Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Академик
МАРДАН САПАРБАЕВ ИНСТИТУТЫ

ЦЕНТРАЛЬНО-АЗИАТСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ

ИНСТИТУТ
_ Академика
МАРДАНА САПАРБАЕВА

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері

Орындаған: Намазбаева А.Н
Тобы: ПМНО 21-2
Қабылдаған: Есмуратова Ұ.

Шымкент, 2022ж
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті (франц. inclusif - өзіне енгізетін, лат. include - ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру - жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етиетін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.
Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбындатобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.
Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы, Білім беру туралы, Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы, Арнайы әлеуметтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе білім баршаға бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті білім беру дегеніміз - балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Инклюзивті білім беруді енгізу
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
ҚР инклюзивті білім бeруді ұйымдacтырудың зaмaнaуи тәжірибecі
Мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрдың білім aлудaғы нәтижелерін қaдaғaлaу әдіcтері
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
Пәндер