Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТЕТІ
«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
Мамандық: 6B01402 - «Дене шынықтыру және спорт мұғалімін
даярлау»
РЕФЕРАТ
Тақырып: Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері
Пәннің атауы: «Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі »
Дайындағандар: Қалдар Жанболат,
Қалдыбек Санжар, Сыздық Сәбит.
Қабылдаған: Тоқтасынова Асылзат.
2022-2023 ж
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде мынадай принтиптерді басшылыққа алу кажет:
- педагогикалық кұбылыстардын шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары қарама-қарсылықтары және себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
- құбылыстарды даму барысында зерттеу;
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі біріншісі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
- зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән-мағынасына сай келуі процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
- сынақталушыға, білім-тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік - инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Белсенділік оқу барысында шәкіртке тезірек және табысты әлеуметтік тәжірибе топтауға мүмкіндік береді. Оның қарым-қатынас, тілдесу қабілеттерін дамытады, қоршаған болмысқа деген көзқарасын қалыптастырады. Баланың ақыл-парасатты дамуын танымдық белсенділік қамтамасыз етеді. Бұл үшін балаға танымдық мәселелерді шешуімен бірге игерілген білімдерді практикада қолдану қажеттігі де тән болуы тиіс. Себебі еңбектегі белсенділік тұлғаны өзінің рухани және адамгершілік дүниесін тез арада және тиімді қалыптастыруға ынталандырады, оны көп және нәтижелі еңбектенуге бағыттайды.
Белсенділіктің барша көріністерінің негізінде бір ғана тұрақты дерек көзі- қажеттік орын алған. Адам қажеттіктерінің кем түрлілігі оларды қанағаттандыру үшін қолданылатын іс-әрекеттердің, де сан қилылығын туындатады. Өсіп кележатқан адамға белсенділіктің пайдалы бағыттарын көрсетіп, алдамшы қырларын мейлінше бәсеңсіту - педагогтар үшін тұрақты да және өте күрделі де міндет. Күрделілігі - адамның жеделдете кемелденуі дәуірінде іс-әрекет қажеттері мен септүрткілері (мотивтері) өте қозғалмалы және ауыспалы келеді. Сондықтан, әртүрлі жас сатыларында іс-әрекет түрлері ауысып баруы шарт. Жалпы мектептік тәрбиенің өзгерістер ізімен үлгере орындалуы ете қиын, солай да бола, әркандай тәрбиелік іс мезетінен бір де кешікпей жүргізіліп, келенсіз салдардың алдын алып отыруы қажет.
Әрбір адамның өзіндік белсенділігі оның қабілеттері мен дарынының дамуы және табыстарға жетуінің міндетті кепілі. Оқушы тәрбиесімен қандай да бір ғажайып тәрбиеші шұғылданбасын, оқушының өз әрекет- ықыласы болмаса, ешқандай нәтиже болуы мүмкін емес. К. Д. Ушинскийдің пікірінше. бала өзі оқуы тиіс, ал педагогтың қызметі - оған игерілуі қажет материалды ұсынып беру, оның оқу процесін басқару. Осыдан, дұрыс қойылған тәрбие де оқушы педагогикалық ықпалдың тек объекті ғана емес, ол сонымен бірге өз тәрбиесін
белсенді өз қолына алған- субъект.
Іс-әрекет сияқты тұлға белсенділігі де таңдамалы сипатқа ие. Тұлғаның дамуы кез-келген әсерден болмайды, солардың ішінде адамның өз қажетіне сай келген, оның тұлғасына жарасымды болған, шынайы болмысқа деген оның жеке көзқарастарына сәйкес ықпал болсағана, бала дамуы қарқынды жүреді.
Тұлғаның белсенділігі дамудың тек алғы шарты емес, оның нәтижесі де. Қоғамдық белсенді, ынталы, шығармашыл және өзі мен төңірегіндегі қатысқан адамдардың бәріне бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастыру шы тәрбие әрдайым өз мақсатына жетіп отырады. Сапалы, педагогикалық сынақтан өтіп, ұйымдастырылған оқушы іс-әрекеті белсенділіктің қай түрін де қамтамасыз ете алады. Өсіп келе жатқан адамға толық іс-әрекет мүмкіндігін ашып беру, өз күш-қуатын белсенді қолдануға қажет әрекет тәсілдерімен
каруландыру, тұлғалык ерекшеліктерді жете зерттеу және эр түлғаның болмысындагы табиғаттан берілген нышандармен дарындылықты імейлінше жайып салу-әрбір тұлғаның даму процесін ақыл гөйлікпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-намысы мен қоғам алдындағы борышы, Сонымен, оқушы дамуының маңызды жағдаяттарының бірі - оның меншікті өз әрекет -қызметі. Мұғалім қаншама жақсы бола берсін, өз үстінде еңбектенбеген оқушы көздеген мақсатына жете алмайды. Әрқандай іс-әрекет оқушы ықылысымен орындалып, шартты түрде белсенді болуы қажет. Орындаған ісінен шәкірт ләззат және қанағат табуы ләзім. Белсенді іс ешқашан шаршатпайды.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория- таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл - теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізгі мен тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тісілдерін іздестіру.
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты - ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснамның философиялық және нақты - ғылыми деңгейлері теңестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндікткрі мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz