Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың барлық кезеңінде ғасырлар бойы дамып, өз шешімдерін тауып келеді.
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді.
Ұлы данышпан Абай Құнанбайұлы Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан деген қанатты сөзіді айтқан. Қазіргі кезде мемлекетімізде жас ұрпақтың жан - жақты дамуымен бірге тәрбиесіне де ерекше назар аударылуда.
Ұрпақ тәрбиесі - баршаның ісі.
Тәрбие тек сабақ берумен ғана шектелмейді, ол сабақтан тыс уақытта да жалғаса береді және тереңдетіле түседі. Сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік іс - әрекет әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып жүргізіледі. Тәрбие барлық уақытта және барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен, сабақпен шектеуге болмайды. Оқушының бос уақытын тиімді өткізу мен балаға жақсы тәрбие беруде оқыту сабақтарына қарағанда, сабақтан тыс жұмыстар мен мектептен тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.
Баланың бос уақытын ұйымдастыру

Сыныптан тыс шара Мектептен тыс шара

Сабақтан тыс уақыт Демалыс күндері немесе каникул
кездері
Тәрбие беруде демалыс та, каникул да болмайтыны белгілі. Ол барлық уақытта, барлық жерде жүзеге асырылады. Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру барша қауымның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан - жақты болып өсуі тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Сондықтан оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстар мен мектептен тыс жұмыстарға көңіл бөлу керек. Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық.
Сабақтан тыс уақытта

Балаларға арналған журналдарды үнемі пайдалану

Әр түрлі кездесулер
өткізу

Әр түрлі тақырыпта балаларға пікірталас, сайыс өткізу
Мектептен тыс уақытта

Музейлерге апару, табиғатқа саяхатқа шығу
әртүрлі спорттық жарыстар өткізіп тұру
каникул кезінде үйге тапсырмалар беру

Ұстаздар ұйымы, ата - аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп, өткізуне көмектесу керек. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру оңай мәселе емес екендігі анық. Мұның қиындығы балалардың бос уақытын ұйымдастыру тәсілдерінің сан қилылығына байланысты.
Біз практикалық және теориялық ісімізде әр жағдайға байланысты мәселенің әр қырынан келіп, әрқилы тәсіл таба білуіміз қажет. Сонымен оқушының бос уақытын тиімді пайдалану үшін ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататындығын, қабілеттерін зерттеп біліп алуымыз керек.
Бос уақытты тиімді пайдалану ұйымшылдыққа, мейірімділікке, сыйластыққа, қамқорлыққа үйретеді. Бірін - бірі шеттетпейді. Ортаға үйренеді.
Бос кездерде мектепке шақырып, балаларға шахматтан, доптан, спорт түрлерінен жарыстар өткізуге болады. Сабақ уақытындағы үзіліс кездерінде шахмат, тоғызқұмалақ ойнауға, ертегі оқуға болады.
Балаларды кішкентайынан тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерінің бірі шығармашылыққа жүгіну. Балаларды адамгершілікке, әдемілікке тәрбиелеуде көркем шығармалардың маңызы зор. Баланың ой - санасын дамытуға, мінез - құлықтарын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс - әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушының бос уақытын ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларының бос уақытын ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету
ОҚУШЫНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың жолдары
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәні
Бастауыш сынып балаларына мәдени демалыс қызметін көрсетудегі мәдени мекеменің жұмыс ерекшеліктері
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру түрлері
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру
Көркемөнер үйірмелері – балалардың бос уақытын ұйымдастырудағы рөлі
Пәндер