Ескі қазақ жазба ескерткіштері бойынша фразеологизмдер
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ
ДӨЖ № 4
Ескі қазақ жазба ескерткіштері бойынша фразеологизмдер
(Әбілғазы Б. Түркі шежіресі)
Дәріскер: А.А. Сейітбекова
Орындаған: Филология факультетінің
1 курс докторанты
М.З. Мамырбаева
Алматы 2021
Шығарма - көркем әдебиет емес, Шежіре деген атына лайық, негізінен, тарихи аренада болған халықтар мен тайпа рулардың тарихы жайлы естіген-көрген әңгімелердің жиынтығы, яғни тарихи жылнама. Солай бола тұрса да, шығарма авторы бірыңғай тарихи фактілерді тізе бермеген, ара-арасында өзі әңгіме етіп отырған халықтар мен рулардың әдет-ғұрпы, өмір тіршілігі жайлы немесе белгілі хандар мен тарихи адамдардың мінез-құлқы, істеген жақсылы-жаманды істері туралы сыр шертіп отырады. Осындай кесек-кесек әңгімелерде небір бейнелі сөз тіркестері, мақал-мәтелдер жиі қолданылады. Бұлар бізді сол елдердің кәсіп-тіршілігінен, этнографиясынан, мәдени өмірінен белгілі дәрежеде хабардар етеді [56]. Сөйтіп, мұндай сөз орамдары белгілі бір халық өмірінің айнасы болғандықтан, олар сол халық тілінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып сақталып қалатынын көреміз.
Түркі халықтарының бірсыпырасына ортақ тілде жазылған Түркі шежіресі тәрізді тарихи шығарманың қазіргі түркі тілдерінің қайсысына көбірек жақындығын көрсетуде жоғарыда айтып отырған сөз орамдары тілдегі өзге құбылыстармен бірге белгілі дәрежеде пайдалануға тұратын белгілердің қатарына жатады деп ойлаймыз. Өйткені олар тілдің грамматикалық құбылысы мен фонетикалық жүйесі тәрізді өзге тілдер әсеріне көп бейімделе бермейді, көп жағдайда тұрақты болып келеді. Бұл айтқанымыз, әрине, заман озған сайын оларда да тілдің жалпы дамуына сай келетін кейбір орфографиялық, дыбыстық, мағыналық өзгерістердің болуын жоққа шығармаса керек.
Біз бұл арада Шежіредегі сөз тіркестерін ғана теріп алып, оны өз зерттеу обьектімізге айналдырып, оларды мағыналық, құрылымдық және тарихи тұрғыдан жүйелеп қарастыруға тырыстық.
Тілдегі тұрақты тіркестер екі несеме бірнеше сөздердің әлденеше замандар бойына үнемі қатар, тіркесе ұстала жүріп, жігі айырылмастай жымдасып кетуінен жасалатыны белгілі. Мұндай тіркестерге енген сөздердің өздерінің жеке тұрғандағы негізгі мағыналарынан мүлдем ажырамағандары да, мүлдем айырылып, тіркес сапында түгелімен басқа бір мағынаға ие болғандары да болады. Бұларды І.Кеңесбаев фразеологиялық тіркестер және фразеологиялық түйдектер деп шартты түрде екіге бөліп қарайды [75]. Біз қарастырып отырған шығармада фразеологиялық тіркестердің түйін тіркесі де, түйіс тіркесі де кездеседі. Оларды қазіргі тіл тұрғысынан қарағанда фразеологизмдерге жатқызуға әбден болар еді. Бірақ сол тұстағы беріп тұрған мағыналарына қарағанда, олар әлі ауыспалы мағынаға ие бола алмай, тіркесегі сөздер өздерінің негізгі, тура мағынасында қолданылып тұрғанын көремі. Мысалы, ор қазу, айақықа йықылу, от салу, баш көтеру тәрізді тіркестер қазір өздерінің о бастағы берген мағыналарында қолданылудан гөрі көбінесе жаңа, ауыспалы мағынада жиі ұсталады, ал Шежіреде бұлар сол негізгі мағыналарында қолданылған.
Черікі үйлерінің алдында ор қазыб олтұрдылар. Шейх айақықа йықылды. Біз бұларды фразеологизмдер ретінде қарамасақ та, тілдегі қалыптасқан, тұрақталған тіркестер ретінде қай тілге тән деген ыңғайда қарағанда, өз обьектімізден шығармаймыз. Яғни бұлардың потенциалды фразеологизмдер екенін ескереміз.
Шежіреде көбірек кездесетін фразеологизмдердің түрі - фразеологиялық тіркестер, яғни тіркестегі компоненттердің негізгі мағыналары әлі мүлдем ұмытылмаған, жай ғана көмескіленген не солғындағын түрі.
Қолдан келмеу - істей алмау, мүмкіндігі болмау. Барча түркілерінің уруғын бірін қоймай бітімек уа айтмақ бір кішінің қолыдын келмес (31,20-21).
Құлақ салу - тыңдау. Чыққалы йер қарада табмай құлақ салыб турды (121, 28). Не айтарлар еркен теб құлақ салыб тұрды (33, 18-19), Бұл арада құлақтың негізгі мағынасы, яғни оның атқаратын қызметі де ұмытылмаған.
Ант ішу - уәде беру, серттесу. Әкар менің бу сөзүмде йалған болса тәңірінің кәламы ұрсын мені теб һәр кішінің алдында бір ант ічді (158, 5-6). Бұл жерде де ант ішудің, негізгі діни мағынасы әлі ұмытыла қоймағаны байқалады.
Үміт үзу - түңілу, күдерін үзу. Иарашмақлықдын үмід үзгенден соң атланды ()47, 7.
Есір болу - мастану, асып-тасу, Алынча хан падшаһ болғандын соң халық башы уа малы көб болды дәулетке есір болды (9, 21-22).
Баш ұру - тәулелді болу, жалбарыну. Бу біздің фәланның суреті турур теб аны сүйер ерді аш алдыны қойар ерді аны йүзіні уа көзүні түртуб аңа баш ұрды (8, 6-7). Бұл арада сардарларыны көрүб ел болұб мал берділер (70,25). Барчаңызның ағзыңыз бір болса ұзақ иыллар уа көб күнлер бу иұртлар қоұңыздан чықмаз (17,5).
Қабыл қылу аузына бағу сөзін жыға білмеу мойын толғамау - бағыну, дегенін істеу. Түркілер аны қабул қылыб сақладылар (29,19). Бір кішіні падшаһ көтеріб аның ағызына бақмас ерділер (25, 13). Бұлардан басқа аузы ала болу дұшмадық оты жану жау болу өштесу, араз болу, хайран болу таң қалу таңдану сияқты синонимдік фразеологизмдер кезеседі.
Антонимдік немесе мағыналары қарама-қарсы фразеологизмдер де кездесіп қалады. Мысалға жоғарыда келтірілген аузы бір болу мен аузы ала болуды алуға болады. Алғашқысынан татулық, достық мағынасы көрінсе, соңғысынан жаулық, араздық мағынасы байқалады. Осы сияқты жүрекі жарылу (қуану) мен пұшайман болу (қайғылану, өкіну), мойын толғамау - (бас бұрмау, көну) мен мойын имеу (бағынбау) фразеологизмдерінің мағыналары бір-біріне кереғар. Бұл арада І.Кеңесбаевтың: Фразеология саласында басы ашылмаған, тіпті, күн тәртібіне қойылысының өзі принциптік тұрғыдан шешілмеген мәселе - антонимия. Жеке сөз, лексика көлемінде айдан анық көрінетін осы құбылыс тиянақты сөз тіркесі аясында көмескіленіп айқын аңғарылмайды. Әйтсе де, фразеологизмдер табиғатында сырт тұрпаты жағынан да, ішкі ұғымы жағынан да қарсы мағына (поляризация) сипатындағы тіркестердің бары анық, [75] - дегенін ескеруіміз керек.
Полисемантикалық фразеологизмдер шығармада өте сирек кездеседі. Яғни көпшілік фразеологизмдер өздерінің негізгі лексикалық мағынасынан өзге бір-ақ мағынада ұшырайды. Біздің байқауымызша, мына фразеологизмдер екі мағынада қолданылып тұрғанға ұқсайды.
Арқа бері. 1. сүйену, сену. Біздей бөлек-бөлек йасамады пиада түшмеді, көблікіне арқа берді (174, 4); 2. артын тауға беру. Кашмирдің мүхкім тағлары ұлұғ сулары көб болұр йағма аңа арқа беріб Оғуз ханға бақынмады (14, 4-5).
Көңілге келу. 1. үміттену. Біз сізні мұндын ілгерірек кіші иберүр му еркен деб көңлүмізге келүр ерді (112, 6-7). 2. ойға келу, ойлау. Анларыны Қара хандын ерділер деб һеч кімнің көңіліне келмес ерді (11, 16).
Шежіреде кездесетін фразеологизмдерді лексика-морфологиялық тұрғыдан класификация жасағанда, есімдердің тіркесінен жасалған, есім мен етістік тіркесінен, сондай-ақ бірнеше сөз таптарының тіркесінен жасалған фразеологизмдер деп топтауға болады.
Есімдердің тіркесінен жасалған фразеологизмдерге мысал ретінде мына төмендегі тіркестерді келтіруге болар еді.
Мойны берік - батыр, күшті. Ол ғақыллық уа туғушлық уа бойны берік игіт ерді (113, 25).
Тура жол - дұрыс бағыт. Сексен екі иыл пайғамбарлық қылыб халықны туғры иолға ондады (6,10).
Бұл топқа сондай-ақ ағыр емкек, йат йұрт, ырымға йаман, сүт пішім, бір йашар т.б.осы сияқтыларды жатқызуға болады.
Шежіреде кезесетін фразеологизмдердің негізгі түрі - есім мен етістіктің тіркесінен жасалған фразеологизмдер.
Азар беру - қорлық көрсету. Нөкерлерінің олжасын уа бәрісін алыб көб азар беріб қойа берділер (20, 2-3).
Сауын алу - хабар беру, білдіру. Қара хан елге сауын салды уа тақы ұлұғ той қылды (10, 2-3).
Ғарық қылу - суға ағызу. Барча иер иүзүндегі халықны суға ғарық қылмақ болды (6,21).
Таһарат сындыру - түзге отыру, іш тазарту. Ерте атасы таһарат сындырғалы барды (34, 18).
Ұрұқ атын көтеру - өз алдына бөлініп шығу. Һәр жамағат башқа омақ болдылар уа ұрұқ атын көтерілер (21, 15-16).
Әртүрлі сөз таптарынан болған фразеологизмдерге сыры әшкере болу (қылығы ашылып қалу), салған жолмен жүру (айтқанын істеу), кісі аяғы жетпес жер (алыс) тәрізді тіркестерді жатқызуға болады.
Шежіреде кездесетін фразеологизмдерді тақырыптық топтарға бөліп қараудың да үлкен мәні болмақ, өйткені бұл - фразеологизмдердің пайда болу жолдарын көрсетіп қоймайды, оларды қолданған халықтардың экономикалық өмірінен, тұрмыс-салтынан хабардар етеді.
Шығармада кездесетін фразеологизмдерді тақырыптық топтарға жіктегенде, ең алдымен, көзге түсетіні - тіркестің құрамында адамның дене мүшелері қатысатын фразеологизмдер. Зерттеушілердің дұрыс көрсетіп жүргеніндей, түркі тілдеріндегі фразеологизмдердің көпшілігінің жасалуына ұйтқы болатын да осы дене мүшелерінің атаулары. Біз қараған Шежіреде фразеологизм жасауға төмендегі дене мүшелерінің көбірек қатысатынын көреміз.
Олар - арқа, құлақ, қол, көз, бас, ауыз, тіл мойын, жүрек, жүз, бой.
Бірнеше мысал келтірейік:
Құлақ салу - тыңдау. Не айтылар еркен теб қулақ салып турды (33, 18-19).
Қолына түсу - ұсталу, тұтылу. Бу екісі бір қоштаға кішілерінің қолына түшүб ерділер (20,23).
Бас қылу - жол бастаушы, үлкен ету. Аны баш қылыб Үркенічке иберді (30, 20).
Аузы ала болу - араздасу. Мен қорқа турурмын дүниалық үчүн ағызларыңыз ала болұр деб (17, 11-12(.
Тілі тұтылу - сөйлей алмау, тілі байлану. Бу сөзні ешіткенден соң ханның қолы уа айақы сест болды тілі тутулды... (152, 22-23).
Мойын имеу - бағынбау. Үргеніч қалқы аны қабұл қылмадылар уа итағатқа мойун икемділер (64,15).
Екінші топ фразеологизмдер адамның көңіл-күйі, сезімімен байланысты туғаны байқалады. Оларға таң қалу, қайран болу, пұшайман болу; көңіліңе келу, үміт үзу, ашуы келу, өш алу, т.б. тәрізді тіркестерді жатқызуға болады.
Ұғланның бу сөзні ешітіб таң қалдырар (10, 6). Барғанына пұшайман болдым (52, 16). Анларны қара хандын ерділүр деб һеч кімнің көңіліне келмес еді (11, 6). Иарашымдылықдын үмід үзгендін соң атланды (47, 7). Сексендін артұқ келтүрмекеніге қатығ ачығы келіб дуға бәд қылды (6, 19).
Бұлардан басқа діни сеніммен, әдет-ғұрыппен байланысты ант ішу, иманға ұю, ырым қылу, шүкір қылу, әскери, соғыс ісімен байланысты саф тарту, шеру тарту, қылычдан өткізу, йасау йасау; уақыт, кеңістік өлшемімен байланысты сүт пісім, найза бойы, бір ұйықтаған шақ, кісі аяғы жетпес жер тәрізді фразеологизмдерді кездестіруге болады. Қалғандары - әр тақырыпқа жатқызуға болатын әртүрлі мағынадағы сөз тіркестері.
Фразеологизмдердің, негізінен, түркі сөздерінің өзара тіркесінен жасалатынын көреміз, ал кейде шетел сөздерінің түркі етістіктерімен тіркесіп келуінен де жасалған фразеологизмдер кездеседі. Мәселен, жеңу деген мағынада ғалаб келу тіркесі жиі ұшырайды, мұндағы ғалаб - араб сөзі, мағынасы - жеңу. Осы орайда йылғаб келу - шұғыл жүру, мутауажжеһ болды - жүріп кетті тәрізді тіркестер кездеседі.
Шежіреде кездесетін фразеологизмдерді қазақ тіліне қатысы тұрғысынан біз төртке бөліп қарадық.
1) Қазіргі қазақ тілінде формасы да, беретін мағынасы да дәлме-дәл кездесетін фразеологизмдер;
2) Формалары ұқсас болғанмен, мағыналары басқа-басқа фразеологизмдер;
3) Мағынасы қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдерге сәйкес келгенмен, кейбір формалық (фонетикалық, морфологиялық) өзгерістерге қшыраған фразеологизмдер;
4) Қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін фразеологизмдер.
Шежіреде кездесетін фразеологизмдердің басым көпшілігі қазіргі қазақ тілінде аса көп өзгеріссіз (кейбір фонетикалық түрленулерді қоспағанда) сақталған. Әрине, кейбір фразеологизмдердің мағынасында бірен-саран жаңа мағына үстелгені болмаса, негізгі мағынларында айырмашылық байқалмайды. Мәселен, аяғына жығылу фразеологизмдерінің мағынасын қазіргі Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі тізе бүкті, кешірім сұрады, кінәсін мойнына алды деп айқындайды. Шежіреде беретін мағынасы осымен бірдей деуге болады. - Бір замандын соң паһалуан өз хәліне келіб Шеихның айақына йықылды (69, 23). Шежіреде бір нәрсеге алдын-ала дайындалу, әзірлену мағынасында қамын жеу тіркесі кездеседі. - Екінчі йыл елге жар қылдұрды Иран сары йүредүр нече йыллық ғамларын йесунлер (14, 10). Қазіргі қазақ тіліндегі беретін мағынас да бұдан алшақ кетпейді. Үміт үзу тіркесінің Шежіредегі және қазіргі тіліміздегі мағынасының арасында аса бір алшақтық байқалмайды. Екеуіне де үміт үзу тіркесінің беретін мағынасы - түңілу, ойлағаны орындалмйтынына көзі жету. - Йарашмақлықдың үмід үзкендін соң атланды (47, 7). Салыстырыңыз: Мен де үмітімді үзбеймін, - деді Купционов (Ахтанов).
Ажалы жету тіркесі Шежіреде бір-ақ мағынады күні біткен, өлімге басы байланған мағынасында кездеседі. - Бірнече халық өзге уалаиатға мутафарақ болдылар бірнече ажалы йеткен халық Мервнің ічінде қалдырар (70, 22-23). Ал қазіргі тілімізде ажалы жеткен тіркесі бұдан басқа сөзбен байланысты орындалмайтын, босқа айтылған деген мағынада да кездесетіні мәлім. Мұндай фразеологизмдердің қатарына таң қалу, бас ұру, пұшайман жеу (болу), аузы бір (ала) болу, жүрегі жарылу, бой жеткен, құлақ салу, ант беру (ішу), сыры әшкере болу, сүт пісім; найза бойы, кісі аяғы жетпес жер, ер басына іс түсу, өш алу, қол сұғу, сөз тігу, той қылу, қызмет қылу, мал табу. т.б. осы сияқты көптеген тіркестерді жатқызуға болады. Мұндай фразеологизмдер шығармада кездесетін барлық фразеологизмдердің тең жартысынан астамы дерлік.
Шежіреде кезесетін кейбір тіркестердің сыртқы тұлғасы қазіргі тілімізде бар фразеологизмдермен ұқсас келгенімен, беретін мағынасы сай келе бермейді. Мәселен, ор қазу тіркесі Шежіреде сөздердің тура, негізгі мағынасында, яғни жауды өткізбеу мақсатында кедергі ретінде шұңқыр қазуды білдірсе (Черікі үйүлерінің алдында ор қазыб олтұрдалар), ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz