Тілдің дамуы мен қызметі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тілдің дамуы мен қызметі
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.Сөйлеудің пайда болуы нəтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мəн-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-əлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-əрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нəтижесі.
Сөйлеудің коммуникативтік қызметі - тілдік қатынас нəтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі;
Сөйлеудің сигнификативтік қызметі - адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады;
Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - əр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мəнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізілу тəсілі.

Тілдің құрылымдық және функционалдық дамуы (абстракция заңдылығы; дифференциация, синкретизм интеграция заңдары; аналогиялық принцип.
Фердинанд де Соссюр тілдің жүйелілігі туралы: Тілдің барлық элементі - біртұтас болып келетін жүйе, ал жеке элементтердің мағынасы басқа элементтері болғандығы үшін ғана байқалады - деп қорытынды жасайды. Тілдің жүйелік қасиеті оны меңгере білуге жəне қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Тілдің жүйелік сипаты оның барлық салаларынан көрінеді. Мысалы, қазақ тілі фонетикасында дауысты дыбыстардың жуан жəне жіңішке, еріндік жəне езулік, ашық жəне қысаң болып бөлінуі тілде белгілі бір жүйе бар екенін көрсетеді. Осы сияқты мысалдарды тіл білімінің лексикалық, грамматикалық, синтаксистік салаларынан да келтіруге болады. Тілдің жүйелік қасиеті тілді меңгере білуге, оны қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Тілді жүйелі түрде қарастыру қазіргі лингвистикада жеке бағыт алды. Осының негізінде тіл білімінде жаңа лингвистикалық бағыттар ольомен концепциялар, əдіс-тəсілдер пайда болды. Тіл - белгілі бір құрылымы, жүйесі жəне қызметі бар, біртұтас құбылыс. Яғни тілге құрылымдық (структура), жүйелілік (система) жəне қызмет (функция) деген үш түрлі сипат тəн. Бұлардың өзіне тəн, нақтылы мазмұны болады. Тілдің қызметі туралы жоғарыда айттық. Енді құрылым мен жүйе дегендерге келелік. Құрылым деп, əдетте, бүтін нəрсенің элементтерінің, қатынастардың тінін немесе сұлбасын айтады. Ол бүтіннің бір тектес немесе əр тектес элементтерінің ара бірлігінен тұрады. Элементтер яғни тілдік бірліктер : і) дыбыс (фонема), 2)морфема, 3) сөз, 4) сөз тіркесі, 5) сөйлем, 6) мəтін.мДыбыстар (фонемалар) - есту мүшелері арқылы кабылданатын, бір морфеманы екінші морфемадан, бір сөзді екінші сөзден ажырататын ең кіші тілдік элемент. Мысалы, п, с, т, д, м, н дыбыстары пəн, сəн, тəн, дəн, мəн, нəн деген сөздерді бір-бірінен ажыратып тұр.

Тілдік өзгерістердің себептері: ішкі фактор, сыртқы фактор. Субстрат, суперстрат, интерстрат, интерференция, диглоссия мәселелері. Конвергенция, дивергенция.
Грамматиканың дамуы. Тілдердің грамматикалық құрылыстарының трұақтылығын, оның өте баяу өзгеретінін лингвистер өткен ғасырдың өзінде-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дамуының заңдылықтары
Тілдің дамуының заңдылықтары
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Тіл білімі және оның зерттеу нысаны
Тілдің танымдық қасиеті
Тіл және қоғам жайлы
Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі
Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Пәндер