Физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар


Физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар.
Жоспары:
- Физиологиялық белсенді табиғи және синтетимкалық қосылыстар.
- Физиологиялық белсенді қосылыстардың молекулалық қабықшаларының және дөпсіздігі (хиральность) маңыздылығы.
Химияның, әсіресе фармацевтикалық химияның маңызды міндеті - жаңа, тиімділігі жоғары дәрілерді жасап шығару. Химияның алдында онкология, ЖИТС, жүрек аурулары (инсульт және инфаркт) және т. б. сырқаттарға қарсы дәрі жасау мәселелері тұр. Бұл мәселе қалай шешіледі және оның күрделілігі мен қиындығы қандай?
Маңызды аспектілер:
- молекулааралық әрекеттесу күштері (сутектік байланыстар) ;
- иондық әрекеттесу;
- диполь-дипольдік әрекеттесу (Ван-дер-Ваальс күштері) ;
- кеңістіктік құрылым (стереоизомерия, дөпсіздік) .
Мұндай препараттарды дайындау компьютерлік химияның міндеті болып табылады, өйткені кеңістікте болжамды молекуланы көру өте маңызды.
Химия биологиямен бірлесе отырып көптеген мәселелерді шешті. Мысалы, биологиялық маңызды алкалоидтердің, дәрумендер мен стероидтердің құрылымын анықтады және синтездеді. Сондай-ақ жетістіктердің басты шыңы деп санауға болатын хинин, стрихнин, пенициллин және т. б. толық синтездеді. Биология мен химияның міндеттері тіршілік механизмдерін танып білуде өзара байланысты. Себебі тірі жасуша - үлкен және кіші молекулалардың бір-бірімен өзара үздіксіз әрекеттесетін, түзілетін және жойылатын нағыз патшалығы.
Екі ғылымның өзара байланысынан жаңа ғылым - биоорганикалық химия пайда болды
Биоорганикалық химия - органикалық заттардың құрылысы мен олардың биологиялық функциялары арасындағы байланысты зерттейтін ғылым.
Сонымен, биоорганикалық химияның зерттеу нысандары:
- биологиялық маңызды табиғи және синтетикалық қосылыстар, нәруыздар, пептидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер;
- аралас типті биополимерлер: гликопротеиндер, нуклеопротеиндер және т. б. алкалоидтер, дәрумендер, антибиотиктер, гормондар, феромендер, токсиндер;
- синтетикалық дәрілік препараттар, пестицидтер және т. б.
Биополимерлер - барлық организмдердің негізі болып табылатын жоғары молекулалы табиғи қосылыстар. Оларға нәруыздар, пептидтер, полисахаридтер, нуклеин қышқылдары, липидтер жатады.
Биореттегіштер - зат алмасуын химиялық жолмен реттейтін қосылыстар. Оған дәрумендер, гормондар, антибиотиктер, алкалоидтер және т. б. заттар жатады.
Биополимерлер мен биореттегіштердің құрылымы мен қасиеттерін білу биологиялық процестердің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылымын тану бізге нәруыздың матрицалық биосинтезі және гендік ақпаратты сақтау мен берудегі нуклеин қышқылдарының рөлі туралы көзқарастарды дамытуға мүмкіндік береді.
Биохимия саласындағы зерттеулерге қатысты мәселелер:
- қатаң, нақты жоғары белсенді өршіткілерді жасау (ферменттердің құрылымы мен механизмін зерттеу негізінде) ;
- химиялық энергияны механикалық энергияға тікелей түрлендіру (бұлшық еттің жиырылуын зерттеу негізінде) ;
- биологиялық жүйелерде жүзеге асатын көпқұрауышты жасушалық жүйелердің өзін- өзі реттеу принциптерін, бірінші кезекте биологиялық мембраналардың селективті өткізгіштігі және т. б. химиялық ақпаратты сақтау және берудің химиялық принциптерін техникада қолдану.
Молекулалардың, соның ішінде дәрілік заттардың химиялық белсенділігінің маңызды аспектілерінің бірі дөпсіздік болып табылады. Бұл не?
Әртүрлі төрт орынбасушымен байланысқан көміртек атомы бар молекулалар асимметриялы немесе дөпсіз молекулалар деп аталады. Басқаша айтқанда, бұл - орталық нүктесі немесе симметрия жазықтығы жоқ молекулалар.
Дөпсіздік (ежелгі грек. χειρρα - қол) - бұл молекуланың айнадағы бейнесінің кеңістікте бір-біріне сәйкес келмейтін қасиеті. Термин ежелгі грек сөзінен алынған, барлығымызға белгілі қол - дөпсіз дене мүшесі.
Олай болса, екі дөпсіз молекулалар (заттар) изомерлер болып табылады, оларды энантиомерлер немесе оптикалық изомерлер деп атайды. Энантиомер жұптардың көпшілігінің химиялық және физикалық қасиеттері ұқсас болады.
Алайда энантиомерлер басқа дөпсіз молекулалармен, әсіресе биологиялық нысандарда түзілген табиғи заттармен әртүрлі әрекеттеседі. Мысалы, егер энантиомерлердің біреуі улы болса, екіншісінде бұл қасиет болмауы мүмкін. Егер энантиомерлердің бірі дәрумен болса, онда екіншісі мұндай қасиетке ие емес. Энантиомерлердің биохимиялық қасиеттеріндегі бұл айырмашылық тірі организмдегі биохимиялық процестер - ферменттер (энзимдер) арқылы катализденеді. Ферменттер - табиғаты нәруыз болатын дөпсіз қосылыстар. Қосылыстар белсенді болу үшін оның геометриясы ферменттің белгілі бір бөлігінің құрылысына сәйкес келуі керек.
Мысалы, аминқышқылдары (глициннен басқа) екі стереоизомер: L және D түрінде болады, олар жарықтың поляризация жазықтығын солға және оңға бұрады. Барлық тірі организмдер тек L-аминқышқылдарын синтездейді және сіңіреді, олар үшін D- аминқышқылдарының әсері жоқ немесе зиянды әсер етеді.
Молекулалардың соның ішінде дәрілік заттардың химиялық белсенділігінің маңызды аспектілерінің бірі дөпсіздік болып табылады. Симметрия элементтері жоқ молекулалар дөпсіз деп аталады. Молекулалары дөпсіз және бір- бірінің айнадағы бейнелері болып табылатын изомерлер энантиомерлер деп аталады. Энантиомерлер бірдей физикалық және химиялық қасиеттерге ие, бірақ фермент тәрізді басқа да дөпсіз заттармен өзара әрекеттесу қасиетімен ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz