Солақай адамдардың ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солақай адамдардың ерекшеліктері

Бағыты: медицина, психология

Орындаған: Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінің 3 «Е»сынып оқушысы Қуандық Амир Жандосұлы

Жетекшісі :бастауыш сынып мұғалімі Жусупова Салтанат Амандыковна

Көкшетау 2021жыл

Мазмұны

Беті

Абстракт

Андатпа

I. Кіріспе . . . 5

II. Негізгі бөлім

Теориялық кезең

1. Солақайлық деген не? . . . 6

2. Солақай мен оңқайлардың айырмашылығы . . . 7

3. Солақайдың сыры неде? . . . 8

4. Солақайлықтың психологиясы . . . 9

5. Солақайлықтың түрлері және пайда болу себептері . . . 10

6. Менің отбасымның шежіресі . . . 11

Практикалық кезең

1. Оқушылардың ішінде солақайларды анықтау . . . 11

2. Сынып оқушыларымен практикалық жұмыс жүргізу. Тест жұмысы «Оңқай. Солақай. Амбидекстер» . . . 12

III. Зерттеу нәтижесі

Ұсыныс . . . 14

Қорытынды . . . 15

Қолданылған әдебиеттер . . . 16

Жетекшінің пікірі . . . 17

Рецензия . . . 18

Қосымша

Абстракт

Бағыты: психология, медицина

Аты-жөні: Қуандық Амир

Мектеп: № 6 мектеп-лицейі

Сынып : 3

Қала: Көкшетау

Тақырып: «Солақай адамдардың ерекшеліктері»

Зерттеу мақсаты: Солақай балалардың ерекшелігін көрсете отырып, олармен жұмыс жасаудың дұрыс жолдарын ұсыну.

Зерттеу міндеттері:

1. Солақайлық жайлы әдебиеттермен танысу.

2. Солақайлардың өзінің ерекшеліктерін ашып көрету.

2. Солақай және оңқайлардың айырмашылықтарын анықтау

3. Әлемдегі әйгілі солақайларды танып білу

4. Солақайлықтардың түрлері мен пайда болу себептерін көру

5. Біздің мектеп лицейіндегі солақай оқушыларды анықтап, алынған мәлімет негізінде олардың жасына жынысына, оқу үлгеріміне талдау жасау

6. «Оңқай. Солақай. Амбидекстер» тест жұмысын жүргізу, нәтижесіне талдау жасау.

Зерттеу нысаны: 3сыныптың оқушылары

Болжам: Солақай адамдар қабілетті және дарынды адамдар.

Ғылыми зерттеу әдісі :сауалнама, әдебиеттерге талдау, практикалық жұмыс.

Нәтижесі: Солақайлық-кемшілік емес, ол бір ерекше қасиет.

2

Аbstrakt

Direction: psychology, medicine

Full Name: Kuandyk Amir

School: №6 school-lyceum

Grade: 3

City: Kokshetau

Theme: “features of left-handed people”

research objectives: showing the characteristics of children writing with the left hand and giving the right direction for working with these children

Research tasks:

1. Familiarization with the literature about left-writing children

2. To reveal the peculiarities of left-handed people

3. To determine the differences between left-handed and right-handed

4. To learn about famous left-handed people

5. Identify the children of the left-handed person in our lyceum and collect information about their age and academic performance

6. To conduct test work and draw conclusions from the result

Object of study: Third grade students

Prognosis: Left-handed people are capable and talented

Methods of scientific research: Surveying, Literature analysis, practical work

Results: Left-handed is not a drawback, it's a gift

3

Андатпа

Тақырыбы: «Солақай адамдардың ерекшеліктері»

Автор: Қуандық Амир 3Е сынып оқушысы

Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейі

Ғылыми жетекшісі:Жусупова Салтанат Амандыковна, бастауыш сынып мұғалімі Көкшетау қаласы Ақмола облысы

Амир бұл ғылыми жобасында солақай адамдардың өзінің ерекшелік қасиеттерін көрсетті. Оңқай мен солақайлардың айырмашылықтарын анықтады. Амирдың орындаған жұмысын талдай отырып, оның көп ізденгені байқалады. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мәселені қамтитын негізігі бөлімі мен қорытындыдан және қолданылатын әдебиеттер тізімінен тұрады.

Екінші бөлімінде практикалық жұмыс ретінде солақай мен оңқайларға арнап психологиялық тестер өткізіп олардың айырмашылығын анықтады. Өзінің қалай солақай болғанын анықтап, отбасының шежіресін құрды. Солақай адамдармен қандай қарым-қатынаста болу үшін ұсыныстар берді.

Жұмыс барысында негізгі мәселені ашу мақсатында тақырыпқа сай материалдар жинақталды.

Ғылыми жұмыстың қорытындысы бөлімінде зерттеудің негізгі нәтижелері мен құжырымдары баяндалып, әдістемелік ұсыныстар берілді.

Жетекшісі: Жусупова С. А.

4

Кіріспе

Менің ғылыми жобамның аты: «Солақай адамдардың ерекшеліктері».

Мен өзімді солақай екендігімді балабақшаға барғанда түсіндім. Тәрбиеші маған қасыма келіп тамақ ішкенде қасықты немесе ойын ойнағанда заттарды екінші қолыма алуына ұсынатын. Бірақ одан ештеңе шықпады. Анам сонда тәрбиешімен сөйлескеннен кейін тәрбиеші маған ескертулер жасамады. Мектепте де мені апайым ыңғайлы жерге отырғызып жағдай жасайды. Сыныпта барлық балалар жұмыстарын оң қолымен жасайды. Мен және тағы екі сыныптасым сол қолымен жазады. Сонда маған бір ой келді:Неге мен осы солақайлар адамдар туралы зерттеу жүргізіп олардың ерекшеліктерін анықтамасқа?

Ғылыми жоба жұмысының 1- ші кезеңінде тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, солақайлықтың психологиясы, солақайлықтың түрлері мен пайда болу себептері, солақай мен оңқай адамдардың айырмашылықтары, әлемдегі әйгілі солақайлар туралы мәліметтер зерделенеді. Жұмыстың 2-ші кезеңінде мектеп лицейінің оқушылары ішіндегі солақай балалар анықталып, оларды жас ерекшеліктеріне, жынысына, оқу үлгеріміне қарай саралап, жіктелді. Сондай-ақ 3 «Е» сынып оқушыларының қатысуымен «Оңқай. Солақай. Амбидекстер» тест жұмысы орындалды. Солақайлық ұғымының толық мағынасына үңіле отырып, солақай адамның қоғамда дұрыс қалыптасып, дамуына жағдай жасайтын ұсыныстар жасалды. Солақай балалардың психологиясының даму ерекшеліктерін ескере отырып, әр ата-ана, әр ұстаз солақай баланың тәрбиесіне, білім алуына жағдай жасауы керек.

5

1. Солақайлық деген не?

Солақай - баланың оқу мен тәрбие үрдісінде ерекше ескеретін маңызды жеке бас ерекшелігінің бірі. Ол ауру да, кемістік те емес. Солақайлық мидың жарты шарларының негізгі қызметінің арасындағы бөлісу ерекшелігіне байланысты болып келеді. Солақайлардың ми қызметінің өзіндік ерекшелігі бар.

Ал балалар психологы Аида Тұрғазы солақай болу адам миының бір бөлігі доминант болуымен ғана ерекшеленетінін айтты.

"Адам көп істі оң қолымен жасайтын болса, мидың сол жақ бөлігі белсенді жұмыс істейді деген сөз. Егер сол қолды белсенді қолданатын болса, мидың оң жақ жартышары жақсы жұмыс істейді. Бар ерекшелік осы. Жұмыс істейтін қолға байланысты, мидың бір бөлшегі басымдық танытады. Мидың сол жақ жартышары аналитика, анализ, логика, сан, математикаға жауап берсе, оң жақ бөлігі креативті ойлау, түйсік, әлемді қабылдауда адамның сыртқы келбетіне қарау, эмоция, музыкаға, шығармашылыққа жауап береді", - дейді Тұрғазы.

Сондықтан сол қолмен жұмыс істейтін балалар ерекше ойлайды. Солақай бала шығармашылыққа бейім болады. Армандауы, қабылдауы, музыкадағы ритмді сезуі, түстерге мән беруі жақсы дамиды.

Солақай - қимыл-әрекетке оң қолдан гөрі сол қолдың бейімділігі. Солақай орта жүйке жүйесіне, әсіресе, кейбір жүйке орталықтарының орналасуына байланысты. Солақайдың туа және жүре пайда болатын түрлері кездеседі. Жүре пайда болатын түрі түрлі жарақат, қолдың дертке шалдығуы, салдану, тағы басқа жағдайларға байланысты. Туа пайда болатыны көп жағдайда тұқым қуалайды. Мұның жасырын, яғни бірден байқалмайтын түрі де бар, яғни баланы жасынан дұрыс дағдыландырса, бұл кейін білінбей кетеді. Туа пайда болған Солақайды ажырату үшін баланың көзін байлап, бір бағытта түзу жүргізгенде Солақай бала көбіне оңға, оңқай солға қарай бұрылады. Солақай баланы қорқытып, ұрып-соғып, не келемеждеп оңқайлыққа үйретуге болмайды.
Кеңес одағы тұсында солақай жандарды жаппай оң қолға үйрету науқаны жасалғандығын біреу білсе, біреу білмейді. Аталған сарындағы бастамалар жалпақ жұртты жақсылыққа апарып соқтырған емес. Солақайлықпен күрес біреудің жаратылысына жақты, ал кейбіреулерінің табиғатына керісінше, зардап әкелді. Кеңестік жүйе солақайлықты кемістік, керек десеңіз, кесапат деп таныды.

6

Қоғам табиғатқа қарсы шығып, адамның жаратылысын өзгерту қателік екенін түсінгеннен кейін солақайларды оң қолға баулу тоқтатылды. Керісінше, ТМД елдердің барлығында солақайлардың құқығын қорғайтын ұйымдар мен орталықтар ашыла бастады.

Мамандар жер бетінде шыр етіп дүниеге келген 100 сәбидің біреуі ғана солақай болып туылатынын айтады.

Солақай жандар мынандай төрт топқа бөлінеді;

1. Тұқым қуалайды. Яғни, қан мен тек арқылы ұрпақтап ұрпаққа беріледі. Бұл топтың санатына жататындардың саны 10 пайызға ғана жуық. Егер әке-шешесінің екеуі де солақай болса олардан туылатын баланың солақай болуы ықтималы 40%. Әке-шешесінің біреуі солақай болса, туылатын баланың солақай болу ықтималы 19%. Ал екеуі де солақай болмаса 2% құрайды екен.

2. Әйелдердің кеш босануы 40 жастан асқан болса баласының солақай болып туылуы ықтималдығы өте жоғары болады.

3. Мәжбүрліктер, егер бала қолын күйдіріп, жарақаттанып алған жағдайда.

4. Саналы түрде өзін-өзі күштеп үйретуден болады екен.

2. Солақай мен оңқай адамдардың айырмашылықтары

Солақай адамдар - сезімтал, тез ашуға бой алдырады, эмоционалды, көңіл-күйлері құбылмалы. Солақай адамдарға нақты ғылымдар қиын келеді (математика, физика т. б. ) .

Мидың оң жақ бөлігі - иіс сезу, көру арқылы қабылдауға жауап берсе, ал сол жақ бөлігі - сөйлеу, оқу, жазу, математикалық, логикалық, аналитикалық ойлауға басым. Мидың сол бөлігі оң қолды, оң аяқты бағындырса, мидың оң жақ бөлігі сол аяқ пен сол қолды басқарады. Биология, техника ғылымдарының докторы Вигена Геодахяня зерттеуі бойынша: мидың сол жақ бөлігі қабылдау, сөйлеуді жаңғырту, жазу, санау, аналитикалық, абстрактілі ойлау, өзін тану, жағымды эмоция, мағлұматтарды жүйелі қабылдауы басым. Мидың сол жақ бөлігі қызметінен айырылса, адам депрессияға ұшырайды.

Мидың оң жақ бөлігі - көру қызметі, сезу, музыка, жағдайға байланысты ойлау, жағымсыз эмоция, мағлұматты бір мезгілде қабылдауы тән. Мидың оң жақ бөлігі қызмет етпей қалса, эйфорияға (көңіл - күйінің көтерілуі, қанағаттану сезіміне) әкеліп соғады.

7

Солақайлардың мінезі: Эмоционалды, өздерін ұстау қиын. Көп адамдарда, көбінесе ер адамдарда өзін-өзі бақылау төмен деңгейде. Шу шығаруға, ашуға бой алдырады.

Екі адамға бірнеше тапсырма берсек. Солақай адам ерекше жауап ұсынады. Солақай адамдар алынған мағлұматты жаймен қорытады, бірақ солақайлық бұл ауру емес, бұл ерекшелік. Солақайларда көп уақыт ойлану процесі жүрсе де, қызықты, оңтайлы шешімдер қабылдайды.

Оңқайларда қиындық: шығармашылыққа, түрлендіруіне қиналады.

Солақай адамдардың көпшілігі девиантты мінезімен ерекшеленеді, тәртіп бұзушы, сонымен қатар, олар шығармашыл, жан-жақты, жаңа идеяларға әуес жандар. Леонарда до Вмнчи, ДжК. Максви, И. П. Павлов. Танымал жазушылар: В. М. Даль, Льюис Кэррел. Шығармашыл: Чарлин Чаплин, Пол Макортин.

3. Солақайдың сыры неде?

Бүкіләлемдік солақайлар күні ең алғаш рет 1992 жылы 13 тамызда аталып өткен. 1990жылы бұл мерекені атап өтуді ұсынған британдық солақайлар клубы болып табылады. Қазіргі заманда барлық жағдайлар оң қолымен жұмыс жасайтындарға арналған: жазба және асхана қажеттіліктері, есіктер мен құлыптар, компьютер тышқандары. Керек десеңіз қоғамда солақайлықты кемістік көріп, солақай жандардан өздерін аулақ ұстап, кемтарлар қатарына жатқызғандығын да білеміз. Халықаралық солақайлар күнінің мақсаты - осы бір табиғатынан жаратылысы ерекше жандарға көңіл бөліп, қамқорлық таныту. Бұл күні әлемдегі 500 миллионға жуық солақай адамдар дизайнерлердің, өндірушілер мен тауар сатушылардың назарын өздеріне аударуға тырысады. 13 тамызда солақайлардың қоғамдық ұйымдары көптеген іс - шаралармен оң қолды пайдалануға тыйым салатын қызықты сайыстар ұйымдастырады. Көптеген қоғамда солақайлар қауымына деген теріс көзқарастар қалыптасқан. Бір кезедері оларға сотта куәгерлік етуге де тыйым салған көрінеді. Психолог мамандар солақайлар ерекше күшті мінезбен қарымды шығармашылық потенциалға ие деп санайды. Мереке белгіленбес бұрын сонау 1984 жылдары халықаралық солақайлар конференциясы оңқайлар әлеміне қарсы белгі ретінде құрылғанын айта кету керек. 1985жылы солақай бірінші сынып оқушыларын оң қолмен жазуға қинады. Бүгінгі күні қинап оң қолмен әрекет енгізудің балалардың психикасына кері әсер ететіндігі анықталып отыр. Зерттеуші ғалымдар солақайлар феноменін әлі күнге дейін зерттей алмай келеді.

8

Тек қана белгілі болғаны солақайлардың жартысына жуығы генетикалық тұрғыда болады, ал кейбірі жүре келе ми қыртысы қызметіенің өзгеріске ұшырауы салдарынан болады екен.

Сондай-ақ амалдың жоқтығынан немесе еліктеуден туған солақайлар да бар көрінеді, бірақ олар аз. Айға алғаш табан тіреген адам бірінші сол аяғымен түскен, солақайлардың арасында экстрасенстар да көп. Солақайлардың көбі жылдың екінші жартысында дүниеге келеді, көктем мезгілінде туылатындар өте аз. Солақайлар су астында оңқайларға қарағанда жақсы жүзеді екен. 40-тан асқан әйелдің баласының солақай болу ықтималдығы өте жоғары келеді. Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар деп біледі. Мароккода солақайларды жын деп атау дәстүрі қалыптасқан. Ал солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды. Солақайлықтың ұрпаққа қанмен берілетіндігі дәлелденіп отыр.

Ана құрсағында жатқан шарананы дәрігерлер 10-11 аптасында солақай немесе оңқайлығын анықтайды. Мұндай азаматттар әлемде Оңтүстік Азия, Шығыс Европа, Австралияда көбірек кездеседі. Ал Америка және Африка құрлықтарында солақайлар саны өте аз. Статистикаға сүйенер болсақ, әлем халықтарының шамамен 10-12 пайыз солақайлар. Мәселен әлемдегі әр жүз адамның біреуі ғана солақай болып туылады.

Атақты солақайлардың қатарында: Юлий Цезарь, Александр Македонский, Жанна д` Арк, Наполеон, Уинстон Черчилль, Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Марк Твен, Чарли Чаплин, Пол Маккартни және Ринго Старр, Мәрлин Монро, Роберт де Ниро, Джим Кэрри, Том Круз, Анжелина Джоли, Николь Кидман, Сильвестер Сталоне, Брюс Уиллис, ағылшын королевасы Елизавета, Бетховен, Моцарт сынды танымал тұлғалар бар. АҚШ-тың абыройын асқақтатқан үш президент - Рональд Рейган, Джордж Буш, Билл Клинтон да солақайлықтарымен ерекшеленген. Лондон олимпиадасында абыройымызды асқақтатып алтын медаль алған Серік Сәпиев те солақай. Атақты сазгер Нұрғиса Тлендиев домбырасын сол қолымен тартып әдемі әуендер шығарды. Белгілі әншілер:Нұрғали Нүсіпжанов, Димаш Құдайберген, Қайрат Нұртас, продюссер Баян Мақсатқызы да солақай адамдар.

4. Солақайлықтың психологиялық сипаттамасы

Солақай жандардың мінез - құлында оңқайларға қарағанда аздаған ерекшеліктер кездеседі. Мысалы, олар сезімтал, ойлау қабілеті жоғары, қимылы ширақ, тез ашуланғыш, әр кез келген нәрсеге мән беріп, уайымға берілгіш келеді. Сонымен қатар солақайлар өздеріне тапсырылған істі бар жан тәнімен орындайды. Баланың сол қолымен әрекет етуін алдымен ата- ана байқайды. Өйткен ол қасықты, ойыншықтарды сол қолымен ұстай бастайды.

9

Кейін мектепке келген оқушының қалам, қарындашты сол қолымен ұстауы көрініс береді. Әрине, біздің қоғамда солақайларға қиын. Себебі, үйдегі және жұмыс орындағы кейбір заттар ( есіктің тұтқасы, компьютер тышқаны, өндірістік құрал-жабдықтар) оңқайларға арналып жабдықталған.

Сондықтан мен солақайларға арналған арнаулы сауда орталықтары бар ма екенін білгім келді. Біздің қалада ондай дүкендер жоқ екен. Тек Ресейден, Қытайдан келетін қалам, қайшыларды ғана көрдім. Ал шетелде солақай адамдарға жұмыс істеуге, қоғамда өзін ыңғайлы санасын деп көп жағдай жасалатын көрінеді.

Ересек адамдар айтуына жүгінсек, кеңес үкіметі кезінде солақай жандарға деген көзқарас басқаша болды. Олардың оң қолмен жұмыс жасауға еріксіз мәжбүрлейтін. Алайда қазір бәрі басқаша, қоғам бұл құбылысқа мойынсынды. Кезінде атағы әлемге әйгілі болған аристотель, Юлий Цезарь, Леонардо до Винчи сынды тұлғалар да солақай болыпты, психологтар солақай жандардың шығармашылық жұмысқа ас қабілетті болатындығын айтты.

5. Солақайлардың бірнеше түрі болады:

Ғалымдардың айтуы бойынша:

Күшті түрі.

Жүз пайызы оңқай немесе солақай болады (тек оң, не сол қолымен әрекет етеді) .

Әлсіз түрі. (Сол көз, сол құлақ қызметі жоғары болғанымен, оң қолымен жаза алуы мүмкін) .

Амбидекстер деген түрі , яғни оң мидың оң жақ, сол жақ бөлігі тең әрекет жасайды. Олар екі қолымен де, көзімен де, құлағымен де теңдегідей де қызмет атқарады.

Егер адам оң қолымен жазып, оң қолымен телефон көтерсе, оң көзі, құлағы, оң аяғымен бастап жүрсе 100 пайыз оңақай, егер біреуін сол қолымен жиі істесе, бұны «Жасырын солақай» деп атайды.

Балада мидың қай бөлігі қызмет ететіні 6-7 жасында нақтыланады, ал 4 жасында қай қолы басшы екенін анықтауға болады.

6. Солақай бала неліктен пайда болады?

1 . Баланы дүниеге әкелген уақытта алған стресс (сәбидің салмағының аз болуы, босану процесінің ұзаққа созылуы т. б. ) .

2 . Тәрбиелеу ерекшелігі (сәби кезінен балаға қасық ұстап үйрету)

3. Тұқым қуалау арқылы беріледі.

10

Егер баланы солақайлықтан оңқайлыққа күштеп үйретсе барлық қабілеттерінен айырылады. Бірақ бала қайтадан солақайлыққа көшсе, адам қайтадан өз қалпына бірітіндеп келе бастайды. Кейбір солақайлар экстрасенс бола алады.

Менің отбасымның шежіресі

Біздің отбасымыздағы солақай адамдар

МЕН

Әке Ана(оңқай)

Әкемнің інісі Нағашы ата

Ата

Арғы ата

Өз отбасымды зерттей келе мен қалай солақай болғанымды анықтадым.

Солақайлық маған тұқым қуалау арқылы берілген. Яғни, әкем жағынан солақай адамдар басымдырақ. Ана жақтан тек нағашы атам ғана солақай екен. Мен математика пәнін ұнатамын, әкем мен атам да математика, физика пәндерінен ұнатады. Есте сақтау қабілетім жақсы. Спортпен айналысамын, әсіресе футболдан жақсы жетістіктерім бар.

ІІ Зерттеу кезеңі

І. №6 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушыларының ішінен солақай оқушыларды анықтау. Жалпы оқушы саны- 750. Олардың 32 оқушысы солақайлар.

1сыныптар
9 оқушы
1сыныптар: 2 сыныптар
9 оқушы: 10 оқушы
1сыныптар: 3сыныптар
9 оқушы: 8 оқушы
1сыныптар: 4сыныптар
9 оқушы: 7 оқушы

Ұлдар-19

Қыздар-15

Өте жақсы оқитындар-18

11

Жақсы оқитындар-10

Орташа оқитындар-4

Жалпы оқушылардың 24% солақай оқушыны құрады. Оқу үлгерімін сараптасақ солақай оқушылардың басым көпшілігі жақсы оқитындар.

ІІ

Тест «Оңқай, солақай, амбидекстер»

1. Саусағыңызды айқастырыңыз-егер жоғарыда оң қолыңыздың саусағы қалса, оңқай.

2. Екі қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қол үстінде қалады.

3. Қолыңызды шапалақтаңыз. Қай қолыңмен жеңіл болса, сол қол басым.

4. Қайшымен қию. Қай қолымен қайшыны ұстаса, сол қол басым.

5. Адам отырып аяғын бірінің үстіне бірін қою керек, қай аяғы үстінде қалса, сол жағы басым.

6. Көзіңізбен бір нүктеге қараңыз, қай көзге салмақ түссе, сол басым

7. Инені сабақтау

Тест қорытындысы

Сынама сұрақтар
Оң
Сол
екеуімен
Сынама сұрақтар: Саусақтарын айқастыру
: 14
5
Сынама сұрақтар: Қолды кеудеге айқастыру
: 16
4
Сынама сұрақтар: Қол шапалақтау
: 16
4
Сынама сұрақтар: Қайшымен қию
: 17
2
3
Сынама сұрақтар: Аяқтарын айқастыру
: 10
5
2
Сынама сұрақтар: Бір нүктеге қарау
: 17
3
Сынама сұрақтар: Инені сабақтау
: 16
3
3
Сынама сұрақтар: Допты тебу
: 17
3
3
Сынама сұрақтар: Қолыңдарың артыңа құлыптау
: 18
5

12

3 «Е»сыныбында 23 оқушының 3 -еуі солақай, 17-оңқай

амбидекс балалар-3 екені анықталды.

ІІІ

Солақай балалар арасында тест жүргізілді. Тесттің мақсаты осы солақай балалардың ішінде солақайлық түрін анықтау.

Баланың көзін байлап, бір бағытқа жүргізу керек. Солақай бала көбіне оңға қарай, оңқай солға қарай бұрылады.

Тест қорытындысы :3 «Ә» сыныбында 3 солақай баланың 2-еуі туа пайда болған, 1-еуі жүре пайда болған солақай екендігі анықталды.

ІҮ «Психогеометриялық тест»жеке тұлғаны фигуралар арқылы зерттеу

Оқушылар 5 түрлі фигуралардың ішінен біреуін таңдау керек. Нәтижесінде 22 оқушының 4-еуі шаршы, 5-еуі үшбұрыш, 4-тік төртбұрыш, 6-ауы шеңбер, 3-еуі ирек таңдады. Солақай балалардың 2-еуі ирек таңдаса 1-еуі шаршыны таңдады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солақайлықтың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Солақайлық мәселесі
Солақайлықтың физиологиялық негіздері
Баланың мектепте оқуға дайындығы
Аудандық психологиялық центрдің психологының жұмысы
Адамның психикалық іс-әрекеті
Қазақстандағы ЖЭС. Жер-су реформасы
Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары
Мінез туралы жалпы ұғым. Мінез бен темпераментті теңдестіру
Криминалистік әдістеме жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz