Психология ғылым ретінде
Емтихан сұрақтары
1.Психология ғылым ретінде. Мақсаты, міндеттері, пәні мен объектісі.
Психология - психикалық құбылыстарың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, ғылым. Психология термині гректің 2 сөзінен турады: оның біріншісі - псюхе (жан), екіншісі логос (сөз, ілім). Сөйтіп бұл сөз жан туралы ілім деген ұғымды білдіреді.
Психологияның пәні, зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеттері. Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. "Психология" сөзі гректің екі сөзінен пайда болды: "пcюхе "- жан, психика және "логос"- ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология - адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.
Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар. Адам психиканың ең жоғарғы түрі -сананың болуымен ерекшеленеді. Адам саналы құбылыс болып табылады. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез-құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды. Психикалық өмірдің құбылыстары жан-жақты, бірақ олар бір-бірінен томаға тұйық өмір сүрмейді, бір-бірімен байланысты.
Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі - барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.
2.Психология ғылымының даму кезеңдері.
1-ші кезең. ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше "жан- мәңгі өлмейді, өшпейді",- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
2-ші кезең. Психология сана туралы ғылым ретінде.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
Д.Локк (1632-1704) сенсуализмнің - ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді .Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық - локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез - құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу п.әні өзгерді сананың орнына мінез-құлық алынды,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды . "Сана" ,"түйсік" "қабылдау ", "ерік "деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. "Стимул" (сыртқы орта қоздырғышы ) "реакция " (организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы "байланыс"( ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды.Психологиялық зерттеулердің мақсаты - ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни, объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады. Сондықтан да бейнелеу субъективті. Осылардың бәрі психика дегеніміз - объективті дүниені субъективті бейнелендіру деуге әбден болады.
3.Психология ғылымының зерттеу әдістері.
Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі
Бақылау әдісі - әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап - бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап - оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі - эксперимент.
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
4.Контент-талдау әдісі.
Контент-талдау - маркетингтік зерттеуде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі.
Контент-талдау арқылы ақпараттың әлеуметтік мазмұнын сандық әдіспен зерттеу жүзеге асады. Контент-талдау жасау кезінде үрдіс немесе құбылыстың өзіндік қасиеті, белгілері, жағымды, жағымсыз жақтары анықталады. Сондай-ақ оның барлық болмысы белгілі бір әлеуметтік ақпаратта айқындалады
5.Лонгютидтік әдіс.
Лонгитюдтік талау -- Ұзақ уақыт ішінде бақылауға алынған адамдардың жас ерекшеліктеріне және әсер еткен факторларына байланысты өзгеруін талдау әдісі. Бұл әдіс адамның өмір циклдары мен фазаларындағы болған психологиялық қасиеттерінің сандық және сапалық өзгерістерін анықтауға пайдаланылады. . Мақсаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе теңдігін анықтау.
6.Табиғи және лабараториялық эксперимент.
Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.
7.Психология ғылымының салалары.
Тәлім-тәрбие; Жас ерекшелік; Арнаулы; Жарнама; Медиа; Саяси; Салыстырмалы; Еңбек; Авиациялық; Ғарышкерлік; Медициналық; Әскери; Әлеуметтік; Спорт; Сауда; Ғылыми-шығармашылық; Көркем-өнер, әдебиет; Заң психологиясы.
8.Медиапсихология.
Медиапсихология-жеке және бұқаралық қазіргі заманғы байланыс құралдарымен өзара әрекеттесу контексінде жеке тұлғаны қарастыратын психология ғылымының саласы; медиа мәдениеттің негізгі компоненттерін, медиа кеңістіктердегі адамдардың қарым-қатынасы мен мінез-құлқының психологиялық заңдылықтарын анықтайды және сипаттайды, адамның медиа мәдениетін қабылдау құбылыстары мен тетіктерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қазіргі мәдениетіндегі жеке тұлға мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекетін зерттейді
9.Саясипсихология.
Саяси психология -- біріншіден, саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғүрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туындайды. Бірақ қарапайым саяси санада өмірді танып-білуіне, хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына баса назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Саяси психология әр түрлі іс-әрекеттерге соған сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда маңызды рөл атқарады. Сондықтан саяси бағытты жоспарлап, оны жүзеге асыруда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор.
Екіншіден, саяси психология ғылыми пән ретінде ұлттар, таптар, әлеуметтік топтар саяси санасында қалыптасып, көрініс табатын, әрі саяси үрдіске қатысушылардың нақты іс-әрекеттерінде жүзеге асатын қоғамның саяси өмірінің психологиялық бөліктерін зерттейді.
10.Әлеуметтік психология.
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche -- жан және logos -- сөз, түсінік, ілім) - әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі.
11.Заң психологиясы.
Заң психологиясы -- заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының бір саласы. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала
сот психологиясы,
қылмыс психологиясы,
еңбекпен түзету психологиясы (пенотенциарлы) деп аталатын тармақтардан тұрады.
Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындагы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.
12.Салыстырмалы психология.
Салыстырмалы психология - адам психикасының шығу тегі мен дамуының, адам санасының қалыптасуының психологиялық алғышарттары мен заңдылықтарын, адам мен жануарлардың психологиялық қарекетіндегі жалпылық мен айырмашылықты, (адамның мінез-құлқындағы әлеуметтік пен биологиялық мәселесі) зерттейтін психология саласы. Бұл мәселелерді зерттеу адам психологиясы мен зоопсихологияның (жануарлардың психикасы, шығу тегі, эволюция барысында дамуы және психикалық процестердің онтогенезде қалыптасуы туралы ғылым) мәліметтерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
13.Арнайы психология.
Арнайы психология - психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары: кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология), саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология), соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология), психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы, логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы, ерте жастағы балалар аутизмі бар (ЕЖБА) балалар психологиясы, күрделі даму бұзылуы бар балалар психологиясы.
14.Менеджмент психологиясы.
Менеджмент психологиясы - басқарушылық қызметтің психологиялық ерекшеліктерін және менеджер жұмысының заңдылықтарын зерттейтін ғылымның бағыты. Алайда менеджменттің басты буыны-адам. Оның психологиялық ерекшеліктері өзгеріссіз қалады, әмбебап мәнге ие.
Басқаларға әсер ету қабілетінде менеджерлер психологияның ерекше саласын -- менеджмент психологиясын, яғни менеджер жұмысының психологиялық заңдылықтарын құрайтын адам психологиясы туралы білімге сүйенеді.
15.Пеницентиарлық психология.
Пенитенциарлық психология - бұл заң психологиясының бөлімі, оның функциясы жазаның әртүрлі түрлерінің де , сотталғандардың, ең бастысы, олардың қоғамдастықтарының да тиімділігінің тиісті аспектілерін зерттеу болып табылады. Бұл ғылым үнемі жетілдіріліп, толықтырылып отырады. Қылмыстық-атқару жүйесін реформалау үдерісі пенитенциарлық жүйенің қазіргі қызметкерлеріне тән практикаға үнемі толықтырылып отырады . Сонымен қатар, пенитенциарлық психология қылмыстық мекемелердің жұмысынан тыс процестермен айналысады. Қазіргі кезеңдегі адамдарды әлеуметтендіру мен оңалту жазалаудың өзінен кем емес маңызды рөл атқарады.
16.Жарнама психологиясы.
Жарнама психологиясы - психология ғылымының қолданбалы салаларының бірі. Жарнама көрермендердің, алушылардың, жөне қатынасушылардың зейіндері мен қызығушылықтарын заттарға, шараларға, дәстүрлерге, шығармаларға, т.с.с. аударып, кең өрісті әйгілі ету мақсатымен қолданылатын хабарлау жолы. Жарнама психологиясы эргономиканың, физиологияның, эстетиканың және этникалық нормалардың мүмкіндіктерін ескереді. Жарнама хабарлайды, түсіндіреді, сендіреді. Олай ету үшін жалпыға ақпарат үрдісінің функциясы, нұсқасы және адамдардың білім деңгейлері мен кімдерге арналғанын жан-жақты қарастырады. Жарнама психологиясы жарнаманың әртүрлі әлеуметтік функцияларының механизмдері мен заңдылықтарын зерттейді.
17.Психология ғылымындағы мативация мәселесі және теориялары.
Қазіргі кезде мотивация психикалық құбылыс ретінде әртүрлі түсініктемелер береді. Бір жағдайда мінез-құлық пен іс-әрекетті анықтайтын, бағыттайтын және қолдайтын факторлардың жиынтығы болып табылса (К. Мадсен; Ж. Годфруа), басқа жағдайда - мотивтердің жиынтығы ретінде (К.К. Платонов), үшіншіде - организмнің белсенділігін тудыратын және оның бағыттылығын анықтайтын ниеттенуші ретінде қарастырды (4).
Сонымен бірге мотивацияны мотив әрекет процесі ретінде және әрекеттің нақты түрлерінің жүзеге асырудың тәсілдері мен бағыты, пайда болуды анықтайтын механизм ретінде қарастырады
Мотивация - мінез-құлық пен іс-әрекеттің ішкі детерминациясы, адамды қоршаған ортамен, сыртқы тітіркендіргіштермен негізделген болуы мүмкін. Сыртқы орта адамға физикалық әсер етсе, сол кезде мотивация сыртқы әсерді ішкі ниеттендіру өзгертетін психикалық процесс болып табылады
18.Психология ғылымындағы қажеттіліктер теориясы.
Маслоудың адам қажеттіліктері туралы теориясы - иерархиялық құрылым. Теория біздің негізгі қажеттіліктерімізді қанағаттандырған кезде, адамдар жоғары тілектерді дамыта бастайды дейді. Маслоу бұл қажеттіліктерді бес деңгейге бөлді:
* Физиологиялық қажеттіліктер. Бұл пирамиданың ең үлкен бөлігін құрайды, өйткені олар біздің өмір сүруіміз бен көбеюімізге байланысты. Бұл деңгейде біз гомоэстаз, дененің қалыпты және тұрақты күйді сақтауға тырысуы сияқты қажеттіліктерді табамыз. Сонымен қатар, біз тамақ, үшіншіден, дене температурасын сақтау, жыныстық қатынас және осы деңгейде тыныс алу сияқты қажеттіліктерді табамыз.
* Қауіпсіздік қажет. Пирамиданың бұл бөлігінде біз тәртіп пен тұрақтылықты сезінеміз. Бізге тұрақтылық, жұмыспен қамту, ресурстар, денсаулық және қорғау қажет. Бұл тілектер біздің өмірімізді бақылауды жоғалтудан қорқуымызға байланысты.
* Әлеуметтік қажеттіліктер. Физиологиялық және қауіпсіздік қажеттіліктерімізді қанағаттандырғаннан кейін, біздің мотивация өміріміздің әлеуметтік бөлігіне бағытталған. Біз басқа адамдармен және оның аффективті аспектісімен араласқымыз келеді. Бұл деңгейде басқалармен байланыс жасау, достық қарым-қатынас орнату, сүйіспеншілікті білдіру және қабылдау, қоғамдастықта өмір сүру, топқа кіру және оларды қабылдау сияқты қажеттіліктер бар.
* Тану қажеттілігі, өзін-өзі бағалау деп те аталады. Бұл деңгейде біз өзімізді бағалайтындығымызды сезінуіміз керек, беделге ие болуымыз керек және әлеуметтік топтың ішінде ерекшеленуіміз керек. Маслоу сонымен қатар осы бөлімде өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі құрметтеуді қамтиды.
* Өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктері. Біз бұл қажеттіліктерді өзін-өзі жүзеге асырудың қажеттіліктері деп атай аламыз. Бұл бөлімде қол жеткізуге болатын ең қиын мақсаттар бар. Маслоу бұл деңгейде адамдар өздерінің өлім-жітімінен асып, әлемде өз іздерін қалдырғысы келеді деп болжайды. Осы деңгейдегі басқа тілектерге бізде таланттарды дамыту және өз жұмысымызды жүргізу қажеттілігі жатады. Бұл қажеттіліктер өмірдегі миссияны іздеу кезіндегі біздің моральдық және рухани дамуымызға байланысты.
19.Эмоция - психологиялық феномен ретінде.
Эмоциялар - бұл аса кең ұғым, сезімдер эмоционалды күйлердің белгілі бір көрінісін білдіреді. Күнделікті өмірде эмоция деп, біз әдетте адамның алуан түрлі реакцияларын - ынтызарлықтың буырқанған күйінен көңіл-күйдің нәзік тербелістеріне дейінгі реакцияларды атаймыз. Психологияда эмоция деп, адамның өмір сүруіне арналған ішкі және сыртқы жағдаяттарды бағалауды және тұлғалық маңыздылықты көрсететін, толғаныстар түрінде жүзеге асатын психикалық процестер аталады. Нәтижесінде, эмоцияның аса маңызды сипаттамасы ретінде олардың субъективтілігі алынады.
20.Эмоционалдық интеллект ұғымы.
Іс жүзінде бұл дегеніміз біздің мінез-құлқымыздың артындағы эмоциялардан және олардың басқа адамдарға тигізетін әсерінен хабардар болыңыз (оң және теріс), бұл эмоциялармен қалай айналысуға болатындығын үйренуден басқа, біздің және басқалардың, әсіресе қысымға ұшыраған кезде.
Біздің эмоцияларымызды білдіру және басқару қабілеті өте маңызды, бірақ басқалардың эмоцияларын түсіну, түсіндіру және оларға жауап беру қабілетіміз. Досыңыз мұңайған кезде немесе әріптесіңіз ашуланғанда сіз түсінбейтін әлемді елестетіп көріңіз. Психологтар бұл қабілетті Эмоционалды интеллект деп атайды
Саловей мен Майер Эмоционалды интеллекттің төрт түрлі факторларын анықтайтын модель ұсынды, олар: эмоционалды қабылдау, эмоцияны қолдана отырып, ойлау қабілеті, эмоцияны түсіну және эмоцияны басқару қабілеті.
1. Эмоцияны қабылдау
Эмоцияны түсінудегі алғашқы қадам - оларды дәл қабылдау. Көптеген жағдайларда бұл түсінуді қамтуы мүмкін дене тілі және бет әлпеті сияқты вербальды емес сөйлемдер.
2. Эмоцияларға негіз болу
Келесі қадам - эмоцияны ойлау мен танымдық белсенділікті дамыту үшін пайдалану. Эмоциялар назар аударуға басымдық беретін нәрсені анықтауға көмектеседі, сондықтан біздің назарымызды аударатын нәрселерге эмоционалды түрде жауап береді.
3. Эмоцияны түсіну
Біз қабылдаған эмоциялар әртүрлі мағынаға ие болуы мүмкін. Егер біреу ашуланшақ сезімін білдірсе, байқаушы оның ашуының себебін және оның нені білдіретінін түсіндіруі керек. Мысалы, егер бастығымыз ашуланшақ әрекет етсе, бұл біздің жұмысымызға наразы екенімізді білдіруі мүмкін, немесе оның шамадан тыс жүктемесі бар немесе таңертең әйелімен дауласқан болуы мүмкін.
4. Эмоцияны басқару
Эмоцияны тиімді басқару қабілеті Эмоционалды интеллекттің маңызды бөлігі болып табылады. Эмоцияны реттеу, тиісті түрде жауап беру және басқалардың эмоцияларына қалай және қашан жауап беру керектігін білу - эмоционалды басқарудың маңызды аспектілері.
21.Стресс психологиясы.
Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.
Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1. Үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы
кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2. Төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3. Әлсіреу - бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.
Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
22.Копинг-стратегия.
Күрес стратегиясы-адамды стресстік жағдайдан қорғауға немесе оның психикаға әсерін азайтуға арналған бір немесе бірнеше әрекет. Басқаша айтқанда, оларды жұмыс табу процесі немесе отбасы ішіндегі қарым-қатынас болсын, өмірдің әртүрлі салаларындағы проблемалардан психологиялық қорғау әдістері деп атауға болады.
Психологияда барлық адамдар күрес стратегияларын қолданады деп саналады. Біреу әзіл арқылы стресстен алшақтайды. Біреуге өз эмоциясын білдіру оңайырақ. Жағымсыз жағдайлардан аулақ болуға тырысатындар да бар. Мұның бәрі подсознание деңгейінде болады және мидың рефлекторлық қызметі болып саналады.
Қиындықтар күн сайын пайда болады. Тіпті қарапайым болып көрінетін жағдайларда да сіз күйзеліске тап болуыңыз мүмкін. Егер сіздің эмоцияларыңызды басқару қиын болса, стресс созылмалы болуы мүмкін. Одан кейін невроз, депрессия және басқа психикалық бұзылулар пайда болады.
23.Стресскетұрақтылық.
Күйзеліске тұрақтылық, ол, оптимизм сақтауға көмектеседі қуаныш, және дұрыс, барабар шешімдер және тиімді мінез-құлық қабылдауды жетілдіру, жеке басын шекарасын бұзуға мүмкіндік беретін емес, және жеке психологиялық эмоциялық тұтастығын сақтау сыни жағдайға ішкі бейбітшілік жағдайын сақтау үшін жеке ағзаның қабілеті жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
24.Темперамент, қабілет, мінез.
Темперамент (латын тілінен аударғанда - сәйкестік)- әр адамның психологиялық
қызметінің қозғалысын (психологиялық динамикасын), немесе мінез-құлќын сипаттайтын ерекшелік. Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас
психикалық құбылыс.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отыратын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды
Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға
мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік
пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені
адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне
орай қалыптасады. Бейімділік - адамның белгілі бір әрекетпен
айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе
жаткан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар
бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет,музыка т.б.)
әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.
25.Мінез акцентуациялары.
Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері -- әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы -- психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін, К. Леонгардпен ұғым. Акцентуация (Мінезді қараңыз) басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.
26.Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар.
Адамның өмірінің мағынасы ол өзінің өмірін бағындырған құндылықты білдіреді, ол өмірлік мақсаттарды белгілеп, оларды жүзеге асырады. Бұл өмірдің рухани мағынасының компоненті, ол әлеуметтік құндылықтардан бөлек қалыптасады және адамның жеке құндылық жүйесін құрайды.Өмірдің осы мәнін ашып, құн иерархиясын жасау өзінің жеке тәжірибесіне негізделген әр адамда көрініс табады.
Адамның өмірінің мақсаты мен мағынасы толығымен қоғамның қажетті жағдайында: еркіндік, гуманизм, адамгершілік, экономикалық және мәдени жағдайларға байланысты іске асырылады. Әлеуметтік жағдайлар адамның өз мақсаттарын жүзеге асыруы және дамуы және оның жолында кедергі болмауы керек.
27.Экзистенциялды психология.
Экзистенциалды психология-бұл экзистенциализм философиясына сәйкес пайда болған жалпы схемаларға сәйкес келмейтін адамның нақты өмірінің бірегейлігінен туындайтын психологиядағы бағыт. Оның қолданбалы бөлімі-экзистенциалды психотерапия. Экзистенциалды психология психологиядағы гуманистік бағыттарға жатады.
28.Психоанализ.
Психоанализ (нем. Psychoanalyse) -- XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында австриялық невропатолог және психиатр Зигмунд Фрейд (1856-1939) әзірлеген психологиялық теория, сондай-ақ осы теорияға негізделген психикалық бұзылуларды емдеу әдісі.
Психоанализдің тиімділігі үнемі дау тудырады. Алайда, бұл әдіс психиатрия мен психиатрларға әлі де айтарлықтай әсер етеді, дегенмен олардың үлесі біртіндеп төмендейді -- кем дегенде -- танымдық мінез-құлық терапиясының балама психоанализін қолдайтын дәлелді медицинаның әсерінен.
Психоанализдің негізгі ережелері::
* адамның мінез-құлқы, тәжірибесі мен білімі көбінесе ішкі және әдетте иррационалды дискілермен анықталады;
* бұл дискілер негізінен бейсаналық;
* бұл дискілерді іске асыру әрекеттері қорғаныс механизмдері түрінде психологиялық қарсылыққа әкеледі;
* жеке даму жеке тұлғаның құрылымымен ғана емес, сонымен қатар ерте балалық шақтың оқиғаларымен де анықталады;
* шындықты саналы қабылдау мен бейсаналық (репрессияланған) материал арасындағы қақтығыстар невротикалық мінез-құлық белгілерінің пайда болуына, сондай-ақ неврозға, қорқынышқа, депрессияға және басқа психоэмоционалды бұзылуларға әкелуі мүмкін;
* бейсаналық материалдың әсерінен босатуға оның хабардарлығы арқылы қол жеткізуге болады;
29.Психика және психикалық күйлер.
30.Қарым-қатынас психологиясы.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі - қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше. Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Адамның психикасы айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым - қатынас дегеніміз- тіл арқылы пікір алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналады. Сӛйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-қатынастың сөзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т.б. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы кӛрініс, дене құрылысы, түс, иіс мағыналы ақпараттық сигнал қызметін атқарады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірнің болуы мүмкін емес. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін канағаттандырмау - біртіндеп оның мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйкы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте арақатынас - біркелкі, бұзылмайтын процесс.
Коммуникация - арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау процесі.
Интеракция - тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция - адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты күрделі, өзгермелі, өзара байланысты жүйе ретінде қарастыра отырып оның бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады.
1.Ресми қарым-қатынас - қызметтік негізде қалыптасады, заңмен тұрақтанады, жарғымен, ережелермен реттеледі.
2. Ресми емес қарым-қатынас - жалпы қабылданған зандар мен талаптарды белгілі тұрақтанған ережеге бағынуды талап етпейтін адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы. Бұл ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек кӛру, жауласу т. б. себептер негізінде пайда болады.
3.Тігінен қарым-қатынас - бұл тұлғааралық байланыс, басшы мен оған бағынушылар арасындағы, көшбасшы мен басқа ұжым мүшелері арасындағы байланысты көрсетеді, жалпы ұжымда ресми мәртебеге ие тұлға мен қалғандары арасындағы қатынас түрі.
4.Көлденеңінен қарым-қатынас - бұл бірдей мәртебеге ие ұжым мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасы. Ұжым ішінде тігінен және көлденеңінен қарым-қатынас түрлерін бір-бірімен салыстыруға, қарама- қарсы қоюға болмайды.
5.Іскерлік тұлғааралық қарым-қатынас - бірлескен іс-әрекет, қызмет барысында адамдар арасында болатын қарым-қатынас түрі.
6.Жеке қарым-қатынас - орындалатын іске тәуелді емес адамдар арасындағы қарым-қатынас. Іскерлік және жеке қарым-қатынас түрлері бір- бірін толықтырады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес.
7. Рационалды тұлғааралық қарым-қатынас - адамдардың бір-бірі туралы білігі, басқа адамдардың оны объективті бағалауы жатады.
8. Эмоционалды қарым-қатынас - адамның адам даралығын қабылдауы. Бұндай қарым-қатынас түрі жағымды және жағымсыз қарым-қатынас негізінде іске асырылады.
31.Көшбасшы психологиясы (Лидерство)
Оқуға қызығушылық - психологиядағы көшбасшылық мәселесі. Кез-келген ұжымда көшбасшылықтың қалауына қарамастан бейресми шағын топтар пайда болады. Егер кенеттен осындай ұжымда ұжымның қалған ұжымының қоғамдық пікіріне әсер ете бастаса, онда бұл топ анықтама деп аталады.
Мақсаттың пайда болуы және еңбек қызметін ұйымдастыру қажеттілігі нәтижесінде көшбасшының пайда болуына әкеледі. Бұл үш немесе одан көп адамнан тұратын барлық топтарға тән. Психологияда көшбасшылардың үш түрі бар: тар мағынада көшбасшы, көшбасшы және жағдайлық көшбасшы.
Көшбасшы. Бұл ең үлкен беделге ие топтың мүшесі, ол сендіруге және шабыттана алады. Өз тобының басқа мүшелерінде ол көрініске, қимылға немесе сөзге оңай әсер етуі мүмкін. Лидер келесі қасиеттерге ие болуы керек: физикалық белсенділік, энергия және жақсы денсаулық.
Көшбасшылық мәселелері Өзіңізге және сіздің қабілеттеріңізге сеніміңіз, беделіңіз, кез-келген сәтте табысқа жетуді қалаңыз. Көшбасшы интеллектуалды болуы керек, жақсы түйсігі бар және шығармашылық бастамасы болуы керек. Сондай-ақ , қарым-қатынас дағдыларын , адамдармен ортақ тіл табуға және байланыс жасауға қабілетті болу маңызды.
Тар мағынада көшбасшы. Ол көшбасшыдан әлдеқайда беделді. Ол жиі өзін үлгі етіп, істеген ісімді істеуге шақырады. Бұл топтың бір бөлігіне ғана әсер етеді.
Ақыр соңында, жағдайлық көшбасшы . Мұндай адам белгілі бір нақты жағдайға пайдалы болуы мүмкін белгілі бір жеке қасиеттерге ие - мысалы, оқиғаны ұйымдастыру.
32.Қарым-қатынастың перцептивті жағы.
Жеке адамаралық қарым-қатынастың пайда болуы жөне табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Озара түсіністіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтерін, багдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтер, бағдарды қабьшдау, бөлісу түрінде көрінеді.
Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші қүрамды бөлігі перцептивгі жағы туралы айтылып отыр.
Әлеуметтік психологияда өлеуметтік перцепция үғымы кең мағынада: перцеіггивді процестердің өлеуметгік детерминантасы мөселеге көңіл аудару қажет-қабылданатын адамның (субъект) психологиялық жөне өлеуметтік ереюцеліктсрш зерттеуге, екіншіден жеке адамарлық бейнелеу механизмдерінщ талдауьша.
33.Каузальды атрибуция.
Каузальды атрибуция (лат. causa-лат. attributio-тіркеу) - тұлғааралық қабылдау құбылысы, түсіндіру, басқа адамның іс-әрекетінің себептерін анықтау.
Тұжырымдама батыстық әлеуметтік психологияда қалыптасты және атрибуция теориясында (ағылшын. Дж.д. "Attribution theory") әзірлеген. Келли, Ф. Хайдером, Ли Россом[en]. Себепті атрибуция зерттеушілері "қарапайым адам", "көшедегі адам" өзі қабылдаған оқиғалардың, соның ішінде өзінің мінез-құлқының себеп-салдарлық байланысын түсіндіретін механизмдерді анықтауға тырысты.
Атрибуция өлшемі мен дәрежесі екі көрсеткішке байланысты:
* әрекеттің рөлдік күтулерге сәйкестігі-сәйкестік неғұрлым көп болса, ақпараттың жетіспеушілігі соғұрлым аз болады, сондықтан тіркеу дәрежесі аз болады;
* іс-әрекеттің мәдени нормаларға сәйкестігі.
34.Эмпатия және антипатия.
Эмпатия( лат. empatheіa ) - өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі - өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатияны алғаш рет АҚШ психологы Э.Титченер (1867 - 1927) зерделеді. Ол философиядағы "ұнату" сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті. Сол арқылы адамның күйзеліске түсу себептерін ғылыми тұрғыда жүйелеп шықты. Cезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі. Эмпатия адамның өзгелер қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл күйде болуы. Эмпатия өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатия айқын көрінісі -- идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргеңдей халде болуы.
Антипатия (др.-греч. ἀντιPIάθεια, ἀντι - - " қарсы "және PIάθος -- "құмарлық") -- дұшпандық, келіспеушілік немесе жиіркеніш сезімі, біреуді немесе бір нәрсені қабылдамаудың эмоционалды қатынасы. Керісінше жанашырлық. Антипатия, симпатия сияқты, көбінесе Есепсіз сезім болып табылады және подсознание шешімімен анықталады, бірақ ол белгілі бір қоғамда қабылданған көзқарастар жүйесін айыптайтын адамдарға, тіршілік иелеріне немесе құбылыстарға моральдық бағалау нәтижесінде толығымен саналы түрде пайда болуы мүмкін.
Әлеуметтану мен психологияда антипатия, симпатия сияқты, тұлғааралық және топаралық қатынастардың мотивациялық реттегіштерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, дұшпандық пен дұшпандық сезімдері аз немесе аз тәуелсіз немесе тіпті қосымша болуы мүмкін, яғни басқа адамға эмоционалды қарым-қатынаста табиғи түрде біріктірілуі мүмкін
35.Стереотип психологиялық мәселе ретінде.
36.Идентификация, аттракция және рефлексия.
Идентификация -езгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, озгені тану тәсілі, өзін өзгеге үқсату. Идентификациялану барысында өзгенің қүндылықтары, мінез-қүлықтары, әдетгері өз бойына сіңіріледі. Идентификация, әсіресе, жасөспірімдергс тән қүбылыс. Өздері идеал, кумир ретінде таңдаған кісі (олардың ойы бойынша) не істесе, бүлар да өз іс-әрекетін соған ұқсатуга тырысады.
Аттракция -- озгені танып білудің ерекше түрі, ол озгеге қатысты түрақты жылы сезім қалыптастыруга негізделген. Ортақтасу серігіи жақсы түсінуге, оған қарай достық не сүйіспеншшк сезімдеріне негізделген қарым-қатынас себепкер болуы даусыз.
Рефлексия -- ақыл, рух, жан, ойлау, сана, адам (рулық болмыс немесе жеке тұлға ретінде), ұжымдардың өзін-өзі өзгертуіне қатысты құбылыстар мен ұғымдардың кең ауқымын қамтитын ұғым.
37.Психологиялық әсер ету.
Бізге ұнайды ма, жоқ па, бізге үнемі әсер етеміз. Біз достарымызбен сөйлесіп, теледидар көріп, жұмыста жұмыс істейміз, ахуалды бақылап отырмыз немесе кітапты оқып жатырмыз - біз басқа адамдардың әсер ету аймағында тұрамыз. Бірақ біз өзімізге үнемі басқаларға әсер етеміз, кейде оны мүлдем байқап, оны қаламай-ақ қоясыз.
Адамдарға әсер ету психологиясы кейбір мамандықтарда мақсатты түрде қолданылады. Барлық табысты коммерциялық және жарнама агенттері, сатушылар, консультанттар және басқару қабатының өкілдері адамдар шешіміне әсер ету жолдарын саналы түрде қолданады.
Тіпті отбасында және достарымен қарым-қатынаста болса да, біз әрдайым әсер ету әдістерін қолданамыз.
38. Психологиялық әсер етудің саналы формалары
Психологиядағы әсер ету түрлері
* Сұрау . Кәдімгі шағым, сұхбаттасушы қандай да бір мұқтаждықты қанағаттандыруға көмектесті.
* Сенімділік . Адамның ой-пікірін, көзқарасын, қалауын өзгертуге бағытталған дәлелдер бар өтініш. Психологияға ықпал етуде, сендіру сенуге болады, ең алдымен, адамның мұқтаждықтары.
* Ұсыныс . Сеніммен салыстырғанда бұл көбірек жабық әсер. Әңгімелесуші немесе адамдар тобы олар шешім қабылдауға немесе әрекетке баруға тырысып жатқандарын түсінбеуі мүмкін. Адамға қысым жасамайды және оның психикасы жаңа қондырғыларға қарсы болмайды. Ұсыныс мақсаты - адам қажетті шешімге келгенде нәтиже.
* Мәжбүрлеу . Бұл әсері әлдеқайда ауыр. Баяндамашы әңгімелесушіні белгілі бір әрекеттерді орындау қажеттігі туралы фактіні ескертеді. Бұл әдіс сөйлескенде әңгімелесушіге қатысты қандай да бір артықшылықтарға ие болғанда мүмкін: мәртебесі, жас шамасы, күші және т.б. Мәжбүрлеу тікелей қысым ретінде сезіледі.
* Өзін-өзі таныстыру . Белгілі кәсіптік және отандық салаларда біліктілігі мен біліктілігін растайтын өздерінің еңбегі, мақсаттары, жетістіктері туралы әңгіме. Бұл адамға сөйлеушінің сөздерін тыңдау үшін сендіруге көмектеседі.
* Инфекция . Әдетте бұл әдіс неғұрлым еріксіз қолданылады. Экстатикалық күйде болған адам осындай бақытты нәтиже алу үшін бірдей нәрсені қалайтын адамдарға айналады.
* Қолдау көрсетуді қалыптастыру . Адам өзіне әсер етудің жанама әдістерімен назар аудара алады: өзінің жеке қасиеттері туралы нәзік емес әңгіме, алушыны мадақтайды, оған көмектеседі немесе оны еліктейді.
* Жақсартуға ұмтылу . Мұндай ықпал етуді педагогтар мен педагогтар пайдаланады.
* Ата-аналарға қажет. Оның мәні басты адамға белгілі бір іс-әрекеттерді қайталау үшін адресатқа насихаттаумен байланысты.
* Манипуляция . Бұл түр тән адамдарға әсер психологиясы билік пен ықпал психологиясы. Оның мәні мынада, өз мақсаттарына қол жеткізу үшін адресатқа нақты әрекеттер мен штаттарға қысым көрсетудің нақты әдістері.
* Мотивация . Мотивацияның және әсердің психологиясы жеңіске жетудің нәтижесіне жетуге көмектеседі. Жетекші әңгімелесуші белгілі бір әрекеттер мен әрекеттердің барлық артықшылықтары мен артықшылықтарын көрсетуі керек.
39.Психологиялық әсер етудің бейсанадық формалары.
40.Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде.
Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.
Қарым-қатынастың деңгейлері: мезо, макро, микро, рухани; іскер;
Қарым-қатынастың негізгі қызметі:
oo ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
oo реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
oo аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
41.Қарым-қатынас стилдері.
Қарым-қатынастың стильдері:
1. Авторитарлық стиль - қарым-қатынас кезіндегі бұйрық, ескерту жасау, кінәлау, ұрсу.
2. Либеральдық стиль (анархиялық) қарым-қатынас барысындағы екі жақтың да пассивтілігімен сипатталады.
3. Демократиялық стиль - қарым-қатыгнасқа түсіп отырған екі тараптың да қарым-қатынас субъектісі бола алуы, яғни белсенді түрде қарым-қатысқа түсуі.
42.Қарым-қатынас түрлері.
Қарым-қатынастың түрлері: интерактивті; коммуникативті; перцептивті;
43.Конфликт психологиясы.
Конфликт -- күрделі және көпсалалы әлеуметтік феномен болып табылады. Мұнда бірнеше тараптан бір немесе бірнеше ортақ қызығушылықтармен біріккен қатысушылар болады: индивидтер, әлеуметтік топтар, ұлттық-этникалық топтар, мемлекеттер, мемлекеттер тобы. Конфликттер әр түрлі себептерге және мотивтерге байланысты болады, мысалы: психологиялық, экономикалық, саяси, құндылықты, діни және тағы да басқа. Онымен қоса әрбір тұлға іштей қарама-қайшылықтар мен стресстерге жақын келетінін де ескеруіміз керек.
Конфликт -- қызығушылықтары (қажеттіліктері, мақсаттары, идеалдары, түсініктері) мен көзқарастары қарама-қайшы келетін субъектілердің қатынасы әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс
44.Конфликт құрылымы мен динамикасы.
Конфликтінің негізгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz