Қаржылық есеп, Экономикалық талдау, Аудит және ревизия


Көлік және коммуникация колледжі

Өндірістік тәжірибеден өту

ЕСЕБІ

« Есеп және Аудит» мамандығы бойынша

«_3_» курс студенті Бекбай Назилә

Тәжірибеден өткен орны: «Шу локомотив сервис орталығы» АҚ

Тәжірибе « 8 » желтоқсаннан бастап « 26 » ақпанға дейін өткізілді.

Тәжірибе жетекшісі: Ахметова Г. А.

Астана-2012

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. 1 «Шу локомотв сервис орталығы» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру ережесі . . . 5

1. 2 «Шу локомотв сервис орталығы» АҚ-ның даму тарихы мен шаруашылық қызметі . . . 6

1. 3«Шу локомотв сервис орталығы» АҚ-ның есеп саясаты . . . 13

2 Кәсіпорынның есептесу есебі . . . 19

2. 1 Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебі . . . 22

3. Кәсіпорынның негізгі құралдар есебі . . . 27

3. 1 Кәсіпорынның материалдық емес активтер есебі . . . 38

4. Тауарлы-материалдық қорлар есебі . . . 40

5. Кәсіпорынның еңбекақы есебі . . . 53

6. Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі . . . 71

6. 1 Табыстар есебі . . . 76

6. 2 Шығыстар есебі . . . 78

7. Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру . . . 80

8. Қорытынды . . . 84

Пайдаланылған ақпарат көздері . . . 86

Кіріспе

Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сайесептеу жұмысын жүргізу.

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекктілерде бухгалтерлік есептің маңызы зор. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандартымен, типтік шоттар жоспарымен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен жүргізіледі. Қаржылық шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде экономиканың даму мүмкіндігіне сай жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп объектісі болып мекеменің шаруашылық шаруашылық қызметінің нәтижесін анықтайтын ақпараттар тіркеу, бағалау, жіктеу арқылы жасалған шаруашылық операциялары мекеменің заңды және жеке тұлғаларымен қарым қатынасы арқылы екі немесе бірнеше ішкі объектілер арасында болуы мүмкін. Барлық шаруашылық операциялары бухгалтерлік есепте, валюта есебімен құндық негізде жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін мекеме жұмысшылары, мекеменің меншік иелері және мекекме қызметінің нәтижесіне қаржылық мән беретін субъектілер қолданады.

Өндірістік іс-тәжірибе «Шу локомотив сервис орталығы» АҚ-да өтілді. Шу депосы 1929 жылы кері пункт болып салынған. Қазіргі таңда Шу локомотив депосының базасында 3 дербес кәсіпорын құрылған:

  1. «Мақсат» АҚ- тепловоз жөндеу зауыты;
  2. ТЧЭ- «Локомотив» АҚ филиалы-пайдалану депосы;
  3. «Локомотив сервис орталығы» АҚ филиалы;

2004 жылғы 19 қыркүйектегі №485-Ц бұйрыққа сәйкес электровоздарға техникалық қызмет көрсету бойынша өндіріс телімі, құмкептіру шаруашылығы, локомотив бригадаларының демалыс үйі «Локомотив сервис орталығына» АҚ берілген.

Шу ЛСО филиалын тіркеу 2004 жылғы 14 қазанда жүргізілген. Жалпы қолданатын жер көлемі 3, 3га. Шу ЛСО филиалы ТҚК-2 көлемде ВЛ80с, ВЛСОПК сериалы электровоздарына техникалық қызмет көрсетеді, электровоздарды құммен жабдықтайды, локомотив бригадаларына демалыстарын ұйымдастырады.

  1. Кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру ережесі

2012 күнгі оқу тәжірибесінде Шу «Локомотив сервис орталығы» АҚ -ның еңбекті қауіпсіздікпен қамту ережесімен таныстым.

Бұл ереженің негізгі мақсаттары:

  1. Еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  2. Қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау;
  3. Жұмыс түріне байланысты туындайтын ауру- жарақаттарды алдын алу;
  4. Жұмыс түріне байланысты болатын ауру- жарақаттардың санын азайту;
  5. Жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігімен таныстыру;
  6. Т. б.

Еңбекті қауіпсіздікпен қамту ережесінің негізгі міндеттері:

  1. Технологиялық процесстерді қауіпсіздікмен қамту;
  2. Өндірістік құрал-жабдықтарды және жылжымалы құрамды қауіпсіздікпен қамту;
  3. Ғимараттар, инфрақұрылымдарды қауіпсіздік жағдай жасау;
  4. Жұмысшыларға жұмыс жағдайын жасау;
  5. Жұмысшыларды арнай қауіпсіздік жұмыс киімімен қамту;
  6. Т. б.

Еңбекті қауіпсіздікпен қамту ережесімен таныса отырып, бұл ереженің негізгі міндеттері, мақсаты, қамтитын ауқымымен танысып, қарастырдым. Осы кәсіпорынның еңбек қауіпсіздік ережесінде жұмысшылар мен жұмыс берушінің міндеттер мен жұмыс жағдайына байланысты туындайтын құқықтарын қамтиды. Қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайдағы тараптардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Бұл ереже Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне негізделіп құралған.

1. 1 Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің

есебін ұйымдастыру.

Мен 8 желтоқсан мен 26 ақпан аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Шу локомотив сервис орталығы» филиалында өттім. Бүгінгі 09. 12. 2011 жылғы өндірістік тәжірибенің екінші күнінде Мекекменің құрылымымен, тарихымен, негізгі қызмет түрімен, бухгалтерлердің міндетімен таныстым. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 18 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік №4-1919-11-Ф-Л) . Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді. Акционерлік коғам заңды тулға ретінде өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарымен және Жарғыға бағынып атқаруда. Филиал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Қоғамның директорлар кеңесі шешімінің (2004 жылғы 12 қарашадағы отырыстың № 1 хаттамасы) негізінде құрылды. Қоғамның филиалының мекен - жайы: Шу қаласы, Паровозная кошесі 1 үй.

«Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамы Салық төлеуші болып Шу қаласы, Шу ауданы бойынша салық басқармасында 2004 жылдың 18 қарашасында салық төлеуші болып тіркеліп келесідей салық төлеуші нөмірі берілген: 632 185 249 856, № 0004226 сериясы 62001. Акционерлік Қоғамының кеңесінің төрағасы Сарсембаев Қазыбек Жұмашұлы болып табылады, ал «Шу локомотив сервис орталығы» филиалының басшысы болып Рамазанов Нұрболатхан Өмірханұлы табылады. Филиалдың жеке балансы бар. Филиалдың Қоғамның атауы мен өзінің атауы жазылған мөрі, мөртаңбалары және тауарлық белгісі бар бланктері бар.

Қоғамның басты мақсаты - негізгі қызметі бойынша локомативтерге 2-ші Техникалық қызмет көрсету, электровоздарды құммен жабдықтайды, локомотив бригадаларына демалыстарын ұйымдастыру барысында табыс табу. Басқарушы және барлық қаржылық - шаруашылықтарды басқарумен Қоғамның сенімді басшылары болып табылады.

«Шу Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі.

Филиал Қазакстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдан №415-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы №145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасына, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының шешіміне (2004 жылғы 15 қыркүектегі №10 хаттама) және «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Президентінің 2004жылғы 17 қыркүйектегі №485-Ц бұйрығына сәйкес «Локомотив» акционерлік қоғамын одан Қоғамды бөліп шығару (2004 жылғы 12 қарашадағы №4-1919-11-Ф-Л заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік) нысанында қайта ұйымдастыру жолымен құралған.

Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

Қоғамның органдары:

  • Жоғарғы орган - Акционер
  • Басқарма органы - Директорлар Кеңесі
  • Атқарушы органы - Президент.

Қоғамның қызметінің негізгі мақсаты іске асыру үшін Қоғам мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. локомотивтердің пайдалануда техникалық түзу күйде және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсету;
  2. локомотивтік тартым қызметін көрсету;
  3. локомотив бригадаларының демалыс ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсету;
  4. локомотивтерге жанар-жағар май материалдарын құю;
  5. локомотивтерді маймен, сумен, құммен жарақтандыру;
  6. темір жол жылдымалы құрамың жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
  7. темір жол жылжымалы құрамның жабдықтарын жөндеуді жүзеге асыру;
  8. темір жол жылжымалы құрамның қос доңғалақтарын куәландыру жөнінде қызметтер көрсету, қос доңғалақтарды жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
  9. темір жол жылжымалы құрамын қысқы (жазғы) кезеңде жұмыс істеуге дайындау бойынша қызметтер көрсету;
  10. локомотивтік радиостанцияларды, АЛСН қауіпсіздік аспаптарын, машинистің қырығылығын бақылау құрылғыларын құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету;
  11. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтер.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынуы қажет лицензияның немесе өзге түрдегі рұқсаттың бар болуын талап ететін қызмет түрлері тиісті лицензиялар немесе өзге түрдегі рұқсаттар алынғыннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Мен «Шу локомотив сервис орталығы» филиалының құрылымымен таныстым. Кәсіпорында кадрлар бөлімі, есептеу бөлімі, жоспарлау-экономикалық бөлім, техникалық бөлімдері бар, ал заңгер мен директор орынбасары жеке болып келеді.

Кәсіпорынның мындай өндірстік-шаруашылық бөлімшелері бар:

  • Шу қаласында:
  • Орталық қойма
  • Шаруашылық бөлімі
  • Локомотв бригадаларының демалыс үйі (ЛБДҮ)
  • Құм кептіру шаруашылығы (ҚКШ)
  • Әкімшілік-шаруашылық цех (ӘШЦ)
  • Локомотивтеді техникалық күту пункті (ЛТКП) Сары-шаған:
  • ЛБДҮШығанақ:
  • ЛБДҮ

Бухгалтерия жұмысын атқаруға лауазымдық міндеттер туралы Жарғыға сәйкес реттеледі. Филиалдада Бас бухгалтердің басқаруымен бухгалтерлік қызмет ұйымдастырылған.

Теміржол кәсіпорындарының басқа кәсіпорындардан негізгі айырмашылығы - тек теміржолдың көптеген салалары бойынша, яғни теміржол шаруашылығының барлық жағынан қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін жұмыстармен айналысуында. Сонымен қатар бухгалтерия бөлімінің құрылымдық күрделілігімен және бухгалтерлік есепті жүргізуде программа АБУ «Фаворит» жүйесін қолдануымен ерекшеленеді. «Фаворит» жүйесі тек теміржол көлігі кәсіпорындарында қолданылатын есепті барынша ыңғайлы және толық, қалыпты жүргізуге арналған автоматтандырылған жүйе.

Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесі теміржол көлігінде төрт ірі бөлімге бөлінеді:

  1. Еңбек және еңбекақы есебі
  2. Тауарлы-материалдық қорлар есебі
  3. Негізгі құралдар есебі
  4. Қорытынды аналитикалық және синтетикалық есеп.

«Шу локомотив сервис орталығы» кәсіпорнының бухгалтерия бөлімінде 5 бухгалтер жұмыс істейді. Кәсіпорын бухгалтериясының құрылымы және лауазымдары бойынша атқаратын қызметтері (Қосымша №1) .

Жалпы кәсіпорында бухгалтерлік есептің негізгі 3 міндеті белгілі :

  1. Бухгалтерлік есеп шаруашылық процестер мен қаржылық нәтижелер туралы толық әрі сенімді ақпарат тұжырымдау үшін қажет, ал ол өз кезегінде операторлық басқару үшін керек. Сондай-ақ бұл ақпараттарды ішкі және сыртқы ақпараттық пайдаланушылар (кәсіпорынның ішкі қызметкерлері, менеджерлер, сонымен қатар сыртқы серіктестіктер, несие берушілер, инвесторлар, салық, қаржы органдары, өзге де мүдделі тұлғалар) пайдалана алады.
  2. Ақпаратты мүлікке және оның қозғалысына бақылау жасау үшін, тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ), еңбек және қаржы ресурстарын бекітілген норма мен сметаға сәйкес мақсаткерлікпен пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет.
  3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі теріс құбылыстардың дер кезінде алдын алуға, ішкі мүмкіндіктерді іздестіруге әрі топтастыруға қажет.

Ал кәсіпорынның бухгалтериядағы мамандар мен бас бухгалтердің міндеттері келесідей:

  • Бухгалтерлік есептегі мүліктік, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың есебін жүргізуді орындау. Мысалы, компьютерлік техникаға байланысты негізгі құралдар есебі, тауарлы-материалдық қорлардың есебі, өнім өндіруге кеткен шығындар есебі, сонымен қатар жеткізушілер мен сатып алушылармен есеп айырысу, қызмет көрсетумен байланысты есеп айырысу және т. б операцияларды орындау.
  • Қызмет көрсету бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау бақылау жасау және оларды есептілік айналымға дайындау.
  • Кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, заңға сәйкес жұмысшылардың еңбекақысынан аударымдарды аудару.
  • Кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және басқа да бухгалтерлік есептілікті пайдаланушыларды есептің сәйкес бағыттары (аймақтары) бойынша нақты әрі сенімді бухгалтерлік ақпараттармен қамтамасыз ету. Мұндай есептің сәйкес бағыттарына - материалдық есептілік, тауар қалдықтары, график, ай соңына және келесі айға кредиттік және шаруашылық келісімдердің есебі және т. б жатады.
  • Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылау, оларды белгіленген ретпен топтастырып архивке жіберу.
  • Ақша қаражаттарына және тауарлы-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысу.
  • Бухгалтерия бөлімінде бухгалтерлер белгілі бір бухгалтер болмаған жағдайда сол бухгалтердің атқаратын жұмысын жасауы тиіс. Сондықтан бухгалтерия бөлімі тұтас топ болып табылады.

Бас бухгалтерден өзге, есептеу бөлімінде 4 бухгалтер бар: жетекші бухгалтер, еңбекақы бойынша бухгалтер, кірістер бойынша бухгалтер және бухгалтер-материалист .

Бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыруды, қаржылық есептілікті жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер болып табылады .

Материалдар бойынша бухгалтердің міндеттеріне тауарлы-материалды құдылықтар бойынша есептеулер, кірісі мен шығысы есебі, қойма бойынша есептеулер, теміржол мамандарына берілетін арнайы киімнің есебі және материалдар бойынша өзге есепеулер кіреді.

Еңбекақы есебі бойынша бухгалтердің міндеттеріне еңбекақы есептеу және оны аудару, еңбек демалысы ақысын есептеу, еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша еңбекақы есептеу, еңбекақыдан ұстау мен шегерімдер ұстау, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік сақтандыруды есептеу және өзге міндеттер кіреді.

Кірістер бойынша бухгалтердің міндеттеріне субъектінің негізгі табыстары мен шығыстарының есебін есептеу, салықтар бойынша есептер жәе өзге де міндеттер кіреді.

Жетекші бухгалтер міндеттеріне өзге бухгалтерлердің қызметтері мен жұмыстарын бақылау, негізгі құралдар есебі және өзге де міндеттер кіреді. Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлу маңызды болып табылады.

Кәсіпорында бухгалтерлік есеп жеке дара бөлім ретінде бөлек жүргізіледі. Мүлік, шаруашылық есеп операциялары «Фаворит» Автоматтандырылған бухгалтерлік есеп (АБЕ) компьютерлік бағдарламасы негізінде теңге және тиын есебінде жүргізіледі. Бұл бағдарлама 1997 жылы арнайы Теміржол саласы үшін Қарағандыда әзірленген.

Бухгалтерияның жағдайы Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, Қаржылық есептің халықаралық стандарттары, әдістемелік ұсыныстар мен Қоғамның Есеп Саясаты негізінде реттеледі.

Филиалдың барлық шаруашылық операциялары ақтаулы алғашқы құжаттар арқылы бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Шаруашылық операция фактілерін құжаттау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігінің № 185 23. 05. 2007 жылы қабылданған бастапқы құжаттар формалары және «Фаворит» бағдарламасында қолданатын құжаттар қолданылады.

Бухгалтерлік есеп регистрлері оның ішінде: шаруашылық операцияларды жүргізу ведомостары, активтердің, міндеттемелердің және меншікті капитал «Фаворит»бағдарламасының форматында қарастырылған және сол құжаттар негізінде серіктестіктің бухгалтерлік есебі жүргізіледі.

1. 2. «Шу Локомотив сервис орталығы» АҚ-ның есеп саясаты.

12. 12. 2011 ж күнгі өндірістік тәжірибеде Шу «Локомотив сервис орталығы» АҚ-ның есеп саясатымен таныстым. Есеп саясатының құрылу тәртібімен, негізгі бөлімдерімен танысып, өзіме керекті негізгі мәліметтерді түйдім.

Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру - заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін көрсетіп береді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң үйлестіру, бухгалтерлік есеп пен жедел-статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

«Шу локомотив сервис орталығы» филиалында Бухгалтерлік есеп жеке дара бөлім ретінде «Есептеу бөлімінде» бөлек жүргізіледі. Бухгалтерияның жағдайы Есеп саясатымен реттеледі. «Шу локомотив сервис орталығы» филиалының Есеп саясаты «Астана ЛСО» Акционерлік қоғамының Есеп саясаты болып табылады. «Астана локомотив сервис орталығы» Акционерлік қоғамның 15 филиалы бар. Соның ішінде біздің Шу филиалы да бар.

«Локомотив Сервис Орталығы» АҚ-ның Қазақстан бойынша мынадай филиалдары бар:

1) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Тобыл локомотив сервис орталығы» ;

2) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Көкшетау локомотив сервис орталығы»;

3«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Екібастұз локомотив сервис орталығы»;

4) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Астана локомотив сервис орталығы»;

5) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Қарағанды локомотив сервис орталығы»;

6) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Семей локомотив сервис орталығы»;

7) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Ақтоғай локомотив сервис орталығы»;

8) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Алматы локомотив сервис орталығы»;

9) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Шу локомотив сервис орталығы»;

10«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Арыс локомотив сервис орталығы»;

11) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Қазалы локомотив сервис орталығы»;

12) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Қандыағаш локомотив сервис орталығы»;

13) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Атырау локомотив сервис орталығы»;

14«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Маңғыстау локомотив сервис орталығы»;

15) «Мак-Экибастуз» ЖШС - жарғылық капиталында жүз пайыздық қатысу. Барлық филиалдардың өндірістік, қаржылық және тағы басқа шаруашылықтары мен атқаратын қызметтері «Локомотив сервис орталығы» АҚ-ның есеп саясатына негізделеді.

Есеп саясаты - бухгалтерлік есепті жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылдаған принциптері, негіздер, шарттар, ережелер мен практика.

Кәсіпорынның есеп саясаты кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға дейін ресімделуге тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлік есепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйрығымен ресімделуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

Қазіргі жағдайларда бухгалтерлік есепті реттеу тек негізгі нормативті ұйғарыммен ғана атқарылады. Есеп жүргізудің жалпы ережелері орталықтанып, белгіленеді; оларды нақтылау мен орындау тетігі әрбір кәсіпорында жасалады және есеп саясатында көрсетіледі.

Осылайша бүгінде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есебінің дамуына кейбір кедергілер кездесіп отырған жоқ. Бірақ жинақталған тәжірибе мен дәстүрлі ескере отырып, оның кәсіпорындарда қалыптасуы мен дамуына объективті алғышарттар пісіп-жетілді.

«Шу Локомотив сервис орталығы» Акционерлік қоғамының Есеп саясаты 2007 жылдың 28 қаңтарындағы № 234-III Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, Қаржылық есептіікті дайындау мен көрсетудің Концепциясы, Қаржылық есептің халықаралық стандарттары (бұдан әрі - ҚЕХС), оның ішінде қаржылық есептің халықаралық стандарттары - ҚЕХС (IFRS), Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары - БЕХС (IAS) және оған Интерпретациялар, сонымен қоса бухгалтерлік есепті реттеу бойынша уәкілетті орган әзірлеген ҚЕХС-ны қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде әзірленген. Қоғамның Есеп саясатының қағидалары барлық оның құрылымдық бөлімшелеріне және олардың еншілес ұйымдарына қатысты. Бұл есеп саясаты Қоғамның есебіне және есептілігіне 2008 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданылады. Есеп саясаты төмендегі талаптар негізінде құрылған:

а) « Шу локомотив сервис орталығы» АҚ үшін ол ұйымдағы бухгалтерлік есеп ережелері мен қаржылық есептілік құрудағы біртұтас құрамды ұстанымдарды айқындаушы ішкі нормативтік құжат болып саналады;

б) актив және АҚ міндеттемелері АҚ меншік иелерінің міндеттемелері мен активтері негізінде құрылады;

в) АҚ шаруашылық қызметінің деректері келіп түскен немесе төленген ақша қаражаттарының шын мәнісіндегі уақытына қарамастан, олар орын алған есептік кезеңге жатады;

г) АҚ әрекет етуде және алдағы болашақта да әрекет етуін тоқтатпайды;

д) қабылданған АҚ Есеп саясаты дәйекті түрде жылдан жылға қолданылады.

Есеп саясатын өзгерткен жағдайда өзгерту түріне перспективалық әдіс қолданылады, яғни жаңа есеп саясаты ол қабылданған мерзімнен кейінгі жағдайлар мен келісімдерге қолданылатын болады. Ағымдағы жылдың пайда және зиян жөніндегі есептілігінде есеп саясаты өзгерген жағдайда да алдыңғы қаржылық есептілікті қайта есептеу жүргізілмейді.

Бұл ретте әрбір қаржылық жыл 1 қаңтарда басталып 31 желтоқсанда аяқталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиттің мәні
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Ревизия және аудит
Аудит, аудиторлар және аудиторлық қызмет түрлері
Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Экономикалық қызмет саласындағы криминалды жасағансуды тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану
Шаруашылық қызметінің аудиті
Аудиттің әдістері
Экономикалық қылмыстар және заңсыз банктік қызмет қылмысының жалпы түсінігі мен сипаттамасы
Экономикалық қылмыстарды зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz