Бердібек Соқпақбаев Өлгендер қайтып келмейді романынан


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «_География және табиғатты пайдалану_»
Мамандығы «_ГеоЭкология_»
ЭССЕ
Тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» романынан
Орындаған:Абдезім Д.
Қабылдаған: Абикенова Г.
2021 жыл
Шығарма мазмұны. .
Бердібек Соқпақбаев - қазақ жазушысы, қазақ әдебиетіне көп үлес қосқан, балалар жазушысы десем де болады. Себебі ол кісінің «Менің атым Қожа» атты шығармасының фильмін көріп қызықтап өскенбіз. Қай заман десең де сол заман қатарынан қалмайтындай көркем шебер туынды. Жазушы Алматы облысының тумасы. Нақтырақ айтсам Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында 1924 жылы 15 қазанда дүниеге келіп 1991 жылы дүниеден өткен болатын.
Ұлы Отан соғысы жылдарында жастық шағын өткізген жазушы бұл шығармасында сол соғыс жылдары кезіндегі қазақ халқының хал күйін керемет көркем жеткізеді. Тәнті болдым. Жалпы шығармада Еркін атты баланың өмірі жайлы айтылған. Бірақ шығарма сол Еркіннің өзіндік ойымен көзқарасы арқылы жазылады. Шығарма үш тараудан тұрады екен. Бірақ автор әр тарауды «Бірінші дәптер», «Екінші дәптер» және «Үшінші дәптер» деп бөлінген. Мұның өзі шығарманы ерекшелейді. Мен тек бірінші дәптерін ғана оқып үлгердім. Сол бірінші бөлімнің өзінде өмірдің қандай әділетсіз әрі қатыгез және көптеген жерден бақыт пен бақтың жанатынын түсінгендей болдым. Жазушының кереметтігінен тіпті кітапты оқығанда көз алдыма елестеп, тап сол дәуірде Еркінмен бірге өмір сүріп жүргендей күйде отырдым. Тіпті кейде өзімді Еркін секілді сезініп сонымен бірге қуанышта қуанып, сонымен бірге қайғысын кешіп өмір қиындықтарын көргендей отырдым. Құдды сол әлемдемін десем де болады.
Шығарма мазмұны Еркіннің қандай жақсы керемет балалық өмірден бірден тап өмір майданына түскені көрсетілген. Жалғыз ағасы үйленіп, үйінде жаңа отбасы мүшесі, яғни, жеңгесі пайда болып барлығы керемет күйінде өмір кешіп, тіпті алдағы күнде болар соғыстан бейхабар болып бірретті оңалып келе жатқан өмір кешкен Еркіннің алдағы уақыт алдында талай қиыншылық пен ауыр күндер көптеп күтіп тұрған болатын. Ағасы соғысқа кетіп күні бір нашарлап, өзін оқуға кетіп одан сайын үй іші жағдайы нашарлаған Еркін үйіне қайтамын деп оқуынан қашып көп ақымақтық пен қырсыққа шалдығады.
Еркін өзі қызуқанды, айтқанынан тайсалмайтын және сабағы жақсы, спортқа да жақын туған бала. Үйінің еркесі. Алдында жалғыз ағасы мен анасы ғана бар. Әкесінен ерте айырылған. Жүрген жерінде алдыңғы орында болып, көзге тартар жүзі жарық бала. Ауылы адамдары өсетін бала, адам болар бала деп сенген озаттардың бірі болатын.
Қаныша Еркіннің жеңгесі. Қалада оқыған білімді әрі тік мінезді, сол заман бойынша заманауи көзі ашық жан. Күйеуі Сарсенбек соғысқа кеткен соң енесіне қамқор болып демеуші болады. Мектепте мұғалім болып жұмысқа тұрып ақырында оданда жала жауып шығарып тастайды. Одан амалсыз колхозда істеуіне тура келеді. Тірі адам тіршілігін жасайды.
Сәрсенбек ол Еркіннің туған ағасы. Мектепті толық оқымаса да кітап, газет, журналды көп оқитын, көкірегі ояу жігіт. Оны соғыс басталғанда армияға шақырып соғысқа аттандырып жібереді. Сол кеткеннен мол кетті оралмады, хат хабарда келмеді.
Шығарманың бірінші бөлімінде Нұрәлі деген кейіпкер бар. Ол сол замандағы колхоз председательі болып сайланып, өзінің дегенін жасап жемқорлыққа батқан менмен адам. Соғыс біреуге сор болса ол үшін зор болды десе де болады. Әйтпегенде ол оқымаған сауатсыз надандау адам. Тек малы бар демесең.
Шығарма осы көрсетілген адамдар тағдыры тоқтығысымен өткен өмір көрсетілген десең де болады.
Тарихи мазмұны . . .
Жалпы Ұлы Отан соғысына дейінгі және Ұлы Отан соғысы жылдар сипатталған. Заманның қандай ауыр әрі күйбелең өмір болғаны өте тиянақты айтылады. Қанша адам соғысқа кетіп қара қағазы ғана оралып, немесе біреулер соғысқа бір мүшесін беріп келгендері де нақты жазылған.
Халыққа түрлі салық салынып соғысқа керек деп барын алып жатыр. Халықта барын аяр еместігінде айтады. Қыстың күні қалың киімдерін беріп тіпті біреулер үстіндегі тонын өткізіп жатқанында білдім.
Колхозда еркек атаулы қалмай, қалған күннің өзінде тек шалдар мен жас оқушы жасындағы балалар ғана. Қалғаны тек әйелдер. Сол замандағы әйелдердің әйел адаммын демей ер жұмысын ермен тең жасап, оған қоса үйдің қамын бір алып барлығына үлгеретіні айтылған. Оны елестетіп қарасам ондай күйбелеңге ер адам шыдамайтындай. Тіпті мүмкін еместей.
Маған бір жаңалық болғаны ол сол заманда балаларды ФЗО-ға оқуға әкететіні. Оны мен бұрын білмеппін, немесе аңғармағанмын. Балаларды сонда алты ай оқытып сосын сол жердегі завод, фабрикаларда кемінде төрт жыл жұмыс жасататыны. Және онда оқыған балаларды соғысқа апармайды. Олар өз жұмыстарына керек. Шығармада Еркінді сонда алып кетеді. Еркін ол жерден жолдасымен бірге қашып кетеді. Ақырында жолда ұсталып бір жылға түрмеге қамалады. Бірақ себебі ол оқудан қашқаны емес. Поезд вагонында билетсіз жүргені. Сол себептен жолдасы екеуі бір жылға түрмеге қамалып үйімен хабарласа алмай із түссіз жоғалғандай болады.
Және сол кезгі транспорт. Алматыдан Қарағандыға қазіргі күнде темір жолмен бір күн ішінде жетеміз. Ал ол заманда Алматыдан Қарағандыға жеті күн жол жүретінін білдім. Ол қалай дегенде темір жол Сібір арқылы жүреді. Қайтар жолы да сол.
Жастар көпшілігі соғыста болғандықтан жасы үлкен ата дегенге жеткен кісілер әйелдері жас қыздар болған екен көпшілігі. Амал жоқ. Тіршілік пен өмір заңы соған апарып отыр. Ол әсіресе ауылдық жайлау жерлерде.
Соғыс біреуге сор болса біреуге зор болған заман. Яғни биліктегілер құтырып халық аш кезде халықтың малын жеп, еңбегін азайтып шалқығандар көп. Малы бардың жаны бар дегендей кедейді адам көрмей аттап кететіндер қаншама.
Білімсіз надан заман. Үлкендер көпшілігінде оқуды білмейді. Тек қара жұмыстан басқа ештеңені білмейтіндер қаншама. Құдайын ұмытқандарда қаншама.
Колхоздан қашқан заман. Адамдар колхоздан қашып басқа өмір іздеп тырысқанымен, колхоз оларды жібере салмайды. Тіпті колхозда сен тіркелмей тек ата анаң тіркелген болса да сен колхоз мүшесі болып саналасың. Содан колхоздан құтылу оңай емес.
Әділет аты жоғалған заман. Әділетсіздік көзге айқын көрініп, аспанда қалқып ойнап тұрған кездер. Мысалға айтар болсам; Еркіннің жеңгесі Қаныша қаладан оқып келіп мектепте мұғалима болып жұмысқа тұрады. Мектеп директоры оқымаған тек малы бар адам болады. Сол жала жауып жеңгесін халық алдында өтірік балағаттап орынынан алып тастайды. Оны жасаған түбінде Нұрәлі деген колхоз басы. Себебі алдын екеуі арасында үлкен жанжал болғаны үшін ғана. Халық кімнің қандай екенін білгенімен қолдан келер қайыр жоқ.
Жалпы Ұлы Отан соғысы кездегі қара халықтың күйбелең өмірі толығымен көрсетілген. Мен білмегенімді біліп таңырқап қалдым. Соғыстың қандай халыққа әсер еткенін бұған дейін елестете алмаппын. Енді білгеніме ұялғандай күйдемін.
Өзіндік мазмұным . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz