Адамның еркі және өзін-өзі реттеу психологиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

№4 семинар

Тақырыбы: Адамның еркі және өзін-өзі реттеу психологиясы.

Жоспар:

  1. “ Тәуелсіз қоғамдағы жеке адамның ерік-жігері”түсінігі.
  2. Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы.
  3. Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері.
  4. Стерсстің жеке стилі.

Cабақтың мақсаты: Адамның еркі-жігері түсінік беру және тұлғаның өзін- өзі реттеу психологиясы туралы мағұлмат беру.

Сабақтың түрі: жаңа түсініктер қалыптастыру және ой қозғау сабағы

1. “ Тәуелсіз қоғамдағы жеке адамның ерік-жігері”түсінігі.

Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгіленген мақсатқа жету жолында, ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.

Сонымен ерік мінез-құлықтың реттегіші ретінде өмір мен іс-әрекет процесінде қалыптасады. Адам өз еркін коллектив ішінде бола отырып және еңбек, оқу, ойынмен шұғылдана жүріп тәрбиелейді. Іс-әрекеттің қай түрінде болсын, қызығу, көтеріңкі жағымды эмоциялық күй туғызатын элеметтер болады. Бірақ еңбек, оқу және тіпті ойынның өзінде бірсарынды, еш қызықсыз, эмоциялық тартымдылығы жоқ, алайда маңызды, қажетті болып саналатын жайттар да аз кездеспейді. Адам белгілі іс-әрекетпен шұғылдана отырып, субъективтік және объективтік қиындықтарды да жеңеді, бастаған істі әрі қарай жалғастырып, аяқтап шығуға өзін-өзі күштеп көндіреді. Нақ осындай жағдайда, мінез-құлықты саналы түрде реттеу қажет болатын қиын шақта адамның еркі нығайып, шынығып отырады. Осыған байланысты мынаны айта кету керек. Жеке адамның ерік-жігерінің жалпы және өзіндік көрсеткіштері болады.

Еріктің дамуы мен адамның еріктік қасиеттерінің қалыптасуында ең маңызды орын алатын күнделікті тұрақты еңбек болып есептеледі. Еңбекте жеке адам коллективтің басқа мүшелерімен міндеттік байланыста болады: бұл міндеттерін орындау үшін ол өз мінез-құлқын коллектив алдында тұрған еңбектік міндетке бағындырып отыруға тиісті.

Сонымен қорыта келгенде ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалстын жан қуатының белсенділігін және адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз.

Ерік іс-әрекеті туралы әр ғалымның теорияларын сараптай келе, қысқаша қорыта кетейін. Ерік ұғымы тарихи сипатқа ие. Ежелгі қоғамда ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Ол кезде ерік туралы сөз болмаған, олар «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Ортағасырлық заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептеген. Олардың бұлай түсінуі қоғамның адам әрекет қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Абай болса, ерікті қырық үшінші сөзінде жибили яғни еріксіз болатын тілек, кәсіби яғни еңбекп

Германия ғалымы Э. Мейманның пікірінш е, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллекпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды дейді. Ал З. Фрейдпен оның шәкірттерінің тұжырымдары бойынша ерік санадан тыс, ақылдан алшақ «либидо» жыныстық құмарлықтың энергиясы деп қарастырады. Мен бұл пікірді мүлдем қолдамаймын. Себебі ерік саналы әрекеттен туындайды, адам ақыл-ой арқылы ойлап, қандай да бір әрекетті мақсат қою арқылы жүзеге асырмай ма?

Біз жоғырыда айтып кеткендей ерік әрекеті сонымен қатар түрлі амал кезеңдерден тұратынын білдік. Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер болу керек. Бұлар адмның мұқтаждықтарынан туындайды . Кісінің күн көруі, тіршілік ету үшін оған өзінің табиғи және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру керек. Ол мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адам мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болып отырады. Қорыта айтқанда амал кезеңдері мынадай сатылардан өтіп отырады. Алдымен адам мақсат қойып соған жетуге ұмтылады.

3. даму кезеңдері. Стресстің белгілері.

Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.

Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі . Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

әлсіреу - бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.

Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Стресс - организмнің кез-келген төтенше жағдайға қалыпты және табиғи қорғаныстық реакциясы. Бұл жағдайда ағза аман қалуға көмектесетін көп мөлшерде адреналин гормонын шығарады. Стресс болатын жағдайлар тіпті адамға жеткілікті түрде қажет. Бірақ олар көп жинақтаған кезде, денесі стресске көбірек ұшырайды, содан кейін адам стресті жеңуге мүмкіндік береді.

Стрестің дамуын өз кезінде Селье үшке бөлді.

1Жайсыз хабарға реакция

2Резизтенттілік кезең

3Әлсіреу

Жайсыз хабарды естігенде тимустың, сөлдің, майлы тіннің көлемінің кішіреюі, асқазан мен ішекте жара пайда болуы, қан құрамында эозинофилдердің жоғалып кетуі, бүйрек үсті безінің құрамындағы липидгранулуларының жоғалуы көрініс береді. Өте күшті стресс алғанда яғни күйікте, жоғары немесе төмен температурада адам ең бірінші кезеңде ақ өліп кетуі мүмкін.

Стресс белгілері

  • Стресстің физиологиялық белгілері келесідей:
  • бас аурулары, сондай-ақ дененің басқа бөліктеріндегі ауырсыну;
  • артериялық қысымды жоғарылату немесе төмендету;
  • ас қорыту бұзылысы;
  • бұлшықет шиеленісі және қолды аяқтар;
  • аллергиялық көріністер;
  • бақылаусыз жоғарылату немесе салмақ жоғалту;
  • нашар тәбет немесе ұйқы;
  • терлеудің артуы.

Стресті психологиялық симптомдар басқаша көрсетіледі:

дүрбелең шабуылдары, қорқыныш пен қасірет сезімі, эмоциялық жарылыстар;

бақыланбайтын мазасыздық және алаңдаушылық;

шаршау және ұйқының бұзылуы, апатия және бей-жайсыздық;

тітіркендіргіш және шыдамсыздық;

қиындықты шоғырландыру;

қанағаттанбау және кінәсіздік сезімі;

жалғыздық сезімі.

Стресті белгілері мен симптомдары дененің физиологиялық бұзылулары, жүрек-қан тамырлары аурулары, алкоголь мен есірткіні қолдану, психологиялық бұзылулар, депрессия сияқты қиындықтар ретінде көрінуі мүмкін.

4. Стерсстің жеке стилі .

Стресті жеңу тек дұрыс таңдау, оның стратегиясын қолдану арқылы ғана емес, сонымен бірге жеңу стилімен де анықталады, яғни бұл тапсырманы орындау үшін жеке-ерекше және стереотиптік әдіс. Бұл белгілі бір адамның мәселені шешудің немесе дағдарысты жеңудің әдеттегі немесе таңдаулы тәсілі. Кейбір адамдар қауіп төнген кезде агрессивті немесе қатал болуға бейім, ал басқалары мұндай жағдайда мойынсұнғыш, шешілмейтін, жабық және үнсіз. L. Cohen және S. Осы екі экстремалды стильдегі айырмашылықтарды көрсету үшін Roth оларды "алға" және "болдырмау" стильдері деп атады. Әдетте қиын жағдайларда, кем дегенде, күткеннен гөрі бір нәрсе жасаған дұрыс. Бұл стильдердің көрінісіне тән мысал - кейбір адамдар қиын жағдайға тап болған кезде кінәлілерді іздеп, басқа адамдарды кінәлайды және осылайша стресстік реакцияны басады, ал басқа адамдар үнемі дұрыс емес әрекеттер жасады деп айыптайды және нәтижесінде стрессті күшейтеді.

Проактивті және реактивті стильдер ерекшеленеді: проактивті жеңу стилі бар адамдар ең алдымен стресстің дамуына жол бермеу үшін әрекет етеді, ал реактивті стильде алдын-алу шаралары аз қолданылады және стресс пайда болған кезде кейде импульсивті әрекет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология жүйесі
Психология
Балалардың ерік жігерін тәрбиелеу
Басшылық жасау және көшбасшылық
Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары
Мотивацияның психологиялық теориялары
Әдебиеттік оқу пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру
Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы
Стресті тудыратын факторлар
Психология пәні, міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz