Темір жол автоматикасы мен телемеханикасы. Рельс тізбектері

Еліміздің экономикасында көлік үлкен рөл атқарады. Оның жұмысына өндіріс, ауылшаруашылық, жабдықтау жəне сауда кəсіпорындарының дамуы мен қалыпты жұмыс істеуі тығыз байланысты. Теміржол көлігінің аса маңызды рөлі оның экономикалық жəне географиялық ерекшелігімен, яғни, кəсіпорындардың орналасуымен, өндірістердің шоғырлануымен жəне олардың айтарлықтай арақашықтығымен анықталады. Теміржол жұмысының өзінше ерекшеліктері бар.
Теміржол көлігінің кəсіпорындары, құрылыстары мен құрылғылары республиканың орасан зор аумағында орналасқан. Тасымалдау үрдісі жылдың бар уақытында үздіксіз жүріп жатады. Бұл жұмыс табысы тек қана техникалық құрылғылардың сенімділігіне байланысты емес, теміржол көлігінің барлық мамандарының нақты, ретті іс-əрекетіне байланысты. Көлік конвейерінің қандай да бір элементі аз ғана бұзылса, ол дереу тасымалдау үрдісіне əсерін тигізеді.
Пойыздар жүрісінің, жолаушылардың жəне оларға қызмет көрсетушілердің қауіпсіздігін, тасымалдаудағы жүктердің сақталуын толық қамтамасыз ету - темір жол жұмысына қойылатын ең маңызды талап. Техникалық пайдалану ережелерін, Нұсқамалар мен нұсқауларды нақты сақтау ең басты мəселе болып табылады.
Пойыздар жүрісін басқару жүйелерінде сигнализация мен байланыс негізгі техникалық құралдар болып саналады (ТПЕ, 16.25- тармағы):
:: автоматты жəне жартылай автоматты жол блокировкасы;
:: кейбір телімдерде автоматты локомотив сигнализациясы дербес сигнализация мен байланыс құралдары ретінде қолданылуы мүмкін;
:: жұмысы шағын телімдер мен кірме жолдарда пойыздар жүрісінің байланыс құралдары ретінде жезлді жүйе мен телефон қолдануға рұқсат етіледі;
:: пойыздарды шектеулі уақытпен жүргізу ерекше жағдайда Министрліктің нұсқауымен рұқсат етіледі.
Теміржол көлігінің алдында көлікті кешенді дамыту мен оның құралдарын тиімді пайдалануды жоғарылату, жылжымалы құрамдардың айналымын жылдамдату, пойыздардың массасы мен жүріс жылдамдығын жоғарылату, пойыздардың жүріс графигін жəне олардың жүріс қауіпсіздігін қатаң сақтауды қамтамасыз ету мəселелері тұр.
Темiржол көлiгiнiң аталған ерекшелiктерi темiр жол жұмысын ұйымдастыруға жəне пойыздар жүрiсiн басқаруға мынадай айрықша талаптар қояды:
төменгi бөлiмшелерге алда тұрған мiндеттердi орындауда барынша мол дербестiк бере отырып, пайдалану жұмысына басшылық етудi орталықтандыру жəне пойыздар жүрiсiне жоғарыдан төменге дейiн басшылық жасаудың бiртұтастығы қағидасын қатаң сақтау;
тасымалдау үрдісін қамтамасыз етуде технологиялық жағынан байланысқан барлық қызметкерлердiң қатаң тəртiп сақтауы мен жұмыстағы дəлдiгi.
Тасымалдауды ұйымдастыру жəне техникалық құралдар мен жылжымалы құрамды күтiп-баптау жөнiндегi бiрыңғай талаптарды мына құжаттар реттейдi:
1. Қазақстан Республикасының темiр жолдарын техникалық пайдалану ережелерi (ТПЕ);
2. Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы пойыздар жүрiсi мен маневр жұмысы жөнiндегi нұсқама (ПЖН);
3. Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы сигнализация жөнiндегi нұсқама (СН).
Көп ретте осы мамандыққа түсушілер теміржол шаруашылығын жүргізу ісінен бейхабар болып келеді. Оларға теміржол көлігінің пайда болу жəне даму тарихы жөнінен деректі мағлұматтар беруге тура келеді. Сондықтан "Қазақстандағы теміржол көлігі дамуының қысқаша тарихы" атты жаңа тарау енгізу арқылы оқулықтың мазмұны кеңейтіліп отыр.
Темiржолдағы автоматика және телемеханика құрылғыларының арасында, бекеттегi объектердi басқару жүйелерi үлкен рөл атқарады. Темір жол көлігінің өткізу қабілеттілігі бекетте пойыздар қозғаласын өңдеу жылдамдығына байланысты. Пойыздардың қозғалу қауiпсiздiгi бүкiлдей және көбiне бекеттегi қозғалу қауiпсiздiгiне байланысты болады. Бұл қозғалыстардың өзiндiк ерекшелiктерi бар, яғни - поездардың жолға бұру тетiк бұрмалары арқылы қозғалысы және қозғалыстың бiр уақытта қамтамассыз етiлуiмен пойыздық және маневрлiк қозғалыстардың бар болуы.
Жолға бұру тетiктерi мен белгiлiк орталықтандыруы, бекеттегi автоматика жүйелерiнiң ядросы болып табылады, бұны жолға бұру тетiктерiмен белгiлердiң және олардың орталықтағы басқару құрылғыларының жиынтығы деп түсiнуге болады. Қозғалыс қауiпсiздiгiнiң талаптарына сай бекеттегi объектердiң арасындағы логикалық өзара байланысын қамтамасыз етiлуi және де жолға бұру тетiктерiмен бағдаршамдарының экономикалық тиiмдi және қауiпсiз басқарылуы керек.
Электрлік орталықтандыру жүйесі бекетте шоғырланған барлық бұрмалар мен бағдаршамдарды бір орталықтан басқару үшін арналған. Қазіргі таңда электрлік орталықтандыру жүйесінің релелік-орталықтандыру жүйесі, блокты-маршрутты релелік орталықтандыру жүйесі, сонымен қатар жаңа технологияның дамуына байланысты микропроцессорлар негіздеріндегі микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі кең қолданысқа ие болды.
Қоректендіру көзі мен жүктемесі (жол релесі) бар электр тізбегін рельстік тізбек деп атайды, ал темір жолдың рельс жолдары оларды жалғайды және өткізгіш болып табылады. Рельс тізбектері станциялар мен аралықтардағы жол аймағының бос немесе бос емес күйін, рельс жолақтарының бүтіндігін, сигналдардың берілуін бақылайды.
Сигнал тогын қоректендіру көзінен жол релесіне беру кезінде, рельс жолдарының жүктемелерінде кернеудің азаюына байланысты және оқшаулағыш кедергілерінің тогының азаюына, энергияның бір бөлігі жоғалады. Рельс тізбегінің оқшаулағыш кедергісі балласт пен шпал түріне, олардың ластануына, қоршаған орта температурасы мен ылғалдылығына, рельс табаны мен балласт арасындағы саңылауға тәуелді.
Жұмыс істеу принципіне байланысты рельс тізбектері тұйықталған және тұйықталмаған деп бөлінеді. Тұйықталған рельс тізбектерінде бақылау аймағының бос күйі кезінде жол релесімен ток өтеді, сол арқылы аймақтың бос болуы және барлық элементтердің дұрыс жұмыс жасап тұрғандығы бақыланады. Тұйықталмаған рельс тізбектерінде бақылау аймағының бос күйі кезінде жол релесінен ток өтпейді. Сәйкесінше аймақтың бос болуын және барлық элементтердің дұрыс жұмыс жасап тұрғандығын анықтау мүмкін емес.
Тұйықталған реліс тізбектер жұмысының негізгі үш режимі бар: нормаль - рельс тізбегінде қозғалмалы құрам болмайды; шунттық - рельс тізбегінде қозғалмалы құрамның кем дегенде бір дөңгелек жұбы болады; бақылау - рельс тізбегінің бүтіндігі бұзылған режим.
Нормаль режим кезінде сигнал тогы рельс жолдары бойымен өоректендіргіш көзден жол релесіне қарай өтеді, ал сыртқы контактілері тұйықталған болады, сол арқылы бақыланатын аймақтың бос екендігін бекітеді.
Шунттық режимде дөңгелек жұбының кедергісі арқылы рельс жолдары тұйықталады, жол релесімен ағатын ток күші лезде азаяды, ал сыртқы контактілер ажыратылады, ішкі контактілері тұйықталады, сол арқылы бақыланатын аймақтың бос еместігі бекітіледі. Бақылау режимінде жол релесі арқылы өтетін ток азаяды, соның салдарынан бақыланатын аймақтың бос еместігі бекітіледі.
Рельс тізбектерін қоректендіру үшін тұрақты немесе айнымалы сигнал тогы қолданылады. Тұрақты токты рельс тізбектері автономды тартымы бар аймақтарда қолданылады, ал айнымалы ток РТ (рельс тізбектері) электрлік және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz