КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТЕРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Молотов-Лучанский В. Б., Туймебаева А. Т., Туймебаев А. А.
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ
Оқу әдістемелік құрал
ҚАРАҒАНДЫ
2008 жыл
УДК
ББК
М
Молотов-Лучанский В. Б., Туймебаева А. Т., Туймебаев А. А.
Клиникаға кіріспе
Оқу әдістемелік құрал - 34 б.
Рецензенттер:
м. ғ. к., доцент Кенжина З. З., м. ғ. к., доцент Мулдаева Г. М., м. ғ. к., доцент А. А. Тамен.
Оқу әдістемелік құрал медициналық жоғарғы оқу орындарында «Клиникаға кіріспе» пәнін оқитын 1-2 курс студенттеріне арналған. Оқу әдістемелік құралындағы ақпараттық материалдар берілген пән бойынша типтік бағдарламада қарастырылған тақырыптардан, тәжірибелік дағдыларды орындау алгоритмдерінен тұрады.
ҚММА Әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілген
Хаттама №_9_
_02_. 05_2008_ж.
ҚММА-ның Ғалымдар Кеңесінде басып шығарылуға рұқсат етілді және бекітілді
Хаттама №
. 200___ж.
© Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
1 БӨЛІМ. Емдеу - алдын-алу мекемелерінің негізгі типтері.
Емдеу сауықтыру мекемелерін негізгі екі типке бөледі: амбулатория және стационар. Амбулаториялық типтегі мекемелерге жатады: амбулаториялар, емханалар, медициналық-санитарлы бөлімдер, диспансерлер, консультациялар, жедел жәрдем станциялары.
Стационарлы типтегі мекемелерге жатады: ауруханалар, клиникалар, госпитальдар, босану үйлері, санаториялар, хоспистер. Емдеу және алдын-алу жұмыстарының сапасын жоғарлату мақсатында емханалар амбулаториялармен және стационарлармен бірлесіп жұмыс істейді. Бұндай жұмыстың құрылымы дәрігерлердің біліктілігін жетілдіруге, сонымен қатар тұрғындарды қамтамасыз етудің сапасын жақсартады.
Аурухананың құрылымы және негізгі қызметі.
Ауруханалар жалпы, республикалық, облыстық, шеткері, қалалық, аудандық және село лық деп бөлінеді. Арнайы ауруханалар (онкологиялық, туберкулез ауруларын емдейтін және т. б. ) өзінің саласына байланысты қаланың шетінде немесе қаланың сыртында, көгалды аймақтарда орналасады.
Аурухана құрылысының 3 негізгі типі бар: дұрыс , орталықтандырылған және аралас.
Дұрыс салынған жүйеде аурухананың терриоториясында шамалы бөлек ғимараттар салынады. Орталықтандырылған типтегі құрылыста ғимарат жабық жер асты немесе жер асты дәліздермен біріктіріледі. Аралас типтегі аурухаларда негізгі инфекциялық емес бөлімшелер бөлек үлкен ғимаратта, ал инфекциялық бөлімшелер, шаруашылық құрылыстар бірнеше шамалы ғимараттарда орналастырылады.
Аурухана аймағы үш аумаққа бөлінеді: ғимарат, шаруашылық алаңы және қорғаныш көгал зонасы . Емдік және шаруашылық зонасына кіру жолдары бөлек болу қажет.
Ауруханалар мынадай объектілерден тұрады:
- Арнайы бөлімшелерден және палаталардан тұратын стационар.
- Қосымша бөлімшелер (рентген бөлмесі, патологанатомиялық бөлме) және зертхана.
- Аптекалар.
- Емханалар.
- Асхана.
- Кір жуатын бөлме.
- Әкімшілік және басқа да бөлмелер.
Ауруханалар үнемі емдеуге және анықталған аурулары бар (мысалы, хирургиялық, терапиялық, инфекциялық, психотерапиялық және т. б) пациенттерді күтуге арналған.
Стационар аурухананың негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Стационарда заманауи, диагностиканың күрделі тәсілдерін және емдеуді қажет ететін пациенттерді қабылдайды және емдейді, күту және басқа да мәдени-тұрмыстық қызметтерді көрсетеді.
Кез келген салалы стационардың құрылымы пациенттерді орналастыруға арналған палаталардан, шаруашылық бөлмесінен санитаралы бөлмелерден, арнайы бөлмелерден (емшара, емдеу-диагностикалық), сонымен қатар мейірбике бөлмесі, бөлімше меңгерушінің бөлмесінен тұрады.
Палатарлардағы құрал-жабдықтар бөлімшенің саласына және санитарлы нормаға сәйкес келеді. Палаталар бір орынды немесе бірнеше орынды болып бөлінеді. Палаталарда төсектер (қалыпты немесе фукциональды), төсек маңында тумбочкала р және орындық немесе үстел, пациенттің киімін ілетін шкаф, мұздатқыш, жуынатын орын бар. Төсектердің бас жағын қабырғаға жақындатады, төсектердің бір-бірінен ара-қашықтығы бір метрдей шамасында болады, себебі науқасты күтуге және оны каталкадан төсекке немесе төсектен каталкаға ауыстыру кезінде ыңғайлы болу үшін. Пациентпен бекеттегі мейірбикенің арасындағы байланыс сөйлесу құрылымы арқылы немесе жарықты сигнализацияның көмегімен жүзеге асады. Стационардың арнайы бөлімшелерінде әр бір төсек орталықтандырылған оттегі беруге және басқа да медициналық аппараттармен жабдықтаумен қамтамасыз етілген.
Палаталардың жарығы санитарлы нормаларға сай. Күндізгі уақыттағы жарық коэффиценті терезе аумағының еден аумағы қатынысына тең 1:5-1:6 сәйкес. Кешкі уақытта палата жарығы люминесцентті шамдармен жарықтанады. Жалпы жарықтанудан басқа жекелеген жарықтану да бар. Түнгі уақытта палата есіктің қасында еденнен 0, 3 метр биіктікте орналасқан түнгі жарық шаммен жарықтанды.
Палата ішіндегі ауада көмір қышқыл газының концентрациясы 0, 1% -тен аспау керек, салыстырмалы ылғалдылығы 30-45%.
Ересек адамдардың палатасындағы ауа температурасы 20°С-ден аспайды, ал балалар палатасында - 22°С.
Бөлімшеде пациенттердің 50% -тін бірден тамақтандыратын ас тарату бөлмесі және асхана бар.
Бөлімшедегі дәліз каталка, зембілдердің еркін қозғалуы үшін кең болуы керек. Ол стационардағы қосымша ауа қоры болып табылады және табиғи және жасанда жарықтан тұрады.
Санитарлы бөлме арнайы жабдықтандырылған және пациенттің жеке гигиенасын жүзеге асыруға арналған (шомылу бөлмесі, жуыну бөлмесі), кір жаймаларды сұраптауға, таза жаймаларды сақтауға арналған және дезинфекция, зәр қабылдағыштарды сақтауға арналған, жинау инвентарларын және персоналды қамтамасыз ететін арнай киімдерді қоятын бірнеше бөлек бөлмелерден тұрады.
Аурухананың инфекциялық бөлімшелері бокстерден, жартылай бокстерден, жай палаталардан және карантин жарияланған кезде бөлімшенің қызметін қамтамасыз ететін бірнеше бөлек секциялардан құралады.
Әрбір бөлімшеде персоналға және пациентке арналған, пациенттерге емдеу-қорғаныш режимін: ұйықтау және дем алуды, диетамен тамақтануды, оларды жүйелі түрде бақылау және күтуді, емшараларды орындауды қаматамасыз ететін бөлімшенің ішкі күн тәртібі бар.
Терапиялық бөлімшедегі ішкі тәртіптің үлгісі.
6-7 сағат Ұйқыдан тұру, дене қызуын өлшеу.
7 - 8 сағат Таңертеңгі жуыну.
8 - 10 сағат Таңғы ас
10 - 12 сағат Дәрігерлердің шолуы
12 - 14 сағат Дәрігерлердің тағайындауын орындау
14 - 15 сағат Түскі ас
15- 17 сағат Тыныштық сағаты (дем алу)
17- 18 сағат Серуендеу, туыстарының келуі
18- 19 сағат Дене қызуын өлшеу
19 - 20 сағат Кешкі ас
20 - 22 сағат Бос уақыт
22 сағат Түнгі ұйқы
2 бөлім. Қауіпсіз аруханалық орта
Аурухана ішілік инфекцияның мәселелері.
Аурухана ішілік инфекцияларға (АІИ) пациент ауруханаға түскеннен бастап оған жұғатын немесе көмекке келген кезде ауру симптомдарының байқалуынсыз ауруханада жатқанда немесе шығарылған кезде байқалатын клиникалық анықталынған кез келген ауру.
АІИ-ның басқа да атауы бар: госпитальді, нозокониальді. АІИ-ға жататын аурулардың көпшілігі медициналық араласумен байланысты. АІИ-ның шамамен 85%-ы іріңді-септикалық инфекция (ІСИ), 6-7%-ы вирусты гепатиттер В, С, Д: клиникалық инфекциялар -7-8%; соның ішінде 80% жағдайда -сальмонелез.
АІИ-ның пайда болуына әсер ететін факторлар:
- Организмнің қарсы тұру қабілетінің төмендеуі;
- Штаммдары антибиотикке төзімді микроорганизмдердің таралуы ;
- Пациентті күту кезінде инфекциялық қауіпсіздік ережелерін сақтамау ;
- Инвазивті манипуляциялардың (организмдегі тіннің бүтіндігін зақымдайтын) көбеюі;
- Емдеу - алдын-алу мекемелерінің адамға толуы;
- Құрал-жабдықтардың ескіруі және т. б.
Қауіп топтары:
- Хирургия, урология, реанимация бөлімшелеріндегі жағдайы ауыр науқастарда, әсіресе егде жастағыларда, балаларда және оларды күтетін адамдар немесе оның туыстарында инфекция жұғуының қаупі жоғары;
- Медицина қызметкелері, әсіресе бірнеше рет қолданылатын, биологиялық сұйықтықтармен былғанған және тазартудың барлық этаптарын қажет ететін құралдармен жұмыс істейтіндер.
«Инфекциялық үрдіс» түсінігі макро- және микроорганизмдердің бірлесіп әр түрлі сферадағы: жедел, созылмалы, жасырын, сонымен қатар тасымалдау инфекциясының дамуын анықтайды.
Инфекцияның дамуын тудыратын негізгі жағдай ауру қоздырғышының болуы.
АІИ-ны тудыратын микроорганизмдердің негізгі түрлері корь, скарлатина, дифтерия және басқа да балалар ауруларын, клиникалық (сальгогенез және басқа) В және С гепатиттерін тудыратын облигатты патогенді микроорганизмдер және шартты патогенді микрофлора: стафилококктар, жылтыр стафилококк, стрептококтер, синегной таяқшасы, псевдолюпадтар, Гр «-» бактериялар және оның токсиндері (ішек таяқшасы, протеялар, сальмонеллалар т. б. ) . Сонымен қатар саңырауқұлақ инфекциясымен ВИЧ -инфекциясымен, цитомегаловируспен аурухана ішілік жұғу жолдары аз жағдай емес.
Инфекция қоздырғыштары инфекция қорында (көзінде) болады.
Аурухана ішілік (госпитальді) инфекцияның қоры болып табылады:
- Персоналдыңқолы;
- Ішек, зәр шығару жүйесі, мұрын-жұтқыншақ, тері, шаш, ауыз қуысы пациенттің де, персоналдың да;
- Қоршаған орта: персонал, шаң, су, тамақ өнімдері ;
- Құралдар;
- Жабдықтар;
- Дәрілік заттар және т. б.
АІИ-ның таралу механизмі.
АІИ-ның таралуында маңызды роль атқаратын инфекцияның аэрозольді (ауа-тамшылы), тұрмыстық-қатнас және жасанды, сонымен қатар қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда жұғу механизмі бар.
АІИ-ны алдын-алудағы қауіпсіздік және қадағалау шаралары.
Стационардағы қызметкерлердің екінші жұмыс киімдер жиынтығы болу қажет: халаттар, аяқ киім және басқа да санитарлы киімдер күнделікті ауыстырып отыруға жеткілікті болу керек. Олар арнайы жеке шкафтарда сақталынады. Кірлеген жағдайда шұғыл түрде ауыстырып киетін санитарлы киімдердің жиынтығы бар болуы қажет.
Емдеу мекемесінің мейірбикесі әр уақытта таза және ұқыпты болу керек. Жұмыс киімі үстіндегі киімін толығымен жауып тұру қажет. Шашы толығымен қалпақтың ішіне салынады. Екінші аяқ киімі дезинфекциялауға ыңғайлы, тығыз материалдан тігілу керек. Босандыру бөлімшесінде, инфекциялық бөлімшеде, операциялық блокта емдеу мекемесінен тыс жерлерде жұмыс киімімен және екінші аяқ киіммен жүру үшін арайы екінші киім қажет.
Қорғану киімдерін қолдану ережелері.
Халаттар, алжапқыштар - науқасты күту, инфекцияның таралуын алдын-алу үшін қолданады және оларды науқастың үстіндегі киімі немесе астындағы төсек жаймасы сияқты әрбір емшараны аяқтаған соң ауыстырып отырады.
Қолғаптар -таза және стерильді түрде қолданылады.
Оларды киеді
- Кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқан кезде (қанмен, шәует немесе қынап сұйықтығымен, мұрынның шырышты қабатындағы бөліністермен, сілекей және жас сұйықтығымен, сонымен қатар зәр, нәжіспен, жұлын сұйықтығымен, экссудатпен және т. б. )
- Пациенттің, сол сияқты медицина қызметкерлерінің терісінің бүтіндігі бұзылған жағдайда
- Қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен былғанған материалдармен жұмыс істегенде.
- Маскаауа-тамшылы жолмен жұғатын микроорганизмдерден минимальді қорғануды қамтамасыз етеді (шамамен 10%) . Төрт қабатты дәкеден жасалған, микроорганизмдерді жақсы сүзетін бетперделер қолданылады, бірақ олар бетке тығыз түрда жабылмаса олардың қорғаныш қасиеті жоғалады.
Бетпердені кию қажет, бірақ екі сағаттан артық емес. Егер батперде дем алған ауамен ылғалданса оны ауыстыру қажет.
Аяқ киім және медициналық аяқ киімдер инфекциядан қорғамайды.
Көзілдіріктер және щиттер көзге, мұрынға, құлаққа қан және биологиялық сұйықтықтардың шашырауынан қорғайды.
Жұмыс орнындағы мейірбике қауіпсіздігінің жалпы шаралары.
Мейірбике міндетті:
1. қолды жуу деңгейін сақтауға
2. қанмен және биологиялық сұйықтықтармен жанасқан кезде қолғап киюге
3. қолғапты шешкеннен кейін қолын жууға
4. инфицирленген материалдар төгілген немесе шашылған кезде оларды тез арада жинап алуға
5. залалсыздандыру құралдары, тәсілдері және режимі көрсетілген құжаттарға сәйкес науқасты күтуге қолданған құрал-жабдықтарды, қолданған таңу материалдарын залалсыздандыру.
Аурухана ішілік инфекцияны (АІИ) алдын-алу
АІИ-ны алдын-алу мақсатында денсаулық сақтау мекемелерінде мынадай шаралар жиынтығы жүргізіледі:
- санитарлы-гигиениалық режим сақталынады
- стационарға пациенттерді қабылдау тәртібі сақталынады (жалпы қарау және педикулез табылған жағдайда оны тазарту, дене қызуын өлшеу, стафилакокқа мұрын және аңқадан жұғынды алу) .
- тазалау, тазалау құралдарын залалсыздандыру және қолдану, оларды сақтауды санитарлы бөлім қадағалайды.
- Сан Пин 90100176 06. 08. 97ж. «Медициналық тағайындауға арналған заттарды стерилизациялау және залалсыздандыру».
- бөлімшедегі пациенттерге санитарлы тазалық жүргізіледі және олардың төсек жаймасы жеті күнде бір рет немесе қажет болған жағдайда ауыстырылады
- пациенттердің жеке киімдерін және кірленген жаймаларды сақтау тәртібі сақталады.
- залалсыздандыру, стерилизация алдындағы тазалау және мед. тағайындауға арналған құралдарды стерилизациялау №408 бұйрық және ОСТ42-21-02-85жыл ДС бұйрығына сәйкес, сонымен қатар залалсыздандыру, стерилизация алдындағы залалсыздандыру, медициналық тағайындауға арналған құралдарды стерилизациялау бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
- инфекциялық пациенттерді белсенді түрде анықтау жүргізіледі (ішек инфекциясына, іш сүзегі, дифтерию, вирусты гепатитке күдік туса), олармен байланыста болған адамдар бақылауға алынды.
- тамақтану режимі сақталынады: тамақ тарату бөлмесінің, асхананың жарығы, дайындалған тамақтың таралу уақыты, тамақ қалдықтарын жинау және ыдыстарды тазалау тәртібі, тазалау құралдары және оларды сақтау, науқастың үйінен келген тамақтарды сақтау тәртібі сақталынады.
- бөлімшеде карантинмен немесе аса қауіпті жұқпалы аурумен науқас анықталған жағдайда күдік туған пациенттер анықталған кездегі медициналық персоналдың іс-әрекеті, жедел көмек көрсету және хабар берудің сызбанұсқасы болу қажет.
- емдеу-алдын алу мекемелерінде қалдықтарды жинау, сақтау және оларды жою тәртібі сақталынады.
Тәжірибелі мейірбике науқасты алғашқы қараған кезде-ақ оның сырқатының ауырлығына, терісінің, киімінің санитарлы жағдайына бірден назар аударады. Қазіргі кезде баспанасыз, тұрғылықты мекен-жайы жоқ көше кезіп жүретіндер ауруханаға көп түседі. Бұндай науқастарды бірден санитарлы бөлмеде қарайды, себебі олардың үстінен бас, киім және шап биттері жиі табылады. Оларға тексеру жүргізер алдында дәрігер және мейірбике резеңкелі қолғап киеді, ал ондай науқастардан шешіп алынған киімдерді бөлек ыдысқа немесе полиэтиленді қапқа салып жояды.
Бас биті бастағы шашты зақымдайды, шаш кір, сынғыш, таралмаған болады, шаштың түбінен шашқа мықтап жабысқан көптеген ақ сіркелер байқалады, олар шашты тарағанда түспейді, сондықтан оларды жою үшін шашты тақырлап алып тастайды.
Киім биті киімнің бүктелген жиегінде жүреді, олар теріні зақымдайды, теріде қасылған іздер қалдыртады, сондықтан киімдерді жоюға тура келеді. Шап биті дененің түкті жерлерінде әсіресе шап аймағында, қас, сақал-мұртта, қолтық астында жүреді.
Биттер бөртпе сүзек, және қайталамалы сүзек ауруларының тасымалдаушысы болып табылады, ауру қоздырғыштары паразиттердің тістеген орны арқылы және қасылған тері арқылы организмге енеді.
Педикулезбен бірге қышыма да анықталады. Қышыма кенесін анықтау үшін науқастың қолын: саусақтарының арасын, қолының сыртқы бетін, денесін мұқият қарау керек, ол жерлерден жұп орналасқан - кененің кіру және шығу жолдары бар бөртпелерді көруге болады. Қышыма жұқпалы ауру, сондықтан науқасты қолғап пен ұзын резеңкелі алжапқыш киіп қарау керек, қарап болған соң қолды сабынмен және залалсыздандыратын ерітінділермен тазалау қажет.
Бит табылған жағдайда науқасқа толық санитарлы өңдеу жүргізіледі - науқасты сабынмен және жөкемен жуындырып, түктерін қырады. Басын жуу үшін ДДТ сабыны немесе арнайы сусабындарды қолданады, ал олар болмаған жағдайда битті жоюдың қарапайым тәсілі қолданылады - керосин мен сұйық майды бірдей көлемде араластырып шашқа жағады. Бұл тәсіл кейінгі кезде тіпті қолданылмайды, көбінесе қышыма және битшеңдік кезінде бензилбензоаттың 20 % мазьі жиі қолданылады. Қышыма кезінде оны 2 апта бойы әр бір 2-3 күн сайын теріге толығымен 4 рет жағу керек, ал битшеңдік кезде бастағы шашқа немесе шапқа, қолтық астына, сақал-мұртқа 1-ші, 2-ші және 7-ші сөткеде жатар алдында жағады.
Ұзын шашты науқастардың басынан бит табылған жағдайда арнайы сабын сулар қолданылып, 10% сірке қышқылының ерітіндісіне батырылған мақтамен сүртілген тістері жиі орналасқан тарақпен шашты бірнеше рет тарайды.
Науқастарды жуындыру қабылдау бөлімінің жуынатын бөлмесінде жүргізіледі. Жағдайы ауыр науқастарды ваннаға түсірер алдында олардың астына жайма жаяды, орындыққа отырғызып душқа түсіреді. Үйінен таза, жуынып келген науқастарға тек аурухананың киімдері беріледі.
Жағдайы ауыр науқастарға, оның ішінде миокард инфарктісі, пневмония, инсульт, гипертониялық криз, бронх демікпесінің ұстамасы және босанатын әйелдерге қабылдау бөлімінде жуынуға рұқсат етілмейді. Ол науқастардың терісі сабынды суға батырылған жаймамен сүртіп, құрғатады.
Қабылдау бөліміне ауыр жағдайдағы науқас түскенде мейірбике оның ауыз қуысын қарап, басын бір жақ қырына қаратып, фурациллин ерітіндісіне батырылған дымқыл шүберекпен құсық қалдығынын тазартады.
Сопор немесе кома жағдайындағы науқастың тілі тыныс жолдарын бітеп қалмау үшін олардың төменгі жағын ашып резеңкелі ауа түтігін қояды.
Хирургиялық және гинекологиялық науқастарды санитарлы өңдеуде олардың шашы, шап аралығындағы түктерді ұстараның көмегімен қырып алып тастайды. Ұстарамен қырылатын аймаққа алдын-ала сабынды көбікті жағады, теріні зақымдап алмай, абайлап ұстарамен қыру қажет. Түктерді қырғаннан кейін теріні жылы сумен жуып, құрғатып сүртеді. Теріні тіліп алған жағдайда міндетті түрде теріні дезинфекциялайды.
Бастың ашық жарақатын дәрігер нейрохирург өңдейді. Шашты алмас бұрын аққан қанды сутегінің асқын тотығы немесе фурациллин ерітіндісіне батырылған мақтамен сүртеді. Алдымен жараның айналасындағы шашты қияды, одан соң қажет болған жағдайда шашты толығымен қырады.
Кейбір жағдайда ауруханаға өз-өзіне қарай алмайтын қарт, әлсіреген адамдар түседі. Әдетте олардың аяқтарындағы тырнақтары үлкен болып өсіп кетеді. Егер науқасқа операция жасау қажет болса санитарка немесе мейірбикеге науқасқа операция алдындағы санитарлы өңдеу жүргізу жоспары бойынша олардың аяғын өңдеуге тура келеді. Бұл шараны жүргізер алдында резеңкелі қолғап киеді. Егер мүмкіндік болса науқас аяғын бірнеше минутқа сабынды суға салады, тек содан кейін ғана тырнақтары алынады. Науқас жағдайы өте ауыр болса сабынды суға батырылған шүберекпен сүртіліп, құрғатып оның аяғына таза бахил кигізеді. Науқастың жағдайы жақсара бастаған кезде ғана бөлімшеде оның аяғына санитарлы тазалау жүргізіліп тырнақтары алынады, бұл жұмысты леген, суқұйғыш беріп науқастың туыстарына үйретіп, оларға жүктеуге болады.
Науқасқа санитарлы тазалық жүргізу 15-25 мин. уақытқа созылады. Неғұрлым көп тәжірибе жинаған сайын мейірбике кез келген науқасқа санитарлы тазалық жүргізуді тез және еппен орындайды.
Гигиеналық ваннаны дайындау және жүргізуді орындауда белгілі бір реттілігі болады.
1. Ваннаны залалсыздандыруды кіші мейірбике жүргізеді, ал ол жоқ болған жағдайда мейірбикенің өзі орындайды. Залалсыздандырған кезде міндетті түрде қолғап киеді. Ваннаның ішін сабынды жөкемен немесе щеткамен, «Санит» тәрізді жуғыш ұнтақпен мұқият жуып, 0, 5 % хлорлы әк немесе 2 % хлорамин Б ертіндісімен залалсыздандырғаннан кейін ішін ыстық сумен шаяды.
2. Ваннаға жылы су толтырады (шамамен 35-37 °С), судың температурасын термометрмен өлшенеді, бірақ көп жағдайда қолмен анықтауға болады (суға алақанның сыртқы бөлігінің терісін тигізу арқылы) ; ваннаны суға жартылай толтырады. Су деңгейі науқастың семсер тәрізді өсіндісінің тұсынан келу қажет.
3. Науқастың ванннаға ыңғайлы отыруына көмектеседі, аяғының басына тіреуіш қойылады. Суда сырғанап кетпес үшін денесінің астына жайма төселеді. Науқастың алдымен денесін, одан соң басын жуады және шайындырады, алдымен денесі сосын басын құрғатап сүртеді. Науқастың жағдайы кенеттен нашарласа - жүрек соғуы жиілесе, ентігу, жүрек немесе басқа да аймақта ауырсыну сезімдері байқалса, басы ауырса - жуындыруды дереу тоқтатып, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіледі. Науқасқа ваннадан шығуына көмектесіп, дәрігер шақырылады.
Бөлім 3 Науқасты тасымалдау.
Науқастарды бөлімшеде тасымалдау.
Науқасты таысмалдау туралы мәселені дәрігер шешеді. Науқасты тасымалдаудың үш түрлі әдәсі бар - науқас мейірбикенің көмегімен өзі жүре алады, орындық арбады отырған күйінде және жатқан қалпында каталкамен тасымалданады.
Науқасты каталкаға ауыстыруға 2-3 адам қатысады. Каталканы науқас жатқан төсекке жақындатып науқасты каталкаға ауыстырады немесе науқастың өзі мейірбикенің көмегімен абайлап каталкаға қарай жылжиды. Науқастың жағдайы ауыр болса медицина қызметкерлерінің үшеуі бірігіп каталкаға жатқызады. Олардың екеуі науқастың бір жағынан, ал үшіншісі екінші жағынан тұрады. Науқастың орнын каталкаға ауыстыру оған қатысушы адамдардың біреуінің бұйыруымен басталады, көбінесе дененің ауыр бөлігі - бас жағынан ұстаған адамның бұйыруы бойынша. Науқасты каталкаға ыңғайлы орналастырғаннан кейін оның үстіне жайма жауып бөлімшеге тасымалдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz