Кәсіптік оқыту құралдары
10 КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫҢ ОҚУ-МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ
10.1 Кәсіптік оқыту құралдары
Оқу әдістері белгілі оқу (дидактика) құрал - жабдықтарымен іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. Оқу құрал - жабдықтары түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жәрдемші жағдаяттардың бәрін түсінеміз, яғни оқу әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқу құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, әдістер сияқты оқу, тәрбиелеу және дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-әрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі: - көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.; - есіту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, ән-күй аспаптары ж.т.б.; - есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.; - сөздік құралдар - оқулықтар, мәтіндер; - оқу процесін авмоматтастырушы құралдар - тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары; - сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары. Оқушылардың іскерліктері мен дағдылары шикізат, материал, қондырғы, инструменттер, құралдар және басқа да еңбек заттарының қолданылуымен байланысты оқу-өндірістік еңбегі арқасында құралады. Осылардың барлығы кәсіптік оқытудың материалдық-техникалық құралдарды құрайды. Кәсіптік оқыту құралдарының басқа құрамдас бөлігі - оқу әдістемелік жабдықтау. Бұл оқу-тәрбиелік процестің педагогикалық жақтарын қамтамасыз етуші оқыту құралдары: оқулықтар, оқу және көрнекі құралдар, оқытудың техникалық құралдары, оқу-әдістемелік құжаттар және құралдар, анықтамалық, нормативтік, көрнекі материалдар және т.б. Кәсіптік оқытудың материалдық - техникалық жабдықталуы. Кәсіптік оқыту процесінің өзіне тән ерекшелігі - оқушылардың арнайы жасақталған шарттарда (оқу шеберханаларында, оқу полигонында, оқу шаруашылықтары мен зертханаларда, оқу қондырғыларында және т.б.) және өндіріс шарттарында оқытуды үйлестіруінде. Оқу шеберханалары - қажетті қондырғы, инструменттер, құралдар және басқа да өндірістік оқытуға арналған жабдықтармен жарақталған, кәсіптік оқу орнының арнайы бөлмесі, кәсіптік оқыту орнының құрылымдық бөлігі. Бұл жерде оқушылар еңбекті және жұмыс орнын тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастырады, еңбек мәдениетін үйренеді, жұмыс уақытын тиімді пайдалануды үйренеді, қауіпсіздік талаптары мен нормаларын, санитарлықгигиеналық және экологиялық талаптарды, өндірістік және технологиялық пәндерталаптарын сақтауды үйренеді. Оқу шеберханаларына арналған бөлменің жоспары және жабдықталуы, әртүрлі мамандыққа арналған оқу шеберханаларында оқу - өндірістік әрекетті ұйымдастыру ерекшеліктеріне сай әртүрлі. Нақты конструктивтік нұсқалар да әртүрлі. Олар әдетте оқу орнының материалдық-техникалық және қаржылық мүмкіндіктеріне, педагогикалық ұжымның тәжірибесі мен шеберлігіне және басқа да факторларға байланысты. Оқу орнының оқу шеберханалар кешені, әдетте, оқу корпусының дыбыс тұншықтырғыш қабырғалары бар жағына салынады. Оларды жеке ғимарат етіп те салады. Осылайша орналастырудың артықшылықтары: оқу кабинеттері мен зертханаларда отырған оқушыларды пайда болған өндірістік шуыл алаңдатпайды; шаң-тозаң, ыс, газдар оқу корпусындағы санитарлық-гигиеналық шарттарды бұзбайды; қосымша аудан көмекші қызметтер мен тұрмыстық бөлмелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу шеберханасының жалпы ауданы әр оқушыға кәсіптік шеберлік пен дағды қалыптастыру үшін жеке жұмыс орнын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере келе, жалпыға арналған қондырғы мен өндірістік әрекетке қажетті қосымша қондырғыларды орналастыруды ескере келе анықталады. Кәсіптік оқытудың жайлылығы үшін оқу шеберханаларының жарықтандырылуы, қабырғаларының түсі, температуралық тәртібі, ауа алмастыруы, шаң сіңіргіштігі үлкен әсер етеді. Оқу шеберханалары еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы керек. Оқу орнының оқу шеберханалары кешенінің негізі - белгілі бір мамандық бойынша өндірістік оқытуға арналған мамандандырылған шеберханалар.Әдетте, оқу шеберханалары толық оқу тобына (25-30 жұмыс орнына) арналып жасалады. Кешен құрамына мамандандырылған оқу шеберханаларынан басқа өндірістік-қосалқы бөлмелер мен қызметтер де кіреді. Мамандандырылған оқу шеберханалары және өндірістік-қосалқы бөлмелер мен қызметтер көп бөлшекті типтік өнімді дайындау технологиялық процесінің біртекті болуы принципіне сәйкес орналастырылады. Оқу шеберханалары ғимараттарында санитарлық-тұрмыстық бөлмелер және құрылғылар қарастырылады. Оқу, тәрбие мәселелерін шешуде оқу шеберханаларын жабдықтаудың мәні өте зор. Оқушының жұмыс орны - оқу шеберханасының (зерхананың) кәсіптік оқыту бағдарламасына сәйкес оқу-өндірістік жұмыстарды орындауға қажетті тиімді орналасқан қондырғылар, инструменттер, басқа да жабдықтардан тұратын белгілі бір бөлігі. Оқушының жұмыс орны мамандыққа тән, заманауи конструкция, басқарудың қарапайымдылығы, салыстырмалы түрде аса үлкен емес өлшемдер, тиімді құны, қызмет көрсету қолайлылығы, жұмыс қауіпсіздігі секілді - негізгі оқу-техникалық талаптарға жауап бере алатын жеке қолданатын қондырғылармен жабдықталады. Қондырғыдан басқа оқушының жұмыс орны басқа да жеке инструменттер мен жабдықтармен жарақталады. Әдетте күнделікті қолданылатын инструменттер, приборлар және керек жарақтармен жарақталады да, ал басқа инструменттер мен приборларды оқушылар шеберден немесе инструменттер бөлімінен (қоймадан) алады. Оқушының жұмыс орны сонымен қатар, материалдар және дайын бұйымдарды орналастыру мен сақтауға арналған құрылғылармен, қажет болған жағдайда көтеру-транспорттық құрылғылармен жарақтандырылады. Оқушылардың жұмыс орнының орналасуы шеберге өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz