Педагогикалық қарым - қатынас туралы
[Название организации]
Педагогикалық қарым-қатынас
Жоспар:
1. Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі және педагогикалық қарым-қатынас бағыттары
2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы мен ерекшеліктері
3. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне қойылатын талаптар
1. Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі және педагогикалық қарым-қатынас бағыттары.
Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік.Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктенбасқа адамдармен ақпарат алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болатындықтан оны адамның қоғамдық ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деп қарастыруға болады. Олай болса,қарым-қатынас- қоршаған ортамен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы тетік.
Ғылымаралық ұғым ретінде қарым-қатынас-өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнатудың және дамытудың күрделі үдерісі ретінде қарастырылады.
Қазіргі таңда зерттеуші-ғалымдарқарым-қатынастыңт үрлі қырларынқарастыруда. Психология ғылымы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктерін Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л. Рубинштейн сынды белгіліғалымдар зерттесе, педагогикалық ғылымдар саласында А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодалевтің, А.В.Мудриктің, В.А.Кан-Каликтің, А.А.Реанның, Н.Е.Щуркованың, А.И.Щербакованың, Ш.А.Амонашвилидің, Я.Л.Коломинскийдің, И.А.Зимняяныңт.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар қарым-қатынас феноменін іс-әрекет түрі ретінде анықтап, оны басқа іс-әрекет формаларын қамтамасыз ету негізі деп бағалайды. Қарым-қатынас пен іс-әрекет өзара тығыз байланысты болғанымен салыстырмалы түрде дербес ұғымдар.
Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыруүдерістерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. Сондықтан педагогикалық қарым-қатынас - педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестік негізі болып табылады.
В.А.Сластениннің пікірінше, педагогикалық қарым-қатынас- педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатудың, дамытудың, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі үдерісі.
Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөл атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын - ала көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарын іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.
Педагогика ғылымында коммуникативтік міндеттерді шешудің негізгікезеңдері анықталған:
қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі(мұғалім сыныптың қандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін анықтайды);
өзіне көңіл аударту кезеңі (пауза, сөз арқылы көңіл аударту, қимыл арқылы - кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу т.б.);
тыңдаушылардың қарым-қатынасқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар дәрісханасындағы қарым-қатынасқа жағымды психологиялық ахуалдың барын не жоғын анықтайды);
вербальдық қатынасты орнату кезеңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалық жүйелі түрде жеткізу);
мазмұнды және эмоционалды кері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ақпаратты баяндаудың логикалығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып аясына шоғырландыру, қызықты проблемалық сұрақтар қою, оқушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).
В.А.Кан-Каликтың дәлелдеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатыларбойынша іске асырылады:
сабақты не іс-шараны өткізуге дайындалу үдерісінде болатын қарым-қатынасты жобалау сатысы (жоспар құру, қарым-қатынастың моделін құру).
қарым-қатынасты тікелейұйымдастыру сатысы (қарым-қатынастың алғашқы кезеңі, коммуникативтік шабуыл жасау).
қарым-қатынастыбасқару сатысы(оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару, ойларын жетектеу, іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыру, қарым-қатынасқа бөгет болып тұрған психологиялық кедергілерді азайту).
қарым-қатынастың барысын жәненәтижелерін талдау сатысы(қорытынды сатысы, кері байланыс арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-қатынастың тиімділік деңгейін анықтау).
Тәжірибеде бұл қарастырылып отырған педагогикалық қарым-қатынас сатыларының ұйымдастырылу ұзақтығы іс-әрекет мақсаты мен мазмұнына байланысты ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы мәдениетінің бір қырын байқауға болады. Қарым-қатынас орнатуда мұғалім тек сөйлеуші емес, сонымен қатар жақсы тыңдаушы да бола алуы керек.
Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатыныс түрлері.Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастыңсан-алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде адамдар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады: вербалды, вербалсыз, интерактивті, перцептивті қарым-қатынас.
Вербалды қарым-қатынас - адамдар арасындағы сөз арқылы жүргізілетін қарым-қатынас.
Вербалсыз қрым-қатынас - адамар арасындағы ым-ишараға негізделген сөзсіз қарым-қатынас.
Интерактивті қарым-қатынас - адамдардың өзара бірі-бірімен тығыз әрекеттестік байланыста болуы.
Перцептивтік қарым-қатынас - кез келген қарым-қатынас барысында адамдардың ішкі жан дүниесін түсіне алу, көңіл-күйлерінің қандай деңгейде екенін сезіне білу.
Аталған қарым-қатынас түрлерін педагогика саласындағы мұғалім-оқушы қарым-қатынастық жүйесіндегі ерекшеліктерін қарастырып өтейік.
Вербалды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылыақпараттармен алмасу үдерісі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербалды қарым-қатынастың негізгі құралы.
Педагогикалық үдеріске қатысушы субъектілерінің сөйлеу шеберліктері арқылы олардың дүниетаным шеңберін, мәдениеттілігін, тәрбиелілігін, тіпті мінез-құлқын да байқауға болады. Сондықтан көптеген жас мамандардың осал жерлері де осы сөйлеу шеберліктерінің жетіспеушілігіне байланысты болып келеді.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының қызметтеріне байланысты іске асырылады. Адамның әрбір сөзі бір нәрсені білдіреді, яғни оның мән-мағынасын ми жұмысы арқылы талдап қбылдайды. Қарым-қатынасқа қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп қабылдаулары үшін олар бір тілде (қазақ, ағылшын, орыст.с.с.) сөйлеусулері керек. Сөздік (вербалды) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды оқушы санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын тақырыпқа аудара түседі.
Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу үдерісі (мұғалім және жеке бір оқушы немесе оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топадамға жеткізу үдерісі (Мектеп жағдайында мұғалі -ата-аналар, мұғалім-сынып оқушылары жүйесін атауға болады).
Мектепте жағдайында қарым-қатынастың аталған екі түрі де жиі кездеседі. Ол тек оқушы мен мұғалім арасында емес, директор мен педагогикалық ұжым арасында, мұғалім мен мұғалім арасында, мұғалім мен ата-аналар арасында болатын қарым-қатынас. Кейбір мұғалімдер аксиалды қарым-қатынастқа бейім, кейбіреулер - ретиалды қарым-қатынасқа жақын болады. Бірақ шебер педагог болу үшін аталған қарым-қатынастың барлық түрін жақсы меңгеру маңызды.
Аксиалды және ретиалды қарым-қатынастар барысында сөйлеп тұрған адамды тыңдай алудың өзі өнер. Аксиалды қарым-қатынастағы диалогтың нәтижесі адам көңілін барлық алаңдатқыштардан (уақыт-тың тығыздығы, ұялы телефонның үнемі шырылдай беруі т.с.с.) алшақтатуына байланысты өзгеріп отырады.
Қарым-қатынастың нәтижелері оны ұйымдастыру орнына (сынып іші, аудитория, дала, табиғат, т.б.), өткізілу уақытына (таңертең, түсте, кешке), адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр-түрлі болады. Осыған орай қарым-қатынас жасауда оның орны мен уақытының алатын рөліне байланысты мынандай мысалдарды келтіруге болады.
Вербалсыз қарым-қатынас - мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы жүргізілетін сөзсіз қарым қатынас.
Мимика - адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.
Ым-ишара (жест) - қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.
Пантамимика - қарым-қатынастағы сөздік коммуникацияның орнына аяқ-қолдарының қозғалыстары, дене қалыпы, еңкею, шалқаю, жүріс-тұрыс, т.с.с арқылы адамның ішкі көңіл-күйін түсіндіре алудағы іс-қимылдар тілі және бүкіл дене моторикасы.
Мысалы, ақпараттармен алмасудағы семафор әліппесі (шартты белгілер, жалаушалар арқылы), Сэмюэл Морзе әліппесі (1837ж) (тақылдату немесе жарық сигналдарыарқылы), Луи Брайль әліппесі (1843ж. Франция) (соқыр адамдардың арнайы сипап сезілетін рельефтік-нүктелер комбинациялары арқылыоқу-жазу әліппесі), Шарль Мишель де Л'Эпее әліппесі (1775ж. Франция) (саңырау және мылқау адамдардың алақан мен саусақтардың қимылдары арқылы сөйлесу әліппесі) сияқты тілдесудің көптеген әдіс-тәсілдері өмірде орын алып жатыр.
Педагогикалық мамандықта мұғалімнің мимикасы оқушыларға күшті әсер береді. Мұғалім сабаққа күлімдеп кірсе, оқушылардың ынталары, көңіл-күйлері жоғарылай түседі, ал егер ашуланып кірсе, оқушыларда бірден алаңдаушылық, қорқыныш сезімдері, үрей пайда болады.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл күйде екенін түсінуге болады. Халықта Көз-адам жанының айнасы-деп тегін айтылмаған. Қоршаған дүние туралы ақпараттың 80%-ын адам көру арқылы ала алады. Сөйлесу барысында адамның көзін көріп тұрмасақ бізге әңгімені жалғастыру қиынырақ. Мысалы, сіздің әріптесіңіз немесе оқушыңыз көзіне қап-қара көзілдірік киіп отырса, сіз оның көзін көрмегендіктен ыңғайсыздықты сезінесіз.
Адам көңіл-күйінің нашар болуы, әдетте бет-әлпетін тұнжыраңқылығын көрсетеді. Ал күлімдеу, керісінше, оның көңіл күйін жадыратады. Күлімдеп жүру - жан үшін шипа, ал шын көңілмен 3 минут күлу таңертенгі 15 минуттық бойсергітуді алмастырады.
Вербалсыз қарым қатынаста адамның қолының қимылына да көңіл аударып адамның психологиясы жайлы мәліметтер алуға болады. Мысалы, қолын екі бүйіріне таянып тұру - адамның бір істі атқаруға дайындығын, батылдығын, табандылығын көрсетеді. Екі қолын артында айқастырып, басын жоғары ұстау - бастық позасы. Тырнағын тістеу, қайта-қайта киімін түзету - адамның қобалжып, не-месе бір нәрседен ыңғайсызданып отырғанын байқатады. Ашық алақан, жұмылған жұдырық, сұқ саусақты көп көрсету, екі қолды алдында айқастырып ұстау, жағын таянып отыру, басын сипалай беру, иегін сипалай беру, т.б қол қимылдарының әрқайсысы өзіндік ақпараттар белгісі.
Мұғалім еңбегінде такесикадеген ұғым да көп рөл атқарады. Ол ешқандай сөзсіз баланың басынан сипау, қолынан ұстап жазуын түзету, иығынан қағып, қолпаштап қою, костюмының жағасын түзетіп қою, қол алысып құттықтау т.б қол қимылдары арқылы жасалатын қатынастық белгілер.
Кинесика - адамдардың қарым-қатынас барысында эмоциялық көңіл-күйлерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады. Қарым-қатынас жасауда адамның өз денесін тік ұстауы өте маңызды. Басын жоғары ұстап, тік жүретін адамдар үнемі өз күштеріне, біліміне сенімді, жұмысқа деген құштарлығымен ерекшеленеді. Егер адам үнемі ба-сын төмен салбыратып, еңкейіңкіреп жүретін болса ондай адамның ішкі әлсіздігі, жұмысқа зауқының жоқтығы байқалады.
Вербалсыз қарым-қатынасты зерттеген ғалым М.А.Поваляеваның ойынша, адамдардың 93%-ның қарым-қатынас барысында ақпаратты айтқанынан емес, оны қалай жеткізгенінен, айту кезінде өзін қалай ұстағанынан жақсы байқауға болады екен. Ғалымның пайымдауынша, адамның қарым-қатынас барысында түрлі жағдайларға байланысты өзін-өзі ұстауында жалпыға көп таралған кинесикалық қалыпты жағдайлар анықталған.
Интерактивті қарым-қатынас - адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады. Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жақсы жақтарын ғана танытқысы келеді. Ал адам өзінің қабілеттерін тек өзін еркін сезінетін ортада ғана жақсы көрсете алады. Сондықтан педагогикалық үдерісте толыққанды қарым-қатынас орнату үшін ынтымақтастық ортаның атқаратын рөлі жоғары. Педагогикалық әдебиеттерде көпшілік арасында тұлғаның өзін-өзі дамытуына қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі анықталған.
Біріншісі, ұжымның өзі тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады (ұжым тұлға бойында жағымды әлеуметтік іс-әрекеттерге деген оң көзқарастарын, ұжымдық іс-әрекетке қатысуға деген қызығушылықтарын, қоғамдық борыш, белсенділік т.б. қасиеттерді дамытады).
Екіншісі, ұжым осы үдерісті тікелей ұйымдастырады (тұлғаның санасын қалыптастырады, өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады, өз талаптарының нәтижелерін жоспарлап бағалауда көмек көрсетеді).
Педагогика ғылымында А.С.Макаренко жеке тұлғаны ұжымдажәне ұжым арқылы тәрбиелеудің жүйелі теориясын құрастырып, оның даму заңдарын тереңінен теория және практика тұрғысынан зерттеген. Қазіргі кезде педагогика ғылымында ұжым мүшелері арасындағы белсенді қарым-қатынастар, ұжымды басқару ерекшеліктері, ұжымдағы шағын топтардың пайда болуы, ұжымдағы шиеленістік жағдайлар және оны шешу жолдары сияқты мәселелер зерттелуде.
Интерактивтік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды, оның барысында оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы жағ-дайлар жасалуы көзделеді.
Ұжым ішінде бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының қалыптасуы симпатия деген ұғыммен анықталады. Ал антипатия - бір адамның басқа адамға теріс көзқараста болуы, жақтырмауы.
Белсенді қарым-қатынастың негізгі ерекшелігінің бірі ре-тінде оның бір топтағы адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен іс-әрекеттерін қарастыруға болады. Яғни, бұл жерде адамдардың өзара әрекеттестігі маңызды болып көрінеді. Белсенді қарым-қатынастың екі түрі болады:
кооперация - топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді.
конкуренция - топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі бірінен озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске бармайтындай етіп ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.
Педагогикалық үдерісіндебелсенді қарым-қатынас барысында оқушылардың өзара ақпраттармен алмасуларымен қатар олардың өза-ра ынтымақтастық әрекеттеріне бейімделулері маңызды. Сондықтан мұғалімдер оқытудыңбелсенді әдіс-тәсілдер жүйесін жақсы меңгеруі қажет.
Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция - сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудың, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі үдеріс. Бұл қа-білет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда жақсы дамы-ған. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып, оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуіэмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия - мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесін сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылар-мен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиім-ді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді.
Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін оқушылар-дың психофизиологиялық, жас және дербес ерекшеліктерін жақсы меңгеру қажет. Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда педагогикалық үдерісінің екіжақтылық сипаты айқын бай-қалады.
Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қа-рым-қатынастың ерекшеліктері.Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Сонымен қатар мұғалімдердің өзімен бірге істейтін әр жастағы әріптестері, оқу-шылардың ата-аналары, ата-әжелері педагогтың коммуникативтік қабілеттеріне деген талапты күрделендіре түседі. Жас мұғалімдер үшін аталып отырған адамдар санатында әсіресе оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық-педагогикалық негіздерін, қарым-қатынас қызметтерін және сан-алуан тәсілдерін жан-жақты меңгерудің маңызы зор.
Педагогикалық қарым-қатынастың тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып, оның атқаратын қызметтеріне мынандай негізгі (функцияларына) тоқталып өтейік:
Қарым-қатынастың коммуникативті қызметіарқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәр-биелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.
Қарым-қатынастың бел қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйым-дастыру, реттеу, басқару жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың перцептивтік қызметіарқылы оқу-шылардыңпсихикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу мүмкін болады.
Қарастырылып отырған қарым-қатынас қызметтері нақты педа-гогикалық іс-әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Мұғалім әр жастағы оқушылармен жұмыс жасауда педагогикалық қарым-қатынасқа қойылатын талаптар да өзгеріп отырады. Негізгі талаптардың бірі - педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтарының бірі болып табылатын оқушылардың жас ерекшлеліктеріне сай қарым-қатынас орната білу.
Мектеп оқушылары үш буынға бөлініп білім алатыны белгілі: бастауыш, орта (жеткіншек шақтағы оқушылар) және жоғары. Енді осы буындарға сәйкес педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктерін қарастырып көрейік.
Бастауыш сынып оқушыларымен педагогикалық қарым-қа-тынасты ұйымдастыруда мұғалімдер мектепке табалдырығын алғаш рет аттап тұрған оқушылар үшін оқу үдерісі жаңа негізгі іс-әрекет түрі екенін есте сақтаулары маңызды. Олардың оқушы деген жаңа әлеу-меттік рөлге ие болуымен мінез-құлықтары, психологиялық көңіл күй-лері, ойлау қабілеттері біраз өзгерістерге ұшырайды. Бастауыш сы-нып оқушысы үшін оқу әрекеті бағаланатын әрекет болғандықтан, олар үлкен жауапкершілікті сезіне бастайды және өз істерін басқа-лардың істерімен салыстырып бағамдайды.
