Есімдіктің мағыналық түрлері


Есімдіктің мағыналық түрлері.
1. Жіктеу есімдігі .
Әрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер. Ол сөзі адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады: Ол оқудың жайын сұрады. Ал егер заттар мен қубылыс, іс - әрекет, сан-сапа, т. б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болады: Ол жарыста бәйгеге түсе алатын білімділер, зейінділер.
Жекеше түрде:
Мен- сөйлеушіні көрсетуші
Сен, сіз-тыңдаушыны көрсетуші
Ол- бөгде кісіні көрсетуші сөздер.
Көпше түрде:
Біз, біздер- сөйлеушіге тән топты көрсетуші
Сендер, сіздер-сөйлеушінің сөзі арналған топты көрсетуші
Олар-богде топты көрсетуші сөздер
Жіктеу есімдіктері әрқилы морфологиялық, түрлендіруші формаларды қабылдай алады.
2. Сілтеу есімдігі
Аралық қатынастарды көрсетеді.
Сілтеу есімдіктері аралық қатынастарды білдіру жағынан ішінара жақын-алысырақ, алыс-жақынырақ сияқты қарама-қарсы мағыналарда қолданылатын сөздер болып бірнеше жікке бөлінеді.
Сөз топтарының орнына қолданыла алады:
- Зат есім: 80-жылдарда жер аудалырып барған Михаэлис деген бір білімді кісімен, қазақ ғұрпындағы қагидаларды жиюға елге шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған. Бұлар Абайдікіне қонаққа келіп жүрген.
Сын есім: Кіші үйдің бозінгені бүгін тағы өлді.
- Сан есім: Жұмыс басталуына он екі күн қалған екен. Бұл күндердің ішінде талай іс бітіруге болады.
- Еісмдік сөздер:Әнгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады.
- Етістік: Жармұхамет кешіккен соң, оның үйінде күтіп отырған боыс пәтеріне қайтты. Мұны көріп тұрған Берікбол мен Малтабар сарттың дүкенінен шықты.
- Ойнақтан ол үй енді таза болды.
- Өзге сөздер орнына қолданылатын есімдіктер Өзге сөздердің орнына қолданылмайтын есімдіктер: Бұл, ол, мына, ана, мынау, анау, осы, сол. Міне, әне, сона, сонау, түу. Сілтеу есімдіктері субстантивтенгенде ғана тәуелдік, септік, көптік жалғауларын қабылдай алады.
3. Сұрау есімдіктері
Заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын, т. б. білдіретін сөздер.
Кім? Не? Қай? Қайсы? Қандай? Қалай? Қайда? Қайдан? Қашан?Қанша? Неше? Нешінші? Қаншасы?
Бірыңғай морфологиялық түрленуі не синтаксистік қызметі жоқ.
Кім? Не? Қайсы? Нешеу? Есімдіктері ғана тәуелденеді.
Жіктік жалғаулары тек кім? қандай? қалай? қайсы? есімдіктеріне ғана жалғанады.
Кім? Не? Қайсы?Нешеу? есімдіктері септеледі.
Көптік жалғауы кім?не?қайсы?неше? есімдіктеріне жалғанады.
4. Өздік есімдіктері
Сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер.
Өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері.
Тәуелдік жалғауының-нікі, -дікі формасы жалғанып қолданылады.
Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі. Мысалы: өзіммін, өзімсің, өзімсіздер.
Септік жалғаулары тәуелденген зат есімдердің септелеу ізімен жалғанады.
5. Жалпылау есімдіктері
- Белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына немесе толық қамтылуына нұсқай айтылатын жинақты-жалпылау мағынадағы сөздер.
- Бәрі есімдігі атау формада субстанциялық ұғымды білдіреді. Басқалары өзінің негізгі формасында қолданылғанда атрибуттық ұғымды білдіреді.
6. Белгісіздік есімдіктері
Заттар мен құбылыстарды және олардың сан, сапа белгілерін, мекен, амал тағы басқаларын анық етіп ашып айтпай, тұспалдап қана көрсететін, яғни мағыналары нақтылы түрде берілмей, белгісіз мәнде айтылатын есімдік түрі.
Белгісіздік есімдіктері шығу төркіні, жасалу жолы жағынан күрделі 2 салаға бөлінеді: 1. Лексикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер:бір, біреу, кей, әр, әлде. 2 . Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған сөздер:бірдеңе, бірнеше, бірнәрсе, кейбіреу, әлдекім, әлдеқайда, әр-кім, әрқайсы.
Өзге сөз таптарының қызметін атқарулары:
- Сын есім: бір, кей, әр, пәлен, әлдеқайда. Әр ауылдың, әр үйдің бір қазанбұзары, бір биі болады.
- Зат есім: біреу, әлдене, әлдекім, кейбіреу, әркім, әрнәрсе, әрнеңе. Сыр-тта біреу жүргендей көрінді.
- Сан есім: бірнеше, әлденеше. Бірнеше жоба көрсетілді.
- Үстеу: әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқалай. Ойы бөлініп, қиялы әлдеқайда отыр еді.
- Біреу, бірнеше, бір, кей, кейбір есімдіктері тек ортақ тәуелдеу түрінде тәуелдік жалғауларын қабылдайды.
- Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды.
- Көптік жалғаулары бірдеңе, бірнәрсе, біреу, әлдекім, әлдене, әркім, әрнеңе, кей-біреу есімдіктеріне жалғанады.
- Бір, бірнеше, кей, кейбір, кейбіреу, әлденеше, әрбір есімдіктері тәуелденіп барып септік жалғауларын қабылдайды.
7. Болымсыздық есімдіктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz