Тұрақты тоқ. Тұрақты ток машинасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Тұрақты тоқ. Тұрақты ток машинасы

2. Тұрақты тоқ электр қозғалтқыштары

2. 1. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының құрылысы.

2. 2. Статор жармасы.

2. 3. Якорь (ротор)

2. 4. Негізгі (бас) полюстер. Қосымша полюстер.

1. Тұрақты ток

Тұрақты ток - ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы.

Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді. Тұрақты токтың негізгі заңдарына ток күші мен кернеудің байланысын сипаттайтын Ом заңы, өткізгішпен ток жүрген кезде бөлініп шығатын жылуды анықтайтын Джоуль-Ленц заңы және тармақталған тізбек үшін жазылатын Киргхоф ережелері жатады. Тұрақты ток көздеріне электр машиналарының генераторы, гальвани элементтері, термоэлементтер, батареяларға топтастырылған фотоэлементтер, күн көзінің батареялары, алдын ала зарядталған аккумуляторлар және - пайдалы әсер коэффициенті жоғары магниттік гидродинамика генераторлары жатады. Тұрақты токты жартылай өткізгіштердің және басқа түзеткіштердің көмегімен, айнымалы токты түзету арқылы өндіруге болады.

Тұрақты ток машинасы - айналыс механикалық энергияны тұрақты токтың энергиясына (генератор ретінде) және керісінше тұрақты токтың энергиясын механикалық энергияға (қозғалтқыш ретінде) түрлендіретін электр машинасы.

Тұрақты ток машинасы қайтымды, яғни әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде жұмыс істей алады. Мысалы, электрлендірілген жылжымалы құраманың (электровоздардың) тартым қозғалтқыштары және қуатты тұрақты ток электр жетектерінің электрлік қозғалтқыштары осы негізде жұмыс істейді.

Тұрақты ток машинасы
Тұрақты ток машинасы: Electric motor cycle 1.png
Electric motor cycle 2.png
Electric motor cycle 3.png
Electric motor.gif

Тұрақты ток машинасы негізгі магнит өрісі параллель , тізбектеле және аралас қоздырылатын , сондай-ақ тұрақты магниттері бар түрлерге ажыратылады. Ол айналу жиілігін біртіндеп, үнемі әрі кең алқапта реттей алады. Тұрақты ток машинасы өнеркәсіптің электрқозғалтқышының айналыс жиілігін қатаң сақтау және кең аралықта өзгерту қажет болатын саласында кеңінен қолданылады.

Оның жұмыс істеу принципі магнит өрісінде зәкірді айналдырғанда оның орамасында ЭҚК-нің индукциялануына негізделген. Тұрақты ток генераторы коллекторлы және коллекторсыз түрге ажыратылады. Прокат стандарының, аэродинам. құбырлардың желдету қондырғыларын, ірі экскаваторлардың реттелінетін электр жетектерін, дербес тұрақты топ тораптарын қоректендіруге арналған қорек көзі ретінде, сондай-ақ автоматты реттеу жүйелерінде (мысалы, тахогенераторларда) қолданылады.

2. Тұрақты тоқ электр қозғалтқыштары

Тұрақты тоқ электр қозғалтқыштарының міндеті мен қолдану аймағы. Тұрақты тоқ машинелері өзара қайтымды электрлі техникалық құрылғы. Олар ешқандай құрылыстық өзгерістерге түспей-ақ генератор немесе қозғалтқыш ретінде істей алады. Тұрақты тоқ қозғалтқыштары, негізінде айналу жылдамдығын кең ауқымда ақырындап реттеу мүмкіндігі болғандықтан, біртіндеп өзгертуді қамтамасыз ететін электр жетектерінде, сондай-ақ арнайы құрылыстағы есептеу және басқару машинелеріне қолданатын шағын жүргізгіштер ретінде қолданады.

hello_html_354ce8ee.png

4. 1 - сурет. Тұрақты ток машинесі бөлшектенген күйде: а-статор; в-ротор (якорь) коллекторымен; с-айгөлек қалқаны; d-щетка құрылғысы; е-щеткі

2. 1Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының құрылысы.

Тұрақты тоқ генераторы мен қозғалтқышы құрылымдық тұрғыдан бірдей машинелер болғандықтан құрылыстарын бірге жұмыс жасау принциптерін жеке-жеке қарауға болады. Тұрақты тоқ машинесі статор жармасынан (статина), якорьден (статор), негізгі және қосалқы полюстерден, коллектордан, щетка құрылғысынан, полюс ұштамаларынан, якорь орамасынан қоздыру орамасынан және т. б. құрылғы көмекші арналымды бөлшектерінен тұрады. Мәшине құрылысының негізгі элементтері 4. 1. және 4. 2-суреттерінде көрсетілген.

2. 2. Статор жармасы.

Статор табаны тұрақты тоқ машинесінің қозғалмайтын бөлігі, ол полюстер мен машиненің өзін іргетасқа бекітуге қызмет етеді.

hello_html_m77934d36.png

Статинаның полюстер бекітілетін бөлігі жарма деп аталады. Ол магнит өткізгіштің бөлігі болып табылады, сондықтан ол арқылы тоқ өтетін магнит ағынына қолайлы жағдай жасау үшін, оны жоғары магнит өткізгіштігі бар болаттан болмаса арнайы шойыннан жасайды. Жарманы жасау технологиясы құйма болаттан немесе тұтас тартылған болат құбырдан даярлайды (4. 2-сурет) . Негізгі полюстердің магнит өрісі тұрақты болғандықтан, мұнда гистерезис құбылысы мен құйынды тоқтар болмайды.

2. 3. Якорь (ротор)

Якорь (ротор) . Якорь машиненің айналатын бөлігі, ол қалыңдығы 0, 5 мм қалыпты, тисті дөңгелек электротехникалық болат қаңылтырдан жиналған цилиндр (4. 8б-сурет) . Қаңылтырларды жинаған соң, арнайы тетікпен қысады, якордың сыртқы бетін бойлай ойықтар мен тістер қалыптасады. Якорьдің ойықтары, әдетте ашық болады, ал шағын машинелер үшін асинхронды машинелер роторының ойықтары сияқты жабық болады (4. 3-сурет) . Жинағаннан кейін пайда болған бойлық ойықтарға якорьдың орамаларын төсейді (4. 4-сурет) .

hello_html_39afd5d8.png

2. 4. Негізгі (бас) полюстер

Негізгі (бас) полюстер. Негізгі бас полюстер машинеде негізгі магнит ағынын жасауға және өткізуге арналған Полюс өзектен және полюстік ұштамадан мұны кей жағдайда "башмак" деп атайды, себебі мұның констукциясы темір жол башмағына ұқсайды, (4. 2-сурет) полюс ұштамаларына мұндай пішін ауа саңылауы арқылы магнит ағынын өткізуді жеңілдету мен оның якорь бетінің полюсіне бір тегіс орналасуын қамтамасыз ету үшін берілген.

Қосымша полюстер . Қосымша полюстер қосымша магнит өрісін жасауға арналған, ол якорь реакциясының орынын толтырады және машине жұмысының түрлі тәртібінде, коллектордегі щеткінің ұшқынсыз жұмысын қамтамасыз етеді. Оларды соғылған болаттан немесе электр болатының қаңылтырынан жанайды. Қосалқы полюстер, негізгі полюстердің арасында орналасады және жармаға болаттармен бекітіледі 4. 6-суретте қосымша полюстер көрсетілген.

hello_html_m3b6daabb.png

Коллектор. Коллектор механикалық түзеткіштің құрамдық бөлігі, ол якорь орамасында индукцияланатын айнымалы синусойдалы ЭҚК-ін генератордан шығатын тұрақты (үзбелі) ЭҚКке айналдырады. Коллекторды сына тәрізді етіп, мыс қаңылтырдан жасайды, оларды бір - бірінен сондай-ақ коллектордың сыртынан миконит төсеніштермен және манжеттер арқылы оқшаулайды.

Коллектордың қаңылтырларын ыстық кезінде цилиндр корпусқа оның қисық беттері дәл цилиндр сияқты болу үшін айналдыра жонылады. Коллектор қаңылтырларының құрылысы 4. 7-суретте көрсетілген. Жылдам айналатын машинелерде айналу жылдамдығы жоғары кезінде, щеткелер дірілдемеуі үшін, диск тәрізді коллектор қолданылады, олардың жанасу беті айналу білігіне тік орналасқан. Типті коллектор, якорымен бірге 4. 8а -суретте көрсетілген.

hello_html_17632c8e.png

Қоздыру орамасы. Қоздыру орамасы машиненің якорь айналатын полюс аралық кеңістігінде магнит өрісін туғызуға арналған. Қоздыру орамасы полюс өзекшесіне кигізілетін, каркасқа оралған шарғы түрінде жасалған (4. 5-сурет) . Якорь орамасы. Якорь орамасы тұрақты тоқ машинесінің маңызды құрамдық бөлігі, ол электр энергиясын магнит энергиясына (қозғалтқыш) немесе магнит энергиясы электр энергиясына айналдырады (генератор) . Якорь орамасының орамдарының өткізгіштері якордың бойлық ойықтарына орналасады, ал олардың ұштары коллектордың қаңылтырларына жалғанады.

hello_html_2e6eec76.png

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты тоқ Машиналары
Тұрақты ток машинасының құрылысы
Электр машиналар
Тұрақты ток машинасы
Тұрақты тоқ қозғалтқыштары мен генераторы
Электр машинасының есептеулері
Қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты зерттеу
Электромашиналы құрылғылар
Электр машиналары
СМР типті кір жуу машиналары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz