Кіріс бағдаршамын басқару мен қаьылдау маршруттарының сұлбаларын зерттеу


Кіріс бағдаршамын басқару мен қаьылдау маршруттарының сұлбаларын зерттеу
Кіріс сигналдарымен келесідей сигналдар беріледі:
1. бір жасыл шам - поезд темір жол станциясына орнатылған жылдамдықпен жүре алады; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығыс) ашық;
2. Бір сары жыпылықтайтын шам - орнатылған жылдамдықпен темір жолдың негізгі жолымен темір жол станциясына жүруге рұқсат беріледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығыс) ашық және оны баяулатылған жылдамдықпен өту керек;
3. Бір сары шам - тоқтауға дайындықпен негізгі жолмен темір жол станциясына жүруге рұқсат; келесі бағдаршам жабық;
4. Екі сары шам, жоғарғысы жыпылықтайтын - баяулатылған жылдамдықпен темір жол станциясының шеткі жолына жүруге рұқсат; келесі бағдаршам ашық;
5. Екі сары шам - баяулатылған жылдамдықпен, кез келген уақытта тоқтай алатындай, темір жол станциясының шеткі жолына жүрігу рұқсат; келесі бағдаршам жабық;
6. Бір қызыл шам - тоқтау керек, сигналды өтуге тыйым салынады.
Екі жолды аралықтан дұрыс емес жолдан темір жол станциясына поездты қабылдау үшін кіріс бағдаршамының сигнализациясы дұпыс жолдан поездты қабылдайтын бағдаршамның сигнализациясына сәйкес келу керек.
СОБ құрылғыларының қайта құрылымдануына дейін екі жолды аралықтан дұрыс емес темір жолдан поездты қабылдау үшін келесідей сигналдар беру керек:
- Екі сары шам - баяулатылған жылдамдықпен және тоқтауға дайындықпен келесі шығыс (маршруттық) бағдаршамда немесе шектік бағанада тоқтай алатындау жүруге рұқсат;
- Бір қызыл - сигналды өтуге тыйым салынады.
Жалпы қолданысқа арналмаған темір жолдарда кіріс сигналдарына қосымша тағы сигналдар беріле алады: бір ақ шам - бағдаршамның негізгі шамдары өшіріліп тұрғанда бірінші жолшыбай маневрлік бағдаршамға дейін жүруге рұқсат береді.
Жалпы қолданыстағы кіріс пен маршруттық бағдаршамдарда айқыштары бар бағыттағыштық бұрма бойынша поездарды шеткі жолға қабылдағанда қолданылатын сигналдар:
- Бір жасыл жыпылықтайтын және бір сары және бір жанатын жасыл жолақ - жылдамдығы 80 км/сағ аспайтындай, станцияның шеткі жолына жүруге рұқсат; келесі бағдаршам ашық және оны 80 км/сағ аспайтын жылдамдықпен өту керек;
Екі сары шам, жоғарғысы жыпылықтайтын, және бір жасыл жанатын жолақ - жылдамдығы 80 км/сағ аспайтындай, станцияның шеткі жолына жүруге рұқсат; келесі бағдаршам ашық және оны баяулатылған жылдамдықпен өту керек;
- Екі сары шам және бір жасыл жанатын жолақ - жылдамдығы 60 км/сағ аспайтындай, тоқтауға дайындықпен, станцияның шеткі жолына жүруге рұқсат; келесі бағдаршам жабық;
Бір жасыл жыпылықтайтын шам және бір сары шам және екі жасыл жанатын жолақ - жылдамдығы 120 км/сағ аспайтындай, станцияның шеткі жолына жүруге рұқсат; келесі бағдаршам ашық және оны орнатылған жылдамдықпен жүруге болады;
5. Екі сары шам, жоғарғысы жыпылықтайтын, және екі сары жанатын жолақ - жылдамдығы 80 км/сағ аспайтындай, станцияның шеткі жолына жүруге рұқсат; келесі бағдаршам ашық және оны баяулатылған жылдамдықпен жүру керек;
6. Екі сары шам және екі жасыл жанатын жолақ - жылдамдығы 60 км/сағ аспайтындай, тоқтауға дайындықпен станцияның шеткі жолына жүруге рұқсат; келесі бағдаршам жабық.
Қажет жағдайларда кіріс пен маршруттық бағдаршамдарда бір жасыл жыпылықтайтын шам қолданылады, ол орнатылған жылдамдықпен станцияға жүруге рұқсат береді және келесі бағдаршам ашық, оны 60 км/сағ жылдамдықпен өтуді талап етеді.
Жеке темір жол станцияларында кейде үш сары шам қолданылады, ол локомотивке, мотор вагондық поездқа, дрезинге темір жолдың бос аймағына және жалпы қолданыстағы жолға 20 км/сағ жылдамдықпен жүруге рұқсат береді, ал жалпы қолданыстағы емес жолдарда қызыл шамы бар маршруттық бағдаршамға дейін 15 км/сағ жылдамдықпен жүруге рұқсат береді.
Шақыру сигналы - бір ақ жыпылықтайтын шам, ол қызыл шамы бар бағдаршамды өтуге рұқсат береді және жалпы қолданыстағы жолдарда 20 км/сағ жылдамдықпен, жалпы қолданыста емес жолдарда 15 км/сағ жылдамдықпен қозғалуға рұқсат береді.
Бұл сигнал кіріс, маршруттық және шығыс бағдаршамдарында қолданылады.
Шығыс және маневрлік бағдаршамдарды басқару мен маршруттарды орнату сұлбасын зерттеу
Шығыс бағдаршамымен келесідей сигналдар беріледі:
- Бір жасыл шам - темір жол станциясынан жіберуге рұқсат және орнатылған жылдамдықпен қозғалуға болады; алдында екі немесе одан да көп блок аймақ бос;
- Бір сары шам - станциядан поездтың жүруіне рұқсат, тоқтауға дайындықпен қозғалу керек; келесі бағдаршам жабық;
- Екі сары шам, жоғарғысы жыпылықтайтын - баяулатылған жылдамдықпен поездтың жүруіне рұқсат; поезд бағыттағыштық бұрмамен ауытқумен жүреді; келесі бағдаршам ашық;
- Екі сары шам - поезд баяулатылған жылдамдықпен қозғалу керек; поезд бағыттағыштық бұрмамен ауытқумен жүреді; келесі бағдаршам ашық;
5. Бір қызыл шам - сигналды өтуге тыйым салынады.
АБ бар аймақтарда айқыштары бар бағыттағыштық бұрмамен ауытқумен поезд қозғалысы кезінде шығыс бағдаршамдар келесідей сигналдарды жібереді:
1. Бір жасыл жыпылықтайтын шам мен бір сары шам, бір жасыл жанатын жолақ - поездты 80 км/сағ жылдамдықпен станциядан жіберуге рұқсат; келесі бағдаршам ашық;
2. Екі сары шам мен бір жасыл жанатын жолақ - поездты 60 км/сағ жылдамдықпен станциядан жіберуге рұқсат; келесі бағдаршам жабық;
3. Бір жасыл жыпылықтайтын шам мен бір сары шам, екі жасыл жанатын жолақтар - поездты 120 км/сағ жылдамдықпен станциядан жіберуге рұқсат; келесі бағдаршам ашық;
- Екі сары шам мен екі жасыл жанатын жолақтар - поездты 60 км/сағ жылдамдықпен станциядан жіберуге рұқсат; келесі бағдаршам жабық.
Жартылай автоматты блоктаумен жабдықталған аймақтарда шығыс сигналдары келесідей сигналдар береді:
- Бір жасыл шам - орнатылған жылдамдықпен станциядан жүберуге рұқсат; келесі станцияға дейінгі аралық бос;
2. Бір қызыл шам - сигналды өтуге тыйым салынады;
- Екі сары шам - баяулатылған жылдамдықпен поездты станциядан жіберуге рұқсат; келесі станцияға дейінгі аралық бос;
4. Екі сары шам, жоғарғысы жыпылықтайтын - баяулатылған жылдамдықпен станциядан поездты жіберуге рұқсат; келесі станцияға дейін аралық бос; станцияның кіріс бағдаршамы ашық;
Жеке сигнализация мен байланыс құралы ретінде қолданылатын АЛС-пен жабдықталған аймақтарда және локомотивтік бағдаршамдар көрсеткіші бойынша дұрыс емес темір жол бойынша қозғалыс үшін тұрақты жұмыс істейтін екі жақты автоблоктауы бар аймақтарда, шығыс бағдаршамдар келесідей сигналдар көрсетеді:
1. Бір жасыл шам мен бір ақ шам - поездты станциядан жіберуге рұқсат, алдында екі немесе одан да көп блок-аймақ бос;
- Бір сары және бір ақ шам - станциядан поезды жіберуге рұқсат, алдында бір блок-аймақ бос;
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz