Жүрек бұлшық еті мен тегіс бұлшық еттің жиырылуы


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
«Н. А. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия» кафедрасы
РЕФЕРАТ
«Бұлшық ет жұмысына жұмсаталатын қуат шығыны»
Орындаған: Айтжанов Б. Б.
ТПП-204К.
Тексерген: Ережепова М.
Алматы, 2019 ж.
Жоспары
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
Омыртқалы жануарлардағы бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық еттер және тегіс бұлшық еттер болып бөлінеді. Көлденең жолақты бұлшық еттер екі түрлі - қаңқа бұлшық еттері және жүрек бұлшық еттері. Жалпы организм массасының 42 шамасындайы бұлшық еттердің үлесіне тиеді.
Бұлшық ет дегеніміз - ет талшықтарының шоғырланған жиынтығы. Ондай талшықтар миофибриллдер
Бұлшық еттің жиырылуының молекулалық механизмі
Бұлшық еттің жиырылуы нәруыздың екі филаменттің - актиннің және миозиннің өзара біріне-бірінің әсер етуі арқылы іске асады. Миозиннің әр молекуласында глобулярлық бас бар, ондай бастар жуаң филаменттер бойынша орналасқан. Жуан филаменттің әрқайсысында 500 шамасындай глобулярлық бас бар. Жоғарыда айтылғандай миозиндік бастардың АТФ-азалық активтігі болады. Миозиндік бастар АТФ молекуласымен қосылады, ал жіңішке жіпшелер құрамындағы тропинин Са 2+ ионын бекітеді. Миозиндік бастардың АТФ-азасы актиндік жіпшелермен өзара әрекеттесуі кезінде АТФ гидролиздейді де энергия бөліп шығарады.
АТФ + Н 2 О → АДФ + Н 3 РО 4 , ΔG 01 = -7, 3 ккал/моль
АТФ гидролизі кезінде миозиннің бастары қисаяды және босап шыққан энергия әсерінен жуан және жіңішке филаменттер ұзынынан өзара орын ауыстырады. Бұдан кейін миозин актиннен бөлініп шығады да АТФ жаңа молекуласын қосып алады және процесс қайталанады. Процестің мұндай көп қайталануы бұлшық ет жиырылуы деп аталады.
Бұлшық ет жиырылуы кезінде актиндік филаменттердің де, миозиндік филаменттердің де ұзындығы өзгермейді, тек өзара орналасу жағдайы ғана өзгереді. Бұлшық еттер жиырылғанда қайталанып отыратын саркомерлік бірлік ұзындығы 2, 5 мкм-ден 1, 7 мкм-ге дейін өзгертеді. Бұлшық еттердің жиырылуынан кейін босансу кезеңі келеді.
Бұлшық еттердің жиырылуын және босаңсуын кальций иондары реттейді. Ол иондар саркоплазмалық ретикулумде топталып жинақталады. Жүйкелік импульс әсерімен саркоплазмалық ретикулум өзінің көпіршіктерінен Са 2+ ионын көп мөлшерде бұлшық ет клеткасының цитозолына бөліп шығарады. Са 2+ тропонинмен байланысады, ал тропонин бұлшық ет жиырылуын іске қосушы механизм қызметін атқарады.
Жүйкелік испульстің келуі тиылғаннан кейін Са 2+ иондары қайтадан ағып саркоплазмалық ретикулумге барады. Осының нәтижесінде тропонин мен тропомиозин актин филаменттеріне қосылады. Олармен миозин бастары арасындағы байланыс үзіледі және бұлшық ет талшықтары босаңсып жазылу қалпына түседі. Мұндай тыныштық күйдегі кезде Са 2+ иондары саркоплазмалық ретикулум қуыстарында көбейіп жиналады. Кальций насос қызметін атқаратын Mg 2+ , Са 2+ - АТФ-аза (М 4), Са 2+ иондарын саркоплазмалық ретикулумге ауыстырады. Сонымен АТФ бұлшық еттердің жиырылуы үшін ғана қажет емес, босаңсып жазылуы үшін де қажет.
1-сурет . Жеке саркомердің схемасы. 1 - жуан филаменттер. 2 - жіңішке филаменттер. Жиырылу кезінде саркомердің ұзындығы 2, 5 мкм шамасынан 1, 7 мкм шамасына дейін қысқарады. Ал саркомер қысқарған кезде жіңішке талшықтардың да, жуан талшықтардың да ұзындығы өзгермейді, екі талшық бірінің бетімен бірі сырғанайды.
Бұлшық ет жиырылуының энергиясы
Бұлшық ет жұмысына энергия беруші көз - АТФ, ол гидролизденгенде АДФ пен Ф-ке жіктеледі де, энергия бөліп шығарады. Жасушадағы бұл химиялық энергияның қаңқа бұлшық еттері атқаратын механикалық жұмысқа айналу тиімділігі өте жоғары, 40-50% шамасына барады. Салыстырып байқасақ, автомобиль двигателінің пайдалы әсер коэффициенті 10-15% шамасындай ғана.
Бұлшық ет жұмыс істегенде АТФ тез шығындалады. Соған қарамай, жұмыс атқарып жатқан бұлшық еттегі оның шамасы үнемі тұрақты. Бұлшық ет жасушаларының саркоплазмасында АТФ мөлшерін қалпына келтіріп отыратын жүйе бар.
АТФ шамасының қалпына келуі үш жол арқылы іске асады:
1. Креотинфосфат есебінен АТФ синтезі. Бұлшық еттегі макроэнергиялық фосфат байланысының аккумуляторы - креатинфосфат. Креатинфосфаттағы фосфат тобын АДФ-қа ауыстыру реакциясын креатинкиназа ферменті катализдейді. Бұл кезде АТФ түзіледі де, бос креатин бөлінеді. Дегенмен, мұндай энергия жарылыс сияқты өте тез атқарылатын жұмыстарды істеуге ғана жетеді. Мысалы үшін, 200 м қашықтыққа жүгіруді айтуға болады.
2. Бұлшық етте көмірсулардың анаэробты тотығуы. Бұлшық етте гликоген анаэробты тотыққан кезде глюкозаның бір молекуласынан екі молекула АТФ түзіледі.
С 6 Н 12 О 6 → СН 3 -СНОН-СОО - + 2 Н + + 2 АТФ
Мұндай энергия 3 минут жүгіруді қамтамасыз етеді.
3. Көмірсулардың аэробты тотығуы. Ұлпадағы АТФ синтезі негізінен көмірсулар аэробты тотығып, СО 2 мен Н 2 О дейін ажыраған кезде жүгіреді. Бұлшық ет жұмысы басталғаннан кейін бір-екі минуттай өткен соң молекулалық оттегінің келуіне байланысты жасушада аэробты тотығу басым болады. Бұлшық ет жасушаларындағы митохондрияларда тотыға фосфорлану нәтижесінде АТФ түзіледі. Бұл кезде глюкозаның бір молекуласынан 38 молекула АТФ синтезделеді. Бұл энергияның әсіресе маңызды қоры болып есептеледі.
С 6 Н 12 О 6 + 6 О 2 → 6 СО 2 + 6 Н 2 О + 38 АТФ.
Жүрек бұлшық еті мен тегіс бұлшық еттің жиырылуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz