XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

І.Жансүгіров атындағы ЖУ

XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер

Орындаған: Майкетова Ж.О. (Мдққ 121)

Талдықорған қ., 2021ж.
1920 - 1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі, мәдениеті, білімі мен ғылымы. Қазақ АКСР-нің одақтас республикаға айналуы. Кеңес Одағының даму процесі қайшылықты болды. Ұлы нәубеттермен қоса жетістіктерге де қол жеткізілді. Аштан қырылып, шетелге босып, зиялы қауымынан айырылған қазақ халқы сол Кеңес өкіметінің тұсында ұлттық мемлекеттігін қалпына келтірді, 1920 ж. құрылған РКФСР құрамындағы автономиялық республикадан (ҚазАКСР) одақтас республика мәртебесіне көтерілді.
1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа Негізгі Заңын - КСРО Конституциясын қабылдады. Бұл Кеңес мемлекетінің де, оның құрамындағы Қазақстанның да саяси дамуындағы елеулі оқиға болды. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) деп аталатын федерациялық құрылымға енген, одақтас республика мәртебесін алған республикалардың саны 11-ге жетті. Олардың арасында Қазақ елі де бар еді. Осы жаңа Конституцияға сәйкес, бұған дейін Ресей Федерациясының құрамында автономия болып келген Қазақ АКСР-і енді одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы (Қазақ КСР-і) деп аталатын болды.
КСРО құрамына кірген одақтас республикалар конституцияларының құрылымы мен мазмұны КСРО Конституциясымен бірдей болды. Әр республиканың КСРО құрамынан еркін шығу құқығы сақталды, олардың келісімінсіз одақтас республиканың аумағы өзгертілмейтін болды. Конституция барлық одақтас республикалар аумағында бүкілодақтық заңдардың күші бірдей жүретіндігі туралы ережені бекітті: одақтас республикалардың заңы мен бүкілодақтық заң алшақ келген жағдайда бүкілодақтық заң қолданысқа алынды. Яғни Конституция одақтас республикалардың үстінен одақ заңының басымдығын түбегейлі бекітті. Онда республикалық органдардың одақтық органдар актілерін бөгеу немесе қарсылық білдіру құқығы қарастырылмады. КСРО азаматтарына бір ғана одақтық азаматтық белгіленді, одақтас республикалардың әрбір азаматы КСРО азаматы болып табылды.
1937 жылы наурызда Қазақстан Кеңестерінің Төтенше Х съезі одақтас мемлекет - Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдады. Жас қазақ республикасының Негізгі Заңында, бүкіл КСРО-дағы сияқты, республикада да социализм негіздерінің құрылғаны, өндіріс құрал жабдықтарына қоғамдық меншік және шаруашылыққа жоспарлы басшылықтың нығайғаны, адамды адамның қанауының жойылғаны, теңқұқылы қатынастардың қалыптасқаны, халықтар ынтымақтастығының жолға қойылып, экономика мен мәдениеттің өрлегендігі атап көрсетілді.
Қазақ КСР Конституциясында Қазақ КСР-інің саяси негізі - еңбекшілер депутаттарының Кеңестері, ал экономикалық негізі социалистік шаруашылық жүйесі және өндірістік құралдары мен жабдықтарына социалистік меншік болып табылады делінді. Конституцияда Қазақ КСР-і КСРО құрамына ерікті негізде енгендігі және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болғандығы туралы айтылған.
Қазақ КСР-інің егеменді құқықтары, халқының келісімінсіз өзгертуге болмайтын өз жері, өз Конституциясы, өзінің жоғары заң шығарушы және атқарушы органдары, өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны болды. Қазақстан жалпыодақтық еңбек бөлінісінде өз орнын алды.
1937 жылдың желтоқсанында КСРО Жоғары Кеңесінің сайлауы өтті. КСРО Жоғары Кеңесіне республикадан 44 депутат сайланды, олардың ішінде Қазақ республикасының таңдаулы адамдары - шахтер Т.Күзембаев, мұнайшы С.Зұрбаев, комбайншы И.Логвиненко, сауыншы С.Оңғарбаева, паровоз машинисі Л.Березняк т.б. болды. 1938 жылдың маусым айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің сайлауы өтіп, оған 300 депутат сайланды. Оның 152-сі қазақ еді.
1936 ж. КСРО Конституциясында декларацияланған барлық құқықтарға қарамастан, республикалар нақты тәуелсіздікті және өзін-өзі басқаруды ала алмады. Азды-көпті маңызы бар өнеркәсіптік орындар Одаққа бағынышты болды. Республиканың барлық басқару органдары Коммунистік партия мен оның ат төбеліндей билеушілерінің үстемдігін бүркемелеу ғана болды. Дегенмен, Қазақстанның егемендігінің формалды түрде болса да мойындалуы, оның жерінің заң жүзінде бекітілуі мемлекетіміздің тарихында өте үлкен рөл атқарды.
1920-1930-жж. Кеңестік Қазақстандағы сауатсыздықпен күрес, білім беру жүйесінің қалыптасуы. ХХ ғ. Басында өлке халқының негізгі көпшілігі оқи да, жаза да алмады. 1917 ж. Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанда жаппай сауатсыздықты жою мен халық ағарту ісін дамыту мәдени өзгерістердің басты бағыты болды. Партияның Х съезі (1921 ж.) мәдениет саласында бұрынғы артта қалған халықтардың Орталық Ресейді қуып жетуіне, ана тілінде мектеп, баспасөз, театр, клуб ісін дамытуына жәрдемдесуді; халық шаруашылығының барлық салалары, басқару, ағарту саласы үшін қызметшілерді жедел даярлауға арналған мектептер, курстар желісін өрістетуді стратегиялық міндет етіп қойды. Өлкеде мәдени құрылысты жүзеге асыруда біраз кедергілер тұрды. Қазақстанда зиялылар аз болатын, олардың Алаш қозғалысына қосылған бірқатары революция барысында зардап шекті. Ұлы державалық шовинизмнің айқындамасы күшті болды. Осы саясатты ұстанушылардың бірі: Бұратаналарды темір құрсауда ұстау керек деген пікірде болды. Өлкеде мәдени құрылысты өрістетудің материалдық-техникалық базасы болмады.
Еңбекшілердің жаппай сауатсыздығын жою шұғыл міндеттердің біріне айналды. Қазревкомның Халық ағарту бөлімі 1920 ж. өлкедегі сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар туралы бұйрық шығарды. Халық ағарту бөлімінің жанынан сауатсыздықты жою жөнінде төтенше комиссиялар құрыла бастады, олар хат танымайтындардың есебін алды, педагогика кадрларын даярлауды, ересектерді оқыту үшін мектептер мен курстар ашумен, оқу құралдарын шығарумен айналысты.
Бірнеше айдың ішінде Қостанай губграмчекасы бастауыш білім беретін 347 мектеп, Орал губграмчекасы 328 мектеп ашты. Сол мектептерде 653 оқытушы 15 мыңнан аса адамды оқытты. 1924 ж. сәуірде Сауатсыздық жойылсын бүкілодақтық қоғамының қазақ бөлімі ашылды, ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс жүргізді. Ссауатсыздықты жоюдың 110 қызыл отауы ашылды. Әйелдердің сауатын ашуға да назар аударылды. 1921 - 1927 жж. 200 мың адам оқып сауатын ашты. Көшпенді аудандарда ересектерді жекелеп және топтап оқыту жүйесі ұштастырылды. Алайда сауатсыздықты жою үрдісі баяу жүрді. 1928 ж-ң аяғында республикада сауатты адамдар - 25%, оның ішінде қазақтар - 10% болды. 1931 ж. желтоқсанда республиканың 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті білім беруді енгізілді.
1936 ж. сауатсыздықты жою пункттерінде 500 мыңнан астам адам оқыды. Ауыл мұғалімі журналы, Төте жол газеті беттерінде сауатсыздықты жоюдың ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік т.б. мәселелер қызу талқыланып, бұл жұмыстың барысы баспасөз бетінде үнемі жарияланып отырды.
Жаппай сауатсыздықты жою науқаны қоғам өміріндегі барлық іс-әрекетті мемлекет қарамағына көшіру, мәдениет пен жеке адамның үстінен қатаң саяси-идеологиялық өктемдік жүргізу жағдайларында өтті. Мәселен, 1929 ж. қазақ жазу әліппесі араб графикасынан латын, 1940 ж. кириллицаға ауыстырылды. Соның нәтижесінде бір адам бастауыш білімді үш қайтара оқуға мәжбүр болды. Әрине, мұндай қиындықты меңгеруге әркімнің шамасы келе бермейтін. А.Байтұрсынов латын графикасына ауыстырудың қажетсіздігіне дәлел келтірді. Бірақ тоталитарлық режим маман пікіріне құлақ аспады. Нәтижесінде араб жазуымен жазылған ата-баба мұрасын, рухани байлықты игеруге мүмкіндік болмай қалды. 1920-1930 жж. Араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар пантюркист, панисламист деп жарияланып, қудалауға ұшырады.
1939 ж-ң өзінде-ақ республика халқының сауаттылығы 61,4%-ға, ал қазақ халқы арасында 54,5%-ға жетті 1926 - 1939 жж. 9-49 жас аралығындағы барлық Қазақстан халқының сауаттылығы 25,2%-дан 83,6%-ға дейін (ер адамдар арасында - 90,3%, әйелдер арасында - 75,8%) жетті.
1940 ж. қарай еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою негізінен аяқталды. Бүкіл олқылықтар мен кемшіліктерге қарамастан, еңбекшілердің қалың топтарының сауатын ашу Қазақстандағы мәдени өзгерістердің маңызды қорытындыларының бірі болды.
Халыққа білім беру ісі. Халық ағарту Кеңестері білім беру ісін өз бақылауына алды, діни қызметкерлер тәрбие мен білім беру істеріне араласу құқығынан айырылды. 1918 ж. бұрынғы бастауыш оқу орындарының орнына 2 сатыдан тұратын бірыңғай еңбек мектебі бекітілді: 1) 8-13 жасқа дейінгі, 2) 13-17 жасқа дейінгі балаларға арналған. 1920 - 1921 жж. Республикадағы мектептердің саны 2410-ға жетті. Негізінен 1-сатыдағы мектептер көбірек ашылды. Мектепте білім беру мәселесін жетілдіру мектептерде қажетті материалдық-техникалық базаның болмауының, мұғалім кадрлардың жетіспеуінен де тежеліп отырды. 1929 ж. мектеп жасындағы балалардың 40%-ы ғана 1-сатыдағы мектепте оқыды.
1926 ж. мамырда Республикалық Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын қабылдады. Біржылдық, екіжылдық мектептердің үлес салмағын азайту мен үшжылдық, төртжылдық мектептердің үлес салмағын көбейту, қазақ қыздарына арнап мектеп ашу мәселесі жолға қойылды. Қыздарға арналған мектептер Шымкент, Алматы, Түркістан, Оралда ашылды.

Мектеп желісі халықтың көпұлтты құрамына сәйкес келді. 1920-жж-ң ортасында республикада 73 татар, 40 өзбек, 35 ұйғыр, 44 неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді, оларда көп жағдайда оқыту ана тілінде жүргізілді. Сонымен қатар екі тілде - орыс және өзбек, қазақ, татар, орыс, неміс т.б. тілдерінде оқытатын аралас мектептер де болды.
1930 ж. 27 тамызда республика ОАК және ХКК қаулысымен жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді. Қазақстан үкіметі халыққа білім беру ісіне қаржы бөлуді едәуір ұлғайтты; оқушыларға интернеттар, жатақханалар желісін кеңейту, шәкіртақы беру, оқулықтармен, оқу құралдарымен, аяқ киіммен, киім-кешекпен, көлікпен т.б. тегін жабдықтау түрінде материалдық көмек көрсету көзделді. Барлық жерде жалпыға бірдей білім беру жөніндегі қоғамдық қорлар құрылды. Жалпыға бірдей білім беру ісіне қамқорлық жасауды Қазақстан комсомол-жастары мойнына алды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында республикада 7,5 мыңнан аса мектеп жұмыс істеді, оның 5,2 мыңы - бастауыш мектеп, 1,7 мыңы - орталау мектеп болды. Мектеп жасындағы балалардың 98,9%-ы оқумен қамтылды.
Сонымен қатар мектептің білім беру ісінде бірқатар ірі кемшіліктер де орын алды. Тоталитарлық режим мектептерді тіл алғыш және идеологияландырылған ұрпақ тәрбиелеудің құралына айналдырды. Оқулықтардың мазмұны, пионер, комсомол ұйымдарының қызметі оқушылардың санасы мен мінез-құлқына сталинизмді, кеңеске жат нәрсенің бәрін жек көруді, партияның саясаты мен идеологиясына соқыр сеніммен берілуді сіңіруге бағытталды. 1930-жж-ға оқу жоспарынан алашордалықтар мен халық жауларының (А.Байтұрсынов, С.Асфендияров, С.Сейфуллин, Х.Досмұхамедов т.б.) кітаптары алынды.
Мәдени құрылыс процесін жеделдетуге ұлттық зиялылардың ықпалы ерекше болды. Олар ана тілінде бірегей оқулықтар мен оқу құралдарын жасауға белсене қатысты. А.Байтұрсынов пен оның пікірлестері 1920-жылдарда мәдениет және білім саласында еңбек сіңірді. 1920-жылдарда қазақ мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиетті жасақтауға С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатов, М.Жолдыбаев, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров т.б. белсене қатысты. Сол жылдардағы мамандар жоғары бағалаған Байтұрсыновтың араб әліпбиі араб жазуын сәтті реформалаудың және оны қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімдеудің жарқын үлгісі болды. Ол туралы замандастары былай деп жазды: Халқын, ұлтын сүйген А.Байтұрсынов қазақтың тұңғыш лингвист-ғалымы. Ол қазақ тілі орфографиясының реформаторы, грамматикасы мен қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы. А.Байтұрсынов - суретті әліппені, мысал-жұмбақтар жинақтарын жазып шықты, Ж.Аймауытов - қостілділік және ана тілін оқыту әдістемесін, Ә. Бөкейханов - география оқулығын, сол кезеңдегі Томск университетінің студенті Қ.Сәтпаев - алгебра оқулығының қазақ тіліндегі алғашқы оқулығын құрастырды. Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар Қазан қаласында бастырылды. Ол жылдары Қазақстанда баспа болмады. Алайда Қазақстандағы мектеп ісі елеулі қиындықтарға да кездесті. 1931 - 1932 жж-ғы аштық салдарынан балалалар саны күрт азайып, жетім балалар саны көбейді.
ІІ-бесжылдықта мектеп құрылысы қарқын алып, жалпыға бірдей бастауыш білім беруді жүзеге асыруда ілгерілеу байқалды. Орта мектептердің, әсіресе ұлт мектептерінің жоғары сыныптарын нығайтуға мықтап көңіл бөлінді. 1934 - 1935 оқу жылында интернаттар саны 221-ге дейін көбейді.
Республиканың мектеп құрылысында партияның Орталық Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің Қазақстан үшін кадрлар даярлау туралы 1933 ж. 2 қыркүйектегі қаулысының маңызы зор болды, онда орта оқу орындарын тез дамыту, жоғары оқу орындары үшін кадрлар дайындау, Қазақстанға мамандарды көп мөлшерде жіберу т.б. шаралар көзделді.
Республикада мұғалімдер саны артты. Ұлы Отан соғысы қарсаңында олардың саны 44 мыңнан асты. 1939 ж. 160 мұғалім орден, медальдармен марапатталды, мұғалімдердің едәуір тобына Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі атағы берілді, олардың ішінде С.Көбеев, Л.И.Добранская, Н.В.Волков, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев т.б. халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері болды.
Ересек халық арасындағы сауатсыздықты жоюдың негізінен аяқталуы, жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім берудің енгізілуі, орта білімнің өсуі, мектепке шығыс ұлттары қыздарының тартылуы - осының бәрі ұлт зиялыларының, соның ішінде техникалық зиялылардың қалыптасуы үшін, ауыл шаруашылығына механизатор кадрлар және өнеркәсіпке сауатты жұмысшылар, жүз мыңдаған жастар мен ересектерді Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп, сұрапыл соғыс жылдарында Отан қорғауға даярлау үшін қажетті алғышарттар жасады.
Республикадағы жоғарғы оқу орындарының ашылуы, әдебиет және өнердің дамуы (1920-1930 жж.). Мәдени құрылыс ісін жүзеге асыру барысында республикада жоғарғы оқу орындары ашылды. 1928 ж. тұңғыш Қазақ педагогикалық институты (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) ашылды, 1929 ж. Алматы малдәрігерлік институы ашылды. 1930 ж. Алматыда Қазақ ауылшаруашылық институты - мал шаруашылығын дамытуға арналған тұңғыш жоғарғы оқу орны ашылды. 1931 ж. наурызда Алматы медицина институты ашылды. 1932 ж. Орал пединституты ашылды.
1934 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) ашылды, бұл республиканың мәдени өміріндегі ірі оқиға болды. 1940 ж. онда 15 кафедра жұмыс істеп, ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. 1934 ж. Қазақ кен-металлургия институты (1960 ж. В.Ленин ат. Қазақ политехникалық институты, 1994 ж. Қ.Сәтбаев ат. Қазақ Ұлттық техникалық университеті) ашылып, инженер-техник кадрлар даярлаудың негізі қаланды. Оралда, Семейде, Петропавлда, Шымкентте, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер институттары қайта ашылып, педагогика институттары болып қайта құрылды.
Орта оқу орындары желісі де едәуір кеңейді. 1925 - 1932 жж. Педтехникумдар саны 14-тен 29-ға жетіп, оларда 4821 оқушы оқыды. 1933 ж. 2 қыркүйекте Қазақстан үшін кадрлар даярлау туралы қаулы жарияланды. Кен, қаржы, мұнай, ауылшаруашылық, тасымал техникумдары ашылды. 1940 ж. Қазақстанда 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңнан аса адам оқыды. Қысқа мерзім ішінде жоғары білімді 10 мыңдай және орта білімді 20 мың маман даярланды. Қазақстанның 1-жұмысшы факультеті (рабфак) 1921 ж. Орынборда ашылды.
Қазақстан зиялыларының қалыптасуына КСРО оқу орындары, басқа республика өкілдері де да үлес қосты. 1930-жж. Елдің түрлі аймақтарындағы жоғары оқы орындары (ЖОО) мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық оқыды. Республика жоғары мектебіне С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, О.Жандосов, М.Әуезов, Қ.Жұбанов т.б. ғылым, мәдениет қайраткерлері зор үлес қосты. 1939 ж. санақ деректері бойынша Қазақстанда ой еңбегімен айналысатын қызметкерлер саны 430 мыңға жуық (17,7%) болды, олардың 27 454-і жоғары білімді болды. Ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда, ағарту ісінде зиялылар, ұлттық зиялылар өсіп қалыптасты. Алайда халық шаруашылығында ғылыми-техникалық кадрлардың жетіспеушілігі әлі де айқын сезілді.
Сонымен, соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде Қазақстанда жұмысшылар мен колхозшы шаруалардан шыққан кеңестік ұлттық зиялылардың берік негізі қаланды. Бірақ сталиндік тоталитарлық режим, жазалау шараларынан революцияға дейін қалыптасқан зиялылардың азғантай тобы, инженер-техник, ғылыми-шығармашылық зиялылар, әдебиет, өнер қайраткерлері қатары қатты сиреп қалды.
1920 - 1930-жылдар - Қазақстан ғылымының қалыптасу кезеңі болды. 1920 ж. құрылған Қазақстанды зерттеу қоғамы өлкенің тарихын, этнографиясын, экономикасын зерттеудің және жаратылыстану ғылымының ірі орталығына айналды. Қоғамның жаратылыстану-география, этнография, тарих-археология секцияларының жұмысына С.Асфендияров, А.В.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жолдыбаев, А.П.Чулошников, А.Ю.Якубовский т.б. көрнекті ғалымдар қатысты. Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты жанындағы санитарлық-бактериологиялық институт денсаулық сақтау саласында ғылыми-зерттеу жұмысын өрістетті. 1926-1927 жж. КСРО Ғылым Академиясының экспедициясы өлкеде статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1932 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы құрылды (1938 ж. КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімі болып өзгертілді), бұл Қазақстан ғылымы өміріндегі айтулы оқиға болды. 1935 ж. Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде (ЖОО қоса алғанда) 1700-ден аса ғалым еңбек етті.

1920 - 1930-жж. Қазақ әдебиеті де дамыды. С.Сейфуллиннің Қазақ жастарының марсельезасы деген өлеңдер жинағы қазақ жастары арасында кеңінен таралды. М.Жұмабаевтың Шолпан атты жыр жинағы қазақ поэзиясын тақырып пен пішін, мазмұн мен түр жағынан байыта түсті. Оның махаббат, табиғат лирикасы азаматтық, әлеуметтік пафостағы отты жырларымен астасып, қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Оның Батыр Баян, Ертегі, Қойлыбайдың қобызы, Жүсіпхан атты дастандарында халқымыздың тарихындағы белесті оқиғалар, біртуар қайраткерлер жырланды. Ақын С.Торайғыровтың жарқын шығармашылығы халықтың рухани өміріндегі жарқын құбылыс болды. Б.Ізтөлин, Б.Жәнікешов Азамат соғысы майдандарында шайқасқан халықтың жыршыларына айналды.
Әдебиеттану мен тіл білімінің қалыптасуына А.Байтұрсынов аса мол үлес қосты. 1926 және 1928 ж. шыққан Жаңа әліпби, Тіл жұмсар, Әдебиет танытқыш кітаптарында қазақ тілінің фонетикасы, морфологиясы мен грамматикасының, қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихының аса өзекті мәселелері қозғалады. 1920-жж. Ж.Аймауытов педагогика және психология бойынша еңбектер жариялады.
Социалистік құрылыстың ширек ғасырында бұрынғыдан мүлде бөлек жаңа қазақ әдебиеті қалыптасты. Оның өзегін социалистік реализм принципі құрады. Ақындар мен жазушылар шығармашылығының маңыздылығы автордың идеялық ұстанымына байланысты анықталды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев т.б. сияқты ХХ ғ. Басындағы қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғалар, Қазан революциясын қабылдамағандары үшін қудалауға ұшырады, олардың шығармалары зиянды деп жарияланды. Капиталистік даму сатысына соқпай бірден социализмге өту жағдайларына, әдебиет пен өнерде социалистік реализм принциптерін қалыптастыру қысқа мерзім ішінде мүмкін емес еді. Большевиктік басшылық осы фактіні есепке алмады. Қазақстан басшылығына 1925 ж. Ф.Голощекиннің келуімен байланысты, социалистік идеяны әлі қабылдай қоймаған ескі зиялыларға қатысты қудалау мен қуғын-сүргін ашық және аяусыз түрде жүргізілді. Өз дарынымен қазақ тілінің асқақтығы мен байлығын паш еткен, адам жанының сұлулығы мен қайталанбастығын жырлаған, Гейненің, Гетенің, М.Лермонтовтың, М.Горькийдің шығармаларын қазақ тіліне аударған Мағжан Жұмабаев кертартпа ақын ретінде әдеби ортадан аласталып, сотталды, кейін сталинизмнің құрбаны болды. 1930 ж. шығармашылық толысқан шағында жаңа билікке дүниетанымдық мақсат-мүдделері сай келмеген Ж.Аймауытов атылды. Оның 1925 - 1928 жж. Жазылған Қартқожа, Ақбілек романдары, Мансапқорлар, Ел қорғаны, Шернияз пьесаларында 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс, 1917 ж. Қазан төңкерісі, Кеңес өкіметінің орнауының алғашқы қиын-қыстау жылдарында қазақ шаруасын әлеуметтендіру, шығыс әйелдерін басыбайлықтан босату, ұлттық сана-сезімнің өсуі мен жаңа адамды қалыптастыру мәселелері көркемдік мағына тапты.
Социалистік реализм принциптерін ұстанған шығармашылық зиялылар пролетарлық революцияны, оның көсемі Ленинді, большевиктердің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан социалистік өзгерістерді мадақтады. Қазақстандағы қоғамдық қатынастардың жетістіктері мен қиындықтарын алғаш болып көркем бейнелегендердің бірі Сәкен Сейфуллин еді. 1920-жж. Оның Асау тұлпар, Домбыра, Советстан, Экспресс аталатын кітаптары мен поэмалары жарық көрді, оларда қазақ даласына бостандықтың келгені, еңбек адамын қанаудың аяқталғаны, халықтар теңдігі орнағаны туралы жырланады. 1927 ж. Тар жол, тайғақ кешу атты романында С.Сейфуллин қазақ халқының 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына, Ақпан,Қазан революцияларына, Азамат соғысына қатысуын көрсетті. Бірақ күштеп ұжымдастыру мен ашаршылық революционер-ақынды ойлануға мәжбүр етті. Қызыл ат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1970 – 1990 жылдардағы Қазақстандағы көші – қон процестерінің тарихы
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Қазақстан Республикасының көші – қон процестердің ерекшеліктері
Қазақстанда қалуына жағдай жасау
Түркістан қаласының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
1931 - 1933 жж Қазақстандағы ашаршылық
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәннің лекция сабақтарының әдістемелігі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Пәндер