Оқу әрекетіне қызығуымен қатар балалар ойын әрекетін де жақ-сы көреді. Сондықтан сабақта оқушылар тез жалығып кетпеулері үшін мұғалім түрлі жаттытырулар жасатып, ойын технологияларын пайда-лана отырады.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары ата-аналарынан басқа, талаптары барлық балаларға ортақ, оқыту мен тәрбие үдерісін басқаратын мұғалім тұлғасымен танысады. Мұғалім мәртебесі бас-тауыш сынып оқушылары үшін өте жоғары, беделі биік. Сондықтан бұл жастағы оқушылар мектеп ережесін тиянақты орындауға тыры-сады, мұғалімнің айтқан талаптарын заң ретінде қабылдайды.
Бастауыш сынып оқушыларының басым көпшілігі қарым-қатынасқа ашық, ынталы, үлкендерге сенгіш болып келеді. Сыныптастарымен әлеуметтік әрекеттесу және достар табу бұл жастағы оқушылардың маңызды міндеттерінің бірі. Мектеп ережелерін орындау арқылы олар өздерінің мұғалімге және көпшілікке деген қатынастарының қандай екенін білдіреді.
Оқу әрекеті барысында оқушы мұғалімнің және сыныптастарының қарым-қатынастық ықпалын сезінеді. Сондай-ақ, сыныптастарына деген қатынасы мұғалімнің оларға берген мінездемесімен анықталады. Тұлғааралық қатынастар эмоцияға негізделеді және осы жастық шақ соңына қарай оқушылар өздерінің сынып ішіндегі мәртебелерінің қандай дәрежеде екенін сезіне бастайды.
Балалардың талпыныстарына көңіл аудару, олардың жетістікте-рін назардан тыс қалдырмай атап өту, оның құнды және қайталанбас ерекше жан екенін сезінуге мүмкіндік жасау осы жастық шақтағы қа-рым-қатынастың басты ерекшеліктері. Сонымен қатар бастауыш сы-нып оқушылары үшін мұғалімнің жүзінің жылы, көңілді болуы ма-ңызды: күлімдеу, күлдіру, көңілдерін көтеру, мақтау, педагогикалық қолдау көрсету, т.с.с
Жеткіншек шақтағы оқушылармен педагогикалық қарым-қа-тынас педагогика және психология ғылымында ерекше орын алатын мәселелер қатарында. Бұл жастық шақтағы оқушылардың ерекшелік-терін олардың дамуындағы физиологиялық және психологиялық өзге-рістермен, сонымен қатар әлеуметтену мәселелерінің күрделенуімен байланыстыра отырып қарастыру қажет. Жеткіншек шақты адам өмі-ріндегі өтпелікезең деп атайды, себебі балалық шақтан ересек шаққа өту барысында баланың санасында, өсіп жетілуінде, мінез-құлқында, қарым-қатынастық жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болады. Осы өзгерістердің барлығы өмірлік тәжірибелері жоқ жеткіншектерге көп қиындықтар туғызатыны анық. Сондықтан кейбір жағдайларда бұл шақты қиын кезең деп те атайды.
Жеткіншектердің негізгі іс-әрекеттері оқу болып табылғанымен, олардың оқуға деген ынтасы бастауыш сыныптағыдай жоғары бола бермейді. Олар өздерінің жеке тұлғасының ерекшеленуіне, әлеуметтік ортада өзіндік мәртебе мәселесіне көбірек көңіл аударады. Осы шақта жеткіншектердің өзіндік санасы қалыптаса бастайды. Өздерін жетілді-руге байланысты кітаптар оқи бастап, өздері ұқсағысы келетін кейіп-керлерге еліктейді, спорт түрлерімен шұғылданады, күнделіктер жа-зып, онда өз әрекеттеріне талдау жасауға тырысады.
Жеткіншек шақта оқушыларды Мен қандаймын? деген сұрақ көбірек мазалайды, соның салдарынан өздерінің жан дүниесін іштей зерттеп-тануға талпынады. Осы шақта оқушылардың Мен жүйесінің негізі қалыптаса бастайды. Өздерін есейгендей сезінгенімен олар ба-лалықтан толық арылмаған, өз бетінше шешім қабылдауға жауапкер-шіліктері жеткіліксіз, ересектерге еліктегіш келеді. Қарым-қатынас ба-рысында ересек адамдарға сыни тұрғыдан қарап, олардың қателерін, кемшіліктерін тез байқайды.
Педагогикалық қарым-қатынастағы мұғалімнің негізгі міндетте-рінің бірі - жеткіншектердің психо-эмоционалдық саласына баса на-зар аудару. Мұғалім жеткіншектермен қарым-қатынасты ортнату ба-рысында олардың ұжым пікіріне көбірек жүгінетінін ескеруі қажет. Ұжымдық қатынастарға бейімделу үстінде жеткіншектер достарының пікірлерімен санасатынын, сыныптастарының көзқарастарына тәуелді екені байқалады. Оқушылардың кейбір кезде көрсететін түсініксіз мі-нездеріне сабырлықпен, шыдамдылықпен қарап, қарым-қатынастың оң нәтижесін болжай алу мұғалімнің құзырында. Оқушының даму мен қа-лыптасу үстінде екендігін ескеріп, мұғалімдер жеткіншектердің психи-касына қысым жасамай, керісінше олармен сыйластық пен сенімділік негізінде ғана сөйлесу барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады.
Жоғарғы сынып оқушыларының дамуындажеткіншектерге қа-рағанда әлдеқайда бірқалыптылық байқалады. Осы шақтағы оқушы-лармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуда мұғалім олардың не-гізгі ерекшеліктері ретінде тұлғалық дамуын және өмірлік бағдарын өз беттерінше анықтайтын жандар екенін ескеруі керек. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік пікірлері, дүниетанымы, көзқарастары олар-дың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейінен көрініс береді.
Жоғары сынып оқушыларының физикалық және ақыл-ой даму-ларының үздіксіз үдерісі негізінде олардың көп нәрсеге қызығушы-лықтары артып, болашағын бағдарлауға қатысты мұғалімдермен қа-рым-қатынасқа ашық болып келеді. Бұл олардың жаңа тәжірибе жи-нақтаудағы ұмтылыстары және өздерінің дұрыс бағытты таңдаулары бойынша сенімділігін нығайту үшін маңызды.
Жоғарғы сынып оқушыларымен педагогикалық қарым-қатынас-та олар мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне баса назар аударады: әділеттілігі, шыншылдығы, түсіне алу дағдылары, жағымды эмоцио-налдық кері байланысы, білім деңгейі мен оқыту сапасы.
Сондай-ақ, жоғары сынып оқушысы өзінің жеке Мен-жүйесі жайлы көп ойланып, толғанады. Осы жайлы жалғыз қалып ойланған-ды, қиялын шарықтатып, өзін түрлі әлеуметтік рөлдерде елестетулері жиі байқалады. Яғни, жоғары сынып оқушыларының өзін тану арқылы өзгелерді тануы қарым-қатынастық жүйелерінің басты ұстанымына айналады.
4.4. Педагогтың сөйлеу мәдениеті - кәсіби іс-әрекет жетіс-тігінің шарты.Сөйлеу мәдениеті дегеніміз адамның қарым-қатынас жасаудың тілдік құралдарын дұрыс таңдай отырып, әдеби тілдің жазбаша және ауызша нормаларын меңгеру арқылы ойды айқын және әсерлі жеткізе алуы. Кәсіби қарым-қатынас жасауда аталып отырған тіл мәдениетін толығымен меңгере алу көптеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Болашақ мамандар өздерінің кәсіби дайындығы кезінде негізгі арнайы білімдерімен қатар сөз сөйлеу мәдениетін де жоғары деңгейде қалыптастырулары қажет, себебі ол жалпы әдептіліктің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Мұғалімнің сөз сөйлеу әдебі дегеніміз кез келген жағдайларда сөздік, тілдік құралдарды дұрыс пайдалану ережелерінің жиынтығы. Әр маман үшін тіл мәдениетін дұрыс меңгеру оның абыройының ар-туының, кез келген ортада өзіне деген сенім мен құрметке бөленуінің негізі. Адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалармен реттелгендіктен бойында дұрыс қалыптастырылған тіл мәдениеті оның тәрбиелілігі, жалпы мәдениеттілігі, тұлғалық сапаларының өлшеміне айналады. Қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетістіктерге қол жеткізеді, жұмысында да беделі мен абыройы жоғарылап, қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленетіні сөзсіз.
Тіл мәдениеті отбасынан басталып, кейіннен мектептің оқу-тәрбиелік үдерістерінде, жоғары оқу орындарында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде дамып қалыптасады.
Педагог мамандар үшін ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасы мен тіл тазалығын сақтай отырып, жеткізе білулері олардың коммуникативтік құзыретіліктерінің көрсеткіші болып табылады. Сөз сөйлеу әдебін қалыптастыру үшін әр педагог өздігінен білім алып, қосымша тренингтер, семинарларға қатысып, анықтама-лық, лингвистикалық сөздіктермен жұмыс істеп үйренулері тиіс.
Осы салада арнайы зерттеу жүргізген мамандардың пайымдауынша, педагогтардың сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына мынадай негізгі көрсеткіштер әсер етеді:
Вербалды қарым-қатынастың мазмұнына, функцияларына және ішкі құрылымына (деңгейлеріне) жүргізілген талдау жалпы түрде, осы аталған позициялардан және осы терминдерді пайдаланып, педагогикалық іс-әрекетті анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл - аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.
Функционалды түрде - бұл білім беру процесінің барлық субъекттерінің қатынастарын орнатушы контакттік (дистанттік), ақпараттық, түрткі болушылық үйлестіруші өзара әрекеттесу. Ол көп объектті бағыттылықпен, көп ақпараттылықпен, көрнектіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Онда құрылатын оның барлық сипаттамаларының арнайы ерекшеленген синтезі, білім беру процесінің субъекттерінің өзара әрекеттесуінің жаңа сапалық мазмұнынан көрінеді, ол осы субъекттер қатысатын қатынастар жүйесінің немесе педагогикалық жүйе ерекшеліктерімен анықталады.
Н.В. Кузьминаның көрсетуінше, педагогикалық жүйе - қоғамдық - тарихи түсінік және педагогикалық жүйенің әр тарихи типі белгілі бір мемлекеттік, педагогикалық пен тарихи мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жүйе педагогикалық ұжым ұйымдастыратын (өзінің маңызды элементі сияқты) үйренуші тұлғасын оған мақсатты, жүйелік және ұзақ мерзімді әсер ету процесінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйенің өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құрылымы бар және мұның өзі ары қарай қарым-қатынасты, құрылымдық, функционалдық, мазмұндық сияқты түрлі бірліктерді талдау үшін айрықша маңызды [99; 100].
Осы кең контексте пеадгогикалық қарым-қатынас ...оқушылар-дың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, психологиялық кедергінің пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ - педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы ретінде анықталады [106, 20 б.]. Осыған педагогикалық қарым-қатынастың оқудағы әріптестік формасы ретінде оқыту мен оқушылардың өзінің тұлғасының дамуын оңтайландыру шарты екенін қосайық.
Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі
Пеадгогикалық қарым-қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен шартталады, ол өзіне тәрбиелеуші функцияны қамтиды, өйткені білім беру процесі, бұрын көрсеткендей, тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Қарым-қатынастың оқытушы функциясы А.А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен теңестірілуі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен күнделікті тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңгейінде - мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады Педагогикалық қарым-қатынастың оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол өктемдік жүргізуші емес, бұл - мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың өзара бір-бірімен жан-жақты әрекетте-суінің органикалық бөлігі. А.А. Брудный атап көрсеткендей, ... мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Нағыз педагог үшін шәкірттермен қарым-қатынас жасау бұл қашанда өзін-өзі көрсету (самовыражение) екені де табиғи... (өзімнің бөліп көрсеткенім. - И.З.) [33, 34-35 б.].
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас Е.А. Климов бойынша, Адам-Адам схемасымен суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу сипатының өзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл схема мұғалім мен оқушылардың, тұрмыстық қызмет көрсету жұмысшылары мен клиенттердің, дәрігер мен пациенттердің, психотерапевт пен клиенттердің және т.б. кез-келген кәсіби өзара әрекеттесін анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынас жоғарыда аталған өзара әрекеттесудің барлық түрлерімен ұқсас сипатқа ие, алайда оған психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынырақ. ...Шынында да, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz