Телебасқару құрылғыларындағы элементтердің ерекшелігі. Телесигнализация


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Телебасқару құрылғыларындағы элементтердің ерекшелігі. Телесигнализация

Телебасқару - дискреттік нысандардың және бірнеше күйі бар нысандардың күйі мен орналасуын телемеханика әдістерімен және құралдарымен басқару. Телебасқару күрделі желіде жұмыс істейтін электрлік қондырғылардың жұмысының сенімді және экономикалық тиімді режимдерін қарастыру керек. Ол қызметкерлері үнемі кезекшілік етпейтін жүйелерде қолдану керек. Телебасқарылатын электрқондырғылары үшін телебасқару операциялары мен автоматика мен қорғаныш құрылғыларының әрекеті қосымша оперативтік қосылуларды талап етпеу керек (оперативтік қызметкерлердің келуі сияқты) .

Телесигнализация - бірнеше дискреттік күйлері бар бақыланатын және басқарылатын нысандардың күйі туралы ақпаратты телемеханика әдістерімен және құралдарымен алу. Телесигнализация қарастыру керек:

  • Диспетчерлік пункттерде негізгі коммутациялық құрылғылардың күйі мен орналасуы көрсету үшін;
  • Есептеу машиналары немесе ақпаратты өңдеу құрылғыларына ақпаратты шығару үшін;
  • Апаттық және ескерту сигналдарын жіберу үшін.

Қашықтықтағы нысандарды диспетчерлік пункттен ДП оператор басқарады. Диспетчерлік пунктте қабылдау-жіберу аппаратурасының диспетчерлік жартылай кешені орналасады және басқарылатын немесе бақыланатын нысандар жанында бақыланатын пункттің БП жартылай кешені орналасады. Басқарылатын немесе бақыланатын нысандарды бір аймақта орналастырады - жинақталған нысандар (1-сурет а ) немесе бір бірінен белгілі бір қашықтыққа іші топтармен таратып орналастырады - таратылған нысандар (1-сурет б) . Жинақталған нысандар кезінде барлық нысандарға жалпы ортақ БП жартылай кешенін орнатады, ал таратылған нысандар кезінде әрбірінің жанына жеке аппаратура жартылай кешенін орнатады.

Телемеханика жүйелері тұйықталған болуы мүмкін, ол кезде жүйеде ТБ мен ТС құрылғылары немесе ТӨ құрылғылары болады, егер тек қана ТБ, немесе ТС, немесе ТӨ құрылғылары болса, ажыратылған болады. ТБ жүйелерін жеке сирек қолданады, оларды әдетте ТС құрылғыларымен толықтырады. Ондай жүйелерді ТБ-ТС деп атайды. Ондай жүйе дискреттік командалар мен хабарламалардың шектелген санын жібереді және тікелей, кодтық және топтық таңдау әдістері қолданылады.

Тікелей таңдау кезінде әрбір хабарлама немесе команда мазмұны белгілі бір сападағы бір ғана импульспен сипатталады. Тікелей таңдау принципі 2-суретте көрсетілген. Белгілі бір нысандарды басқару керек болсын, онда әрбір нысан қосылулы немесе өшірулі болуы мүмкін. Ол үшін әртүрлі команда жіберу керек: «1 нысанды қосу», «2 нысанды өшіру» және т. б. Ол командаларды жіберу үшін белгілі бір уақыт моментінде жиілігі әртүрлі жиіліктік импульстердің бірін жіберу керек. Мысалы, жиілігі f1 импульске «1 нысанды қосу» командасын беруге, f2 жиіліктегі импульске «1 нысанды өшіру» командасын беруге болады. Тікелей таңдау принципін сигнал элементінің уақттық және кондуктивтік бөлуі бар жүйелерде қолдануға болады, тікелеу таңдауы бар жүйелердің ерекшелігі - оған бір, екі немесе барлық мүмкін командаларды бір уақытта жіберу мүмкіндігі. Жүйенің ондай қасиетін циркуляциялылығы деп аталады. Уақыттық бөлінуі бар жүйелер үшін циркуляциялылық қасиеті бір цикл ішінде ғана сақталады.

Кодтық таңдау кезінде әрбір команда білгілі бір кодтық комбинациямен жіберіледі. Командаларды жіберу үшін кез келген код алынады. Кодтық таңдауы бар жүйенің жіберу соңында шифратор орнатылады, ал қабылдау соңында дешифратор болады. Басқару батырмасының бірін басқан кезде (2-сурет а, б) сигнал шифраторға түседі, ол сигналды белгілі бір код комбинациясына түрлендіреді. Байланыс жолағы (ЛС) арқылы ол комбинация қабылдау жартылай кешенінің сүзгісіне ПФ түседі, ол жиіліктік импульстер шығарады. Олардың шығысындағы сигналдар түзеткіштермен (В1, В2, В3) түзетіледі және импульс комбинациясының коды түрінде дешифраторға Д түседі, ол кіріс импульстерінің бекітілген комбинациясы кезінде бір ғана атқарушы реленің (Р1, Р2, . . . Р7) қоздырылуын қамтамасыз етеді.

Кодтық таңдау әдісі уақыттық және кондуктивтік бөлінуі бар жүйелерде қолданылады.

1-сурет. Нысандарды аймақтық бөлу түрлері

2-сурет. Кодтық таңдауы бар жиіліктік ТБ жүйесінің функционалдық сұлбасы (а) және жолақтағы сигналдардың құрылымы (б)

Кодтық жүйелерде әрбір уақыт моментінде бір ғана команданы жіберуге болады, яғни ондай жүйелерде циркулярлық қасиет болмайды. Хабарламалар уақыт бойынша тізбектей жіберіледі.

Топтық таңдау әдісі негізінен телемеханиканың таратылған жүйелері үшін қолданылады. Ондай таңдау әдісі кезінде әрбір кодтық комбинацияны топқа бөледі. Хабарлама элементтерінің бірінші тобы БП таңдайды, екіншісі - операция сипаты туралы ақпаратты жеткізеді («қосу» немесе «өшіру»), үшінші топ - таңдалған БП-де ТБ нысанынтаңдайды.

Хабарламаның әрбір құраушысы тікелей немесе кодтық әдіспен жіберіле алады. Топтық таңдау әдісі шифратор мен дешифратордың техникалық орындалуын жеңілдетеді.

Әрбір подстанцияның тарату құрылғысында күштік өшіру құралдары орнатылады, олар электржіберу жолағымен келетін және таратылатын электр энергиясын коммутациялайды. Өшіру құралының күйін оның екіншілік блок-контакторлары қайталайды, олардан аралық реле мен бекіту релелері қайталайды, олардың орналасуы сигнализация мен телемеханика сұлбаларында қолданылады. Ол датчик түрінде қолданылады және коммутациялық аппараттардан тұрады, коммутациялық аппараттың екі күйі болады: «қосулы» және «өшірулі».

Принцип работы телемеханики

3-сурет. Телемеханиканың жұмыс принципі

Әрбір подстанцияда жергілікті сигнализация болады, ол электротехникалық қызметкерлерді ескертеді. Бірақ уақыттың көп бөлігін подстанция адамсыз жұмыс істейді, ал оперативтік жағдай туралы кезекші диспетчерге ақпарат жіберу үшін телесигнализация қолданылады.

Өшіру құралының күйіне екілік кодтық бір шамасы беріледі, 1 немесе 0, ол арқылы байланыс арнасына жалғанған (телефон, радио) жібергішке жергілікті автоматика бағытталады. Байланыс арнасының екінші жағында энергонысандарды басқару пункті мен қабылдағыш орналасқан, ол жібергіштен түскен сигналдарды өңдейді және диспетчерге түсінікті ақпаратқа түрлендіреді. Ол арқылы подстанция күйі бағаланады.

Бірақ бұл деректер көп жағдайда жеткіліксіз болады. сондықтан телесигнализация жүйесі телеөлшеу ТИ жүйесімен толықтырылады. Ол арқылы қуат, кернеу, ток сияқты негізгі өлшеу құралдарының көрсеткіштері басқару пультіне шығарылады. Құрылымы бойынша ТӨ телемеханика кешеніне кіреді. Диспетчер телебасқару құралдарымен қашықтықтағы подстанциядан электрэнергиясының таралуына әсер ете алады. Ол үшін диспетчерде жібергіш болады, басқару пунктінен байланыс арнасына команда жібері үшін арналған. Жіберу трактының қарама қарсы жағында команданы қабылдағыш қабылдайды және жергілікті автоматика құрылғыларына жібереді, ол күштік өшіру құралдарын ауыстыратын басқару органдарына жіберіледі.

  1. Телесигнализация жүйесі

Бұл түрлі дискретті өлшемдердің берілуін жүзеге асыратын жүйе. Оларды ЭЕМ-ға еңгізуі мүмкін, немесе дыбыстық, жарықтық сигнализация көмегімен бақыланатын объекттер қалпы туралы ақпарат алу, ол объекттер телемеханика әдістері, амалдары арқылы мүмкін болатын дискретті қалыптарға ие болады.

Объекттер қалпы туралы сигнализация мақсатына арналған ТС, ТУ-ТС жүйелерінде бар. Ол автоматты түрде не диспетчердің шақыруымен жүзеге асады. ТС құралдарындағы сигнализация әрқашан адресті, яғни қай объект өз қалпын өзгерткенін айқындайды. Ол ТУ-ТС жүйелерінде де адресті.

Жүйе жөндеу жұмыстарын қажет етеді деген сигнализация да бар. Ол үшін жүйенің бір каналы алынып, КП-ден сигнал жібереді, бұдан ПУ-да жүйе жөндеуді талап етсе, әрдайым сигналды шам жағылып тұрады.

ТУ бұйрықтардың іске асуын растайтын сигнализация, хабарлау сигнализациясы. Объекттің ауысуына әкелетін құралдар ретін қосумен байланысты команданың аралық іске асуын растайды. Егер объект туралы сигнализация адресті болса, объектті таңдауды қосуға негізделген аппаратураны алдын ала дайындау туралы сигнализация жиі адрессіз, барлық объекттерге қатысты болады.

Белгіленген шектеулерден асқан өлшеулі параметрдің шығуы туралы сигнализация. Бұған апаттық сигнализацияны жатқызуға болады.

Телебақылаумен салыстырғанда телесигнализация тиімді, себебі ол кейбір жағдайларда диспетчер үшін үлкен ақпаратты бере алады, ақпарат арқылы телебақылаудың белгіленген бұйрықтарын кері қайтаруға болады.

«Жарық қалқан» әдісі бойынша сигнализация. Ол мынаны білдіреді: объект қосылып тұрғанша қалқандағы шам жанып тұрады, егер ол сөнсе, сөнеді. Егер бар объект қосылып тұрса, барлық индикаторлар жанып тұрады. Бұл сигналдар көп болған жағдайда диспетчерге қолайсыздық туғызады. Мысалы, 250 шам жанып тұрса, тағы біреуі жанса, оны, ол дыбыспен берілсе де, анықтау қиын.

  1. Телебақылау жүйесі

Телебақылау жүйесі (ТЖ) - түрлі механизмдерді қосу, сөндіруге байланысты берілетін командалар түріндегі ақпаратты беретін жүйе. Командалар ПУ-дан диспетчермен беріледі немесе ЭЕМ-нен реттеушілердегі қондырғылардың өзгеруіне беріледі. Егер бақылау объекттері диспетчерге жақын орналасса, кері сигнализация керек емес: диспетчер жіберілген командалар орындалуын визуалды түрде бақылайды. Осындай ТБ жүйелерінің қолданылуы шектеулі. Әдетте бақыланатын объекттер диспетчердің көз алдында болмайды, командадан кейін олар қосылды ма, әлде өшті ме, осыны білу үшін сигнализация керек. Телебақылау кезінде 2 операция ескерілу керек: орындау, алдын ала дайындау. Телебақылаудың процесі, объекті таңдау екі сатыдан тұрады. Алдымен диспетчер объектті таңдайды, алдын ала дайындау операциясын өткізеді - керекті бақылау объектінің индивидуалды кілті арқылы жүзеге асатын таңдау. Сосын ол «қосу», «сөндіру» (операцияға тән команданы) жібереді, яғни орындау операциясын, жалпы немесе жеке кілт, кнопка арқылы пайдаланып, бақылау объектіге жүргізеді. Бақылаудың екі сатылы болғаны оның сенімін арттырып, команданы қате жіберуді азайтады, себебі ол диспетчерден көптеген іс-әрекетті, орындау уақытын талап етеді, ал бұл шара өз алдына пайда болған қатені жоюға көмектеседі. Жүйеде белгілі бір объект орнына басқа объекттің таңдалғанын диспетчерге хабарлайтын қорғаныс есепке алынған.

Көптеген өндіріс салаларында бақылаудың сатылы құрылымы қолданылады. Мысалы, зауытты бақылау жүйесінде - бірігу - басты зауыттың телемеханика жүйесі цехтардағы объекттерді бақылап реттейді. Біріккен телемеханика жүйесі бірлестік құрамындағы зауыттардан ақпарат алады, ал басшы ақпаратты бірлестіктерден жинайды. Әрине зауыттық телемеханика жүйесімен алынатын барлық ақпарат бірлестік диспетчеріне керек емес. Оған негізгісі ғана қажет, қосымшасын ол талап ете алады. Бұл басшыға берілетін ақпаратқа қатысты. Осылайша бақылаудың төменгі сатыларының жұмысы туралы кейбір жалпылама мәліметтер ғана орталық диспетчер пунктіне түседі. Төменгі саты болып жергілікті автоматика саналады, ол объектке әсер етеді. Маңызды ақпарат орталық диспетчер бөліміне беріледі. Одан төменгі сатыларға тапсырмалар түріндегі жалпылама командалар түседі. Олар сол жерде нақтыланады. Бақылау ақпаратын белгілі деңгейлерге бөлу негізінде иерархиялық принцип құрылған. Ал ол көп сатылы процесті туғызады.

Телемеханика жүйесінің циклдік сұрауы кейде былай орындалады: қажетті жағдайда диспетчер команданы алдын ала белгіленген және барлық объекттер қалпы туралы ақпарат кезек-кезек жіберілетін КП-ға жібермеуі мүмкін. Бұл кезде циклдік сұрау қолданылады. Телемеханика жүйесінде шоғырланбаған объекттер үшін мұндай сұрау бір ғана, бірнеше не барлық КП-мен жүзеге асады. Сұрау автоматты және қолмен жүзеге асады. Осы кезде КП, объектер берілген программа бойынша не кезекпен қосылуы мүмкін.

  1. Телехабар түрлері

Циклдік телехабар. Мұнда телемеханикалық хабар әрдайым белгіленген ізбен беріледі. Цикл деп аталатын белгілі бір уақыт аралығы бойынша ғана мұнда телемеханикалық ақпарат беріледі. Хабар үздіксіз жұмыс істейтін циклдік құралдар арқылы жүзеге асады, яғни әрдайым жұмыс істейді, ол белгілі бір ақпарат әрбір циклда беріле ме, берілмей ме, оған қарамастан циклдан циклге ауысып, ақпарат беріліп отырады.

Циклдік телехабар, жүйені қолданатын жүйелердің артықшылығы:

  • хабардың тез әсер етуін қамтамасыз ететіндей әрдайым жұмысқа дайын болуы;
  • бақыланатын объекттер қалпы туралы үздіксіз сигнализацияның жеңіл алынуы;
  • телемеханика жүйесінің жұмысқа дайындығын, байланыс тізбегін әрдайым бақылайды. Тиімділігі - жұмыс аяқталған соң қателікті сол кезде анықтауға болады, циклдік емес жүйедегідей емес (хабарды жеткізу кезінде емес) .

Сигналды синхронды уақытша бөлінісі бар жүйелерде әдетте циклдік телехабарды қолданады.

Спорадикалық телехабар - телемеханикалық хабар жіберуші пунктінде тек жағдайдың туу кезінде беріледі. Спорадикалық телехабарда ақпарат уақыттың белгілі аралықтарында ғана беріледі, олар алдын ала белгіленуі мүмкін не ақпараттық жинақталуымен байланысты болуы мүмкін.

Ағымдағы мәндер телеөлшеуіші (ТИТ) - қалған уақытта олар өшіріледі. Бұл жүйенің жөндеуге келетіні, байланыс тізбегі үзілгендігі, спорадикалық хабарда «терезе» бары туралы білуге мүмкіндік бермейді. Телемеханика, байланыс тізбегі жүйелерінің жөнделуі, дұрыстығы туралы бақылау үшін хабар жоқ кезде әрдайым токпен байланыс тізбегін қамтамасыз ету сынды шара қолданылады. Спорадикалық телехабар мақсатты, әрине егер хабар сирек болса, не олардың жіберілуінде белгілі бір кедергісі болса. Соңғы жағдайда хабар жиналып барып бірден беріледі. Мұндай хабарлар арасында байланыс каналы басқа хабарларға берілуі мүмкін. Спорадикалық телехабарда сигнал бөлінісі кез келген болуы мүмкін.

Бірақ, телемеханика жүйелерінің реализациясы көрсеткендей, спорадикалық телехабар арасындағы бос уақыт пайдалы ақпаратты беру үшін қолданылмайды не сирек қолданылады.

Көпканалды телехабар - бір циклде, түзудегі хабар жиілігінде хабар көптеген қайнар көздерден беріледі. Бұл ТИ, ТС берілуіне қатысты, себебі телебақылауда бір циклде бір команда жіберіледі, бірақ ерегісіп көп команда жіберуге болады. Көпканалды хабар, каналдарды кез келген бөлу әдісімен, циклдік, спорадикалық болады.

Адресті телехабар. Негізгі сигналдарды уақытша кодтық адресті бөліністі, АВР-ді қарастыру кезінде салынған.

Адресті хабарды көпканалды деуге болады, себебі бір-бір жұп сымда, жиіліктің бір тізбегінде көптеген хабарларды жіберу жүзеге асырылады. Айырмашылығы - көпканалды хабарда бір циклде көп мәлімет берілсе, адресті де бір мәлімет; екінші, келесі мәлімет келесі циклде берілу керек. Адресті хабар циклды, спорадикалық болады.

Телемеханикалық сигналдар дискреттік және үздіксіз болады. дискреттік беріліс телебасқару мен телесигнализация құрылғыларының көпшілігінде, сонымен қатар телеөлшеу мен телереттеу құрылғыларында қолданылады. Үздіксіз беріліс негізінен телеөлшеу мен телереттеу құрылғыларында қолданылады. Байланыс арналарын құруда телемеханикалық құрылғылары арналарды бөлудің барлық әдістері мен модуляция әдістерін пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диспетчерлік орталықтандыру басқару негізі
Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары
Диспетчерлік пульт
Телемеханикалық жүйе. Темір жол нысандарын басқару үшін техникалық құралдарды таңдау
Шифраторлар мен дешифраторлар түсінігі
Басқару пунктін жасалуы
Логикалық функциялар
Қарастырылатын аудан сипаттамасы
Басқару объектісі
Теміржол автоматика жүйелерінің элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz