Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері - тәрбиенің қайнар көзі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері - тәрбиенің қайнар көзі
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының ұлы перзенті, оқу-ағарту ісін жүзеге асырған зиялылар көшбасшысы, халқымыздың ағартушысы, жазушы, этнограф, тарихта аты өшпес дара тұлға. Өз заманындағы ұлт мәселесін көтеріп қана қоймай, оны өз шығармаларына арқау еткен, шоқтығы биік дарын иесі. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихы мен ұлттық мектебінің қалыптасуында үлкен із қалдырған.
Оның шығармалары жас, өскелең ұрпақты мейірімділік, адалдық, еңбекқорлық, білім алу сияқты ізгі істерге шақырды. Осыған дәлел, Ыбырайдың Қазақ хрестоматиясына енгізген, тәлімдік мәні зор әңгімелері: Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі, Таза бұлақ және тағы басқа қайталанбас шығармалары. Ыбырайдың шығармалары оның ағартушылық, тәлім - тәрбиелік идеяларына бағытталып жазылған. Оның ойынша әдебиет арқылы баланың санасына кішкене кезінен адалдық іспеттес ізгі істерді сіңіруге болады. Яғни ол әдебиетті өнегелі ұрпақты өсірудің маңызды құралы де санады. Ыбырай халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударған. Қазақ халқының тұрмысы - ағартушы туындыларының негізі. Ыбырай әңгімелерінің кейіпкерлерін шынайы өмірге тән әрекеттер арқылы бейнелеуді мақсат еткен.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін екі топқа бөліп қарастыруға болады: еңбек пен өнерге баулитын, адамгершілік тақырыбын қозғайтын. Алайда оның шығармаларында еңбек тақырыбы басымдылыққа ие. Оның тұжырымы бойынша еңбексіз өнер де, білім де қолдан келмейді, білім мен тәрбиенің негізі - еңбек. Осыған дәлел, еңбек тақырыбында жазылған көптеген әңгімелері. Мысалы, Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай мен жарлы баласы, Байлық, Әке мен бала, Асыл шөп және Қыпшақ Сейітқұл.
Бөлек бір топ ретінде біз адамгершілік тақырыбында жазылған Ыбырайдың көптеген шығармаларын аламыз. Мысалы, Бақша ағаштары, Таза бұлақ және тағы басқа да әңгімелерінде адамгершілік пен тәрбиелік мән бар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Ыбырай шғармалары көлемі жағынан кішігірім болғанымен үлкен тәрбиелік мәні бар. Ыбырайдың әрбір әңгімесі - тәрбиенің қайнар көзі.

Қазақ үшін қыз - ұлттық намыстың бір белгісі
Қазақстанның драматургиясында тарихи бейнелер мол-мол сурттеле бастаса, соның бір шырайын шығарған туынды - Шахмардан Құсайыновтың Томирис драмасы. Бұл пьеса - бұрында қазақ жерін мекен еткен сақтардың патшайымы Томиристің ерлігі туралы. Томирис парсы елдерін бағындыруға бет алған Кир патшаның қан аңсаған басын қанға бөктіріп, елін аса ерлікпен қорғап қалған. Шахмардан Құсайыновтың пьесасындағы патшаймның бейнесі нағыз ер жүрек қыздың бейнесі. Осындай қасиет біздің қазақ қыздарының бойынан табылары сөзсіз.
Біздің халқымыз үшін қыз - пәктік пен нәзіктіктің, сұлулықтың белгісі болған. Ерте заманнан қазақтар қыз баланы қонақ деп құрметтеп, босағаға отырғызбаған. Ұлттың алтын қазығы, ұлттың ғұмыры, ұлылық қыздың ибасында, ананың ақ жаулығында деп, осыны мойнындағы тұмар секілді ой-санасына дарытқан. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі құндылықтар
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін сахналау сайысы
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің қазіргі таңдағы өзектілігіі
Оқытудың жеке, нақты заңдылықтары
Қазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
Педагогика. қазақ педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлері көзқарастары
Ыбырай Алтынсарин ағартушы педагог
Алтынсарин дер едік
Пәндер