Әлеуметтік үміттер, адамның ұмтылыс деңгейі және олардың нақты мүмкіндіктері


- Әлеуметтік үміттер, адамның ұмтылыс деңгейі және олардың нақты мүмкіндіктері
Жеке адамның ұмтылысы дегеніміз - сол адамның талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүйесі. Ұмтылыс адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, белгілі бір мақсатқа немесе қажттіліке жету, өз-өзін сол әрекетке итермелеу. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағатандыруға бағытталады.
Адамның мінез-құлқын қарастыра отырып, оның қылығын талдай келіп, оның түрткілерін (мотивтер) дұрыс түсінуі қажет. Түрткілер бір-бірінен онда іске асатын қажеттіліктің түріне, аумағына, іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрекетінің түрткілері, оқу әрекетінің түрткілері) байланысты ерекшеленеді. Түрткілер (мотивтер) мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болып бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетеді.
Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу - бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, адамды терң білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді. Қызығу Ұмтылысқа алып келеді.
- Тереңқызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады.
- Тұрақтықызығулар (олар ұзақ сақталады, адамның өмірі мен іс-әрекетінде мәнді рол атқарады, жеке тұлғаның салыстырмалы түрде бектітілген еркешеліктеріболып тадыблады) жәнетұрақсызқызығулар салыстырмалы түрде қысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады, тез сөніп қалады. Адам тұрақсыз қызығулармен жеңіл әуестенеді және тез суып қалады.
- Тиімдіқызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін, белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденстер көздерін қанағаттандыруға итермелейтін қызығуды атайды.
- Жанамақызығулар - нысанның мазмұнымен пайда болмайды, болашақ басқа нысанмен, адам қызығуымен (мәселен, мектеп оқушысы үшін матиматикаға қызығуы, оның сүйіп айналысатын авиамоделдеу ісімен) байланысты. .
- Ересек адамның өмірін анықтайтын фактор ретінде белсенді позициясы.
Ересек адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам . Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады . Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты . Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс - әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке ересек адамды қалыптастыру. Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесi мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады
Әрбір жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым - қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Яғни кез - келген адам дүниеге келiсiмен екiншi бір адаммен қарым - қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім - кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түріне жататына күмән келтіруге болмайды. Әрине, қарым - қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.
Қорыта келгенде, жеке адамды жан - жақты және үйлесімді дамуына әсер етуші негізгі факторлардың бірі болып - қарым - қатынас болып табылады. Қоғам мүшесі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады. Қоғам жеке адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді. Жеке адамның қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясында әсер етеді. Қарым қатынас процесінде адамдар бір - біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік таңындағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдараға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады.
- Өзін-өзі бағалау, оның тұрақтылығы және өмір жағдайларына байланысты өзгеруі.
Өзін-өзі бағалау жеке тұлға ретінде жеке өз әрекеттеріне жататын құбылыс болып табылады, ол үш негізгі функцияларды орындайды: реттеу, дамыту және қорғау. Реттеу функциясы жеке шешімдер қабылдау үшін жауап береді, қорғаныс функциясы жеке тұрақтылық пен тәуелсіздікті қамтамасыз етеді, ал даму функциясы - адамның жеке дамуына бағыттайтын жүгіріс механизмі. Стрежневтің өзін-өзі бағалау критериі - субъектілердің мағынасы мен мағынасы емес жүйелер. Өзін-өзі бағалаудың жеткілікті немесе жоғары бағаланатын деңгейін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Өзін-өзі бағалау, психологиялық ғылым, сондай-ақ жалпы өзін анықтау, қоғамдағы жеке рөлі мен маңызы анықтау, өз еңбегі мен ақаулар, мінез-құлық және іс-шаралар жеке бағалау өнім деп аталады. Пәндерді неғұрлым дәл және дұрыс сипаттау мақсатында жеке тұлғаның өзіндік бағалаудың кейбір түрлері жасалды. Өз-өзіңді бағалаудың төмен дәрежесі тек қана батылдықты, сенімділікті және нашарлады - адамға әрқашан дұрыс екенін және бәрін дұрыс жасайтындығын кепілдейді.
Өзін-өзі бағалаудың жоғары дәрежесі бар адамдар өздерінің нақты әлеуетін асыра бағалауға бейім. Мұндай адамдар жиі адамдар айналасындағыларға себепсіз кінәратсыз болып көрінеді деп ойлайды, сондықтан олар айналасындағыларға мүлдем немқұрайдылықпен, жиі күпірлікпен және бойкүндікпен, кейде өте агрессивті түрде қарайды. .
Өзін-өзі бағалау да өзгермелі және тұрақты болып бөлінеді. Оның түрі адамның көңіл-күйіне немесе өмірінің белгілі бір кезеңінде табысқа байланысты. Өзіне деген баға - бұрынғысынша жалпы, жеке және нақты жағдай, яғни өзін-өзі бағалаудың көлемін көрсету. Мысалға, жеке тұлғалар физикалық параметрлермен немесе интеллектуалды деректермен, іскерлік, жеке өмір және т. б. сияқты белгілі бір салада жеке бағалай алады.
Іс-әрекеттерді, қасиеттерді бағалау ең ерте жас кезеңінен басталады Жеке қатынасына қарым-қатынастарды талдау түсіну процесінде, жеке тұлға өзін-өзі бағалау үйрену, басқа сөзбен айтқанда, оң қасиеттер мен теріс белгілерінің өз бағалауды жасауға үйретеді. Өз қабілеттеріне сенімді адамдарға төмендегі қасиеттер тән:
- - әрқашан бірінші адамнан өз қалауы мен тілегін білдіруі;
- - түсіну оңай;
- - өздерінің жеке әлеуетін оң бағалайды, өздері үшін қиын мақсаттарды анықтайды және олардың орындалуына қол жеткізеді;
- - өздерінің жетістіктерін мойындайды;
- - өз ойларымен, тілектерімен, басқа адамдардың сөздерімен, тілектерімен, ортақ қажеттіліктерге жетудің бірлескен жолдарын іздейді;
- - қол жеткізілген мақсаттарды табысты деп санайық. Қажетті орынға жету мүмкін болмаған жағдайда, олар өздері үшін шынайы мақсаттарды анықтайды, жасалған жұмыстың сабағын алады. Бұл жаңа мүмкіндіктерді ашады, жаңа мақсаттарды қою мақсатында келесі әрекеттерге күш береді;
- - барлық іс-шаралар қажет болғанда жүзеге асырылады және кейінге қалдырылмайды.
- Ересек адамды жүзеге асырудың жоспарларының көптігі.
Ересек тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Ересек тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады.
Ересек тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Ересек тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.
- Ересек адам өзінің өмірін жасаушы және мәңгілік, жалпыадамзаттық құндылықтар, ар-ождан мен өлім алдында оның төрешісі (судья) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz