РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ҰСТАНЫМЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ҰСТАНЫМЫ

Бүгін біз Тәуелсіз Еліміздің, Қасиетті Отанымыздың ХХІ ғасырдағы рухани даму жолын жан-жақты да терең талдап көрсеткен Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық маңызы бар мақаласын талқылау үшін жиналып отырмыз. Елбасы өз мақаласында Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық санବны қалай өзгертетініміз қажет деген сүбелі ойларын ортаға салып отыр. Елбасының бұл мақаласы биылғы Жолдауда жарияланған Қазақстанның үшінші жаңғыруы идеясымен сабақтас. МАҚСАТ: қазір елімізде жүргізіліп отырған екі процес - саяси реформа мен эко¬номи¬калық жаңғыру процесі қатар жүргізілуде. Бұл процестердің негізі - Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу. Қазір жаһандану кезеңі. Әлемде үлкенді-кішілі 258 мемлекет бар. Оның 194-і Тәуелсіз мемлекеттер. Жалпы бұл жаһандану процесі бәсекеге қабілетті емес мемлекеттерді тарих сағынасынан сыруы мүмкін. Аталған реформалар ойдағыдай іске асу үшін ең алдымен рухани жаңғыруды іске асыруымыз қажет. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана» мәселесі, ал екінші бөлімде «Таяу жылдардағы міндеттеріміз» атап көрсетілген. Адамзат баласының тарихын көктей шолып қарайтын болсақ, оның тағдыры екі нұсқада қалыптасатынын байқаймыз. Бірі - табиғи- ырғақты даму аясында жетілу, бәсекеге қабілеттілігін шыңдау, әлемдік өркениетке өз болмыс-бітіммен кірігу. Екіншісі - жат қолына тәуелділікке түсу, дәстүрлі құндылықтарынан, мәдениетінен, ұлттық санадан ажырап, өздік «менінен» арылу. Қазақ халқы тарихи баламаның екі жолын да бастан кешті. ХҮ ғасырдың екінші жартысында дербес мемлекетін құрған бабаларымыз күндіз отырмастан, түнде ұйықтамастан елдің аумағын кеңейтті, шекарасын бекемдеді, аз халықтың көп болуына қол жеткізді. Үш ғасырға жуық күш-қуатын еселеумен, дұшпанын басындырмаған олар ХҮІІІ басында кенеттен «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшырап, Ш. Уәлиханов жазғандай, «осы сұмдық және қанқұйлы уақытта» амалсыздан Ресейге бодандықты қабылдады. ХХ ғасыр - әлемдегі ұлы өзгерістер ғасыры болғаны белгілі. Адамзатқа аса апатты болған нәсілдік және таптық идеологиялардың зардаптарын айтпағанның өзінде, либералдық-еуроцентристік ұстанымдардың да сойқаны аз болған жоқ. ХХ ғасырдағы батыстық либерализмнің әлемнің көп елдеріне мүлдем сай келмейтіні, ол құндылықтарды күшпен енгізуге деген әрекеттердің салдары ауыр болғаны бүгін баршаға аян. Өйткені олар әлемдегі түрліше халықтарға өз ұстанымдарын, өз дәстүрлерін күштеп мойындатпақ болды. Нәтижесінде қаншама халықтар жер бетінен мүлдем жойылды, отарланып, жеке ұлт, жеке этнос болудан қалды. ХХ ғасырдағы мұндай саясаттың зардабын қазақ халқы басқалардан артық тартпаса, кем тартқан жоқ. Елді жайпаған ашаршылық, қуғын-сүргін зардаптары, 20-30 жылдардағы күштеп ұжымдастыру және жерден, тілден, діннен, ділден, ұлттық мәдениеттен ажырап, демографиялық жағынан мүлдем құрып кете жаздадық. Империялық билік ең алдымен қазақтың болмысын өзгертіп, ұлттық санасын жоюға тырысты. Жер-су атаулары, елді мекендердің аты отаршылардың қалауымен өзгертіліп, қазақ халқының ғасырлар бойы қастерлеп келген қасиетті мекені ойрандалды. Қазақты өз жерінде «бұратана» халыққа айналдыруға тырысты. Қазақты жерден айыруды патша өкіметі аса қатыгездікпен жоспарлы түрде жүргізді. Мысалы, тек 1906-1915 жылдар арасында ғана Жетісу мен Сырдария облыстарындағы қазақтардан 2, 5 млн. десятина шұрайлы жерлер тартып алынып, ішкі Ресейден келген мұжықтарға үлестіріліп берілді. Ал ХХ ғасырдың басында бүкіл Қазақстан бойынша 42 млн. десятина қазақ жері тартып алынды. Отаршылар ұлттың өткен тарихын мансұқтап, жадынан өшіріп жібермек болды. Қанша ескі қалашықтар, қорымдар тоналып, зираттар жермен-жексен етілді. Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы дағдарысқа ұшырап, еркінен айрылған халық рухани дағдарысқа түсті. Қазақ ортасында бұрын ешқашан болмаған маскүнемдік, зинақорлық, мерез аурулары таратылды.

Мысалы, біздің Әулиеата уезінің Михайловка селосында тұратын 200 мұжық 1913 жылы 5000 шелек, яғни 50 мың литр арақ ішкен. Маскүнемдікке салынған мұжықтар өздері «бұратана» санайтын қазақтардан мәдениеттіміз деп ойлайтын. Осындай отарлық саясаттың нәтижесінде қазақ халқының ортасында өз тілі мен тарихын, мәдениеті мен дәстүрін жек көретін, тарихи жадтан, тарихи санадан ада болған, өз ұлтынан басқаның мәдениетін жоғары қоятын мәңгүрттенген топ пайда болды. ХХІ ғасырдағы Қазақ Елі мұндай жолмен жүре алмайды. Қазақ еліне жаңа тұрпатты ұлттық жаңғыру жолы керек. Жаңа тұрпатты ұлттық жаңғыру жолы дегеніміз - ұлттық кодыңды сақтай отырып даму деген сөз. Ұлттық кодты сақтамай дамуға болады дегендер адасады. Ұлттық кодты сақтамай даму ұлттың жойылуына алып келеді. Біз әлемдік озық технологияны, жаңалықтарды қабылдай отырып, өз ұлтымыздың тарихи тәжірибесі мен дәстүрлерін сақтау арқылы дамуымыз керек. Біз озық елдермен иық теңестіруіміз үшін бәсекеге қабілетті болуымыз керек, дейді Елбасы өз мақаласында. Бұл басты мәселе. Қазақтың болашағы еліміздің табиғи байлығымен емес, ұлтымыздың бәсекелік қа¬бі¬летімен айқындалады. Қабілетті ұлт болуымыз үшін қазақ халқы да өз бойындағы жаман қылықтардан арылып, түлеуі тиіс. Біз прагматик болуымыз керек. Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерт¬пейінше, біздің толыққанды жаңғы¬руымыз мүмкін емес. Елбасымыздың бүгін талқыланып отырған мақаласында атап көрсетілген аса маңызды жайт - таяу жылдарда қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшетіндігі туралы жариялауы болды. Қазақ қарпі өз дамуында бірнеше дүркін өзгеріске ұшырағаны белгілі. Ата-бабаларымыз сақ, үйсін, қаңлы, ғұн дәуірлерінен бері-ақ өз жазуы, өз қарпі бар өркениетті ел болатын. Ал, VI-VII ғасырларда «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қолданылды. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы¬ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ¬жат¬тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко¬мис¬сар¬лары Кеңесі латын қарпіне негізделген жаңа әліпби - «Біртұтас түркі ал¬фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиі 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын¬далып келді. 2012 жылғы желтоқсан айындақабылданған «Қазақстан-2050» Стратегиясында 2025 жыл¬дан бастап латын әліпбиіне көшу керектігі мәлімделді. Енді әлемнің басым бөлігі қолданып отырған латын қарпіне көшу уақыт талабына айналды. Мақалада айтылған келелі ойдың бірі - Ұлттық бірегейлікті сақтаумәселесі. Ұланғайыр даланы мекендеген қазақ халқының тілінде, мәдениетінде, салт-дәстүрінде ғасырлар бойы қалыптасқан біртұтастық, бірегейлілік сақталған. «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй¬лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана», - дейді Елбасы. Ұлтымыздың бұл бірегейлігі көпэтносты Қазақстан халқына да оң ықпал етіп отыр. Елбасы болашақта қарыштап дамуымыз үшін бойымыздағы жақсы мен жаманды саралауға, әр нәрсені байыбына барып талдауға шақыра отырып, ешқашан бұлжымайтын мынадай екі ережені есте сақтауды ескертеді: оның алғашқысы - ұлттық код, ұлттық мәдениетті сақтамай ешқандай жаңғыру болмайтындығын, екіншіден, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тартуымыздың қажеттілігін атап көрсетеді. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас¬тары¬мыз басымдық беретін межелердің қатар¬ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Елбасы мақаласында Қазақстан болашақта революциялық емес, эволюциялық даму жолына түсу керектігін баса атап көрсетті. Өйткені, қазақ үшін аса ауыр болған ХХ ғасыр революциялық сілкініс¬терге толы болды. Бұл ғасырда қазақтың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды; ұлтымызға адам айтқысыз демо¬графиялық соққы жасалды; қазақтың тілі мен мәдениеті құр¬дымға кете жаздады; еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. Елбасының пікірінше, өкінішке қарай, революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы менмазмұны түбегейлі өзгерді. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, эко-номикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи¬қатқа - эволюциялық даму ғана ұлттың өр¬кен¬деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Бірақ, қазақ халқы әлемнен іргесін аулақ салып, жеке тұмшаланып отыра алмайды. Біз де әлемдік өркениетке араласып, әлемдік үрдістерден шет қалмауымыз керек. Бұл біздің өмірлік қағидамыз болуы тиіс. Сондықтан да, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін жаппай және жедел үйренуіміз керек. Осы мақсатта Елбасымыздың бастамасымен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының өзінде «Болашақ» бағдарламасын қабылдап, талантты жастарды ағылшын тілін, заманауи кәсіптерді игеруге жұмылдырды. Бұл бағдарлама аясында қазіргі таңда 10 000-нан аса жастарымыз шетелдерде білім алып, экономиканың барлық саласында табыспен еңбек етіп жатыр. Егер біз үйден шық¬пай, терезеден телміріп отыра бертін болсақ, онда әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде не болып жатқанын түсіне алмайтын едік. Елбасы өз мақаласының екінші бөлігінде осы мақсаттарға жету үшін қандай міндеттерді шешуіміздің қажеттілігін рет-ретімен атап көрсетеді. Мысалы, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім» сериясы бойынша таяу жылдарықазақ тілінде 100 жаңа оқулықжазу жобасы. Сондай-ақ, гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аудару. Бұл шара2018-2019 оқу жылында іске асырылуы тиіс. Осылайша, болашақтың негізі білім орда¬ларының аудиторияларында қаланады. Біз білім саласында жаһандық бәсекеге төтеп бертін мамандарды даярлаумыз керек. Таяу айларда аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросы құрылатын болды. Елбасы «Туған жер» бағдарламасынұсынып отыр. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, қаз басқан қасиетті мекені

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани жаңғыру ҚР-дағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Рухани жаңғыру -ұлттық сананың жаңғыруы
Рухани жаңғыру : болашаққа бағдар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Н. Ә. Назарбаев – тарихтағы тұлға
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Баспасөз материалдарына шолу
Құқықтық мәдениет арнайы жобасы
Қалған ұлттар диаспора
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz