Дүние жүзілік діндер тарихы


Діндер тарихы
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында өткен халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 70 пайыз мұсылман, 2, 8 пайыз атеист, 26 пайыз христиан тұратыны мәлім болды. Бұл туралы Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Ә. Смаилов хабарлаған. (ИА Новости-Казахстан) .
Негізінде дін адамзатты ізгілікке тәрбиелеп, елді ұйыту негізінде пайда болған. Ал діни ағымдар ше? Олардың мақсаты «Жеріңді жаулап, еліңді күң қылып аламын» дегеннің кері. Дүние жүзілік діндер, олардың тарихы туралы не білеміз? Қазақтың дәстүрлі діні дегенді қалай түсіну қажет? Ойымызды осы мәселелер төңірегінде өрбітсек…
«Дін» - араб тілінен енген сөз. Сөздікте «Бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету» мағыналарын береді.
Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы - дiнтану. Дiнтану ғылымы - дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты - дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.
Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе және дiннен бас тартар болса, қоғам зандылықтары бұзылып, дүние ойран болады. Ислам философиясы - дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, - дейді мамандар.
Мысалы, 1969 жылы Америка Құрама Штаттары арақты харам еткен заң шығарады. Оны iшетiндердің мал-мүлiктерiн тәркiлеп, алты ай абақты жазасы белгiлендi. Әйтсе де, заңды орындауға, оны қысқа мерзiмде iске асыруға мүмкіншілік болмады. Бiрiншiден, қоғамдағы адамдарды түгелдей абақтыға жауып, дүниелерін түгелдей тәркілеу қажет еді. Ал олай жасалмаған жағдайда заңның күшін жою керек болды. Әрине заңның күші жойылды. Осындай жағдай 1400 жыл бұрын Араб түбегінде орын алған. Онда арақтан тыйылу Алланың бір-ақ сөзімен іске асты. Ол - Алланың: «Сендер тоқталасыңдар ма, жоқ па?» - деген бұйрықты сұрағы еді. Арақтан тыйылу әлеуметтік қажеттілік деп шешті де, жауап қатты: «Біз тоқталдық, ей иеміз…» - деп ыдыстағы арақтар түгелдей жерге төгілді. Сол кезде төгілген арақтан көшелер шылқып кетті. Міне, мұсылмандар арасында арақ ішу осыдан бастап тоқталды. Демек, арақты харам етіп заң шығарудан ештеңе шықпай, Алла тағаланың өзі берген тыйымды, шапағатты жол адамның жүрегімен астаса жұмыс істегенде ғана нәтижесін көрсетті. Бұл мысалдан діннің мемлекеттік саясатқа әсерін де көре аламыз. Негізінен мемлекетте қай дін «ресми» дін ретінде мойындалса, мемлекеттік саясат соның ыңғайына құрылады. Зиянды ағымдардың өз үстемдігін орнатуға барынша ұмтылу себебі сонда жатыр.
Діннің құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек», - деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Әлемдік діндердің мәні мен шығу тарихын да осы тұрғыда саралаған жөн. Сонымен…
БУДДИЗМ
3ерттеушiлердiң пiкiрiнше, буддизм осыдан 2500 жыл бұрын пайда болған. Оның негізін Индияның солтүстiгiнде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни есімді тұлға қалаған. Ол жер-жерлерді аралап жүрiп, өз ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзiн Будда (атақты бiлгiш) деп таныстырған. Ол жердегі адамзатты, жан-жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екенін түсіндірген.
Шығыс философтарының тұжырымдарына сүйенсек, Будданың анасы, шакья тайпасының патшасының әйелі Майя (Махамайяульи Майя) бiрде түс көрген. Түсiнде оның құрсағына бiр аппақ пiл кiрiп кеткен. Содан көп ұзамай Майя жүкті болып, балалы болған. Аңызға қарағанда, бала жерге шыр етiп түскенде, оған бүкiл құдайлар қатты қуанған. Әкесi баласының дiн жолына түсуін қаламай, оған дүниелiк тәрбие берген. Көңілін дiннен қашықтату әрекетiнде болған. Патша болғандықтан, әшекей дүниелерге кенелтiп, оны үйлендiредi. Бiрақ, бұл әрекеттерi баласын тоқтата алмайды.
Бiрде Суддхартхи (Будда патша кезінде осы есімді иеленген) қалада үстiн жара басқан бiр қартты кездестiредi де, «Азаптан кұтқару» идеясын ойлап табады. Содан барлық сана-сезiмiн сарп етiп, азаптан кұтылу үшiн не iстеу керек дейді өз-өзіне. Құтылудың жолы - тек өзiн-өзi азаптау. Барлық дүниесін тастап, ел кезіп, қайыршылық жолмен күн кешiп, идеясын уағыздауға көшедi. Қиындықтарды бастан кешіп, тұрмыстық дүниенi тәркi етiп, бедеулiк жолға түседi. Бiрақ сол кездегi өзiн бедеушiлiкте ұстайтын брахмандарға ұқсаудан сақтанғысы да келедi.
Әулиелiк қасиетi бар деп саналатын Бодхи деген ағаштың түбiнде отырып, төрт шындықты ойлап табады. Бiрақ ойын амалға асыруға өлiмнiң Құдайы - Мара кедергі жасап, тазаруға жiбермейдi. Қыздарын жiберiп, көңілін бөлгiсi келедi деп жазылады Будда туралы аңыздарда. Будда өз iсiне берiк болып, Варанас қонысына жақын жерде “пiл паркiнде” бiрiнші рет өз идеясын адамдарға жеткізеді. Сол төрт шындықты өз шәкiрттерiмен 40 жыл бойы ел аралап таратып, дiнiне кiрудi уағыздайды. Өсиеттерiнен, жасаған кереметтерiнен бiр дұрыс қорытынды табуға әрекет етедi. Бiрақ ешқандай дәлелдi немесе маңызды, құнды нәрсе таба алмайды.
Француздың буддолог ғалымы Г. Сенар Будданы мифологиялық образ санады. Немiс ғалымы Г. Керн Будданың тарихта болғанына күмән келтiрiп, оның өмiрбаяны - аңыз дейдi. Әйтсе де, көптеген ғалымдар Будданы тарихтағы белгiлi тұлға есебiнде қарайды. Аталмыш көзқарастың негiзiнде - Шакьямуни буддизм монахы құрылды.
Буддизм пайда болмай тұрғанда да Индияның мәдениетi өте жоғары деңгейде болған. Үндістердің жазуы, әдет-ғұрпы, дiндерi дамыған. Индия мәдениетi әлемдiк деңгейдегі Месопотамия, Египет мәдениеттерiнiң қатарында тұғын. Философиялық көзқарастарда Буддизм белгiлi бiр әлеуметтiк жағдайлардан туған дін. Үндiстанда б. д. д. ҮI ғасырда құл иеленуші қоғам құрылды. Қоғамды билеп-төстеушілер, брахмандар мен әскери қоғам бір-бірімен бақталаста өмір сүрді. Соғыста әскерлер жер иелеріне, саудагерлерге және хәлі нашар бұқараға сүйенді. Сөйтіп б. д. д. ҮІ ғасырда үнді қоғамындағы әлеуметтік коалиция ерекше парасатты жағдайдағы лауазымдарды құрметтейтін брахманизм идеологтарына қарсы күресті.
Индияның солтүстік жағында кішігірім мемлекеттер бір-бірін жаулап алған. Жауланған халықтың діни ұғымдарымен өздерінің діни ұғымдарын байытып, дамытып отырған. Құл иеленуші қоғам болғандықтан, үстем тап төменгі тапты қанаған. Дегенмен, өндіріс күші де дамыған. Әсіресе Ганга бойындағы өндіріс күштерінің дамуының нәтижесінде таптық күрестер шыққан. Жеке қолөнершілік, кіші кәсіпкерлік өсіп, төңірегіндегі топтармен байланыс жасау басталып, оларға өз мәдениетін таратуға әрекеттенген. Будданың өсиеттері жазылған Махавагга, Ману, Джатак деген кітаптары пайда болған. Индияның көпшілік таптары бір-бірімен соғысып отырғандықтан жоғарғы тап қорғану жағдайына көшіп, өз күшін нығайта түсіп, әрі бір-бірімен бірлестікке келіп, топтаса түскен. Нәтижесінде Маурья империясы орнаған. Осы кезде түрлі касталарға бөліну, дүниені зерттейтін институттар, діни философиялық ағымдар пайда болған. Осындай жағдайда буддизм де күш алып, әлем діні дәрежесiне жеткен.
Дін барлық халыққа жеңiлдiк беріп, бүкiл адамдардың қайғы-қасіретке бiрдей екенiн жариялап және одан арылуға шақырған. Дiни оқулар орны көбейiп кетiп, неше түрлi құдайшылдар топтары өз көзқарасын талқыға салған. Дүниенің пайда болуына, байланыс күшінің барлығына сенiмсiздiкпен қараған. Ол кезде құдайға сенушiлiк болған жоқ, дiни ұғыммен адамды тазалауға болады деп түсiндірген. Адамның қоғамға, айналадағы байлыққа көзқарасын екiншi орынға ығыстырған. Дегенмен, дiни тазалықты жоғарғы топтан ғана iздедi, ал ең соңғы касталарын адам деп қарамады, екi аяқты мал есебiнде көңiл бөлмедi.
Ү-ҮІІ ғасырларда буддизм мәдениетi өркендеп, ең жоғарғы деңгейге жеттi. Монастрларда үлкен байлық жиналды. Азияның қалалары - Кошамби, Санчи, Бодх-Гасде, Матуре, Сарнатхе, Аджантеде әшекейленген храмдар салынды. Будданың мүсiндерi жасалды. І ғ. Қытайға, ҮП ғ. Тибетке, ХIҮ ғ. Монғолия мен Ресей мемлекеттеріне ендi.
ХРИСТИАН ДIНІ
Әлемдік діндердің бірі - христиан діні. Иса (с. ғ. ) -ға түскен «Інжіл» кітабы адамдардың қолымен өзгертіліп жазылып, сол мазмұн бойынша тараған дін. Інжіл кітабының алғашқы түпнұсқасын өңдеп жазғандар: Матфей, Марка, Лука және Ионна еді. Кітаптардың түпнұсқасын жазған Павел деген апостол. Оның жазбасының 27 түрлі ерекшелігін Ионна атап көрсеткен. Діндарлардың көзқарасынша, кітаптың алғашқы түпнұсқасында әрбір әріп жоғарыдан, яғни жаратушы иеден, ал қоспа сөздерді адамдар өз қолдарымен жазды деген тұжырымдамаларды айтады. ІҮ ғасырда «Шіркеу тарихы» деген кітаптың авторы Кесарий кітапқа қосылған Ионна мен Павелдің қоспаларын атап көрсеткен.
Әртүрлі автордың жазғанынан Евангелий қолжазбаларының өзгергені соншалық, бір-бірінен ажырату немесе бір-біріне қабыстыру мүмкін емес. ІІ ғасырда-ақ христиан идеологтары Евангелийдің түпнұсқасын немесе біркелкі мәтінін анықтауға әрекет жасады. Әртүрлі пікірталастан кейін негізгі үш мәтінді қабылдады. Олар Александриялық Гесихия, Кесарийлік Памфила, Антиохийлік Лукиана мәтіндері.
Христиан дінінің пайда болу кезеңі Иса (с. ғ. ) -ның туған кезінен, яғни дәуіріміздің бірінші ғасырының басынан деп белгіленеді. Бірақ оның кітабы - Інжіл бірнеше ғасыр бойы жазылып, өңделіп келді.
Дегенмен, христиан діні - адамзат тарихындағы ең ірі діндердің бірі. Ол Рим империясының шығыс бөлігінде пайда болды. Бұл кезеңде терең әлеуметтік күйзеліс империяны жайлаған еді. Күйзеліс дәстүрлі өндіріс, мемлекет, саясат, идея, сенім түрлерін ыдыратып жіберді. Мұндай дағдарысқа құлдар бұқаралық көтеріліспен жауап берді. Көтерілісшілерді басып тастауға Римнің күші жеткілікті еді. Өжеттерді жазалап, қинап, өлтіріп жатты. Ол кездегі Спартак көтерілісі де қанға боялды. Спартак көтерілісінен кейін құлдардың, езілуші таптың бостандықтан үміті үзілді. Ал, құлдардан басқа жер иеленушілер, саудагерлердің жағдайы өзгеше болды.
Рим империясы Жерорта теңізі бойындағы елдерді өзіне бағындырып, нағыз құл иеленуші болып алған. Олардың қасиетті жерлерін талқандады, дәстүр, әдет-ғұрпын, сенімдерін қорлады.
Римдіктер жаулап алған Шығыс халықтарының ескі тайпалық діндері, римдіктердің ұсынған ұлттық діндері халықтың көңіліне жұбаныш әкеле алмады. Сондықтан барлығына түсінікті дін қажеттігі туды.
Христиан діні осындай кезеңде, яғни барлық езуші таптарды біріктіру кезеңінде пайда болған дін. Оның негізгі идеялық негізін қалауда әртүрлі шығыстық діндер және әлемдегі бірқатар философиялық түсініктер әсер етті.
Келешектің жақсылығынан, «көктен келген құтқарушының» шапағатынан үміттенген Рим империясының адамдары оның іздерін иудей миссиясынан, Филоней Погосынан іздеді. Осындай жайлардан Құдай-адам, яғни Исус Христос бейнесіндегі құдай пайда болып, Христостың атымен христиан діні аталды. Бұл діннің негізін салған адам туралы, оның болғаны жайлы пікірталастар, дау-дамайлар осы күнге дейін жалғасып келеді. Өмірде болғанына сенімсіздікпен қараушылар көп.
ЗОРОАСТРИЗМ
Зороастризм отқа табынушылық діні. «Зороастр» сөзінің мағынасы «зоро» - адам, «астра» - жұлдыз.
Зороастризм діні ең алғаш протоинди ирандықтарынан шыққан. Олардың мекендеген жері Азияның кең байтақ далалары, Жайық өзенінің шығыс жағалауы. Протоинди ирандықтары Иранды жаулап алған және сонда мекендеген. Олар б. э. 3000 жыл бұрын өмір сүрген. Бұл дінді ең алғаш рет таратқан ирандық жігіт - Зороастр.
Ол туралы мынадай аңыз бар: 30 жасында бір сәуле көреді, оны «уаху мая» дейді. Қазақша аударғанда «ашық сәуле» деп аталады. Оны құдайлардың ең үлкені Ахурамаздаға апарады. «Ахура» қазақ тілінде - ақылды, «мазда» - құдай деген мағынаны береді. Ахурамазда Зороастрды өзінің елшісі етіп сайлайды. Содан Зороастр Ахурамазданың ең жоғарғы құдай екенін сезіп, әділетті, мейірімді Жаратушы құдай деп дәріптейді. Ахурамаздаға қарайтын 3 құдай бар:
1. Митру құдайы. Міндеті: жарату.
2. Анахиту - су құдайы.
3. Варуну - соғыс және жеңіс құдайы.
Бұларға қарсы Ақырман - зұлымдық құдайы. Кезінде қазақтар балаларын «Ақырман келеді» деп қорқытқан.
Зороастр дініндегілер күнделікті дәрет алып, 6 рет жуынады. Бұған қоса құммен тазаланады. Бұл тазалықтары 2 аптаға жетеді.
Құммен тазалану рәсімі: құмға дәрет сындырып, оны араластырып сүртінеді. Тазаланып болған соң жанына итті қойып іштей ғаттаны оқиды. Итті қазақтар сияқты қасиетті жануар санаған.
Қатаң тәртіптері бар: құмырсқаны, жыланды, осыларға ұқсас жәндіктерді ұстауға болмайды. Ұстау - күнә. Осымен қатар ет жеуге, жаңбырлы күні далаға шығуға болмайды, себебі жерді кірлетеміз дейді.
Әйелге қатысты заңдылықтары: етеккірі келсе, отқа жолатпайды, таза емес есебінде. Қараңғы жерде отырғызады, ұйықтайтын болса жерде жатады, тас орындықта отырады. От жағуға рұқсат жоқ, тамақты бөлек ішеді, храмға кіруге рұқсат бермейді. Әйел бала туатын болса, тазалықты кірлету деп есептейді. Бала туар алдында бөлмесіне от жағып қояды. Босанарда оттың жалыны түзу болу керек, себебі қисық болса, бұл баланың жын-шайтаны көп болады деген. Әйел босанғаннан кейін тазару жолын қиындатқан. Бірінші күні таза су ішкізбеген, отқа жылынуға тыйым салған.
ДАОСИЗМ
Даосизм (қытайша «дао цзяо» - «жол ілімі») б. з. б. ІҮ-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император») ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алды. Ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзыныкі саналады. «Жол және ізгіліктер туралы канонда» (Дао-де-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б. з. б. ІҮ-ІІІ ғ. ғ. ) Чжуан-цзыда баяндалады.
Тұтас жүйе ретіндегі даосизм «Лэ-цзы» (б. з. б. ІҮ-ІІІ ғ. ғ. ) және «Хуаинань-цзы» (б. з. б. ІІ ғ. ) еңбектерінде тұжырымдалған.
Даосизм адамға қоршаған ортаның сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) - ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Оны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған. Және соңында даоға қайта оралады.
Көне даосизмнің философиялық ұстанымы оратағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даоцизмнің көрнекті өкілдері Ге Хун (ҮІғ. ), Вань Сюаньлань (ҮІІ ғ. ), Ли Цюань (ҮІІІ ғ. ), Тянь Цяо (Х ғ. ), Чжуань Бодуань (ХІ ғ. ) . Конфуцийшілдік білім алған зиялы қауым да даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты ұнады, табиғатпен тұтасуда шығармашылық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас әсіресе Хань династиясы құлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің Қытай жеріне бейімделуі арқасында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-тұжырымдарды қабылдады, буддалық ұғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолық терминдер тіліне аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті.
ІІ ғасырда «Аспан жұлдыздарының жолы» деп аталатын Чжан даомин (І-ІІ ғасырларда) негізін қалаған бағыт пайда болды. Аңызға сай ол Лао-цзыдан аян алып, оның жердегі өкілі болу құқығын иеленеді. Оның «Көктен түскен ұстаз» титулы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. ІҮғасырда «Жоғары тазалық» және «Рухани асыл қазына» атты даолық мектептер пайда болды. Олар медитациялық пайымдау тәсілдеріне көп көңіл бөлді.
ІҮ-ҮІ ғасырлардан бастап даолық ілімнің көптеген қағидалары қайта қарастырылып, ресми мәртебеге ие болды. Біртіндеп ауқымды иерархиялық канон жасалды. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда монахтық институттар мен монастырлар, ҮІІІ ғасырда қытайлық көптеген институтттар мен монастрлар, ҮІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде көптеген мектептер қалыптасады, солардың бірі - «кемелденген ақиқат ілімі» осы күнге дейін жетті.
Қазіргі уақытта даосизм ҚХР, Корея, Тайвань, Сяньганьда және қытай эмигранттары арасында кең таралған. Даосизмді күнделікті тұрмысқа енгізген діни синкретті топтар 1960 жылы ҚХР-да қудалауға ұшырады, бірақ 80-ші жылдардан бастап олар, әсіресе, шет аймақтарда өз ықпалын қалпына келтіруге талпынды. Белсенді әрекет ететін Қытай құдайлары пантеонында шаман - медиумдар, галлопаттар, бал ашатындар, физиогномистер қызмет жасайды. Даолық храмдарға, монастрлар мен киелі орындарға мыңдаған діндарлар барады. Қытайдағы «Даоцизм ілімін ұстанушылардың бүкілқытайлық ассоциациясы» жұмысын қайта жандандырған.
Даосизмнің қазіргі күні әлемде кең таралған оккульттік практикасы фен-шуй немесе геомантияға ерекше назар аударуға болады. Сөзбе-сөз фен-шуй «жел және су» - өмір ағымының қозғалысы деп аударылады. Бұл адамның ішкі дүниесін үйлесімділікке келтіріп, сыртқы ортадағы заттардың көмегі арқылы әлеммен гармонияда болу дегенді түсіндіреді.
Фен-шуй ТМД аумағына Қытайдан емес, Батыс елдері соның ішінде Англия мен Германиядан келген. Батыста халықаралық «Фен-Шуй» орталығы құрылған, ал оның Қазақстандағы филиалы 2000 жылдың 3 мамырында тіркелген. («Егемен Қазақстан» газеті, «Даосизм», 2006 ж. 7-шілде)
ИСЛАМ ДІНІ
Ислам (арабтың - Аллаға тәуап ету, мойынсұну сөзі) - әлемдік діндердің бірі. ҮІІ ғасырда таптық араб мемлекеттері орныға бастаған тұста Батыс Аравияда пайда болған. Исламның діни уағыздары Құранда баяндалады. Бұл кітап Жаратушы Алладан Мұхаммед пайғамбарға түскен. Исламның негізгі ұстанған жолы - жалғыз құдайды - Алланы ғана мойындау.
Ислам ақиқат және ең ақырғы дін. Қазақ өзін «мұсылманмын» деп санағанымен, исламнан бұрынғы діндердің де дәстүрлерін ұстанады.
Қазақтар әулие-әнбиелердің бейiттерiне барады, құран оқиды, сыйынады. Қиын жағдайға душар болғанда, әулиелердің мазарына барып құрбандық шалып, көмек сұрап жалбарынады. Мұндай қасиетті жерлер Қазақстанда көп. Халық оларға қазір де сенеді. Атақтысы - Қожа Ахмет Яссауидың кесенесі, ел аузында «Мәдинеде - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет» деген сөз бекер сақталмаған.
Түркістанда Арыстан бабтың кесенесі бар. Арыстан баб - Қожа Ахмет Яссауидың рухани ұстазы болған. «Түркiстанда - түмен Баб, ең үлкенi - Арыс-тан Баб» деген де сөз бар. Ақтау қаласынан үш жүз шақырымдай жерде Бекет ата мазары, Қызылордада Оқшы ата мазары орналасқан.
Қазақтарда жиi айтылатын сөз - «Құдай». Түркітілдес халықтар ислам пайда болғанға дейін Алланы «Құдай» деп атаған. Б. э. д. ІІІ ғасырда пайда болған зороастризм дінінің «Авеста» кітабында осы сөз жазылған. Зерттеушi С. И. Оспановтың айтуынша, «Авестаның» тілі - көне түркi тiл. «Құдай» сөзі екi түркi сөзінен: «Құт(ты) » және «ай»-дан құралады. «Байлық, бақыт, аманшылық беретін - ай» деген мағынаны бiлдiредi. Айды сол замандарда құдайдың деңгейiне дейiн көтерген.
Зороастризм - исламнан бұрын пайда болған дін. Қазақтар күн мен айды қастерлеген. Ай туғанда, ата-бабаларымыз алақанын жайып: “Ескi айда есiрке, жаңа айда жарылқа” деп тілек тілеген.
Байырғы түріктердің жын-шайтан туралы да түсініктері болған. Жындарды: албасты, қарабасты, т. б. деп атаған. Түсініктерінде жындардың жаманы, жақсысы болған. Жаманы адамды ауруға ұшыратқан. Шайтанды түркілер «эрлік» деп атаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz