Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХННОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
«ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ»
ПӘНІ БОЙЫНША №1 МОӨЖ /МӨЖ
- Тақырыбы:Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз
Орындаған:Машенов Айбар Нурманулы
«Химия» мамандығының
1 курс магистранты
Тексерген:
Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы
сяси ғылымдарының кандидаты, доцент
Алматы, 2021
Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы.
Ғылым тарихы мен философиясында даму барысында өзінің дәстүрі қалыптасты. Оның бірі және ең тұрақтысы адамзат тарихын біртұтас кезеңдердің дамуына байланысты төменнен жоғарыға қарай ұмтылған процесс. Ғылым тарихы мен философиясы қазіргі кезде бар ғылымдардың жалпы көрінісін және мәнін көсетеді. Негізінде ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуын келесідей кезеңдерден тұрады:
- Шығыс философиясы;
- Антикалық философия;
- Орта ғасыр батыс философиясы;
- Орта ғасыр араб және түркітілдес философиясы;
- Қайта дәуірлеу философиясы;
- Жаңа заман философиясы;
- Неміс классикалық философиясы
- Қазіргі заман философиясы;
- ХХ ғасырдағы еуропа философиясы.
Аталған кезеңдерде өзіне тән ерекшеліктер мен даму сатылары болған. Мысал ретінде Шығыс философиясын алатын болсақ үнді мен қытай философиялары.
Үнді философиясы.
Жалпы адамзат тарихында қола дәуірінен өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына ғана әкеліп соққан жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдыреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялық ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ, мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді. Себебі, ежелгі шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалытасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктермен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.
Дегенмен де, табиғат құбылыстары мен оларың арасындағы өзгерістерді сыйқырлы, танылмайтын беймәлім күштердің құдыретінен деп ұғып, адамға ұқсас құдай бейнесін жасау - абстракциялы ойлау процесінің жетілгендігін көрсетіп, дүниетанымдық көзқараста философияның жеке бағыт қалытасуына қажетті алғашқы шарт болды. Осының нәтижесінде, кезінде жоғары деңгейдегі мәдениеттің арқасында әлемге әйгілі болған шығыс елдердің философиялық ілімдері қалытасты. Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бұрын ежелгі үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар) . Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана 26 тән әстүрлі мамандықтары болды.
Қытай философиясы
Ежелгі қытай қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауылшаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Ежелгі қытай мемлекеті - шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы - әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда - рубасылары, отбасы (семья) басылары тұрды. Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Заң болған жоқ сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғындардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдына әртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырақ ритуалдарға негізделді. 30 Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізіне қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар, жоғары әлеуметтік сатыда тұрғындар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды, т. б.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған ежелгі қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа - мектептарге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Біз бұл аталған философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері - конфуцийшылдық, даосизм және легистерге ғана қысқаша тоқталамыз.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалытасуы, осы ағымның негізін қалаушы кун-фуцзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты. Кун-фу-цзы (б. д. д. 551-479 жж. ) Кедейленген ақсүйек әскербасы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол тек 15 жасында ғана білімге құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, “Әңгімелер мен пікірлер” (“лунь юй”) деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.
АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ (Сократқа дейінгі философия)
Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда эллада полистерінде (қаламемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды. Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттің тирандық, кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келді. Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайларымен байланыстырылды. Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізінде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талапмүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқтырды.
Сократқа дейінгі дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп кіші азияда шыққан милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпанның қатарына жататын солардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды (шамамен б. д. д. 625-547 жж. ) . Ол “бастама туралы”, “күн туралы”, “күн мен түннің теңесуі туралы”, “теңіз астрологиясы” деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген. Аристотель өзінің “метафизика” деген еңбегінде заттардың генетикалық бастамасын іздеген, олардың сол бастамадан қалай пайда болғанын және содан қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің өзгеруіне қарамастан, жалпы табиғатың жойылмайтындығын мәселе етіп көтергендердің ішіндегісі біріншісі фалес болды деп көрсетеді. Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы - су. Бұл жерде су - мухит (нун), абзулардың (апсулардың) философиялық жиынтықталған ұғым. Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жағынан, ол жай су емес, ол “ақыл-ой”, осы тұрғыдан ол құдай тектес дейді. Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғы шарты-мыс. Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді. Әлем құдайға толы, құдайлар әлемдегі болып жатқан құбылыстардың, ісәрекеттің негізгі күші, сонымен қатар, сол денелердің өзіндік қозғалыстарының қайнар көзі ретінде - солардың жаны. Мысалы, магниттің жаны бар, себебі, ол өзіне темірді тарта алады.
Классикалық философия. Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл-философ Сократтың (б. д. д. 469-399 жж. ) Есімімен тығыз байланысты болғандықтан “сократтан кейінгі” немесе “классикалық кезең” деп аталады. Ол жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге платон, аристотельдердің еңбектері арқылы етті. Сократ ауызша пікірталастырып диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге әкелуге тырысты.
ОРТА ҒАСЫР БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫ.
Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына батыс европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты “шіркеу әкейлері” мен “пұтқа табынушылар” философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздың ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жинақтап, кейін алолегетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: юстин мученик (100-167 жж), тациан (ІІ ғ. Екінші жартысы), тертуллиан квинт септимий флоренс (160-222 жж) т. б. б олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыазамат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнына боасатын христиандық діни-филослофия жасауға бар күштерін салды. Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай - нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Жалпы нақтылық уақыттық бастамасы жоқ (тертуллин) . Осы тұрғыдан апологеттер платоншылар мен гностиктердің тән және жан туралы ілімдерін сынға да алады. Апологеттердің христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемелекеттік дінге айналдыру қажет деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері ортағасырлық философияның келесі сатысы - патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.
ОРТА ҒАСЫР АРАБ ЖӘНЕ ТҮРКІТІЛДЕС ФИЛОСОФИЯСЫ
Араб және түркітілдес философия. Орта ғасырларда дамып, гүлденген араб және түркітілдес философия туралы әдебиеттер баршылық, дегенмен де ол әлі толық зерттелмеді. Бүгінгі таңда шығыс мәдениеті мен философиясы, өркениетті әлемдік деңгейге рухани мәдениеттің бар саласына белсенді әсер етіп үлкен үміт арттырып отыр. Бұл 63 еуроцентристік теориялардың жалпы әлемдік универсализмге ие бола алмай тұйыққа тірелген шағын көрсетіп отыр.
Орта ғасырлық шығыста VІІІ-ІХ ғасырларды батыс еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Бұл арабтардың ұлттық санасезімінің оянуы, мәдениетінің кең өркен жаюы, жалпы VІІ ғасырда арабстанда жаңа ислам дінінің пайда боуымен де байланысты болды. Олар VІІ ғасырдың екінші жартысында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды. Араб халифаты VІІІ ғасырдың бірінші жартысында тіпті бұрынғы рим империясынан да асып түскені бізге тарихтан белгілі. Оның құрамына арабстаннан басқа иран, армения, индияның солтүстік- 64 батысы, сирия, египет, палестина, бүкіл солтүстік африка жағалауы және пирней түбегі кірді.
Осыған орай бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани ортылыққа айналды. Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппократ мен Галеннің, Эвклид, Архимед және Птоломейдің шығармалары араб тіліне аударылап, басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Ал Х ғасырда екінші орталық Пирней түбегіндегі Кордова қаласына ойыса бастап, ХVІ ғасырда мәдени даму өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Аристотелизм ағымының ықпалы философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп мұсылман перипатизмінің негізгі қаланды. Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі, Аль-кинди, Әл-фараби және ибн Синаның (авиценна) атымен айланысты шығыстық аристотелизм. Екіншісі, ибн Туфейл және ибн Рушдтың (аверроэс) атымен байланысты испан аристотелизмі. Алғашқы кезде арабтар аристотель философиясының неоплатониктер бұрмаланған нұсқасымен танысқан-ды. Кейіннен, аристотельдің түпнұсқа еңбектері араб тіліне тікелей аударылап, зерттеу объектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп араб мұсылман әлемі платон және аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды.
ҚАЙТА ДӘУІРЛЕУ ФИЛОСОФИЯСЫ.
XV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Ал, қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініпбілуге жол ашты. Адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері тікелей бағынышты табиғат заңдылықтарын танып-білуде барлық ғылымдарға тән универсалдық (әмбебаптық) тәсілдің маңызы зор деп есептелініп, сондай әмбебаптық тәсіл ретінде көбінесе логикалық ойға және тәжірибеге сүйенген математикалық, кейінірек механикалық тәсіл ұсынылды. Қайта өрлеу кезеңі философиясының гуманистік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі (н. кузанский, пикоделла, мирандолла, леонардо да винчи т. б. ) Адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, екіншісі - (Н. Макивелли, томас мор, томазо компанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болы отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрса, үшіншісі (Н. Коперник, Д. Бруно, Г. Галилей) - табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.
ЖАҢА ЗАМАН ФИЛОСОФИЯСЫ.
Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия т. б. Ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті, қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл - ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы - Френсис Бэкон (1561-1626 ж) еді. Негізгі еңбектері: “ғылымдар табысы”, “жаңа органон”, “жаңа атлантида” т. б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты - табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материян қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі - қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан т. б. Ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтын болғандықтан - нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірі мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп - табынушылық, жалған эксперимент екендерін түсінулері керек. Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді және олар бір-бірімен байланыста болмайды. Дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әр қайсысы өз жолымен ақиқатқа жетулеріне болады. Томас Гоббс (1588-1679 ж. ) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзқарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: “левиафан - материя, форма, мемлкеттік, діни және азаматтық билік”.
Франция ХVІІІ ғасырда ағылшын философиясының ықпалымен ағартушылық ілімнің ошағына айналды. Бұл қозғалыстың көсемі вольтер, 86 шын аты-жөні франсуа мари аруэ (1694-1778 жж) болды. Негізгі шығармалары: “тарих философиясы”, “философиялық повестер мен әңгімелер”, “эстетика”, “хаттар”, т. б.
НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ.
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Кант Иммануил (1724-1804 жж. ) Бүкіл өмірін Кенисберг қаласында өткізген. Негізгі еңбектері: “Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы”, “практикалық ақыл-ойды сынау”, “таза ақыл-ой шеңберіндегі дін”, т. б. Әдетте, кантты “сыни кезеңге дейінгі” және “сыни кезеңдегі” деп екіге бөліп қарайды. Сыни кезеңге дейінгі Канттың күн жүйесінің аса зор газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлес емес, жалпы дүниетанымдық методологиялық маңызы бар жаңалық болды. Біріншіден, қозғалыс - материяның өзіне тән тартылыс және серпіліс сияқты қарама-қарсы күштердің арқасында, ешқандай да сыртқы күштің әсерінсіз пайда болған құбылыс. Қозғалыс пен тыныштықты салыстырмалы түрде түсінуге болады. Екіншіден, осы күштердің әсерінен әртүрлі әлемдер жүйесі қалыптасып, күйреп, одан шашыраған бөлшектерден қайтадан жаңа денелер пайда болып жатады. Сөйтіп, әлем ылғи да даму үстінде болады. Үшіншіден, лем құрылымына енетін үлкенді-кішілі жүйеленген денелер өзара сатыланған бағыныштылықта болады. Өзіне кішігірім жүйелерді бағындырған үлкен жүйе, өзінен де ауқымды басқа жүйеге кіреді, сөйтіп шексіз кете береді. Демек, әлемдегі денелер жүйесі өзара әмбебаптық байланыста болады. Сыни кезеңдегі канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарастырмастан бұрын, адамның танып-білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз керек.
Кант таным процесінің осы екі сатысының негізінде алынған трансцендентальдық білім деп атайды. Трансцендентальдық таным дегеніміз таным процесінің заттың өзіне емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы затты қандай деңгейге дейін біле алатындығы. Танымның үшінші сатысы - трансценденттік танымда - таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екенін білуге, басқаша айтқанда “өзіндік заттардың” табиғатын, мәінін түсінуге ұмтылады да, шешілмес қайшылықтарға (антиномияларға) тап болады. Айталық, рух өле ме, өлмей ме, әлем қалай пайда болды, құдай бар ма, жоқ па т. б. Осы сияқты сұрақтар антиномияларға толы. Осы мәселелерді көтеріп, оған жауап беріп жүрген схоластикалық, онталогиялық, рационалистік, діни т. б. Ілімдер жалған ғылымға жатпайды. Себебі, бұл аталған идеялардың не дұрыс, не теріс екендігін теория жолымен дәлелдеу мүмкін емес, олай болса “өзіндік заттарға” тән оның ішкі заңдылығын, мәнін біз танып-біле алмаймыз, сондықтан оған талпыну - бос әурешілік.
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ФИЛОСОФИЯСЫ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz