетіледі. Бұйрық үлгісі. (Қосымша ) .

Бұйрықтың негіздемесіне бухгалтерияда іс-сапар шығындары алдын-ала есептеліп, яғни калькуляциясы жүргізіліп көрсетіледі. Мұнда бухгалтер бару, келу билетінің құнын, іс-сапары бағытталған қаласындағы қонақ үйде тұру құнын, іс-сапар мерзімінің күндік мөлшерін есептейді. (93 бап)

Күндік мөлшер 6 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы керек. Алдын-ала бухгалтермен есептелінген іс-сапар шығындарының соммасын кәсіпорын басшысы бекітеді. (Іс-сапар шығындарының сметасы. (Қосымша ) .

Кәсіпорын басшысымен бекітілген смета шығыс кассалық ордеріне қыстырылып, іс-сапарға жіберілуші тұлғаға алдын-ала есептелген соммамен бірге беріледі.

Кассадан есеп беруші тұлғаларға берілген ақша қаражаты мынадай шоттар корреспонденциясымен көрсетіледі: Дт 1252 - Кт 1010.

Іс-сапарға жіберілу алдында жұмысшыға іс-сапар куәлігі беріледі. Куәліктің 2 жағы да толтырылып, 1-бетінде жұмысшы кәсіпорыннан іс-сапарға жіберілді деген бұрыштама соғылады. Іс-сапарға жіберілген жұмысшы іс-сапарға бағытталған кәсіпорынға келгенін және сол кәсіпорынна кеткенін білдіретін бұрыштама соқтыруы керек. Іс-сапарға шыққан және қайта оралған мерзімдері кәсіпорынның арнайы журналында тіркеледі. Іс-сапар куәлігі (Қосымша ) .

Іс-сапардан оралған қызметкерлер бухгалтерияға аванстық отчетты (есеп) көрсетеді. (Қосымша №) .

Аванстық есеп - бұл қызметкер іс-сапарда болған уақытында барлық нақты кеткен шығындарын көрсететін құжат. Барлық нақты кеткен шығындар құжаттармен рәсімделуі керек.

Аванстық отчетқа келесідей алғашқы құжаттар тіркелуі мүмкін:

  • Авиабилеттер (егер әуе көлігі қажет болғанда)
  • Теміржол билеттері
  • Басқа да жолақы құжаттары
  • Қонақ үйден берілген квитанция
  • Тұрғын жерінен берілген шот-фактура
  • Іс-сапар куәлігі

Аванстық отчеттың деректемелері:

  • Кәсіпорын атауы;
  • Жұмысшының аты-жөні, лауазымы, жұмыс бөлімі
  • Аванстық отчеттың жасалу номірі және күні
  • Іс-сапар шығындары
  • Кассадан алған ақша қаражаттарының мөлшері
  • Нақты кеткен шығындар
  • Жұмсалмаған ақша қаражаттарының соммасы (қалдығы)

Іс-сапар бойынша ҚҚС-сыз кеткен шығындарының соммасы мынадай шоттарға жатқызылуы мүмкін:

  1. 7210 - «Әкімшілік шығыстар»
  2. 7110 - «Тауар өткізу, қызмет көрсету бойынша шығындар»
  3. 8048 - «Басқа да үстеме шығындар».

Қалған қалдық сомма кассаға аударылады. Ал құжатсыз кеткен шығындар соммасы жұмысшының еңбекақысынан ұсталынады: Дт - 7210; Кт - 3350.

Тақырып 1. 3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалды емес активтер есебі

Мен 2011 жылдың қаңтар айында өндірістік тәжірибеде «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС-ның негізгі құралдар түрімен, олардың амортизация есептеуімен, материалдық емес активтер есебімен таныстым. Олар бойынша толтырылатын құжаттармен, жіктелуімен танысып, тәжірибе негізінде жүзеге асырдым. Өндірістік тәжірибеде кәсіпорынның негізгі құралдарымен таныстым. «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС-ның негізгі құралдары бірнеше топтарға жіктелген: жер, ғимараттар, жабдықтар, машиналар мен жабдықтар, компьютерлер, көлік құралдары, өндірістік құрал-саймандар мен керек жарақтар, кеңсе жиһаздары, перифериялық қондырғылар.

Бұл негізгі құралдарға инвентарлық номер, әрбір негізгі құралдар тұратын цех номерлері, олардың қолданысқа енгізілген мерзімі, алғашқы құны, негізгі құралдардың саны, уақыт өткен сайын болатын амортизация құны есепке алынып отырады.

Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амартизациялық материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады

№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар - бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдым активтер.

Оған мыналар жатады:

- жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер жәнежермен байланысты қозғалысы және олардың мақсатына зиян шектірмеу басқа объектілер) ;

- көлік құралдары;

- жабдықтар, өлшеуаспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары ірі және өнім беретін малдар арнайы құралдармен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қор, мұражай құндылықтары, жануар әлемінің экспорттары автомобиль жолдары) және т. б.

Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. өзінің құның жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Жіктелу топтарында өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі қорлар былай бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес.

Өндірістік бұл - өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Оның құрамына мыфналар жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді.

Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық сақтау, спорт)

Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді: меншікті және жалданған.

Меншікті - бұл субъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.

Жалданған - жалдау шарты бойынша онда белгіленген мерзімге басқа субъектілердің алынған негізгі құралдар.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: қолданыстағы, қолданылмаған, запастағы.

Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар.

Қолданылмаған (тоқталған) - консерватцияға немесе басқа себептерге байланысты қолданылмай тұрған негізгі құралдар.

Запаста тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдар жөнделу, жойылу, апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі құралдар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын
Шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп беруі
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бухгалтерлік есепке алу туралы қазақстан республикасының заңы. 1995 жылғы 26 - желтоқсаннан, қосымшалары мен өзгертулері
Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңы
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі
Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz