Ұлттық тіл -- мәдениеттің іргетасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті
Филология факультеті

ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ

Тақырыбы: Ұлттық тіл -- мәдениеттің іргетасы

Үміткер:Курбанов Ал-Бухорий Султанбекович
Ғылыми жетекшісі: Абилдаева Айгүл Жылқыбайқызы

Шымкент,2021 жыл

Қатысушының тегі, аты-жөні
Курбанов Ал-Бухорий Султанбекович
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы,
Тұрғылықты мекен-жай:
Түркістан облысы,Шымкент қаласы,Әл-Фараби ауданы,Бостандық көшесі 52
Білім беру мекеменің атауы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті, Филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау мамандығының 3 курс студенті
Байқау атауы

ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ
Телефон, ұялы, е-mail.ru
8702 851 63 43 albukhoriy@bk.ru

Сапалы түрлі-түсті (34) фото (қатысушының
және жетекшісінің)

Жергілікті казпочтаның индекс номері
X09B9P9 (160011) Почтовый индекс X09B9P9 по адресу ГОРОД Шымкент, Аль-Фарабийский район, УЛИЦА Казыбек Би, дом 24

Жоба тақырыбы: Ұлттық тіл -- мәдениеттің іргетасы

ЖОСПАРЫ

* Сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері
* Студенттің сөйлеу мәдениетінің кәсіби құзреттілігі
* Студенттердің сөйлеу тілі мәдениетінің сапалық белгілері
* Студенттердің сөйлеу мәдениетіндегі ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары
* Қорытынды

КІРІСПЕ
Кез келген ұлттың тілі қоғамдық сұраныс пен қажеттілікті өтеген шақта ғана толыққанды қатынас құралы бола алады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен өзгеше орын алған тілдердің бірі. Бүгінгі әлем материалдық байлық үшін де, рухани байлық үшін де ең бастысы - оның бар екендігіне мақтан етуден гөрі, дұрыс жарату, ұлт үшін пайдаға асыра алу мүмкіндігімен өлшенетіндігінде. Сондықтан болар, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қоғамдық мәнін айқындау, қолданыс кеңістігінің жаңа бағыттарын белгілеуде бірнеше Мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Сол бағдарламалардың қолданыстағысы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдық беріп отырған негізгі тұстарының бірі тіл мәдениетін дамыту зиялы ұлттың күш­қуаты екендігіне баса назар аударады.
Тіл мәдениетін зерттеуде ғалым М. Балақаевтың (Қазақ әдеби тілі), Р. Сыздықтың, Н. Уәлидің еңбектері мол. Р. Сыздық Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы) еңбегінде Ғалым алдыңғы норма, тіл мәдениеті, кодификациялау деп аталатын терминдерге ортақтықты - тілдегі заңдылықтарды сақтау деп түсіндіреді, ғалым бір ғана тілдік дерекке қатысты дәлелдері тарихи, саяси, әлеуметтік, заңдық, шаруашылық, тұрмыстық т.б. мәселелерді жете білуден ғана анықталатын тұстар деп анықтайды.
Тіл үнемі даму үстіндегі үрдіс. Әр ұлттың жаңа әлемдегі рухани байлығының ең асылы тілдерінің қоғаммен бірге дамып, өз халқы үшін қызмет етіп, жаһандық өркендеуге өз құндылықтарымен жауап беруі ұлттың сақталуының кепілі екені белгілі. Тіл - халық тарихының, әдет­дәстүрінің, әдебиетінің, мәдениетінің, таным­түсінігінің көрсеткіші десек, ұлттық сипатты анықтар салт пен әдетті, халықтық тағлым­танымды, рухани қазынасын сақтаушы да - ана тілі.

Жобаның өзектілігі: Қазақ қоғамының рухани дамуы,кемелденуі тіл тұғырының мықтылығы мен әлеуетіне тікелей тәуелді. Себебі мәдениетті, дәстүр мен тілді жаңғырту мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту-мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл, ең алдымен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейтуге қатысты. Оны меңгеру әркімнің парызы мен міндеті, жеке бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге ат салысудағы белсенділігін айқындайтын ұмтылысы мен ынталануына айналуы қажет. Бұл- шешуші басымдық, рухани және ұлттық бірліктің негізгі факторы. Қазіргідей жаҺандану заманында көптілділікті сақтау идеясы бұрынғыдан да күрделірек, бұрынғыдан да күрмеуі қиын мәселеге айналып отыр.Барша қазақтарды біріктіретін ел болашағының іргетасын қалайтын, уақыт сынынан өткен, Мәңгілік елдің құндылығы тілді сақтау идеясының негізі-ұлттық сана қалыптасқан дәуірлерде қаланып, қазірге дейін күн тәртібінен түскен емес.Қазақ тілі-қашан да Мәңгілік ел идеясының негізі, өзегі болған.Қазақ халқының ұлттық мәдени коды ең алдымен қазақ тілінде екенін ескерсек, рухани-жаңғыру бабалардан аманат болып қалған тілді сақтау идеясын жаңғыртудан бастау алуға тиіс.
Қазақ тіл білімінде тіл мәдениетінің теориясына қатысты зерттеулер жүргізілгенімен, студенттердің тіл мәдениетінің педагогикалық аспектісі жеке зерттеу нысаны болмаған. Осыған орай жобаның өзектілігін төмендегіше түйінді мәселелер айқындайды.
Рухани жаңғыруды іске асыру үшін бабалардан мирас болып келе жатқан тілді сақтау идеясын жаңғырту қажеттілігі
Әлеуметтік лингвистикалық орта деңгейінің төмендігі, студенттердің тілдік ортасындағы тілдік дағдарыстар
Көптілді білім беру жағдайында студенттердің лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру қажеттігі
Жобаның мақсаты - ата­баба аманат еткен тілді қадірлей білу, көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу ғана болып қоймай, оның қоғам қажетіне қызмет етуін дағдыға айналдыру. Осы тұста қазақ тілінің қоғамдық қызметі дегенде оның нарық тіліне айналуын, ғылым мен өркениет тілі болуын қамтамасыз ету. Бұның басты шарты - тілдің сөздік қорын барынша пайдаланып, сөйлеу мен жазу тілінде ұлттық қалыпты сақтау мен дамыту.
Жобаның міндеті: - тіл мәдениеті саласындағы қазіргі зерттеулерге шолу, зерттеулер парадигмасын талдау, тіл мәдениетін меңгерген, лингвомәдени құзіреттілігін игерген студентті сипаттау;
Студенттер арасында сауалнама,фокус-топтарда жұмыс жүргізу және мәліметтерді өңдеу;
Оқытушылармен сұхбат жүргізу, студенттердің тілдік ортасын саламаттандыру жолдарын іздеу
Жобаның жетекші идеясы: Тіл мәдениетін ғылыми-теориялық зерттеу, бәсекеге қабілетті, рухани жаңғыруға икемді жастарды дайындауға жол ашады. Жастарға тіл мәдениетін меңгерту - қазақ тілінің өміршеңдігін қамтамасыз ету, тілдің интеллектуалдық, әлеуметтік, қатысымдық, танымдық әлеуетін сақтау кепілі.
Жобаның әдіснамалық негізі: Тілге ықпал ететін сыртқы және ішкі факторлар, тілдік үдерістер, тілді қорғау, сөз мәдениетін меңгерту, тілдік тұлға қалыптастыру мәселелеріне қатысты жалпы тіл біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі, педагогикадағы ғылыми пікір-көзқарастар мен тұжырымдар.
Жобаның практикалық маңызы: Қазақ тілінің әлеуметтік қызмет аясын кеңейту,білім беру жүйесінде оңтайлы тіл саясатын жүргізумен байланысты. Көптілділік, оның ішінде ұлттық бірегейліліктің белгісі ретінде қазақ тілін сақтаумен байланысты. Студенттердің рухани жаңғыруға дайындығын, эмоционалды интеллектісін жетілдіреді.
Жобадан күтілетін нәтиже: Адамзат белгілі бір тілдік ортада өмір сүреді. Сол ортаны жұтатпай, аздырып-тоздырмай көркейту,көріктендіру, мәденилендіру сол тілдік ортадағы адамдардың рухани өсіп жетілуіне, дамуына игі ықпалын тигізеді. Ол жоғары оқу орнында тіл мәдениетін оқыту әдістемесін жасаумен тікелей байланысты. Студенттердің лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерге: тренинг, коучинг, кейс әдісі, жобалау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, түсіндіру әдісі, пікірталас, портфолио жасау әдістерін қолданып, жалпы студенттер үшін Тіл мәдениеті курсына оқу-әдіістемелік кешен әзірлейміз.
Тіл - қоғамдық құбылыс. Қоғамның өзгеруімен бірге адамдар танымына да өзгерістер кіреді. Тіл мәдениеті ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, қоғаммен бірге тілдің, сол тілді тұтынушылардың қарым­қатынас мәдениетін реттейді. Тіл мәдениеті тіл заңдылықтарын сақтау, ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал­тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар таза, әдеби тілмен сөйлеуге дағдылану, тілдік қарым­қатынастағы әдеп пен нақтылықты, әсерлілікті, түсініктілікті талап етеді. Тілдік қарым­қатынастағы ізеттілік, сауаттылық, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік заңдылықтарды дұрыс қолдану - тілдің мәдениетін сақтау ғана емес, ұлттық танымды қадірлеу. Осы тұрғыда ғалым Н.Уәли өзінің Сөз мәдениеті атты еңбегінде: сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық, - деген пікір білдіреді. Бүгінгі қоғам жазу тілі мен ауызша сөйлеу тіліндегі ара­жікті жақындата түскендігін еске алсақ, тіл мәдениеті дегеніміз - тұтас сөйлеу, жазу, оқумен бірге қоғамдағы сөз өнерінің мәдениеті ғана емес, әр адамның білім мәдениеті мен әдеп мәдениетін біріктіріп, тілдің қоғамдық қатынас қызметін бар айшығымен көрсете алуы. Сөз байлығы әркімнің сөздік қорымен байланысты болғанымен, басты байлық - ой байлығы. Ой байлығы ғана сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі жеткізіп қана қоймай, ойға бастайды, тыңдаушысын бей­жай қалдыра алмайды. Сөзді түрлендіре қолдану, әр сөзге қажет тіркесер, сабақтасар, ой ашар сыңарын дәл тауып қиюластыру сөздің парқын білу мен ойға жетелеу - тіл мәдениетіне қажет талаптар. Сөздерді бір­бірімен жалғастырып қана қоймай сол арқылы стильдік бояуын мен бір­біріне әсер етер керектісін дөп басып табу ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасады.
Сөз қолдану мәдениетіндегі қалыптасқан терминдердің бірі - тіл тазалығы. Тіл үнемі даму үстіндегі үрдіс. Сондықтан да сыртқы бөтен тілден сөз алмай, таза бір тілдің негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл болмайды. Тіл ұлттың жаны дегенді еске алсақ, жұртты құрметтеу - оның тіліне қояр талаптарды орындау. Жаһандық үрдістер қазақ тіліне деген өзгеше көзқарастарды қажет етеді. Себебі әлемдегі кең таралған ағылшын, қытай, араб, француз, испан, орыс тілдерімен қатар тұрып, дүние­ғаламның бар сырын бір тілде - өз тілінде жеткізу міндеті - кез келген тіл үшін де бүгінгі ғаламдасу әкеліп отырған күрделі сындардың бірі. Оймен біріккен сөз ғана қоғамда ұтымды қолданыс ретінде сақталады. Биік елдік мұрат, терең білім, ой мен сөз бірлігі - тілді сақтайтын басты белгілердің бірі болып қала береді. Ұлтты сақтап, жұрттық тілекті егемендікке жеткізген тілдегі мәдениеттілік болатын. Ой мен сөз бірлігі. Мағына мен құрылым тұтастығы. Мәдениеттілік басы да осы - сабақтастықта, бірлікте, жарасымдылығында.
Н.Уәлиев сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде қарастыратын негізгі обьектісі - тілдік норма, ол- сөз мәдениетінің құрылымдық-жүйелік аспектісі, екінші аспектісі - коммуникативтік сапасы екендігін айтады.
Сөйлеу мәдениетінің сапасы тұрғысынан берілетін баға сөз актісінің аяқталған нәтижесіне қатысты болуға тиіс. Мұндай талап тілдік фактіні тек сөздің құрылымының құрамында қарау жеткіліксіз екенін көрсетеді. Мұның өзі сөздің коммуникативтік сапасын бағалауда басқа да теориялық ізденістерді қажет ететінін байқатады. Өйткені айтылған(жазылған) сөз- аса күрделі коммуникативтік құрылым.
Студенттің сөйлеу мәдениетінің коммуникативтік сапасы жоғары, я болмаса төмен сөздің тілдік құрылымының өзіне тән белгілері мен сипаты болады. Бұл белгілер мен сипат жақсы, я болмаса жаман деп бағалайтын сөздің бәріне ортақ, бәріне қатысты болып келеді. Сондықтан жақсы сөйледі, сөзі жатық екен, тілге(сөзге) бай екен деп студенттің сөйлеу мәнеріне баға беріліп жатады. Әрине, баға беру субьективті болғанмен, сөз құрылымындағы жақсы я болмаса жаманның тілдік көрсеткіштері обьективті болуы ықтимал.
Біз студенттің сөйлеу мәдениетін зерттеу барысында осы тілдік норманың коммуникативтік аспектісі туралы қарастырамыз. Сөз мәдениеті ғылымында анықталған сөйлеу сапаларына тоқталып кетсек, олар (3):
1. Сөздің дәлдігі
Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз - сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі. Сөздің дәлдігі, бір қарағанда, сөздің дұрыстығына ұқсас көрінеді. Дегенмен, олардың арасындағы айырмашылықты білудің елеулі мәні бар. Айталық, бір адам екіншісінің қал-жағдайын сұрағанда, жаман емес деген жауап алуы әбден мүмкін. Бұл жауап - сөз дұрыстығы тұрғысынан талапқа сай келеді, өйткені олар - әдеби тіл нормасынан сәйкес айтылып тұр және дағдыда оны айтуға үйреніп қалғанбыз. Демек, жауап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ халқының рухани мәдениеті: тілі, ділі, діні
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы: зерттеу, жүйелеу, насихаттау атты ғылыми конференциясы
Мемлекеттік тіл және рухани жаңғыру
1991 жылғы Тамыз төңкерісі. КОКП қызметін тоқтатуы
Тіл – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулар жүйесі
М.ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «РУХ» КОНЦЕПТІСІ
Дін және мәдениет туралы мағлұматтар
Жаһандану мен жергілікті мәдениет
Пәндер