Инновациялық процестің ұғымы мен мәні


- Инновациялық процесстің ұғымы мен мәні.
- Педагогикалық инновацияларды классификациялау.
- Қазіргі жаңа педагогикалық технологиялар.
- Педагогикалық инновацияның критерийлері және қызметтің инновациялық бағыттылығы.
1. Инновациялық процестің ұғымы мен мәні
«Инновация» термині ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, аудармасы «жаңашылдықты енгізу».
Қазіргі заман инновацияларының көпшілігі тарихи тәжірибемен сабақтас және өткенмен ұқсастықта. Инновациялық процесс - бұл дамуы жағынан мақсатты бағытталған және құрылуы жағынан саналы процесс қазіргі заманның идеяларын, теорияларын, әдістемелерін, технологияларын тарату және меңгеру, қолдану, белгілі критерийлерге сәйкес келетін және белгілі бір жағдайда өзекті және бейімделген процесс болып табылады. Ол жүйенің саналы жақсаруына бағытталған, жаңа тәртіптің енуін және жаңашылдық тұрғысынан оның көзқарасының өзгеруін және оның қатысушыларын ынталандыруды көздейді.
Инновациялық процесс - білім беру процесіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет. Білім беру ұйымдарының жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты қызметі. Инновациялық білім процесінің негізінде педагогиканың екі маңызды проблемасы жатыр:
1. Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы.
2. Психологиялық - педагогикалық ғылым жетістіктерінің практикасына дейін жеткізудің проблемасы.
Білімдегі инновациялық процестің нәтижесі - теориялық, практикалық жаңалықтарды пайдалану болып табылады.
Сонымен, білім жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу, мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципті жаңа білімділік бағдары болған жағдайда, білім беру жүйесінің мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие беруді көздейді.
Инновациялық процестің дамуына екі фактор ықпал етеді:
Объективті фактор - инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау;
Субъективті фактор - инновациялық процестің субъектісімен байланысты, ол инновациялық процестердің субъектілері педагог-ғалымдар, мұғалімдер мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкері болып табылады.
2. Педагогикалық инновацияларды классификациялау
Ерекшелігі мен қолдану орнына қарай ннновацияларды классификациялауға болады:
• Технологиялық инновациялар - бұл өнім дайындаудың жаңа тәсілі, оның шығаруының жаңа технологиялары. Білім саласында жаңашылдықтың мұндай түрі оқытуда пайдаланылатын әртүрлі техникалық құралдар мен жабдықтарға қатысты. Олар проблемалық оқытуға, тұлғалық диалогтық жағдайларға және оқудағы және оқытудағы даралық әдістерге арналған ортаның әртүрлі сызба нұсқаларын құру үшін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
• Әдістемелік инновациялар - бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен оқу, оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация. Олар табиғи-ғылыми және гуманитарлық пәндерді қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден жоғары жоғарғы білім беруге дейінгі оқыту процесін, кадрларды даярлау және қайта дайындауды қамтитын білім беру саласында кең тараған.
• Ұйымдастырылған жаңашылдықты енгізу.
Инновацияларды, құрылымдық бөлімшелердің, әлеуметтік топтардың немесе жеке адамдардың әрекет ету ортасы байланысының өзгеруіне болжам жасайтын еңбекті ұйымдастырудың әдістері мен жаңа түрлерін меңгеруге қатысады.
• Басқарушы жаңашылдықты енгізу.
Олар өндірісті, ұжымдарды басқарудың құрылымын, әдістерін қамтиды, тездету, жеңілдету немесе қойылған міндеттің шешуін жақсарту мақсатымен басқару жүйесінің элементтерінің айырбастауға бағытталған.
• Экономикалық инновациялар. Мұнда дұрыс қаржы төлемі, бухгалтерлік сала мен жоспарлаудағы, мотивациядағы, еңбекке ақы төлеудегі және білім беру қызметінің нәтижесін бағалаудағы оң өзгерістерді қамтиды.
• Әлеуметтік жаңашылдықты енгізу.
Олар адамгершілік факторды белсенді ету түрінде кадр саясатын жетілдіру жүйесін енгізу және әзірлеу жолымен кәсіби даярлық пен жұмысшылардың мамандығын көтеру жүйелерінде, жұмысқа жаңа алынған адамдарды әлеуметтік-кәсіби бейімдеу жүйелерінде сыйақы және еңбек нәтижесін бағалау жүйелерінде көрінеді.
Заңдық инновациялар. Бұл білім мекемелерінің барлық қызмет түрлерін реттейтін және айқындайтын жаңа және өзгертілген заңдар мен нормативті-құқықтық құжаттар.
3. Қазіргі жаңа педагогикалық технологиялар.
XX ғасырдың 80-жылдары Россияда жаңашыл-мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болды. Мектеп оқушыларының оқу-жұмысының тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс-әрекеттерін айрықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясын, бағытын авторлықтан демократиялыққа, гумандыққа ауыстыруға деген ұмтылушылықты айтуға болады, бұл жаңа ынтымақтастық педагогика бағытынан орын алды.
ТМД-ның халық мұғалімі В. Ф. Шаталов дәстүрлі сынып-сабақ тәсілімен оқытудың әлі де болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың интенсивтендіру технологиясын жасап, практикаға енгізді.
В. Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс-әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті, танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілік сезімін, өзінің күш - қабілеттерінің сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді.
Жаңашыл-педагогтар И. П. Волков шығармашылық әрекетті дамытатын оқытудың технологиясын жасап, жүзеге асырады, осыған сай, тұлғаның шығармашылық қабілеттері баланың оқудан тыс іс-әрекетін таңдап алу кезінде бірізді қалыптасады.
Қ. О. Бітібаева практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырды. Ол үшін ынтымақтастық педагогика - адамгершілік педагогикасы болып табылады.
Дамыта оқыту технологияларының өкілдері Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Г. С. Альтшуллер ж. т. болды. Дамытатын оқыту - дамудың заңдық заңдылықтарын ескеріп қолданады, индивид деңгейі мен ерекшелігіне бейімделеді, тұлғаның мұралық нышандарының дамуына ықпал етеді, бағыттайды және тездетеді, баланы - толыққанды іс-әрекетінің субъектісі ретінде бағалайды.
Жаңашыл-педагог Н. А. Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы болды, бұл технология - өте жоғары нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін сауаттылыққа оқытудагы жаңа бағытқа негізделген. Бұл технологияның негізінде - диагностика және өзін-өзі диагностикалау, сабақтастық, білім дамуында жеткен деңгейді тұрақты қолдау жатыр.
Компьютерлік оқыту технологиясы - қазіргі замандағы білім беру технологияларына жатады.
Дистанциялық (қашықтықтан оқыту) - білім беру жүйесі университеттердің ғылыми және білім беру мүмкіншіліктерін үлкен аудитория үшін толық қолдануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту технологияларды жүзеге асырумен қолдану үшін мүмкіндік береді.
Дистанциялық оқыту - үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы болып табылады, ол әртүрлі оқушылар категориясына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасайды.
Инновациялық мектептер дәстүрлі және сонымен қатар жаңа міндеттерді қазіргі деңгейге сай шеше алатындығын дәлелдейді, оқу тұлғасының мәдени, адамгершілік дамуының кепілі болатындығын көрсетуге болады.
4. Педагогикалық инновацняның критерийлері және қызметтің инновациялық бағыттылығы.
Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беруде нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогикалық зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады:
Жаңашылдық критерийі - бұл ғылыми педагогикалық тәжірибеге баға беруде басшылыққа алынатын инновацияның негізгі критерийі болып табылады.
Жаңашылдық деңгейлері: абсолютті, локальді-абсолютті, шартты, субъективті, танымалдық деңгейі және қолдану аймағы бойынша бөлінеді.
Оптимальдық критерий» - бұл мұгалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тәсілінің тиімділігін айқындайды. Оқу процесіне педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап, жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптимальдығын білдіреді.
Жоғары нәтижелік критерийі - мұғалім қызметіндегі оң нәтижелердің барынша тұрақтылығын білдіреді. Өлшемдегі технологиялық, нәтижені бақылау мен белгілеудегі, түсіну мен баяндаудағы тұтастық жаңа әдістің маңыздылығын, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін бағалаудың басты құралына айналдырады.
Бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану критерийі - құнды педагогикалық идея, технология шартты ерекшеліктермен, күрделі техникалық жарақтандырылуы және мұғалім қызметінің ерекшеліктерінің қолдану мүмкіндіктерінің жалпылығы болып табылады.
Жаңа енгізілім және инновация - адамның қандай да болмасын кәсіби қызметіне тән, сондықтан да ол зерттеудің, талдаудың және енгізудің пәні болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz