Психология туралы түсінік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Инновациялық білім беру факультеті

«Психология және арнайы білім беру» кафедрасы

Соөж

Жалпы психология

Тақырыбы:Психология туралы түсінік

Дайындаған:Куанышева Жайна 101-2 топ

Атырау 2021

Жоспары

  • Психология және оның маңызы, ғылыми негізі;
  • Қ. Б. Жарықбаев бойынша психология феноменін зерттеудің негізгі бағыттары
  • Психологияның даму кезеңдері
  • Психологияның басқа ғылымдармен байланысы
  • Психология ғылымының салалары
  • Пихология және іс-әрекет
  • Психология пәні глоссарий
  • Эссе «Психология және мен»

Психология және оның маңызы, ғылыми негізі

Психология-психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Адамның ішкі жан дүниесін оның сырттай болмысын өзара ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен айналысады.

Психология - ерекше ғылым. Адамның білімді меңгеруі ерте заманнан бері жалғасып келеді. Дегенмен, психология ұзақ уақыт бойы философия аясында дамып, Аристотельдің еңбектерінде («Жан туралы» трактат) жоғары деңгейге жетті, сондықтан көбі оны психологияның негізін салушы деп санайды. Осындай көне тарихқа қарамастан психология тәуелсіз эксперименттік ғылым ретінде салыстырмалы түрде жақында ғана, тек 19 ғасырдың ортасынан бастап қалыптасты.

«Психология» термині алғаш рет ғылыми әлемде 16 ғасырда пайда болды. «Психология» сөзі гректің «syhe» - «жан» және «logos» - «ғылым» деген сөздерінен шыққан. Сонымен, сөзбе-сөз психология - жан туралы ғылым.

Қазірдің өзінде XVII-XIX ғасырларда психология өзінің зерттеу аясын едәуір кеңейтіп, бұрынғы атауын сақтай отырып, адамның іс-әрекетін, бейсаналық процестерін зерттей бастады. Адамды зерттеу ғылымның маңызды міндеттерінің бірі, ал адам туралы ғылымдардың ішінде психология бірінші орындардың бірін алады. Психология адамдардың психикалық өмірін түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан психология адамға әсер етумен байланысты және олардың психикалық жағдайын есепке алуды және жеке ерекшеліктерін түсінуді талап ететін кез келген жұмыс үшін өте маңызды. Психологияның әдебиет пен тарих ғылымы үшін маңызын да айта кеткен жөн. Адамның психикалық өмірін түсіне білу көптеген тарихи және әдеби фактілерді толық түсінуге ықпал етеді.

Психологияны оқу сіздің психикалық өміріңізді түсінуге көмектеседі. Кейде сөзбен белгілеу, өз тәжірибесін сипаттау қаншалықты қиын екенін әр адам өзі біледі. Сонымен бірге өз тәжірибесін атау және сипаттау қабілеті өте құнды: бұл тәжірибені жүзеге асыруға, түсінуге және осының арқасында белгілі бір дәрежеде оны меңгеруге мүмкіндік береді. Психология адамның өзін түсінуге, күшті және әлсіз жақтарын білуге ​​мүмкіндік береді. Ал өзін-өзі тану өзін-өзі тәрбиелеуге, өз бетімен жұмыс істеуге, кемшілігін түзетуге, қабілетін дамыту үшін қажет.

Қ. Б. Жарықбаев бойынша психология феноменін зерттеудің негізгі бағыттары

Cоңғы жылдары зерттеу еңбектерінде, оқу басылымдарында психология ғылымының қазіргі таңдағы мақсат-міндеттеріне ұлттық таным, халықтық мүдде тұрғысынан баса назар аударылып, осыған орай рухани кемел халқымыздың тұрмыс-салтына, əдет-ғұрыпына, жөн-жосық, жол-жоралғысына, тіпті, бүкіл тыныс-тіршілігіне қатысты тұстары (жеке тұлға, ойлау əдебі, сөйлеу ерекшеліктері, ерік-жігер қабілеті, ұлттық мінез) түгелдей дерлік қайтадан зерттеле, түрленген тұрғыда қарастырыла бастады. Себебі, бұл үрдістің өзі ұрпақ алдынағы ілімнің тəлім-тəрбиелік қызметіне, қоғамдағы қажеттіліктің үлгілік құзырына жұмсаларына бүгінде толықтай көзіміз жетті. Кезеңінде болашағымызға қазақ даласының данышпандарының мұраларын меңгере отырып көз тастау қажеттілігін уақыттың өзі-ақ сараптап берді. Əрине, кемелдену, «Рухани жаңғыру» бағдарында алдымен Абайға үңілуіміз, ұлт психологиясы төңірегінде түрлі ғылыми зерттеулер мен шаралар ұйымдастырып, халқымыздың он төрт ғасырлық келелі психологиялық ой-пікірлерінің тарихын тануымыз өте орынды. Бірақ, күні бүгінге дейін орындары ұлтымыздың көкжиек кеңістігінде ойсырап тұрған ғұламаларымыздың, анығы, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов, Мəшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Ғұмар Қараштың қазірдің өзінде зерттелмеген қырлары көп-ақ.

Бірақ бізге дейін бұл қажеттілікті, асылы, зəрулікті ұғынып, ұлт психологиясы шыңына өзінің дəуір үшін қуаты күшті зерттеулерімен көтеріліп, тұрақты биігіне орныққан бір тұлға бар. Оның есімі қазақ психологиясымен жапсарлас, ұлт педагогикасымен мығым. Себебі, ол - ғалым. ол - педагогика ғылымдарының докторы, професор, ол - Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы. Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы көңіл қуантады. Уақыт кеңістігінде ұлттық психологияның дамуына, даусыз дала перзенттерінің бірталай өкілдері үлес қосты, қазақ өркениетінде оның теориялық жағынан зерттелуі өте қарқынды дамыды. Алғашқы психологиялық ой-пікірлер қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Əбу Насыр əл-Фарабидің ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынан бастау алып, жантанудың жалауын кейіннен өз еңбектерінде дала данышпаны ортағасырлық Жүсіп Баласағұн батыл көтерді. Қазақ психология тарихын зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады:

• Бірінші кезеңі - кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы (бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (ХV-ХХғ. ) )

• Екінші кезеңі - марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990),

• Үшінші кезең - егемен, тəуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006) .

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасу жəне даму тарихын қарастырғанда əдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарында профессор Қ. Б. Жарықбаев ұсынған кезеңдерді негізінен басшылыққа алу орынды. Біз Жарықбаевтың «Қазақ тəлім-тəрбиесі» еңбегіндегі Мəшһүр-Жүсіп Көпейұлының психологиялық көзқарастарын ғалымның талдау ерекшелігіне қарай қарастырып көрейік. Расымен, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде педагогика, психология саласында өздерінің соны пікірлерімен көрінген бірнеше қазақ ғұламалары болды. Олар өздерінің пайымдары, жазған-сызған еңбектері арқылы ойларын, индивидтік таным-түсініктерін білдіріп отырды. Олардың ішінде Мəшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Ғұмар Қараш, Мұхаметсəлім Кəшімов, Спандияр Көбевтерді ерекше атап өтуімізге болады. Жалпы аталған ғұламалардың педагогикалық жəне психологиялық көзқарастарын Қ. Б. Жарықбаев:

1. Қолжазбалары арқылы;

2. Еңбектеріндегі ой-пікірлері арқылы;

3. Діни жəне азаматтық қағидалары арқылы қарастырады.

Қазақстаннан тыс жерлерге белгілі ғалым, жоғары оқу орнында бар саналы ғұмырын өткізген, педагогика жəне психология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер Құбығұл Бозайұлы Жарықбаевтың ғылыми-педагогикалық жəне қоғамдық қызметтегі өсу, өркендеу баспалдақтарына зер салар болсақ, осы қағидаға анық көз жеткізгендей боламыз. Құбығұл Бозайұлы Алла жаратқан Ұлы Ұстаз, Л. Н. Толстой былай деген: «Егер ұстаз өз бойына ісіне жəне шəкірттеріне деген сүйіспеншілігін біріктірсе, онда ол нағыз ұстаз». Бұл сөздер Құбығұл Бозайұлына қатысты айтылған. Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық - ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тəрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірде ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тəрбиелейтін ұстаздарды да, сондай ардақтауға міндеттіміз», - деген болатынды.

Ұзақ жылдар бойғы жоғары оқу орындарындағы іс-тəжірибесінің негізінде профессор Қ. Б. Жарықбаев қазақ тілінде жоғары мектеп ұстаздары мен студенттеріне арнап, психология пəнінен оқу құралдарын жазып ұсынған республикамызда тұңғыш ғалымдардың бірі. Бүкіл республика университеттері, педагогикалық институттарымен колледж, соның ішінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары Құбығұл Бозайұлының оқу құралдарын жүйелі түрде пайдаланып келеді. Соңғы жылдары жарық көрген оқулықтары: «Психология негіздері» (2010 жыл, 30 баспа табақ), «Психологическая наука Казахстана в ХХ веке» 21 (2006 жыл, 27 баспа табақ) педагогика жəне психология саласынан білім алатын магистранттардың, студенттердің рухани игілігіне айналды. Профессор Құбығұл Бозайұлының педагогикалық-психологиялық еңбектерінің негізі, жас ұрпақты тəрбиелеу əдістері мен тəсілдерін ұлттық мəселелерімен тығыз байланыста алып қарастырғандығы. Ғалымның ұлттық психологияның дамуына сүбелі үлес қосуда қолданған «ұлттық мінез», «ұлттық мақтаныш», «ұлттық намыс», «ұлттық дəстүр», «ұлттық сана» ұғымдарының барлығы өзіне арналған төлқұжаты болып табылады. Бүкілдүниежүзілік ғылымға осы ұғымдарды енгізуімен қазақ психологиясының бар екендігін көрсетті. Ұлттық мінез бітістерін былайша сипаттайды: «Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының əсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамғадеген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлық, жойқын соғыс пен, қуғын - сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналасудан қанымызға сінген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық». Осыған қосып айтарымыз, ғалымның бойынан табылатын - қандай мəселе туралы айтса да əділдікке бой ұратындығы, ақиқаттан ауытқып кетпейтіндігі деп ерекше атауға болады. Тарихты зерделеу мен ғалымдардың жеткен жетістіктерін қазіргі таңда оқу-тəрбие үрдісіне пайдалану педагогикалық жəне психологиялық тұрғыда білім беру мен тəрбиені шығармашылықпен құруға мүмкіндік туғызады. Осы орайда кеңес мектебі мен педагогикалық психологиясының дамуының өзіне тəн ерекшеліктері мен Қазақстанның білім беру саласының дамуына маңызды үлес қосқан ғалымдардың еңбектерінің мəні орасан зор. Қ. Б. Жарықбаев сeкiлдi дapa тұлғаның ғылыми, пeдaгoгикaлық, пcиxoлoгиялық мұpaлapын бүгiнгi тaңдa бiлім aлушылaрғa, көпшілік қауымға жeткiзyдiң жaңa əдic-тəciлдepiн aнықтay ғалымның еңбектерінің өзeктiлiгiн aйқындaй түceдi. Ғалымның aғapтyшылық идeялapын тaлдay eндi-eндi қoлғa aлынa бacтaды. 2008 жылы профессор, педагогика ғылымдарының докторы Қ. Б. Сейталиевтың жетекшілігімен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистрі Қ. О. Қазиев «Профессор Қ. Б. Жарықбаевтың педагогикалық-психологиялық көзқарастары» атты магистрлік диссертациясын үлкен ізденіспен орындап, сəтті қорғап шықты. Бұл жұмыcта Қ. Б. Жарықбаевтың өмipi мeн aғapтyшылық қызмeтiнe жəнe тəлiм-тəрбиeлiк eңбeктepiне ғылыми түpде тaлдay жacaлып, oның Қaзaқcтaндaғы пeдaгoгикaлық-пcихoлoгиялық oй-пiкipлeрдiң дaмyынa қoсқaн үлеci aнықтaлып, ғылыми тұрғыдaн дəйeктeлдi. Сондықтан ұстаздың психологиялық мұраларын қазіргі ұрпаққа жеткізу мақсатындағы зерттеу жұмыстары өзекті, ол болашақ психолог-педагог мамандарды қалыптастыру үрдісіндегі объективті қажеттіліктен туындап отыр. Ұлы тұлғаның ғылыми ізденісінің, психологиялық мұраларының ғылыми астары мол, тұжырымдары терең, атқарған ұстаздық еңбегінен өзі үлгі өнеге, тəлім-тəрбие алған қазақ зиялыларының еңбектерін жалғастыра отырып, қазақ жастарының ұлттық сана-сезімінің ояна түсуіне қозғау салумен қатар, қазіргі таңдағы ұлттық ғылымның даму жолында маңыздылығы арта түсуде.

Психологияның даму кезеңдері

1 КЕЗЕҢ

Психология -жан жөніндегі ғылым

Психологияның мұндай анықтамасы біздің заманымыздан екі мың жылдай бұрын берілген. Адам өміріндегі барша тусініксіздіктердің бәрін ерекше жан құбылысының болуымен дәйектеуге тырысқан

2 КЕЗЕҢ

Психология - сана жөніндегі ғылым

Бастауы ХҮІІ г. Жаратылыстану ғылымдарының дамуымен бірге. Адамның ойлау, сезу, қалау қабілеттерін сана деп атаган. Негізгі зерттеу әдісі - адамның өзін-өзі бақылап, одан жинақтаган деректерін баяндап. хаттау.

3 КЕЗЕҢ

Психология -мінез-құлық жөніндегі ғылым

Бастауы XX г. Психология міндеттері - тікелей, нақты көрінгендерді бақы-лауга алу. Дәлірек айтсвқ: мінез-құлық, қылық, адамның сыртқы әсерлерге жа-уапты әрекеттері (реакциясы) . Қылық астарында жатқан сеп-турткілер (мотивтер) ескерілмейді.

4КЕЗЕҢ

Психология -психика деректері, заңдылықтарымен тетіктерін зерттеуші ғылым

Дуниеге материалдық көз-қарас негізінде қалыптасты. Қазіргі заман Ресей, Қазақстан психологиясының негізі - бейнелеу теориясын заңдылықты ұғынып, тусіну.

Психологияның басқа ғылымдармен байланысы

Психология ғылымының салалары

Сонымен, қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:

  • Еңбек психологиясы- адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.
  • Педагогикалық психология -адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді:

а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді;

ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.

  • Медициналық психология- дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады:
  • психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан;
  • адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан;
  • адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан;
  • адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.
  • Заң психологиясы- құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т. б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.
  • Әскери психологиясы- әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т. б. мәселелерді зерттейді.
  • Спорт психологиясы- спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.
  • Даму психологиясы- әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады:
  • балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы,
  • жасөспірім психологиясы,
  • ересек адам психологиясы
  • геронтопсихология. Осы сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады .
  • Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда:
  • олигофренопсихологыя - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын,
  • сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын,
  • тифлопсихология - нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.
  • Салыстырмалы психология- психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әр қилы механизмдерін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этиология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.
  • Әлеуметтік психология- адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезеңде әлеуметтік психология қарқынды түрде дамуда. Әсіресе саяси, экономикалық қоғамның күрделі мәселелері. Сонымен қатар үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамына жалпы бұқаралық байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т. б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған топтық психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады. Шағын топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары жайлы мәселелер. Мұнда оңашаланып тұрақталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарының сыры мен жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми жэне бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі.
  • Басқару психологиясыадам әрекетін тиімді түрде ұйымдастыру, басшылық ету ретінде қарстырылып, ұйымдастырудың белгілі бір мақсатын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап-тілектерін ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық қасиеті мен басқару тәсілін дұрыс жолға қою мәселелерін қарастырады.
  • Көркем, әдебиет пен ғылыми-шығармашылыққа қатысты психология. Соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы ішкі түйсігі, сезімдік рөлі т. б. сипаттары зерттеледі. Бұл сала бойынша әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары туралы мәселелер қарастырылады. Психологиялық аспектілерді қазіргі замандағы маңызды мәселелер ішінен (бейбітшілікті сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты меңгеру жэне т. б. ) ; адамдардың күнделікті өміріндегі сауалдардан (тұлғалар арасындағы дау-дамайларды шешу, эмоционалдық күйден шығару және т. б. ) байқауға болады. Бұл табиғи құбылыс, өйткені бұл мәселелер қалайда болмасын адамға қатысты, мұндай кезде бізді алдымен оның психикасы қызықтырады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инженер психологиясының принциптері
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Жеке тұлға психологиясы
Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі
Психологиядағы зерттеу әдістері
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Педагогикалық психология ғылым ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz