КАЛЬЦИЙ


К, АЛЬЦИЙ
Кальций - IV период, II топтың негізгі топшасының элементі. Реттік немірі 20, ендеше ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар электрондарының жалпы саны да 20.
Табиғатта таралуы
Табиғи қосылыстары:
сульфаттар - ғаныш CaSO4• 2Н2O;
карбонаттар - кальцит СаСO3, доломит СаСO3 • 2MgCO3;
фосфаттары - фосфорит Са3(РO4) 2, апатит Са5(РO4) 3OН, фторапатит Са5(Р04) 3F, флюорит СаF2
Алынуы
Кальцийді кальций хлоридінің электролиз үдерісі арқылы алынады.
СаСl2=Ca<2- +2Cl<+
Физикалық қасиеттері
Кальций ақ түсті, жеңіл, сілтілік металдардан қаттырақ зат, керосиннің астында сақталады.
Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит, ангидрит, гипс, флюорит, апатит, т. б
Химиялық қасиеттері
Кальций белсенді металл болғандықтан көптеген реакцияларға түседі.
Жай заттармен
Са + Н2 = СаН2 кальций гидриді
Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді
2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді
6Са + 2N2СаN кальций нитриді
Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді
Күрделі заттармен
Ca + 2НОН = Са(ОН) 2 + Н2↑
Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2↑
Осы реакциялардың барлығында кальций - тотықсыздандырғыш.
Оттекпен оңай әрекеттесіп, қыздырғанда жанады. Металлоидтармен тікелей әрекеттеседі. Кальций металын өнеркәсіпте екі жолмен алады:
электролиз әдісімен алу үшін балқыған Калций хлориді (CaCl2) арқылы тұрақты ток жіберіп, катодта таза Калций металын алады;
екінші әдіс Al не Mg ұнтағының әктаспен аралас қоспасын вакуумда 1100 - 1200°С-та қыздыру арқылы алады. Калций көмегімен уран, торий, ванадий, хром, цирконий, бериллий, тантал сияқты қиын балқитын, сирек те шашыранды, ілеспе металдарды тотықсыздандырып өндіреді.
Кальцийдің қосылыстары
Кальций оксиді - ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны "сөндірілмеген әк" деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000 C0 шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады:
СаС03 =t= СаО + СО2↑- 180кДж
Кальций оксиді - нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілікжер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді:
СаО + Н2O = Са(ОН) 2 + 70 кДж
Сілті ерітіндісінің түзілгені фенолфталеиннің таңқурай түске боялуынан байқалады. Кальций гидроксиді қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп бейтараптанады. Бұл реакцияны зертханада көмірқышқыл газын анықтау үшін қолданады. Әқ суына көмір қышқыл газын жібергенде, ол алдымен ерімейтін карбонат түзіп, лайлана бастайды:
Са(ОН) 2 + CO2 = СаСО3↓ + Н2О
Мәселен, табиғи гипсті CaS04 • 2Н20 өртегенде, өзінің кристалдық суының біразын жоғалтып, алебастрға айналады:
CaS04 • 2НгО = CaS04 • 0, 5Н2O + 1, 5Н2O
Алебастр ұнтағын сумен араластырғанда кері реакция жүріп, қайтадан гипс түзіп катаяды. Гипстің бұл қасиетін тек құрылыста қолданып коймайды, оны өшекейлік бедер, статуэткалар жасағанда және медицинада пайдаланады.
- Жаңбыр және басқа да табиғи сулар ауадағы кемірқышкыл газын ерітіп, көмір қышқылын түзеді:
H2O + CO2 ↔︎ H2CO3
Қолданылуы
Калций инертті газды тазартып болат, никель, мыс, т. б. металдарды балқыту үшін қоспа ретінде пайдаланылады
Биологиялық маңызы
Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшықеттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ересек адамдарға тәулігіне 0, 5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций - сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам - ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz