МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ЕНГІЗУ


« МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ЕНГІЗУ»
А. Ж. Айкішева, Д. К. Айдарбаева
1 курс магистранты
б. ғ. д., пpoфeccop Aбaй aтындaғы ҚaзҰПУ, Aлмaты, Қaзaқcтaн
Оқушыларға экологиялық білім беру тек қана теориялық жүзінде ақпарат берумен ғана шектелмей, сонымен қатар әр түрлі ойындар арқылы оқушының табиғатты түсінуде, танып білуде көмектесетін негізгі құралдардың бірі болып табылады. Мақалада экологияның қоғамдағы рөлі, оқушыларды жеке тұлға ретінде тәрбиелеп, оларға экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті оқушылардың арасында педагогикалық ойындар арқылы жетілдіру қарастырылған.
Түйін сөздер: экологиялық білім, қоршаған орта, эко жүйе, ойындар технологиясы, дидактикалық, иммитациялық ойындар, ойын методикасы.
«Формирование экологической культуры у школьников в учебно- игровой форме»
А. Ж. Айкішева, Д. К. Айдарбаева
Магистрант 1 курса
доктор биологичecкиx нaук, пpoфeccop КaзНПУ имeни Aбaя, Aлмaты, Кaзaxcтaн
Аннотация
Экологическое образование школьников не должны ограничивается только теоретическим предоставлением информации также можно использовать различные учебно- педогогические игры которые легко даются ученикам и помагают в понимании познании природы. В статье рассматривается роль экологии в обществе, воспитание школьников как личности, экологическое воспитание, совершенствование экологической культуры через педагогические игры среди учащихся.
Ключевые слова: экологическое образование, окружающая среда, экосистема, технология педагогически игр , методика игры
«Forming the basics of environmental culture in schoolchildren in educational and game form»
A. Zh. Aikisheva, D. K. Aidarbayeva
Master of 1 st course
doctor of biology sciences, professor KazNРU named after Abay, Almaty, Kazakhstan
Abstract
Ecological education of schoolchildren should not be limited only to the theoretical provision of information, it is also possible to use various educational and pedagogical games that are easily given to students and help in understanding the knowledge of nature. The article examines the role of ecology in society, the education of schoolchildren as individuals, environmental education, the improvement of ecological culture through pedagogical games among learner.
Keywords: ecological education, environment, ecosystem, technology of pedagogical games, game methodology
Қазіргі таңда білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңғыртумен байланысты білім беру саласында елеулі өзгерістер орын алуда, соның ішінде өскелең ұрпаққа экологиялық білім беру (оқыту, тәрбиелеу және дамыту) білім берудің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан компоненттерінің бірі болып табылады және әлемдік практикада экологиялық қауіпті алдын алудың маңызды шарасы ретінде қарастырылады. Елдегі және әлемдегі экологиялық жағдай жас ұрпаққа экологиялық білім беру проблемасын өзекті етеді. Экологиялық білім, өркениеттің орнықты дамуы бағытындағы өзгерістің негізгі факторы ретінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесуге тиіс. Оқушының экологиялық тәрбие мен білімінің көрсеткіші болып экологиялық білімі, қоршаған ортаға деген көзқарасы, табиғатпен байланысы, өзінің тұрып жатқан жерінің климаттық ерекшеліктерін, адам мен табиғат арасындағы байланысты білуі, табиғатқа серуенге шыққанда өзін- өзі ұстауы және т. б жатады. Экологиялық білім берудің мақсаты тек қана базалық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар экологиялық сана мен ойлауды және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Сондықтан педагогика саласында тұлғаның экологиялық мәдениетін тудырудың түрлі шешімдері әзірленуде.
Оқушының экологиялық білімі және мәдениетімен байланысты негізгі компонеттер:
- когнитивті (нақты экология туралы білім, оларды түсіну, түсіну арқылы қабылдау, қабылдаудан кейін тәжірбиеде қолдану) ;
- аксиологиялық (экологиялық құндылықтар, қоршаған ортамен қарым-қатынасты бағалау, эмоционалды резонанс) ;
- нормативті (моральдық және экологиялық заңдар мен ережелер, этикалық нормалар, талаптар және экологиялық дәстүрлер) ;
- шығармашылық ( проективтік экологиялық тәжірибеге негізделген ) ;
Көптеген шетел педагогтерінің еңбектерінде экологиялық білім беруде маңызды қағидаларының бірі білімнің үздіксіз берілуі, яғни жеке тұлғаға өмір бойы оқыту, тәрбиелеу және дамыту процестерінің үздіксіз берілуі. Бұл процесте мектеп жасындағы жасөспірімдер ерекше рөл атқарады. Жасөспірімдерде қоршаған ортаны тану, шығармашылық өзін - өзі қалыптастырумен бірге жүреді. Дәл осы сәтті педагогтерге жасөспірімді тұлға ретінде қалыптастыруда, басты қозғаушы күш ретінде қолдануға болады.
Қоршаған ортаға деген көзқарас адам психикасының эмоционалды, интеллектуалдық салаларының өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады. Табиғатты қорғау бойынша педагогтер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінде белсенді эмоционалды жағынан дамытусыз экологиялық мәдениетті қалыптастыру мүмкін емес. Білім беру саласында оқушыларды қоршаған ортамен, табиғатпен байланысын түрлі практикалық - ұйымдастырушылық, дамытушылық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңға дейін айтарлықтай теориялық өзгертулерден өтіп, экологиялық ойындар жаңа деңгейге көтерілді. Егер ойын педагогикалық тұрғыдан дұрыс құрылған және дұрыс ұйымдастырылған болса оқушылардың мотивациясын арттырып, зияткерлік қабілетін ұлғайтып, шаблондық ойлаудан арылтады. Оқыту процесінде ойындардың технологиясы мен орны мен рөлін оның классификациясын, функциясын оқушыларға түсіндіру тікелей мұғалімге жүктеледі.
Ойындардың мынандай классификациясы бар:
1. Нақты бір сабақ бойынша қолданылатын экологиялық ойындар (математикалық, физикалық, химиялық, биологиялық т. б)
2. Педагогикалық процесстің сипаты бойынша (танымдық, тәрбиелік, творчествалық, коммуникативтік, дамытушылық, диагностикалық, жалпылық, психотехникалық т. б)
3. Ойындық методика бойынша (сабақтық, сюжеттік, рөлдік, іскерлік, имитациялық және драмалық)
Ойынға қатысатындарға мынадай талаптар қойылады:
1. Қатысушыларға өзекті проблема негізінде ойын құру
2. Қатысушылардың ақыл-ой жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты ойынға қатыстыру.
3. Қатысушыларда психологиялық дайындық, ойнынға деген құлшыныс болу қажет.
Дидактикалық ойын әр топтағы оқушының қызғушылығына сай таңдалған ойындар тобы. Дидактикалық ойынның ерекше белгісі ойын шарты және жоспарының оқу бағдарламасымен сай келуі. Дидактикалық ойындар уақыт жағынан шектеулі және белгілі бір ережелерге бағынады. Дидактикалық ойындар күрделі көп қырлы педагогикалық құбылыс. Ең бастысы ойын барысында оқушылар ойын ойнаумен қатар пайдалы білім алып шығады. Ойыннан алған позитивті эмоциялар оқушыларға материалды жақсы игеруге ықпал етеді.
Имитациялық ойындар - қандай да бір ұйым, кәсіпорын немесе бөлімшелердің кез келген әрекетін ойын барысында көрсету. Ойынға әр түрлі оқиғалар, адамдардың нақты қызметі (іскерлік кездесу, жоспарды талқылау, жиналыс өткізу және т. б. ) имитациялануы мүмкін. Имитациялық ойын имитациялық процестер мен объектілердің құрылымы мен мақсатын сипаттайды.
Операциялық ойындар - Нақты спецификалық кезеңде берілген жұмысты тиянақты жасауға мүмкіндік береді. Мысалы шығарма жазу әдісі, тапсырмаларды шешу, үгіт-насихат жүргізу. Операциялық ойындар мынандай түрлері бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz