Блум таксономиясы және бағалау критерийлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Блум таксономиясы және бағалау критерийлері
Блум таксономиясы және бағалау критерийлері
Қысқаша мазмұны. Бенджамин Блум - америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. Блум таксономиясы атты кітабында өз теориясын дамытқан.

1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделін ұсынды.
Бенджамин Блум - америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. Блум таксономиясы атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

Таксономия -- белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру студенттердің дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- стууденттерді кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.
Білу. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, оларды қолдану тәртібін айту.

Түсіну. Мәліметтерді басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендіру; есте сақталған мағлұматтарды басқаларға жеткізу жолдарын айқындау. Ұқсастықытарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтижені суреттеу.
Түсіну ұғымын төрт топқа бөлуге болады:
1.Түсіндірме (интерпретация) - негізгі идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: Қалай? Неліктен? сұрақтарына жауап іздену, Салыстырыңыздар, Айырмашылығын көрсетіңіздертапсырмаларын орындау.

2.Аударма (трансформация) - мағынаны сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру; форманы сөзбен айтып беру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, мәліметті өз сөзімен мазмұндау.

3.Мысалдар - мәліметті, ойды дұрыс түсінгендікті көрсетеді.
Анықтамалар - атау немесе түсініктің мағынасын өз сөзімен жеткізу, таныс және түсінікті сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе қайталамауы керек).

Қолдану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Талдау. (анализ) Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөліктерге жіктеу. Студент әртүрлі бөліктердің қалайша жұмыс істейтіндігін және нәтижеге қалай жеткізетіндігін анықтайды, түсіндіреді.
Түсінуден талдау мәліметті терең өңдеумен, игерумен ерекшеленеді.
Талдаудың түрлері:
1. Негізін талдау;
2. Астарлы мағынаны ажырату;
3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау;

1. Негізін тану - құрамдас бөліктерге жіктеу (мәліметтің негізі түсініктері арасындағы қатынастарды көрсету үшін студенттер оның шеңберінен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.

2. Астарлы мағынаны ажырату (Подтекст) - екі тұжырымның қатынасын көрсетуді талап етеді (тура көрсетілмеген шешімдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтірілуі мүмкін).

Мотивация -- себептерді айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттерді танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.
Жинақтау синтез Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтерді шығармашылықпен біріктіру. Болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданып, өз тәжірибесі негізінде жаңа модель (құрылым) құрастыру.
Жұмыс және нәтиже түрлері:
1. Шығармашылық жанрлар;
2. Жоспар құрастыру немесе тәжірибе қою, өткізу;
Абстрактылы ұғымдармен негізделетін нәтижелер.
Бағалау. Даулы және пікірталас тудыратын мәселелер бойынша шешім қабылдап, оны дәлелдеу.
Студенттер өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негіздеуі қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық, жүйелілік, дәйектілікке негіздеуі қажет.
Бағалау жүйесі - мектеп оқушыларының қызметінің нәтижелерін ағымдағы және қорытынды бағалауды, педагогтар мен мектептің қызметін бағалауды, білім беру жүйесі қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтитын күрделі және көпфункционалды жүйе. Осыған сәйкес бағалау жүйесі атқаруы керек: 1. Бағалау қызметінің мақсаттарын белгілеу: а) нәтижеге жетуге бағыттау; б) білім берудің барлық аталған нәтижелерін (пәндік, метапәндік және жеке тұлғалық) бағалауға кешенді көзқарасты қамтамасыз ету; в) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу туралы алынған ақпараттың негізінде білім беру жүйесін реттеу мүмкіндігін, басқаша айтқанда, әр сыныпта, мектепте білім беру процестерін жақсарту және жетілдіру үшін педагогикалық шаралар қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету. 2. Критерийлерді, рәсімдерді, бағалау құралдарын және оның нәтижелерін ұсыну нысандарын белгілеу. 3. Бағалау жүйесін қолдану шарттары мен шекараларын белгілеу. Бағалауға критериалды-бағдарланған тәсілдер негізінде білім алушылардың білім беру нәтижелерін бақылау жүйесі мен сапасын бағалау өзекті болып табылады. Критериалды-бағдарланған тәсілдерді қолдану білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың обьективтілігі мен қолжетімділігі деңгейін едәуір көтереді. Заманауи мектепте білім алушылардың білім беру қызметін бағалауға критериалды тәсілдер қажет, осындай тәсілдер кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі, білім беру процесінің барлық қатысушыларына өлшенетін критерилер және оқыту нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Бағалау жүйесінің маңызды сипаты, ол тек ғана бағалауды қою кезінде ғана қолданылмайды, толығымен мұғалімдер, білім алушылар және ата-аналар арасындағы білім беру процесінің жетістігі себептері бойынша бақылау диагностикалық байланысты жүзеге асырады. Білім беру жетістігін бағалау кезінде бағалау жүйесі осындай балалардың оқу жетістігін обьективті көрсетіп ғана қоймау керек және білім алушылардың білім беру процесін одан әрі қолдау үшін негіз болу керек. Бағалау жүйесі оқыту жетістігін өлшеу мен оқыту мәселелері диагностикасы болып табылады, оқытудың стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешім қабылдау, күтілетін нәтижелерді бағалау түрі мен білім мазмұнын жетілдіру ретінде білім беру процесі сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Білім беру жетістіктерін бағалау кезінде алынған нәтижелер арақатысы мен оқыту кезіндегі жоспарланған мақсаттарға жетудің маңызы зор. Бағалау жүйесін жетілдіру қажеттігі критериалды бағалау жүйесіне қатысты көпфункционалды жүйені құруға ықпал етеді. Бағалау жүйесінің бірнеше қызметін бөліп көрсетуге болады: Нормативтік қызмет бекітілген мемлекеттік стандартқа қатысты білім алушылардың жетістігін тіркейді және жекелеген оқушылардың үлгерімін, мектеп сыныптарының, олардың дайындық деңгейі мен мұғалім жұмысының сапасын қадағалайды. Ақпараттық-диагностикалық қызмет білім алушылардың мазмұнды және эмоциялық рефлексиясын, соның ішінде ерекше қажеттіліктерін, барлық білім беру процесі қатысушыларының арасындағы мазмұнды байланысты қамтамасыз етеді. Бағалау жүйесі білім беру процесінде нақты сыныпта, нақты бала үшін барлығы дұрыс екендігін көруге мүмкіндік береді. Бағалау жүйесі сол немесе басқа да материалдың қаншалықты жетістікпен игерілетіндігін, білім алушыларда сол немесе басқа да практикалық дағдының қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндік білім алушылардың жеткен деңгейін салыстыруда бақылау өлшемдері белгілі бір минимумымен, оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптармен әрбір білім алушылар үшін маңызды. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесі білім алушылардың жалпы дайындық деңгейінің өзгерістері ретінде тіркеу керек, сондай ақ танымдық қызметтің түрлі салаларындағы оның жетістіктері динамикасы (ақпаратты игеру, ақпаратты өңдеу, шығармашылық және жобалық қызмет, ойды жеткізе білу және т.б.) білім беру процесіндегі бар мәселелер мен оқу жетістігіне шынайы сипаттама алуға мүмкіндік береді. Бағалау жүйесі мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар, сынып жетекшілері, сонымен қатар білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен педагогикалық ұжымдары арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ету керек, ол білім беру процесін қалыптастыруда жүйелі тәсілді қамтамасыз ете алады, яғни оның тұтастығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар білім алушылардың оқу жетістігін бағалау кезінде білім алушылардың психикасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазу - жазбаша мәтін жасауға бағытталған сөйлеу әрекетінің бір түрі
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Математиканы оқытудың жалпы әдістері
Қағанаттар атауы техникасымен топқа бөлу
Бағалау мәселесі педагогикалық категория және оқу әрекетінің компененті ретінде
Физика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын жүйелеу
Критериалды бағалаудың теориялық негізі
Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау
Пәндер