Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тұрсынбай Абылайхан фек 208

15.6 Туған жер бағдарламасын қолға алу. Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін 100 жаңа есім жобасы ұсынылған.

Бұл жоба жайында Елбасы Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек деп ескерткен болатын.

Жаңа есім жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. 

Елдегі меценеттар мен қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы тұлғалардың көпшілігі танымалдылыққа танытуға мән бермей жатады. Танымалдылықты артық дүние санайтын көптеген меценат тұлғалар өздерінің мерейлі істері үлкен бір ұрпақты тәрбиелеуге жететіндігін ескермейді. Адамгершілігі мол адамның қарапайым келетіндігі де белгілі. Алайда мұнда халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғаны жұрттың өзі ұсына алады. 

Қазірдің өзінде жүз есімді анықтау мақсатында әр өлкеде қызу ұсыныстар келіп түсуде. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санатын сағат санап өсіп жатқандай. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалар жобаға ұсынылуда. 

Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады. Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы екендігін сезіне алуы қажет.

Біз Жаныңда жүр жақсы адам деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.
Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың сәуір айындағы өзінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы арқылы бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына назар аударуды ұсынды. 1. Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту. 2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастыру. 3. 100 жаңа есім жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.

Бұл жоба белгілі бір азаматтардың абыройын асқақтатып, беделін арттыру үшін жұмыс істемейді. Жобаның мақсаты - замандастарымыздың тағдыры, еңбек жолы арқылы Қазақстанның бүгінгі келбетін көрсету, оларды жастарға үлгі ету, насихаттау. Өйткені үгіт-насихат мемлекеттік саясаттың маңызды бір бөлігі. Ал, идеологияның болмауы немесе дұрыс жүргізілмеуі ел дамуына кері әсерін тигізеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұған көз жеткіздік. Бір ғана мысал; білім саласында бағыт бағдардың болмауы қоғамда бірқатар проблема туындатты. Жастарымыз, жапатармағай, заңгер, қаржыгер болуға талпынды. Салдарынан жастар арасында жұмыссыздық көбейді. Сонымен қоса, заман үрдісіне сай мамандық иелерінің тапшылығы орын алды. Бұл мәселені шешу мақсатында, Елбасының бастамасымен, Үкімет бірқатар бағдарлама қабылдап, жүзеге асырды.

Идеология жайлы сөз қозғағанда Кеңес үкіметінің идеологиясына тоқталмай кетуге болмас. Кеңес үкімметі тұсында үгіт-насихат жұмыстарының қаншалықты мықты болғанын аға буын жақсы біледі. Пионер, комсомол ұйымдары арқылы жастарды жетегіне жүргізіп, партия ұйымдары арқылы барша халықты бір идеологияға ұйытып, әр азаматты сол идеологияға қызмет жасатты. Алайда, коммунистік партияның үгіт-насихаты белгілі бір ұлттың мүддесіне жұмыс істеді. Сол арқылы өзге ұлттардың өсіп-өркендеуіне жол бермеді. Нақты мысал келтірер болсақ, Қазақстанда малшы мамандығы дәріптелді. Дүкенде болмайтын импорттық заттар ең алдымен, автодүкендер арқылы шопандарға жеткізілді. Кез келгеннің қолы жетпейтін парсы кілемдері малшыларға сыйға берілді. Шопандар, тіпті мен дегеннің қолы жетпейтін ГАЗ-24 Волга автомашинасын да сыйға алды. Арнайы бағдарлама жасалып, малшы жастар бригадалары құрылды. Мектеп бітірген ауыл жастары малшылар бригадасына жіберілді. Бағдарламаға сәйкес, жоғарғы оқу орынына түсу үшін жастарға малшылар бригадасында жұмыс істеу міндеттелді. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани жаңғыру : болашаққа бағдар
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
Туған жер
Жаңа тарихи кезең
Мәңгілік ел және Рухани жаңғыру бағдарламалары - жаңа Қазақстанның философиясы. Еуразияшылдық
Шаңырақ оқушылар қауымдастығы жұмысының жылдық есебі
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті мәселесі - туған жерге деген махаббат
Рухани - мәдени өмірге қатысты жобалар мен бағдарламалар Халықаралық интеграция
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ҰСТАНЫМЫ
Пәндер