Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Н. 4. 02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК

БЕКІТЕМІН

ОӘК шешімімен

Төраға ак. доцент, п. ғ. м. А. К. Курманова

(қолы) (аты-жөні, тегі)

«29 » тамыз 2019 ж.

Қазақ филологиясы кафедрасы

(кафедраның толық атауы)

Шагирбаева Бақтыгүл Қошқарбайқызы

(автордың аты-жөні, тегі)

5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті

5В012100 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

5В020500 - филология

(мамандық шифры, атауы)

мамандығының студенттері үшін

Нормативтік қазақ тілі

(пәннің атауы)

пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Оқу нысаны: Күндізгі

Көкшетау 2019 ж.

Әдістемелік нұсқаулар Нормативтік қазақ тілі пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және курс практикалық және семинарлық жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қарастырылған

« 28 » тамыз 2019 ж . / хаттама № 1 /

Кафедра меңгерушісі ф. ғ. к., доцент О. А. Жумагулова

(қолы) ( аты-жөні, тегі)

Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

«29» тамыз 2019 ж. /хаттама № 1 /

ОӘК төрағасы ак. доцент, п. ғ. м. А. К. Курманова

(қолы) ( аты-жөні, тегі)

  1. Жалпы түсінік

5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, 5В020500 - Филология мамандығы мамандығына арналған практикалық және семинар сабақтары оқу жұмысының негізгі түрі болып саналады. Ол оқу жоспарында көрсетілген сағаттарға сай беріледі.

Практикалық және семинар сабақтардың мақсаты -­ студенттің танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ойлауын қалыптастыру, шығармашылық белсендігін арттыру.

Практикалық және семинар сабақтарының міндеті:

  1. оқу пәнінің аясында білім деңгейін бекіту, тереңдету, кеңейту;
  2. студенттерге оқу пәніне қатысты теориялық білімдері мен тұжырымдамаларының тәжірибелік тәсілін, сараптау әдісін үйрету;
  3. студенттердің бойында тәжірибелік сабақ барысында қазіргі теориялық және ғылыми-техникалық әдістер арқылы біліктілік пен дағдыны қалыптастыру;
  4. оқу пәнінің тақыптарына қатысты ғылыми әдебиеттерді оқу, саралау және талдауды үйрету.
  5. оқу пәніне қатысты өзіндік ойын жеткізе білуге дағдыландыру.

Практикалық және семинар сабақтарын өткізу түрлері:

  1. теориялық білімнің шешімі;
  2. жаттығулар мен тапсырмаларды орындату;
  3. іскери ойын өткізу;
  4. дөңгелек үстел, сайыс, пресс-конференция, дискурс, саяхат сабақтарын ұйымдастыру;
  5. оқу пәніне сәйкес баяндамалар мен хабарламаларды талқылау;
  6. жоспарға сәйкес оқу пәніне қатысты нақты сұрақтарды талдау.
  1. Практикалық және семинар сабақтарын өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар
  1. практикалық және семинар сабақтары оқу пәнінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып жүргізіледі;
  2. практикалық және семинар сабақтары студенттердің академиялық тобына арналып өткізіледі;
  3. практикалық және семинар сабақтары әдістемелік нұсқаулықтармен қажетті оқу және хабарлама-анықтамалық әдебиеттермен, бағдарламалармен қамтылуы керек;
  4. студенттердің практикалық және семинар сабақтарының қорытындысы рейтингілік жүйеге сәйкес бағалануы тиіс.
  1. Практикалық және семинар сабақтарын өткізу тәртібі
  • сабақтың тақырыбы мен мазмұны пәнге арналған жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес келуі тиіс;
  • студенттің білімін бақылау жүйелі түрде іске асырылуы керек;
  • семестрде студенттің білімі екі рет рейтингтік жүйеде тексерілуі қажет. Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
  • оқытушы практикалық және семинар сабақтарының осы әдістемелік нұсқаулық талаптарына сәйкес, әрі сабақты өткізу әдістемесінің нормативті құжаттар мазмұнына орай өтуі мен ұйымдастыруына жауапты;
  • оқытушы студенттің білімін шындыққа сәйкес бағалауға жауапты;
  • оқытушы оқу үрдісіндегі жоғары сапаны қамтамасыз ететін сабақ өткізу әдіс-тәсілдерін таңдауға, тәжірибелік және семинар сабақтардың мазмұнын анықтауға құқылы. Студенттің құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
  • студент оқу кестесіне сәйкес практикалық және семинар сабақтарына алдын-ала дайындықпен қатысуға міндетті;
  • студент себепті жағдайға байланысты сабақ босатса, онда оқытушымен келісе отырып, оны өтеуге мүмкіндігі бар;
  • студент обьективті аргументтер негізінде өзіне қойылған бақылау немесе қорытынды бағаға келіспеуіне құқылы;
  • студент сабақты себепсіз босатпауға;
  • практикалық және семинар сабаққа дайындықсыз келмеуге;
  • тапсырманы уақытында орындауға;
  • этикалық және моральдық нормаларды сақтауға жауапты.

Практикалық сабақтың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

№:
Сабақтың тақырыбы мен жоспары: Сабақтың тақырыбы мен жоспары
Кредит, сағат саны: Кредит, сағат саны
Тапсырмаларды тексеру түрі: Тапсырмаларды тексеру түрі
Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті): Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті)
№: 1
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

1. Тіл дыбыстарының емлесі.

1. 1. Дауысты дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.

1. 2. а, е, ы, і әріптерінің емлесі

1. 3. ә, о, ө, ұ, ү әріптерінің емлесі

1. 4. и, у, ю, я, э, ë әріптерінің емлесі

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Глоссарий

3. Реферат

4. Ұжымдық талдау

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: №1, 2, 6

Қ: 14, 22

№: 2
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

2. Дауыссыз дыбыстар және олардың емлесі

2. 1. б, в, г, д әріптерінің емлесі.

2. 2. ж, з, к, қ, л, м, әріптерінің емлесі.

2. 3. ф, ц, ч, щ, ң әріптерінің емлесі.

2. 3. ь, ъ белгілерінің емлесі.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Ұжымдық талдау

3. Реферат

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 2, 7, 12

Қ: 22

№: 3
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

3. Буын тасымал.

3. 1. Тасымалданбайтын сөздер

3. 2. Үндестік заңының орфографияға қатысы.

3. 3. Бірге, бөлек жазылатын сөздер

3. 4. Қосымшалардың жазылу емлесі

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Глоссарий

3. Ұжымдық талдау

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 2, 4, 6, 12

Қ: 18, 20, 25

№: 4
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

4. Лексика. Сөз мағынасы.

4. 1. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

4. 2. Сөздің көпмағыналылығы.

4. 3. Омоним, антоним сөздер.

4. 4. Омограф, омофондар.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Ұжымдық талдау

3. Реферат

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 1, 2, 4, 6

Қ: 14, 13, 20

№: 5
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

5. Тұрақты сөз тіркестері.

5. 1. Идиомалық тіркестер.

5. 2. Фразалық тіркестер

5. 3. Мақал-мәтелдер.

5. 4. Афоризмдер.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Реферат

3. Ұжымдық талдау

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 2, 6, 7, 12

Қ: 13, 14, 37

№: 6
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

6. Морфология, сөз құрамы.

6. 1. Түбір сөздер.

6. 2. Қосымша және оның түрлері.

6. 3. Жалғау, түрлері.

6. 4. Жұрнақ және оның түрлері.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Глоссарий

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 4, 6, 9

Қ: 14, 24

№: 7
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

7. Сөз тұлғасы және оның түрлері.

7. 1. Негізгі түбір түрлері

7. 2. Туынды түбірдің жасалу шарты.

7. 3. Біріккен сөз, түрлері.

7. 4. Қос сөздердің түрлері.

7. 5. Қысқарған сөздердің түрлері.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Глоссарий

3. Ұжымдық талдау

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 1, 7, 10, 11

Қ: 14, 24

№: 8
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

8. Сөз таптары

8. 1. Зат есімнің лексика-семантикалық ерекшелігі.

8. 2. Жалпы, жалқы есімдер.

8. 3. Зат есімнің грамматикалық категориялары.

8. 4. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Реферат

3. Ұжымдық талдау

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 2, 4, 6, 11, 12

Қ: 14, 20, 24

№: 9
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

9. Есім сөз таптары.

9. 1. Сын есімнің мағыналық топтары

9. 2. Сын есімнің құрамына қарай түрлері.

9. 3. Сан есімнің семантика-морфологиялық түрлері.

9. 4. Есімдік және оның түрлері.

9. 5. Есім сөз табының сөйлемдегі қызметі.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Глоссарий

3. Ұжымдық талдау

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 2, 6, 9, 11

Қ: 24

№: 10
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

10. Етістік сөз табы.

10. 1. Етістіктің түрлері мен жасалу жолдары

10. 2. Етіс және оның түрлері.

10. 3. Есімше, көсемше.

10. 4. Етістіктің рай, шақ категориясы.

10. 5. Сөйлемдегі қызметі.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Реферат

3. Ұжымдық талдау

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 1, 8, 11, 12

Қ: 14, 24

№: 11
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

11. Үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер.

11. 1. Үстеудің мағынасы, жасалу жолы, мағыналық түрлері.

11. 2. Шылаудың мағынасы мен қызметі, түрлері

11. 3. Одағай туралы түсінік.

11. 4. Сөйлемдегі қызметтері.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Глоссарий

3. Реферат

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 6, 7, 9

Қ: 24

№: 12
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

12. Синтаксис. Сөз тіркесі.

12. 1. Синтаксис туралы түсінік.

12. 2. Сөздердің байланысу түрлері.

12. 3. Сөздердің байланысу тәсілдері.

12. 4. Сөз тіркесінің түрлері.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Реферат

3. Ұжымдық талдау

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 1, 2, 4, 11

Қ: 15, 20

№: 13
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

13. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

13. 1. Сөйлем мүшелері туралы түсінік.

13. 2. Сөйлем мүшесі болудың шарттары.

13. 3. Тұрлаулы мүшелердің түрлері

13. 4. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Глоссарий

3. Реферат

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 2, 4, 7, 10

Қ: 14, 15

№: 14
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

14. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

14. 1. Анықтауыштың тұлғасы, түрлері

14. 2. Қосарланған айқындауыш.

14. 3. Тұрлаусыз мүшелердің түрлері.

14. 4. Оқшау сөздердің түрлері.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Глоссарий

3. Реферат

4. Ұжымдық талдау

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 2, 4, 6, 7, 12

Қ: 15, 20

№: 15
Сабақтың тақырыбы мен жоспары:

15. Сөйлем және оның түрлері.

15. 1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

15. 2. Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері.

15. 3. Жай сөйлемнің тыныс белгілері.

Кредит, сағат саны: 1
Тапсырмаларды тексеру түрі:

1. Тақырып бойынша дискуссия

2. Реферат

3. Ұжымдық талдау

Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

Н: 2, 4, 6, 7, 9, 11

Қ: 15, 20

№:
Сабақтың тақырыбы мен жоспары: Барлығы:
Кредит, сағат саны: 15
Тапсырмаларды тексеру түрі:
Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті):

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

№1 практикалық сабақтың тақырыбы: Тіл дыбыстарының емлесі

1. Сабақ жоспары:

1. Дауысты дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.

2. а, е, ы, дауысты дыбыстарының емлесі.

3. ә, о, ө, ұ, ү, дауысты емлесі.

4. и, у, ю, я, э, ё әріптерінің емлесі.

2. Сабақтың мақсаты:

- тіл дыбыстарының емлесін меңгертуде «Емле ережелеріне» сүйеніп, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.

- қазақ тілінің негізгі орфографиялық ережелерімен таныстыру;

- дауысты дыбыстардың өзіндік қағидаларын практикалық тұрғыда меңгерту;

3. Қысқаша теориялық мәлімет:

Тіл дыбыстары деп адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалған дыбысты айтамыз. Тіл дыбыстары дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екіге бөл інеді. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е, и, у, (э) .

Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады. Әріптер негізгі және қосалқы мәнді болып келеді. Егер әріп сөз ішінде жеке тұрғандағыдай дыбысталса, онда қосалқы мәнде тұрғаны. Мысалы: бала, екі сөздеріндегі б, л, а, е, к, і (дыбыстары) әріптері негізгі дыбыстық мәнінде қолданылып тұрса, ал араб, үкі дегенде қосалқы мәнге ие болып тұр, яғни б-п, і-ү болып дыбысталады.

Дауысты дыбыстардың ең басты көрінетін орны - бір буынды түбір, сондай-ақ көп буынды сөздің бірінші буыны. Тіліміздегі дауысты дыбыстардың өздеріне тән айтылу және жазылу ерекшелігі бар. Мәселен А әрпі қазақ тілінде сөздің барлық буынында кездеседі. Бірінші буында негізгі мәнге ие болады. Егер сөздің бірінші буынында жіңішке дауысты дыбыс болып, екінші буынында а әрпі кездессе ол айтылуда ә немесе а мен ә-нің аралығындағы дыбыс ретінде айтылады. Мысалы, кітап (кітәп), Ләззат (Ләззәт) т. б. Міне, осындай әріп пен дыбыстың арақатынасын реттеп, дұрыс жазу нормаларын меңгертетін сала - орфография.

А, е, ы, і сөздің барлық буындарында жазылады. Сөздің соңғы буынында ы, і дыбыстары кей уақытта түсіп қалады: орын - орны, халық - халқы, ғылым - ғылми.

Ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің бірінші буындарында жазылады. мысалы: дәрігер, жолаушы, көлем, құлын, үндеу. Ә, ұ, ү әріптері сірә, іңкәр, кінәрат, бұлбұл, мәжбүр сияқты сөздердің екінші буынында жазылады.

И дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын тұйық райдың -у жұрнағы -ю түрінде, көсемшенің -а жұрнағы -я түрінде жазылады. Мысалы: ки - кию, (киу емес), жаяды (жиады емес) .

У әрпіне бітетін етістіктерге тұйық райдың жұрнағы ешбір өзгеріссіз күйінде қосылады: бу - буу, қу - қуу.

Э, ё әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады: этика, ёлка, этнос.

Ю әрпі түбірдегі дауысты дыбыстан кейін қосынды й+у дыбыстарының орнына қолданылады: үюлі, көркею т. б.

Я әрпі сөз басында және дауысты дыбыстардан кейін қосынды й+а дыбыстарының орнына қолданылады.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Тіл дыбыстары дегеніміз не?

2. Әріп пен дыбыс.

3. Әріптің негізгі және қосалқы мағынасы.

4. Орфография.

5. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуы.

6. а, е, ы, і әріптерінің емлесі.

7. ә, о, ө, ұ, ү әріптерінің емлесі.

8. и, у, э, ё, ю, я әріптерінің емлесі.

5. Студенттің аудиторияда орындайтын жұмыстары:

  • Сұрақ - жауап
  1. Тақырып бойынша өзіңізді тексеретін тест тапсырмасын

орындаңыз.

  • СӨЖ тақырыбы бойынша қорғау:

- реферат;

- өзіндік жұмыс;

  • Жаттығу жұмыстары:

Әр сөздің айтылуында әріптің қосалқы мағынасының пайда болу себебін және дауыстылардың емлесін түсіндіріңіз.

1 - жұмыс. Жанбай атаның белгісі бойынша, бірінші орын Ақеркеге беріледі. Көз салып қарасаң сұлулықтың бәрі - табиғатта. Жап-жасыл көл бетінде, сонау көз ұшында, жүзіп жүрген қос аққуды көргенде бізде тіпті ес қалмады.

2 - жұмыс. Бұл күнде елуге келіп қалған қарт кісі айбарлы көрінді. Біз Ленинградқа пойызбен келіп түскен күні жаңбыр жауып тұр екен. Жұмысшылар кеш қарая үй-үйлеріне тарасты.

6. Үй тапсырмасы:

1. Дауысты дыбыстардың емлесі.

2. Жаттығу орындау (Қазіргі қазақ тілі. Лабораториялық жұмыстар. №7-8 жұмыс, 35-36 беттер) .

7. Тақырып бойынша әдебиеттер:

1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1960, 211-213 б.

2. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999, 40-52 б.

3. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996, 13-15 б.

№ 2 практикалық сабақтың тақырыбы:

Дауыссыз дыбыстар және олардың емлесі.

  1. Сабақ жоспары:
  1. б, в, г, д дауыссыз дыбыстарының емлесі.
  2. ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ш әріптерінің емлесі.
  3. ф, ц, ч, щ, ң әріптерінің емлесі.
  4. ь, ъ белгілерінің қолданылуы.
  1. Сабақ мақсаты:Студенттерге тіл дыбыстарының емлесін меңгертуде фонетикалық заңдылықтар мен орфографиялық ережелерді теориялық негізін меңгертіп, практикалық қорытынды шығару.
  2. Қысқаша теориялық мәлімет:

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың да сөз ішінде қолданылуында өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақтың төл сөздері б, в, г, ғ, д, щ дыбыстарына аяқталмайды, ң, й дыбыстарынан сөз басталмайды.

Б, В, Г, Д әріптеріне аяқталған орыс тілінен енген сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталады: педагог-ке, архив-ке, клуб-та т. б.

Ң әрпі сөздің арасында және соңында ғана, ал ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана қолданылады. Мысалы: жаңа, жаңарт, ғалым, ағартушы.

Ф, ц, ч, щ әрпі орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады: физика, цех, очерк, щетка.

Ь, ъ таңбалары орыс тілінен енген сөздерде айыру және жіңішкерту белгісі ретінде ғана қолданылады: объект, секретарь, съезд.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар.

2. Дауыссыз дыбыстар емлесі.

3. щ әрпінің емлесі.

4. й, х әріптерінің емлесі.

5. һ дыбысының емлесі.

  1. Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстары.
  1. Тақырып бойынша әдебиеттер:
  1. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі, А., 1993.
  2. І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1963.
  3. Басымұлы Қ. Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері. А., 1932.
  4. Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. А., 1974.

№ 3 практикалық сабақтың тақырыбы: Буын, тасымал.

1. Сабақ жоспары:

1. Сөздердің тасымалданбайтын жағдайлары.

2. Үндестік заңының орфография мен орфоэпияға қатысы.

3. Бірге, бөлек жазылатын сөздер.

4. Қосымшалардың жазылуы.

2. Сабақ мақсаты: С туденттердің дауысты және дауыссыз дыбыстардың жүйесі жөніндегі білімдерін бекіту. Сонымен қатар қазақ тіліндегі үндесік заңдарының орфографияға қатысын; бірге, бөлек жазылатын сөздердің емлесін үйретіп, жан-жақты талдау жасау шеберлігін қалыптастыру.

3. Қосымша теориялық мәліметтер:

Сөздегі дыбыстар дауыс толқынымен бөлшектеніп, топталып айтылады. Мысалы, жақсылық сөзі жақ-сы-лық болып, бөлшектеніп айтыла алады. Міне, осындай сөздегі фонациялық ауаның (дыбыс жасайтын) қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе дыбыстар тобы буын деп аталады. Қазақ тілінде буынның үш түрі көрсетіліп жүр:

  1. ашық, 2) тұйық, 3) бітеу буындар.

Буынның қалай пайда болатынын, жалпы сипатын аңғарғаннан кейін, алдымен меңгеріп алуды қажет ететін қарапйым да аса маңызды ұғым - сөздің буын жігін табу немесе сөзді буынға бөлу. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, қа-на-ғат-тан-ды-рыл-ма-ған-дық-тан.

Жазып келе жатқан, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір, я бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді. Сөздердің бәрі тасымалдана бермейді. Сондықтан тілімізде тасымалдауға келмейтін сөздер бар:

а) сөздің жеке әрпін басқа жолға қалдыруға да, тасымалдауға да болмайды: ай, күн, жалт, ара (а-ра, ар-а емес) ; ою (о-ю емес) .

ә) бас әріптен қысқарған сөздерді бөліп тасымалдауға болмайды: КМУ (КМ-У емес) .

б) кісі атының қысқартылып алынған әрпін фамилиядан айырып, екінші жолда қалдыруға я көшіруге болмайды: Н. Ә. Назарбаев, А. Құнанбаев т. б.

в) цифр арқылы таңбаланатын сандарды оларға қатысты атауларынан және қысқарған сөздердің әріптерін бір-бірінен бөліп тасымалдауға болмайды: 25 га (25-га емес) .

Жазып келе жатқанда жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады. Мысалы, ор-на-лас-ты-ру. Егер екі дауысты дыбыстың ортасында й мен у дыбыстары келсе, буындағанда бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: дауыс (да-уыс емес), да-йын-дық (дай-ын-дық емес) . Ал қосар әріптердің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер буынданғанда, келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады: бу-ын (б-уын емес), қи-ын, су-ық т. с. с. Сөз ішінде үш дауыссыз ыбыс қатар келгенде, алдыңғы жолда екі дауыссызды қалдырып, келесі жолға үшінші дауыссыз әрпін шығарып тасымалдау керек. Мысалы: құ-мырс-қа (құ-мыр-сқа емес), жаң-ғырт-ты (жаң-ғы-ртты емес) .

Қазақ тілінде сөз құрамында, не сөз аралығында дыбыстар бір-біріне әсер етіп тұрады. Мысалы: «басшы» деген сөз башшы болып айтылады. Дыбыс үндестігі бойынша с-ға біткен түбірге ш-дан қосымша жалғанып, оны айтылуда ш-ға айналдырып тұр. Сөйтіп, түбір мен қосымшаның жігіндегі көрші дыбыстардың бір-бірне ықпал етуін үндестік заңы (сингармонизм) деп атайды. Осындай жағдайларда біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін орфография деп атаймыз. Орфография дұрыс жазудың нормаларын белгілегенде, тілдің әртүрлі жақтарын ескере отырып, нақтылы принциптерге сүйенеді.

Қазақ тілінің орфографиялық ережелерінде бірге және бөлек жызылатын сөздер емлесі қамтылған. Бөлек жазылатын сөздер:

1. Күрделі атаулардың әрбір сөзі бөлек жазылады: Қазақ ССР Ғылым академиясы.

2. Анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркестеріндегі әрбір сөз бөлек жызылады: бас киім, темір жол, ұл бала, ақ бас.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
8-сынып оқушыларына сәндік-қолданбалы өнерді оқытуда дәстүрлі мәдениетке баулу
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытуда берілетін тапсырмалар түрлері
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Шаңырақ оқушылар қауымдастығы жұмысының жылдық есебі
Сыныптан тыс жұмыс
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz