Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


1-Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
жоспары:
- Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.
- Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.
- Саяси шынайылықты зерттеу әдістері.
- Саяси ғылымның ғылыми-танымдық, әдіснамалық және қолданбалы функциялары.
- Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.
1. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.
Мемлекеттiк маңызға ие болатын саяси, әлеуметтiк мәселелер зерттеу объектiсi болып табылатын саясаттану ғылымының елiмiздiң болашақ дамуы үшiн маңыздылығы зор. Елiмiзде саясаттану ғылымының қалыптасу мен дамуына жағдайдың жасалынуы өркениеттi елдердiң үлгiлерiне сәйкес келетiн iс-әрекеттер мен стратегиялық жолдарға көшуiнiң көрiнiсi. Қоғамымыздың саяси жүйесін жетілдіре түсу үшін әрбір азаматтың саяси мәдениетінің барынша демократияланған сипатта қалыптасуы шарт. Саяси мәдениет сонымен бірге, саяси институттардың қызметінің негізгі мазмұнын да құрайтын құбылыс. Демократиялық саяси мәдениет - бұл әлеуметтік, этникалық, мәдени проблемаларды өркениетті тұрғыда шешуге арқау болады, қоғамның жан-жақты дамуына жағдайды қалыптастырады.
Саяси білімдер жастардың толық мағынадағы саяси субъект дәрежесiне көшiру баспалдағы және жас азаматтың саяси көзқарастарының iргелi негiзiн құрайтын, қоғамдағы бiрлiктi, тұрақтылықты сақтауға ықпал ететiн саяси дүниетанымы мен саяси бағдарын қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. Саяси ғылымдарының негiздерiн меңгеру қазiргi өтпелi қоғам жағдайында еркiн бағдар ұстап, белсендi iс-әрекет жасауға, iшкi және сыртқы саясаттың сыр сипатын, қилы құбылыстарды жете ұғынуға, басқа адамның құқықтарын қадiрлеуге, өркениеттi түрде өзiнiң мақсат мүддесiн бiлдiруге жол ашады. Саясаттану саяси төзiмдiлiкке, келiсiмге, серiктестiкке, мәмiлеге келе бiлудi, дау-жанжалды дер кезiнде шешудi, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершiлiктi сезiнуге ықпал етедi. Жастардың отаншылдық және патриоттық сезімдерін қалыптастырады және дамытады. Саясаттану жастарды саясат пен саяси жетекшiлердiң iс-әрекеттерi жөнiнде хабарлар етеді.
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланылуы зор ықпалын тигізді. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либор «Тарих және саяси ғылым» кафедрасын ашты. Кейінен 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың «Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы», 1903 жылы «Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы» құрылды.
1896 жылы «Саяси ғылымдар элементтері» аты классикалық еңбек жарыққа шықты. Г. Моска бұл еңбегінде «саяси ғылымдар» ұғымын ғылыми білімнің дербес бір саласы және жеке пән ретінде қолданды.
XX ғасырдың басында саясаттану дербес академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылым халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған «Саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы» зор рөл атқарды.
Саясаттанудың негізгі категориялары.
Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзiндiк ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердiң мәнiн бiлдiретiн ғылыми терминдер, сөз тiркестерi жатады.
«Саяси» дегеніміз индивидтер мен бірлестіктердің саяси қызметтеріндегі қоғамдық қатынастарының белгілі қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы. Саясилықтың мазмұнын - саяси бостандық, саяси құқық, саяси сана ұғымдары құрайды. Яғни, «саяси» ұғымы белгілі бір құбылыстар мен процестердің саяси салаға жататындығын білдіреді.
Саясат - қоғамдағы үлкен әлеуметтiк топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерiн қорғауға, iске асыруға, саяси билiктi жеңiп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдауға негiзделiнген әрекет жүйесi.
Билiк - тап, әлеуметтiк топ, мемлекет жеке адам т. б. тарапынан өзiндiк ерiк-жiгердi iске асырудағы қабiлеттiлiк пен мүмкiндiктердi пайдалана отырып адамдардың қызметi мен мiнез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету.
Саяси жүйесi - мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтiн ұйымдар мен мекемелердiң жиынтығы.
Азаматтық қоғам - жеке тұлғаның емен-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі.
Мемлекет - белгiлi бiр аумақ шеңберiнде адамдар, әлеуметтiк топтар, таптар мен бiрлестiктердiң қатынастары мен қызметтерiн ұйымдасты-ратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесiнiң негiзгi элементi.
Саяси партия - саяси билiктi иеленуге немесе мемлекетте билiктi жүзеге асыруға қатысуға талпынушы идеология тұтастығымен байланысты ерiктi одақ.
Саяси мәдениет - белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығы.
Саяси режім - саяси билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Демократия, тоталитаризм, авторитаризм.
Саясаттану объектiсi мен пәні. Саясаттанудың өзi зерттейтiн мәселесi, пәнi бар дербес ғылым. Саясаттану ұғымы гректiң «politik» және «logos» деген сөздерiнен шыққан. Бiрiншiсi мемлекеттiк iс, мемлекеттiк iстi басқару мағынасын бiлдiрсе, екiншiсi, iлiм, ғылым деген мағынаны бiлдiредi. Саясаттану дегеніміз саясат, оның қоғам мен жеке адамның өзара әрекеті туралы ғылым. Демек, саясаттану ғылымы саясат және саяси билiк, қоғамның саяси өмiрiнiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттерi мен саяси үрдiстері, халықаралық саяси қатынас туралы бiртұтас iлiмдердiң жиынтығын құрайды.
Саясаттану обьектiсi - қоғамдағы саяси қатынас болып табылады. Қоғамның саяси қатынасы өзiне билiктiң әрекет ету процесi мен дамуын, бұқараның билiкке қатысуын, сонымен бiрге саяси ықпал ету обьектiсi- экономикалық, әлеуметтiк және рухани мүдделердi қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, саяси қатынастар саласы саяси қызмет обьектiсiнiң барлық саласы. Сондықтан саяси қатынастар басқада ғылымдардың философия, әлеуметтану, құқық және тарихтың зерттеу обьектiсi болады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өзiндiк зерттеу пәнiне ие. Саясаттанудың зерттеу пәнi - саяси билiктiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әдiстерi болып табылады.
Өздiгiнше саясаттану барлық әлеуметтiк құбылыстар мен қағидаларды саяси билiк негiзiнде түсiндiредi. Американ саясаттанушысы Г. Лассуэлл (1902-1978ж. ж. ) «бiз саясат саласындағы ғылым туралы айтқанда, бiз билiк туралы ғылымды айтамыз» - деп жазды.
- Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.
Саясаттанудың негiзгi парадигмалары . Парадигма (гректiң paradeigma - теория, үлгi деген сөзiнен шыққан) - зерттеу барысында үлгi ретiнде алынатын теория. Саясаттануда парадигма деп саяси өмiрдi зерттеу қисынын бiлдiретiн, қоғамдағы саяси құбылыстарды теориялық пайымдауда негiзгi өлшемi мен қалпын қалыптастыратын басты тұжырымдар жиынтығын айтамыз. Саясаттанудың негiзгi парадигмалары қатарына мыналар жатады: теологиялық, натуралистiк, әлеуметтiк, тиiмдi-сыни .
- Теологиялық парадигмасаяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезiнде пайда болды. Ол саясатты, билiктi, мемлекеттiң пайда болуын құдайдың құдiретiмен түсiндiредi.
- Натуралистiк парадигмасаясатты әлеуметтiк сипаты жоқ табиғи себептермен, мәселен географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшелiктермен байланыстыра түсiндiредi.
- Әлеуметтiк парадигма, ол саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтiк факторлар арқылы түсiндiредi. Мәселен, марксизм саясаттың мәнiн экономикалық қатынастардан iздестiрдi, яғни қоғамның әрбiр экономикалық базисi қажеттi қондырманы тудырады деп тұжырымдады.
- Тиiмдi-сыни парадигмасаясаттың табиғатын, оның өз iшiндегi себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсiндiредi.
Саясаттанудың негізгі мектептері.
Қазіргі шетелдік саясаттану ғылымында американдық саясаттану мектебі жетекші болып табылады (Г. Алмонд, З. Бжезинский, С. Верба, Р. Даль, Д. Истон, С. Липсет, С. Хантингтон және т. б. ) . Олардың зерттеуінің негізгі бағыттары: саяси билік, саяси билік механизмі, саяси билік принциптері, саяси мінез-құлық, саяси партия, т. б. Салыстырмалы саясаттану.
Ағылшын саясаттану мектебі американдық мектептің ықпалы негізінде қалыптасты. Зерттеулерді экономикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-саяси бағыттар бойынша жүргізеді. Саяси жүйе, сайлау жүйесін, мүдделі топтардың билікке ықпал ету механизмін, шиеленіс, келісім теориясын, плюралистік демократия, т. б.
Неміс саясаттану мектебі (Т. Адорно, Х. Арендт, Р. Дарендорф, Э. Фромм) зерттеулерді теория-философиялық пен саяси-әлеуметтік мәліметтерді байланысы негізінде жүргізеді. Негізгі ғылыми бағыттары: саясат философиясы, шиеленіс, саяси жүйе теориялары, саяси үстемдіктің тарихи және салыстырмалы түрлері, тоталитаризм, саяси институттар социологиясы, саяси мінез-құлық, қоғамдық пікір, БАҚ-тың саясаттағы рөлі.
Француз саясаттану мектебі (М. Бонгран, П. Бурье, Ф. Буррико, Д. Давид, М. Фуко) ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан соң қалыптасты. Бұл мектеп билік мәнін, таптарды, саяси партияларды, әлеуметтендіруді зерттеді және қолданбалы саясаттануды дамытты.
ХХ ғасырдың саясаттану ғылымының қазiргi кезеңдегi әр түрлi бағыттары қалыптасты:
- Әлеуметтiк бағыт, ол әсiресе батыстық саясаттану ғылымында ерекше орын алды. Оның өкiлдерi саясат құбылыстарын қоғамның күрделi әлеуметтiк құрылымы мен процестерi арқылы зерттейдi. Саясаттануда бұл бағыттың қалыптасуына М. Вебер, Э. Дюркгейм үлкен үлес қосты. Осы бағыт iшiнде В. Парето мен Г. Моска элита концепциясын, ал Р. Михельс саяси партия теориясын қалыптастырды.
- Саясаттанудың екiншi бағыты -институционализмдеп аталады. Оның негiзгi өкiлдерi С. Липсет, Ч. Миллс, М. Дюверже т. б. Олардың негiзгi зерттеген мәселелерi - саяси өмiр мен қоғамдық құрылысты ұйымдастыру формалары. Бұл бағыттың негiзгi қолданған ұғымы «саяси институт» болды.
- Саясаттыңқұрылымдық-функционалды концепциясы, оның өкiлдерi - Г. Лассуэлл, Т. Парсонс, Д. Истон, М. Вебер. Олар саясатты, оның инситуттарын қоғамдағы орны мен қызметiне қарай зерттейдi. Д. Истон саяси жүйе теориясын қалыптастырған. Г. Лассуэлл өз еңбектерiнде саяси жүйенiң әрекет етуiндегi бұқаралық коммуникацияның рөлiне көп көңiл бөлдi. Т. Парсонс пiкiрi бойынша жалпы жүйенi тану тек жекелеген жүйешелердi зерттеу арқылы ғана мүмкiн еді.
- Саяси негiзгi өкiлдерi - Э. Дюркгейм, М. Дюверже, Р. Дарендорф болып табылады. Олардың негiзгi идеясы: қоғамда таптардың жойылуына және олардың орнына әлеуметтік қабаттардың өзара әрекет пен келiсiмде өмiр сүруiне негізделді. Мұнда мемлекет бейтарап төреші қызметiн атқаратын болды.
- Демократия концепциясы, оның негiзiн салушы А. Токвиль. Демократия концепциясы негiзiнде құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, адам құқығы мен бостандығы сияқты iлiмдер қалыптасты.
- Бюрократия концепциясыныңдамуына М. Вебер, Р. Мертон, С. Липсет еңбектерi ықпал етті. Олар еңбектерiнде бюрократияның қызметi мен құрылымын жан-жақты зерттеді. Бұл теориядағы маңызды нәрсе бюрократиялық билiктi заңдастыру және демократиямен қарым-қатынасы туралы мәселе болып табылады.
- Тоталитаризм концепциясы. Тоталитаризм мәселелерi немiс-американ ғалымы Х. Арендт, австро-американ ғалымы Ф. Хайек, орыс ғалымы Н. Бердяев еңбектерiнде жазылды.
- Саяси шынайылықты зерттеу әдістері.
Саясаттану ғылымының зерттеу әдiстерi мыналар:
Жүйелiк әдiстiң мәнi саясатты бiр тұтас, күрделi организм, өзiн-өзi реттеушi механизм, қоршаған ортамен кiрiс (талап, мүдде) және шығыс (саяси шешiм) арқылы байланыста болатын тұтас жүйе ретiнде қарастыруында.
Салыстырмалы әдіс ұқсастық белгілері бар саяси нысандардың екі және одан да көбірегін өзара салыстырудан тұрады. Салыстырмалы әдіс салыстыру арқылы әртүрлі саяси жүйелердің, саяси құбылыстардың жалпы және айрықша ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды бұрынғы, қазіргі және болашақ байланыстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Бихевиористiк тәсiл . Бұл саяси құбылыстарды жеке адамдар мен оның топтарының мiнез-құлықтарына қолдау жасау арқылы зерттейтiн тәсiл. Бихевиористiк тәсiл төмендегiдей негiзгi топтарға сүйенедi:
• саясаттың басты субьектiсi адам болып табылады;
• саяси құбылыстарды зерттеуде жеке адамдардың саясатты түсiнуiне, мойындауына, саяси сенiмiне немесе саясаттың бұрыс, дұрыстығына көзiнiң жетуiне негiзделедi;
• мұнда адамның саясаттағы санасы, психологиялық себептерi жетекшi рөл атқарады;
• адамдардың мiнез-құлқын белгiлi бiр модулдерге бөлуге негiзделедi. Олар саяси процестерге қатысушы жеке адамдардың және топтардың саяси мiнез-құлқын алдын-ала бiлiп отыруға мүмкiндiк бередi. Бихиевиористiк тәсiлдiң екiншi бiр ерекшелiгi адамдардың саяси iс-әрекеттерiне ерекше мән бередi.
Социологиялық әдіс шынайы саяси өмір фактілерін талдауға бағытталған, саяси өмірде социологиялық зерттеу нәтижелері тауар ретінде көрініс табады.
Саясаттануда іскерлік ойын әдісі (саяси шешім қабылдау) кең тараған. Бұл әдіс саяси процестерді үлгілендіруге негізделінген. Ал мұның өзі мемлекеттік органдар мен саяси партияларға басқару процесін жетілдіруге көмектеседі .
Шешiмдер қабылдау әдiсi тиiстi iс-қимыл құралдарын пайдалану арқылы саяси шешiмдердi қабылдау және жүзеге асыру процесi.
- Саяси ғылымның ғылыми-танымдық, әдіснамалық және қолданбалы функциялары.
1 Танымдық қызметi. Саясаттану қоғамдағы оқиғаларды танып-бiлуге, олардың саяси мәнiн түсiнуге және болашақты болжауға мүмкiндiк бередi. Көптеген жылдар бойы Ресей империясы, одан кейiн кеңестiк тоталитарлық тәртiп саясат пен билiк сырын бүгiп келдi, қазiрдiң өзiнде халқымыздың саясат және саяси жетекшiлердiң iс-әрекеттерi жөнiнде хабарлары аз. Оларды бiлмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді саясаттану ғылымы бере алады.
2 Бағалау (аксиологиялық) қызметi. Ол саяси құрылысқа, институттарға, iс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға бередi. Қоғамдағы саяси оқиға мен құбылыстарды бағалау арқылы көпшiлiк оны ақтайды немесе қаралайды. Демократиялық қоғамда халықтың қолдауына ие болудың маңыздылығын билiк құрылымдары жақсы бiледi.
3 Саяси әлеуметтендiру қызметi . Демократиялық мемлекеттерде ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениетiн қалыптастырады. Қазiргi кезеңде азаматтарымыздың саяси құндылықтарында қайшылықтық тұстар байқалуда. Бұл саяси әлеуметтендiру жұмысын жетiлдiрудi қажет етедi.
4 Реттеушiлiк, басқарушылық қызметi. Бұл қызметi арқылы саясаттану ғылымы адамдардың саяси өмiрде өзiн-өзi ұстауын, iс-әрекетiн реттейдi. Саяси дамудың бағдарын бақылай отырып саясаттану қоғамдағы оқиғаларды тиiмдi басқару үшiн нақтылы мәлiметтер мен мағлұматтар бередi. Саяси бiлiмдер, сипаттамалар, кеңестер адамдардың күнделiктi практикалық iс-әрекетiнде басшылыққа алынады.
5 Саяси өмiрдi жетiлдiру қызметi. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негiз болады. Оның көмегiмен заңшығарушы, атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар, саяси басшылық шешiмдер алдын-ала тексерiлiп, зерттеледi, қоғамда болып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыда талданады. Солардың негiзiнде кейбiр саяси институттар жойылып, оның орнына бүгiнгi талапқа сай басқалардың келуiн негiздейдi, мемлекеттiк басқарудың қолайлы үлгiлерiн, саяси шиеленiстердi шешудiң тиiмдi жолдары мен әдiстерiн iздестiредi.
6 Болжау қызметi. Саяси зерттеулердiң құндылығы саяси процестердiң үрдiсiн сол күйiнде бейнелеумен тоқтамайды. Ол белгiлi бiр саяси жағдайларда алдынғы қатарлы, озық саяси өзгерiстер жасауға бағытталған ғылыми болжаумен аяқталуы тиiс. Қазiргi кезеңде қоғам өмiрiнiң қай саласына болмасын жүргiзiлетiн реформалар үшiн қолайлы саяси және т. б. жағдайлардың бар немесе жоқтығын анықтау сияқты жауапты мiндеттер осы ғылымға жүктелген.
Бұл қызметтерiн қоғамда саясаттану мына мiндеттерiн орындау арқылы жүзеге асырады:
• қоғамдық-саяси күштердiң бiрiгуi қағидаларын, жолдарын, жағдайын анықтау;
• саяси жүйенi демократияландырудың негiзгi бағытын, формалары мен әдiстерiн әзiрлеу;
• құқықтық мемлекет пен өзiн-өзi басқарушы мемлекеттiк құрылысқа өтудiң ең тиiмдi жолын анықтау;
• ұлттық-этникалық шиеленiстердi, қоғамдық ұлттық-мемлекеттiк құрылысты шешудiң жетiлген жолдарын белгiлеу;
• азаматтардың саяси мәдениетiнiң теориялық және практикалық аспектiлерiн зерттеу, адамдарды әлеуметтiк-саяси жауапкершiлiк рухында тәрбиелеу жолдары мен формаларын анықтау;
• халықаралық қатынастардағы жалпы адамзаттық және мемлекеттiк мүдделердiң тиiмдi қойылуын анықтау.
5. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану .
Қазақстан тәуелсiздiгiне қол жеткiзген уақыттан берi көптеген ғылыми мәселелерге түбегейлi жаңаша қарауға мүмкiндiктер туды. Соның бiрi - саясаттану ғылымының көтеретiн мәселелерi тiкелей қоғамымыздың саяси қауiпсiздiгiн, саяси дамуын теориялық тұрғыдан қамтамасыз етiп отырады. Жалпы мемлекеттiк маңызға ие болатын саяси, әлеуметтiк мәселелер зерттеу объектiсi болып табылатын саясаттану ғылымының елiмiздiң болашақ дамуы үшiн маңыздылығы зор. Елiмiзде саясаттану ғылымының қалыптасу мен дамуына жағдайдың жасалынуы өркениеттi елдердiң үлгiлерiне сәйкес келетiн iс-әрекеттер мен стратегиялық жолдарға көшуiнiң көрiнiсi. Қоғамымыздың саяси жүйесін жетілдіре түсу үшін әрбір азаматтың саяси мәдениетінің барынша демократияланған сипатта қалыптасуы шарт. Саяси мәдениет сонымен бірге, саяси институттардың қызметінің негізгі мазмұнын да құрайтын құбылыс. Демократиялық саяси мәдениет - бұл әлеуметтік, этникалық, мәдени проблемаларды өркениетті тұрғыда шешуге арқау болады, қоғамның жан-жақты дамуына жағдайды қалыптастырады.
Саясаттану пәнiнiң мақсаты - жастардың толық мағынадағы саяси субъект дәрежесiне көшiру баспалдағы болу және жас азаматтың саяси көзқарастарының iргелi негiзiн құрайтын, қоғамдағы бiрлiктi, тұрақтылықты сақтауға ықпал ететiн саяси дүниетанымы мен саяси бағдарын қалыптастыру мен дамыту. Саяси ғылымдарының негiздерiн меңгеру қазiргi өтпелi қоғам жағдайында еркiн бағдар ұстап, белсендi iс-әрекет жасауға, iшкi және сыртқы саясаттың сыр сипатын, қилы құбылыстарды жете ұғынуға, басқа адамның құқықтарын қадiрлеуге, өркениеттi түрде өзiнiң мақсат мүддесiн бiлдiруге жол ашады. Саясаттану жас мамандарға саяси қажеттiлiктерiн мемлекет тарпынан iске асырудың жолдары мен әдiстерiн дұрыс таңдауға, демократиялық тәртiптердi және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседi. Саясаттану саяси төзiмдiлiкке, келiсiмге, серiктестiкке, мәмiлеге келе бiлудi, дау-жанжалды дер кезiнде шешудi, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершiлiктi сезiнуге ықпал етедi. Жастардың отаншылдық және патриоттық сезімдерін қалыптастырады және дамытады. Саясаттану жастарды саясат пен саяси жетекшiлердiң iс-әрекеттерi жөнiнде хабарлар етеді.
Саясаттануды оқып үйренуге деген қажеттіліктер:
- Мемлекеттік жүйелердің халықтың көпшілігін саясатқа араластыруға деген талпынысы;
- Азаматтық қоғам қалыптастыруға ұмтылыс, саяси мәдениеті көтеру;
- Демократиялық жағдайда ЖОО студенті саяси өмірден хабардар болуға үйренуі тиіс;
- Қазіргі кезеңде саясаттан тыс, саяси үрдістерді түсінуге талпынбай өмір сүру мүмкін емес.
- Саясаттанудың ғылым ретінде қамтитын мәселерінің ауқымы да өте кең.
Лекция-2. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
- Адамзат өркениетіндегі саяси идеялардың генезисі. Саяси ойдың қалыптасуы мен даму тарихының дәуірлік кезеңдері.
- Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель) .
- Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби) .
- Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы. Саясаттың мәні туралы Макиавеллидің көзқарасы. Ж. Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы.
- Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс. (Т. Мор, Т. Кампанелла) .
- Табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориялары Ағарту дәуірінің негізгі саяси доктриналары ретінде. Ж. -Ж. Руссоның радикалды демократизмі. И. Кант пен Г. Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары.
- Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.
- Консерватизм, либерализм, марксизм концепцияларының қалыптасуы. Қазіргі саяси ғылымның негізгі бағыттары.
1. Адамзат өркениетіндегі саяси идеялардың генезисі. Саяси ойдың қалыптасуы мен даму тарихының дәуірлік кезеңдері.
Қазiргi дүниенi неғұрлым дұрыс танып, бiлу үшiн және болашақ жақсы өмiрдiң дұрыс жолын таңдай бiлу үшiн адамдар әр уақытта, әр дәуiрде өзiне дейiнгi өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты және адамзаттың ұзақ ғасырлық тәжiрибесiн пайдалану тарихи қажеттiлiк болып табылады.
Саяси iлiмдер тарихы әртүрлi көзқарастар мен ойлардың күресi ғана емес, сондай-ақ адамзаттың таңдаулы өкiлдерiнiң мемлекет пен құқықтың даму тарихы, бостандық пен әдiлдiк, заң мен заңдылық, қоғам мен мемлекеттiк құрылыс, адамдардың құқығы мен бостандығы туралы айтқан алдыңғы қатарлы ойлары мен идеяларының жиынтығы.
Саяси идеяларды дұрыс бағалау мен мәнін түсіну үшін қажетті методологиялық әдіс-тәсілдер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz