Қ. Жұбановтың терминге қойылатын талаптар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№12 Қ. Жұбановтың терминге қойылатын талаптар

ХХ ғасырдың 20-жылдарының II-жартысы мен 30-жылдарында қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде аса зор саяси, әлеуметтік, халықтық мәні бар жайлардың бірі жазу, емле, термин мәселесі болғаны бәрімізге белгілі. Осы іске Қ. Жұбанов араласпай тұра алмады.

Ең алдымен, Қ. Жұбанов - араб әліппесін тастап, латын жазуын қабылдауды барынша мақұлдап, дәлелденген адам. Халық игілігін ойлайтын кезеңде алфавит дегеніміз неғұрлым қалың бұқараға қолайлы болу керек деген принипті ұстанаған Қ. Жұбанов сол 1934 жылы қазақ алфавитіне тың әріптер енгізіп, ( f, х ), кейбір әрәптерді шығарып, реформа жасау проектісіне кірісті. Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты дайындап осы жылы, 1966 ж шығарған. Проектіде алфавитті шағындау мақсатымен ө, ә әріптерін шығарып тастау, полиграфиялық қиындық келтіргендіктен , g, j таңбаларын z, h таңбаларымен ауыстыру, і (орысша толық и ) , И дыбыстарын жуан, жіңішке де қолданысындағы жалаң і, и әріптермен таңбалауды ұсынады.

Бұл жобаны Ағарту комиссариаты 1934 жылы талқыға салады, талқылау 17-майда ақталады. Қорытындысында Қ. Жұбановтың бұл ұсыныстары өзімізге мәлім, кейін латын жазуы кезінде алфавитімізге ( f, х ), і әріпін осы күнгі толық у -дың орнына жұмсалу да іске асырылды.

Латын жазуын қабылдаумен қатар кү тәртібінде емле мәселесі шыққаны мәлім. 19-29 ж 2-4 июнде сол астанамыз Қызылордада тұңғыш ғылыми-терминологиялық конференция өтті. Конференцияда қазақ орфографиясы мен терминологиясы талқыланды. Мұндағы басты айтыс қазақ жазуының негізінде қандай принципті қолдану туралы болды. Екі түрлі пікір туады: бірі морфологиялық принцип деп аталады. Мұндағы морфологиялық принцип деп отырғаны қазақ сөздеріне қосымшаларды бір-ақ түрде (о бастағы түбірін сақтап) жалғап жазу деген болды. Мысалы, көптік жалғауды жалғыз лар түрінде жазып, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер түрінде оқу. Екінші фонетикалық принцип, бұл қосымшаларды және түбір соңында ұяңдап-қатаңдап отыратын құбылыстарды ( қап-қабы, кітап-кітабы ) естілуінше жазу.

Жұбанов конференциядағы сөйлеген сөздер соңғы принципті жақтады: ең алдымен, қосымшаны бір-ақ түрде жазып, 4 немесе 6 түрлі етіп оқу жұртты сауаттандыру ісінде үлкен қиындық әкелді. Бұл - бір. Екіншіден, көптік жалғануының лар немесе табыс септігінің жалғауы тиісті варианты ды дегенді қалай дәлелдеуге болады? Үшіншіден, қосымшаларды бір-ақ түрде жазу түркі тілдерін унификацлауға септігі тиеді деген пікір де - илюзия мұндай жазу түрі жеке тілдер тіл тәжірбиесі көрсетіп отыр, - дейді.

1936 жылы мәдениет құрылысы қызметкерлері съезі қарсаңында қазақ әліппесі мен емлесі жақсатудың бірнеше проектісі ұсынылды. Ыемле жөнінде ол мынанадай 3-түрлі пікірді көтерді.

  1. Халықаралық және орыс тілінен енген терминдерді орысша жазылуына жақындатып берді.
  2. Қосарыj, ij, uv, yvдеген төрт таңбаның орнына жалаңij әріптерін жазу;
  3. Ь, j (осы күнгі ы, і) әріптерін жазуды біраз тежеу;
  4. кірікен сөздерді қосып жазу.

Бұлардың ішінде әсіресе көңіл аударатыны - екіншісі. Қазақ тіліндегі и мен у дыбыстары жалаң екендігін сондықтан олардың жуан-жіңішкелі варианттарын ерекше қос таңбамен білдірудің қажетсіз екендігін Қ. Жұбанов 1933 жылы бастау алды. Осыған Қосар ма, дара ма » деген мақаласына ранап, бұл дыбыстардың фонемалық сипатын танытады. 1924 жылы жатқан реформа екендігін айтады. Қате болатын себебі - у, и дыбыстары табиғатында қосар емес, жалаң дыбыстар, мұны революциядан бұрынғы фонетист-туркологтар В. Радлов, П. Мелиорнаский де осылай таныған дейді.

Сөйтіп, бір дыбысты екі түрлі етіп таңбалаудың практикалық та, теориялық та ыңғайсыздығын айдан-анық дәлелдеген Қ. Жұбановтың ұсынысы көп жылдар өткен соң, кейінгі кезде ғана жүзеге асты: емлеміздің түзетудің 1956 жылғы вариаты қабылданғаны аян.

20-30 ж бүкіл одақ бойынша етек алған тіл құрылысы деп аталған іс-әрекетте терминология мәселесі үлкен маңызы алды. Жаңа өмір толқыны әкелген жаңа сөздерді қайдан алып, жасау, неден жасау және қалай жасаудың принциптер ең жауапты мәселе.

Қ. Жұбанов халықаралық терминдерді аудармай қабылдаудың негізін дәледеп берді. Ол үшін « Термин сөздердің спецификасы жөнінде » деген мақала жазып, мұнда термин деген не, термин болатын сөздің жай сөздерден ерекшелігі қандай деген мәселені соншама айқын кетіп күнделікті тәжербиеден мысалдар келтіріп, тайға таңба басқандай етіп көрсетті. « Психологияны » « жан дүниесі », деп « геометрияны », « пішіндеме », деп біраз уақыт адасушылықтың бір тамыры интернационалдық сөздерден қашуда жатса, екінші ұшы терминнің өзін емес, сол термин болып тұрған сөздің лек-қ мағынасын аударудың туған өрескелдік екндігін көрсетеді.

Сөйтіп, Қ. Жұбанов термин жасау мәселесінде 1934-35 ж бірден дұрыс бағытты ұстайды. Пуризмнен бойынан аулақ салып, интернационалдық терминологияны бұзбай қабылдау тенденциясын ұсынды. Біріншіден, ғылым мен техника табыстарын жарыққа шығарған терминдер бүкіл жүзіне ортақ», сондықтан бұл халықаралық қазынадан қазақ үлессіз қалмауға тиісті, яғни бірыңғай интернационалдық терминдер - қазақ тілінде олар сәйкес келетін сөздер табылсын, табылмасын аударылып, алынбасын дейміз. Екіншіден, қазақ тілінің терминдері қазақ сөздерінен жасалатынын да Қ. Жұбанов о бастан принцип етіп көрсетті. Және бір қызық жай - ре, син, де, суб, анти, контр деген қосымшалардың да « қазақшада болып есептелмейді » со күнде айқын көрсетілмеген сондай-ақ авто, аэро, авиа сияқты ықшамдалып, қосылатын формалар қазақ сөзінде жалғасатындығы термин жасау нормамыздың алғашқы күннен бар болғанын байқаймыз. Мысалы, автожол, аэроқатынас, авиашана дегендерді келтіреді.

1936ж) Қазақстанның мәдени қызметкерлері съезіне Мемлекеттік терминкомның атынан қазақ әдеби тілінің терминдерін жасау принциптерін ұсынылды. Ол принциптер негізінен и»Бюллетеннің» 1935 ж 1 нөмірінде жарияланған «Қазақ әдебиет тілін терминдерді туралы» деген редакциялық мақалада айтылған. Бұл принциптердерді 10 пунк те құралған съезд болмашы ғана редакциямен өзгеріс қабылдайды. Бұлар:

  1. ел-елдің өз тілдердерінде аударылмай алынып жүрген халықаралық

терминдер, мысалы, революция, совет, теория, аударылмай алынды.

  1. Әр елде аударылып алынып жүрген терминдер (өндірілген еңбек, ақша, түбір, қазақша аударылып алынбасын олардың тек қазақша эквиваленті табылмаған күнде орысша сөздер алынсын.
  2. Түрлі пәндердің бір немесе бір-біріне жақын мағынада қолданылатын терминдер бір-ақ түрде алынсын:форма, материя, морфология .
  3. Бір сөзбен айтылатын бірақ бір пәнде термин, екіншісінде термин емес болса, алғашқы аударылмай, соңғысы аударылып алынсын: мануфактура - экон-қ даму кезеңі мағынасында аударылмаса, мата мағынасында аударылмаса қазақша алынды.
  4. Халықаралық терминдер орыс тілінде жазылғанынша алынсын.
  5. Қазақша аударылып алынған терминдер нормаға жат, жасанды болмасын;
  6. -изация, -ификация, ация, жұрнақтарымен келетін терминдердің негіздеріне қазақ жұрнақтары жалғанып алынсын: мешинизация -машиналандыр, электрлендіру (электризацияландыру емес, сын есімдердің -ский, -ный жалғаулары алып тасталып, қазақша ықшамдалып жұмсалған: популяр кітап, абсолют шама, буржуаз идеология, изолировать, машинировать сияқты етістіктер қазақша алынғанда, олардың есім формасына (изоляция, машина), ал орысша есім түбірі , регулироватьсияқтылар контекске қарай аударылып отырсын.
  7. -ист, -изм, -ре, -син, -суб, -анти, -контр аффикстері алынсын.
  8. ықшамдалған қосылатын -авто, - аэро, -авиа терминдері қазақ сөздеріне де ықшамдалған қосылсын.
  9. Қазақ тіліндегі де сөз қысқарту арқылы терминдер жасалсын: ауатком.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл біліміндегі термин мәселесінің зерттелуі
Қазақ терминологиясының даму кезеңдері
Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы
Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Қазақ тіліндегі ішкі терминжасам тәсілдері
Біріздендіру – терминологиялық қорды қалыптастыру жолы
Қ.Жұбановтың тілдік мұрасы
Ғалым Құдайберді Жұбанов отбасындағы тіл білімін зерттеуші ғалымдар
Сөз таптарының мәселелері
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz