А. Я. Гердтің 2-3 кластарға арналған оқулығының маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
23. А. Я. Гердтің 2-3 кластарға арналған оқулығының маңызы.

Осы кезеңде жаратылыстануды оқыту әдістемесін дамытуға және А. Я. Герд (1841-1888) елеулі үлес қосты. А. Я. Герд жаратылыстану оқушыларға дұрыс дүниетаным, оларда белгілі бір көзқарас қалыптастыруы тиіс деп санады. Ол 1877 жылы жаратылыстанудың мектептік курсын құру жоспарын жариялады. Осы жоспар бойынша 2-және 3-класта табиғаттың органикалық емес әлемін оқып үйрену ұсынылды. Мұнда тау жыныстарының, топырақтың, минералдардың қасиеттері сияқты түсініктер, әртүрлі тау жыныстарының шығу тегі, жанартау, жер сілкіну ұғымдары, пайдалы қазбаны пайдалану т. с. с. материалдар кірді.

А. Я. Гердтің пікірінше, бастауыш мектепте жекелеген жаратылыс ғылымын оқып білуге орын жоқ, табиғатты зерттеп, танып білуге кешенді тұрғыдан келу қажет, яғни біріккен пән түрін енгізу керек дегенді насихаттайды. Оның «Құдірет әлемі» оқулығы мен «Заттық сабақтар» деп аталатын әдістемелік құралдары көп жылдар бойы өлі табиғат курсын оқып-үйренуде мұғалімнің негізгі әдістемелік көмекші құралы болып келді. Өзінің әдістемелік еңбектерінде А. Я. Герд бірқатар идеялар ұсынады. Айталық;

1. Практикалық сабақтар мен экскурсияларда баланың өзіндік белсенді әрекетін тудыра білу;

2. Мектептің тірі табиғатпен байланысын кеңейту;

3. Табиғатты танып білу үшін тікелей зерттеу жүргізу;

4. Бастауыш кластарда табиғатты зерттеуге кешенді тұрғыдан келу;

5. Оқушылардың эволюциялық көзқарасын қалыптастыру.

А. Я. Гердтің осы сияқты көптеген идеялары мектеп практикасында көп жылдардан соң, яғни тек біздің уақытта кең қолдау тапты.

70-жылдардағы реакция 1871 жылы жаратылыстануды гимназияның бастауыш кластарынан алып тастауға әкелді. Ал жоғары кластарда бұл циклді пәндерді оқыту күрт қысқарды. Кейбір гимназияларда бұл пәнге мүлде тиым салынды. Тек либеральдық училищелердің жоғары сыныптарында ғана ол қысқартылған түрде оқытылды.

Содан кейінгі жаңа бағдарлама авторы Петербург университетінің профессоры, зоолог В. М. Шимкевич болды. Бұл бағдарламаға А. Я. Гердтің бастауыш мектепке арналған идеялары қоса алынып, ол мынадай мазмұнда болды:

1 - класс

Қатты, сұйық, газды заттармен танысу; Қыздыру барысында дене көлемінің ұлғаюы; термометрмен танысу.

Су. Суды сүзу, мұзға айналуы, булануы, тұманның және шықтың пайда болуы; тұздың еруі мен кристалдануы; ауа құрамындағы су.

Ауа, ауаның серпімділігі, қысымы, қозғалысы; Ауа құрамы және тыныс алу және жану кезіндегі ауаның өзгеруі.

Топырақ, топырақтың құрамы; тау жыныстары (қарапайым физикалық қасиеттері) .

2 - класс

Тұқым, тұқымның құрылысы, құрамы және өнуі.

Сабақ, сабақ түрлері және атқаратын қызметі. Бүршік.

Тамыр, түрлері және қызметтері; тамырдың түрөзгерісі.

Жапырақ, құрылысы мен түрлері.

Гүл, түрлері, құрылысы мен бөліктерінің атқаратын қызметтері.

Жемістер, түрлері мен таралуы.

3 - класс

Адам қаңқасы және оның құрамы. Сүтқоректілер, құстар мен балықтардан айырмашылығы.

Ас қорыту мүшелері; Қан айналу мүшелері; тыныс алу мүшелері; Сезім мүшелері. Тері жабыны.

Осы бағдарлама «табиғаттану» курсы атауымен мектеп бағдарламасына мықтап енді, онда білім «табиғаттың үш патшалығы» бойынша жүргізілді. Жаратылыстанудың бастауыш мектепке арналған барлық оқулықтары осы нұсқа бойынша құрастырыла бастады.

1902 жылдың күзінен бастап бағдарлама барлық мектептерге толық енгізілді. Курс бастауыш мектепте «Табиғаттану» деп атала бастады. Оқу материалы төмендегідей жүйеленді:

1 - класс. Өлі табиғат.

2 - класс. Өсімдіктер.

3 - класс. Жануарлар мен адам.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Биологияны оқытудың қажетті формалары
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру
Қазақ хандығының шығу тарихы
Мектептердің саны
Биология оқыту әдістемесі
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы
Delphi ортасында электрондық оқулық ұйымдастыру тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz