Жүріс - тұрыс және эмоционалды - ерік аймағында бұзылыстары барлар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жүріс-тұрыс және эмоционалды-ерік аймағында бұзылыстары барлар
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытудың арнайы жағдайлары Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды МЖБС сәйкес жалпы білім берумен, сонымен қатар олардың дене бітімі дамуындағы, танымдық және тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды жеңуді қамтамасыз ету оқытудың негізгі міндеттері болып табылады. Тірек- қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін. Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы: - бастауыш білім беру деңгейінде - 0 (даярлық), 1-4 сыныптар; - негізгі орта білім беру деңгейі - 5-10 сыныптар; - жалпы орта білім беру деңгейі - 11-12 сыныптар. Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу және қимыл-қозғалыстың бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр. 28 Оқу әрекетін нормаға сәйкестендіру және оқытудағы қиындықтарды жеңу барысында арнайы сыныптың оқушысы, оқытудың кез келген сатысында кәдімгі сыныпқа ауыстырылуы мүмкін. Қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар интеллектуалдық ауытқуы байқалатын бала ақыл-есі кем оқушыларға арналған арнайы сыныптарда оқытылады. Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, сонымен қатар жалпы білім берудің бағдарламалары мен оқулықтарына жүзеге сәйкес асырылады. Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1 жылға ұлғайтылуына байланысты жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұны балалардың ерекшелігін ескере отырып жаңаша бөлістіріледі және бейімделеді. Оқу процесінде оқушылардың қимыл-қозғалыстық және сөйлеу ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет. Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. Оқу процесін ұйымдастыру арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдануды, бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық (алдын ала) оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы ауытқуды түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді қарастырады. Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім беретін пән сабақтарында бекітіледі. Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларды оқыту емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылады, бұл жұмыстардың құрамына: қимыл-қозғалыстың бұзылуын медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқуды дәрі-дәрмектік емдеу, соматикалық аурулардың алдын алу кіреді. Емдеу іс-шараларын бала дәрігерлері (педиатрлар), психоневрологтар, ортопедтар, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) дәрігерлері, физиотерапевтер, орта және кіші медициналық қызметкерлер жүзеге асырады. Мектеп оқушысының қимыл-қозғалыстық, сөйлеу және жалпы дамуындағы кемшіліктерді жеңу үшін келесі курстар бойынша арнайы оқу жоспарымен қарастырылған жекелеген және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады: 1) массаж, шипалы балшық-сумен емдеу, дәрі-дәрмекпен емдеу аясында ұйымдастырылатын ЕДШ (балалардың қимыл-қозғалысы бұзылуы 29 басымдылығының орнын толтыру мақсатында жекелеген және топтық). Әр оқушыға арналған түзету жұмыстарының жоспарын ЕДШ әдіскері мен дәрігер бірлесе отырып оқу жылына құрастырады. ЕДШ нұсқаушысы әр оқушыға арналған есеп карточкасын жүргізеді, оның ішіне баланың қимылқозғалысы туралы мәліметтер, жұмыстың жалпы жоспары, кезеңді жаттығу кешендері, әр сабақтың өткізілуі және оның нәтижелері жазылады. Әр тоқсанның аяғында түзету жұмысының қорытындысы шығарылады және қол жеткен нәтижелерді ескере отырып жоспарға толықтырулар енгізіледі. Сабақтар ЕДШ бөлмесінде немесе арнайы жабдықталған гимнастика залында өткізіледі. Алынған нәтижелер дене шынықтыру, технология және сабақтан тыс жалпы дене шынықтыру шараларында бекітіледі; 2) сөйлеу кемістігі бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аутизм мәселесінің тарихы
Есту қабілеті зақымдалған балалардың бөтен адамды алғаш көрген кездегі эмоциялық әсері
Жасөспірімің интеллектілік дамуы
Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі
Балалардың әртүрлі жас кезеңіне байланысты анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері және олардың дамуы кезіндегі ауытқуымен байланысты ауруларды алдын алу
Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым - қатынасының зерттелуінің жағдайы
Шизофренияның даму тарихы
Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті жүріс-тұрысының псиологиялық ерекшелігін анықтау
Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары туралы
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған балалармен жүргізілетін танымдық оқыту әдістері
Пәндер